Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 18:15, курсовая работа
Сәндік қолданбалы өнердің көп ғасырлық тарихы бар. Сәндік қолданбалы өнердің әсемдік әлемінде алар орны ерекше. Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композицияының әдістері арқылы жасалған жұмыстар адам баласының рухани өміріне, мәдениеті мен тұрмысына қызмет ететіндігін жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу. Сәндік қолданбалы өнер тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасау екенін жинақталған мәлеметтер негізінде дәлелдеу.
I. Кіріспе
1. Сәндік қолданбалы өнердің шығу тарихы.
2. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері:
Батик
Бисер тоқу өнері
Кесте тігу өнері
Тоқу өнері
Макраме
Кілем тоқу өнері
Керамика
Мозаика
Зергерлік өнер
Көркем ою
II. Негізгі бөлім
1. Ою-өрнек композициясы
2. Ою-өрнек композициясының әдістері
3. Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясының әдістері
ІІІ. Зерттеу бөлімі
1. Сәндік қолданбалы өнердегі көркемдік білім беру арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін арттыру
2. Сабақ жоспары
3. Машықтық жұмыс
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер
«ҚҰСМОЙЫН» ою-өрнегі құстың мойнын тұспалдаудан туған.Бұлар көбінесе мүйіз мәнерімен жасалады. Ол иіле келген доғал тармақты мүйіздерден, ромбтардан, сызықтардан құралады. Құс атына байланысты өрнектердің бәрі қолөнер үлгілерінің барлық түрлеріне тән.
«ҚҰСТҰМСЫҚ» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан
туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер
мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті
қиғанда ортасындағы сызықтың ұшының
басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады.
«Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» сәлемдеме
ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнекер
қызметін атқарған.
Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген
құстұмсық жүзік келсе, ата-анасы қуанып
кершілерін шақырған. Құс бейнесі халық
түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзікке
қарап ата-анасы қызының ұзатылған жерінің
жақсы екендігін біледі.
«ҚАЗТАБАН» ою-ернегі Маңғыстаудағы құл пытастарды
өрнектеуде көп қолда- нылған, қаздың табанын
тұспалдаған күрделі S элементтерінен
тұрады. Бұл оюдың S үлгімен бейнеленетін
«ботамойын» оюынан айырмашылығы екі
қатар орналасқан SS екі қаздың бейнесін
тұспалдайды. Қаздың басы, мойны анық байқалып
тұрады.
«ШЕТОЮ» ою-өрнегін шексіздікке ұластыра ою
деп те атайды. Берілген өрнектің бір элементі
шексіз қайтапана береді.«Шетою» е с і
кт і ң жақтауына, текемет, сырмақ, кебеже, киімкешек, ыдыс-аяқтың жиегіне сапынатын ою-өрнектер.
«ИРЕК», «ИРЕКСУ» өрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары,
кейде доғал сынықтардың ұштасуы арқылы
жасалады. Ондай сызықтар бірнеше қатар
сызықтар түрінде қатарласа келеді. «Ирек»,
«ирексу» өрнегінің жасалуы кейде бір
иректің іші екінші ирекке қарсы келіп
«төртбұрыштар» мен «сағатбау», «саты»
тәріздес өрнектер жүйесін түзейді. Бұл
өрнек: бешпент, қамзол,
шапан, тақияның жиегіне орнатылады. Зергерлік бұйымдарда: сақина, білезік,
қапсырма, алқалардың
жиегінде жәнеши, сырмақ, кебеже, жүкаяқ, табақ ернеулерінде,
әдіп тігісте көбірек кездеседі.
«ҚОС ДӨҢГЕЛЕК» ою-өрнегі мал таңбасына ұқсайды. «Қос
дөңгелек» өрнегімен негізінен киіз бұйымдарын,
текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді.
«ТҰМАРША» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш - осындай тұмарлар тіл-көздөн сақтау үшін адамдарға ғана емөс, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын кәмкеруде кездеседі
«ҚОСТҰМАРША» ою-өрнