Таңба және таңбалық жүйенің адам өміріндегі қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 21:46, реферат

Краткое описание

Семиотика ғылыми тілде (гр. семеіон – белгі, танба) (семиология) — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт – дәстүр , кино т.б.), табиғаттағы(жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән

Содержание

Семиотика туралы жалпы түсінік.
Белгі және таңба.
Белгі және таңбаның түрлері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат семиотика.docx

— 38.83 Кб (Скачать документ)

Ақпарат және мәдениет

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Кәсіби көркем сурет факультеті

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: «Таңба және таңбалық жүйенің адам өміріндегі қызметі»

 

 

 

 

                                                                           Орындаған: Диз-51т. студенті

                                                 Игембекова Айгерім

                                                       Тексерген:  Резин Ж.Ш.

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2014

Жоспар:

 

  1. Семиотика туралы жалпы түсінік.
  2. Белгі және таңба.
  3. Белгі және таңбаның  түрлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Семиотика ғылыми тілде (гр. семеіон – белгі, танба) (семиология) — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт – дәстүр , кино т.б.), табиғаттағы(жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән [1].

Ғылыми еңбектерде Семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген:

1) Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым – қатынастыбілдіретінсинтактика;

2) Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарым – қатынасты білдіретін семантика;

3) Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін прагматика.

Семиотика таңба мен белгілерді зерттейді. Таңбаның тарихы, мағынасы, қандай мақсатпен бұл таңбаның салынғаны – семиотика. Семиотика ғылым саласын қазіргі таңда – лингвистикада, математикада, әдебиетте, сәулет өнерінде, көркем суретте, пәтерді жобалауда пайдаланады [2, 59].

Семиотика ғылымының негізін американың философтар Чарльз Сэндерс Пирс пен Чарльз Моррис және швейсарлық лингвист Фердинанд де Соссюр қалаған. Чарльз Пирстің семиотика туралы еңбегі 1930 жылдары шыға бастады. Пирс семиотикалық түсініктерге (таңба, белгі) сипаттама берген.Ол семиотикағылымы еркеше ғылым саласы екенін дәлелдеуге тырысқан және семиотикадағытаңба мен белгілерді жіктеп үш топқа бөлген

Бірінші топ таңбалық – иконы. Бұл таңба мен таңбалық объект арақатынасы. Мысалы: «портрет» нақты адамды бейнелеу.

Екіншісі таңбалық – индексы. Кеңістік пен уақыт аралығындағы таңба мен белгіленетін объект. Оған мысал келтірер болсақ: «түтін» оттың белгісі, «жол көрсеткіштер».

Үшінші топтаңбалық – символ. Таңба мен объектің арасындағы конвенционалды келісім. Бұл таңбалық – символға келісім, салт – дәстүр немесе жай ғана кездейсоқтық жатады[3, 107].

Егер біз Пирс ұсынған үштік жіктелімді ескеретін болсақ, онда оның әр бөлігіне көрінетін байланыстық белгілі бір құбылысы сай келетініне көзіміз жетер еді. Бұл біршама кездейсоқ тізім, Пирс өзі алдын ала білген таңбалардың әртүрлі жасалуы, мысалы, иконалық синсигнум, иконалық легисигнум және тағы да басқалардың мүмкін екенін дәлелдеп тұр. Біздің зерттеу үшін таңбаның нысанға қатысты жіктелімі ерекше қызығушылық туғызды және осыған орай, ешкім де көрінетін символдардың кодталған «тілдің» құрамына кірмейтінін жоққа шығара алмайды. Оның есесіне, индексті және иконалық таңбалар туралы мәселе тым даулы болып көрінеді [3, 210].

Пирс индексті таңбаның — өзі белгілеп тұрған нысанға қандай да бір ойландырмайтын тәсіл арқылы назар аудартатын таңба болатынын көрсеткен. Пирс бұл ойын дәлеудеу үшін мынандай мысал келтіреді. Егер мен «суланған дақты» көрсем, ең алдымен, су төгілген деп ойлаймын; дәл солай, «сызық – тілді»көргенде, мен көрсетілген бағытпен жүремін, әрине, егер бұл хабар маған қажет болса, дегенмен қалай болғанда да, мен хабардың мағынасын бірден ұғамын. Алайда кез келген көрінетін индекстегі таңбаның өзі де келісімге немесе тәжірибеге негізделіп, маған қандай да бір нәрсе туралы хабар жеткізіп тұрады. Іздерді тануды бұрын үйретсе ғана мен жердегі ізге қарап, қандай аң жүгіріп өткенін айта аламын. Егер мұндай ізді мен бұрын көрмесем және ешкім де маған оның не екенін айтпаса, мен индексті таңбаны танымай табиғи құбылыс ретінде танитын едім.

Сонымен, белгілі бір жауапкершілікгі сезіне отырып, индексті таңбаларға қатысы бар барлық көрінетін құбылыстарды конвециональды таңба ретінде қарастыруға болады деген тұжырым жасауға болады. Көзіңді шағылыстырып, кенеттен жарқ ететін жарық, мені ойланбай қимылдауға мәжбүр етеді және ешқандай семиозистің бұл жерде қарасы да көрінбейді, өйткені бұл жердегі мәселе қарапайым физиологиялық стимулға қатысты болады, дәл солай, мен бұрын көрмеген қорқынышты аңды көргенде де көзімді жұмып қалар едім. Бірақ аспан төрінде шашырап келе жатқан арайдың жарығына қарап, таңның атқанын білгенім, мені бұл белгіні тануға үйретуге байланысты. Ал иконалық таңбаға қатысты мәселе әрі күрделі, әрі басқаша.

Пирс иконалық таңбаны — оған қатысы бар нысанмен белгілі бір табиғи ұқсастығы бар таңба ретінде анықтаған еді. Оның портрет пен адам арасындағы

«табиғи ұқсастықты» қандай мағынада түсінетінін ойша таба аламыз, ал диаграммаларға келетін болсақ, Пирс оларды иконалық таңбалар деп білген, өйткені олар нақтылықта бар қатынастардың формасын жеткізіп тұрады [3, 102]. Иконалық таңбаны анықтау сәтті болды — анықтаманы әрі қарай Моррис дамытты, әрі қарай насихаттады, өйткені, бейненің семантикалық анықталуы үшін, бұл оған қолайлы тәсіл болып көрінді. Моррис үшін иконалық таңбаға, өзінде белгіленетін нысанның қандай да бір қасиеті болатын немесе, нақтылап айтсақ, «өзінің денотаттарының қасиеттерін иеленетін» таңба жатады [6, 37].

Ал Фердинанд де Соссюр «Семиотика» термині алғашкы кезде формалды логика – математикасаласы үшін қолданылған, ал оның заттық – мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет семиотикасы гуманитарлық семиотика сының өзегі болып табылады [4, 175].

Ең алғаш таңбалар жай ғана жүйеде болмай, белгілі бір ойды білдіріп уақыт кеңістігінде өзгеретіндігін Фердинанд де Соссюр айтқан. Және де Соссюр таңбалар қандай параметр арқылы яғни таңба прагматикалық және синтактикалық бағытта өзгеретіндігін айта отырып, сол таңбалар жүйесініңөзгеруіне анализ жасап, тіл білімінде таңбалардың орнын анықтаған. Таңбаның семиотикада алатын орны және таңбаның салмағы өте маңызды. Мысал ретінде Соссюр шахмет ойынын келтіреді. Шахмат ойынында фигуралар өзінің орнында тұрады. Бірақ егер фигуралар орнынан қозғалған жағдайда ойын барысы өзгереді. Пешка фигурасы таңбалық белгіде салмағы жегіл ал егерде сол пешка көлденең сегіз шақпақ жүрсе карольден басқа барлық фигураға айнала алады [7, 77]. Менің ойымша, бұл таңбаның салмағын анықтап тұр демек барлық таңбаларда осындай өзгеріс бола алады. Таңба белгілі бір жүйеге түсіп қосымша сапа алып, оның салмағы белгіленеді. Сөз таңбаның басқа таңбалармен байланысы емес таңбаның адам өмірін әсері туралы. Сонымен жүйеге кірген әрбір таңбаның өзінің сыртқы және ішкі мағынасы болады. Таңбаның ішкі мағынасы таңбаның екінші бір таңбамен байланысының орнын қалыптастырады. Бұл негізіне лингвистикада көптеп кездеседі, айтар болсақ әрбір сөздің бірнеше мағынасы энциклопедияда жазылған.

Таңба – бұл материалды пішіннің бір тұтастығы идеал мазмұны мен мағынасы. Неміс логикы Г. Фреге өзінің назарын таңбаның пәндік мән мағынасында мән беруден бастады. Таңба бұл зат, ал зат мәліметі оның таңбалық мағынасын береді. Қимыс іс – әрекет, ым – ишара,түс өздірі белгілі біройды қалыптастырмайды, оның рәміздік мағынасы болады. Мысалға алар болсақ, ақ түс орыс мәдениетінде қыс мезгілінің, ал қытай мәдениетінде күз мезгілінің мағынасында қалыптасқан.Бұл мысалдан ой түйіндер болсақ әр елдің мәдениетіндебелгілі бір затқа әр түрлі сипат беріліп, рәміздік мағынасы өзгеруі мүмкін. Бұл рөлді негізіне таңба атқарады. Ал таңба ше?.

Таңба – заттың мағына беретін,іс – әрекет пен өзіне тән мінезділік пен адам айналасындағы дүние. Таңба олрәміз, материалды құбылыс, көрнекті бейне мен формада абстаркты ой мен түсінік береді [8, 104].

Рәміз – ол ерекше мақсаттылықты туғызады. Көбіне рәмізде жоғарғы рөлді құндылық атқарады.Рәміз бен адам, мәдениет пен қоғам, табиғи құбылыс бір – бірімен тығыз қарым – қатынаста. Мысалы кептер Пикассо – барлық дерлік әлем елдерінде символ болып табылады немесе «крест» ол христиан дінде Исус христостың өлімімен және күнәден тазару мен тығыз байланысты. Жоғарыда қарастырғандай демек символ мифологиямен, дінмен, салт – дәстүр, әдет – ғұрыппен тығыз байланыста [9, 88].

Семиотика – символданған таңбаларды зерттейтін ғылым. Ал таңба деп белгілі бір ақпаратты таси алатын белгілерді айтамыз. Ол белгілер тек жазбаща түрде таңбаланған белгілер емес, сонымен қатар киіну, түстерді қолдану, ым-ишара білдіру сияқты ақпарат тасушылардың бәрі белгі болып есептеледі. Сондықтан аталған ұлттық ерекшеліктерін, немесе қазақи символиканы зерттейтін семиотика ғылымы. Посткеңестік елдерде семиотика деп аталатын ғылымның бұл түрі өте кенже болып табылады. Бірақ символдарды зерттеу тілді ғана емес,мәдениеттеде діндеде зерттеуді талап етеді.

 

2. Адамзат тарихының өн бойында орасан көп белгі-таңбалар жасалынды, оларсыз адам әрекетін көзге елестету де мүмкін емес. Нақты адам үшін сол белгілер, таңбаларды немесе солардың жүйесін игеру, білу оның басқа адамдармен қатынасқа кіресілі, тиесілі екендігін танытады. Өздігінен бір де бір таңба құнды емес, ешбір мәні жоқ, тек қана ол нақты бір белгілер жүйесіне ену арқылы және өзара қатынас құруы арқылы бағалы. Мысалы, сәлемдесуге арналған белгілер жүйесі бар. Біздер қол алысып, кеуде қағысамыз, біреулер – тәжім етіп, иіледі және т.с.с. Осындағы қол алысу, кеуде қағысу, тәж ету өздігінен ешқандай құндылық емес, ал, бірақ адамдар арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан алғанда олар үшін аса маңызды рәсім.

Барлық таңбалар жүйесі біріге келіп, белгілі бір социумның белгілі бір кезеңдегі мәдениетін құрастырады. Әрбір таңбаға белгілі бір мағына берілген, яғни әр таңба өзінің функциясы (қызметі) мен мазмұнына ие. Таңба мазмұны күрделі, көпжақты, сығыңқы ақпаратты бойына сыйғызады. Белгіге айналған әлем – аударылған әлем, өйткені ол өзінің түпкі нұсқасынан, түпкі жүйесінен мүлдем бөлек жүйеге, жаңа шындыққа айналдырылған әлем. Кез келген семиотикалық ізденісте белгі ұғымына сын көзбен қарауға тура келеді. Содан барып оның анықтамасын беру, оның тарихи дамуына тоқталу, оның басқа да таңбалаушылық тәжірбиелерге қатынасын және олардың арасындағы рөлін анықтау қажеттілігі туындайды.

Белгі-таңба бүгіндері тек лингвистиканың ғана емес, сонымен қатар, философияның да, оны тәсілдемелік негіз ететін мәдениеттанудың да орталық ұғымы. Белгілік-таңбалық қызмет тек қана адам бойында ғана кездесетін ерекшелік. Жануарлардың өміріндегі сигналдар, мысалы, дыбыстар арқылы, жүріс-тұрысының өзгеруімен берілетін сигналдар эволюция нәтижесінде пайда болған әрі олар тұқым қуалау жолымен ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Тек адам ғана үнемі өзіндік белгілер жасайды, оларға белгі туралы мағлұмат тұқым арқылы жетпейді. Белгілер – адамзат мәдениетінің тіршілік ету формасы, болу түрі. Бірақ та осы бір адам қабілеті басқа мәдениеттерді қабылдау және түсіну барысында үлкен мәселе де туғызатындығы жайлы алдыңғы тараулардағы аударыларлық/аударылмастық дилеммасы, Сепир-Уорфтың лингвистикалық салыстырмалылық теориясы туралы жазған тарау-бөлімшелерде айтқан едік.

Тілдің белгілік-таңбалық табиғатына тоқталмастан бұрын, осы арада белгі-таңба туралы тереңірек мағлұмат бере кеткен жөн. Осы ізденісте белгі-таңба деп қатар беріп отырғанымыз қазақ ауызекі тіліне тән сөздерді қосарландыру тәсілінің әсері емес. Ол тілге қатысты контексте белгі мен таңбаның ара жігін ажырата қараудың қиындығында болып тұр. Ол бір біздің басымыздағы жайт емес, тіпті, филолог ғалымдардың өздері де анық-қанығын ажыратпаған мәселе. Өйткені тіл біліміне қатысты зерттеулерде тілдің таңбалық сипаты туралы айтылғанмен, аракідік таңба мен белгіні теңдес ұғым ретінде баламалай қолдануға да кезігеміз. Ж. Дерриданың “Грамматология жайында” деген үлкен шығармасын аударушы Ә. Қодар “таңба” сөзін қолданады. Бірақ көптеген философиялық, мәдениеттанулық оқулықтар, анықтама-сөздіктер мен мақалалардан біз ғалым-зерттеушілердің тілді белгілер жүйесі деп алатындығын да білеміз.

Белгіге қарабайыр түсінік беретін болсақ, ол – өзінен бөлек басқа бір нәрсені, затты, құбылысты білдіретін және басқаларға жеткізетін құрылым. Барлық белгілер үшін ортақ функция – оның бізге өзінен өзгеше басқа нәрсені білдіретіндігі деп анықтайды Ә. Тұрғынбаев пен Л. Нұсқабаева. Белгі өзінің басқа зат пен сол затты қабылдаушы (рецептор) арасындағы атқаратын қызметіне қарай анықталатындығын көрсетіп тұр. Демек, белгі интенционалды, яғни үнемі бірдеңеге бағытталған. Ал, жалпы, интенционалдық деп сананың затты көздейтіндігін білдіретін және өзінің әлемде барлығын танытатын сананың қасиетін айтады.

 

 

3.Белгілер: табиғи, иконалық, конвенционалды, вербалды және т.б. болып бөлінеді. Белгілер жіктемесін ғалымдар түрліше беруі мүмкін, бірақ олардың барлығын осында келтіріп жату мүмкін де емес әрі біздің ондай алға қойған міндетіміз де жоқ.

Табиғи белгілерге табиғаттың құбылыстары мен заттар жатады. Бірақ заттар әлде құбылыстар өздігінен белгі болып табылмайды, соны белгі деп қабылдайтын субъект үшін ғана ол белгі қызметін атқарады. Тарата айтар болсақ, ондай белгіні белгі-нышан десе де жөн, өйткені ол белгі басқа зат туралы қажетті ақпарат жеткізеді. Мысалы, түтін – жанып жатқан оттың нышаны; жүрек соғысы – тіршіліктің нышаны; дененің қызуының көтерілуі – науқастану нышаны; қалың қара бұлт – болар жаңбыр нышаны және т.с.с.

Иконалық белгі дегенде “икона” сөзінің этимологиялық мәніне негіздеп айтып отырмыз. Грек тіліндегі “еісоn” қазақшаға “кескін”, “сурет” деп аударылады. Демек, иконалық белгі дегеніміз белгі-кескін, белгі-бейне. Бұл белгілер табиғи белгілерден өзінің жасандылығымен, артефактылығымен ерекшеленеді. Оны қазақ тіліндегі таңба деген ұғыммен алмастырсақ та болғандай. Мысалы, жақында мектеп барын білдіретін арнайы таңба жол үстіне салынады, көпшілік орындарында дәретхана, эскалатор-баспалдақты танытатын таңбалар қойылады. Әлгі кескін-бейнелерге қарап адамдар ненің қайда екенін ажырата алады. Кезінде қазақтар табын-табын сиырлар, үйір-үйір жылқылар, отар-отар қойларын өзгелердікінен ажырату үшін таңба салатын болған. Мысалы, қазақтар малына өз руының не атасының белгісі болып есептелетін рәміздік бейнені таңбалап салған. “Тайға таңба басқандай” деген тұрақты сөз тіркесі де соны аңғартады.

Информация о работе Таңба және таңбалық жүйенің адам өміріндегі қызметі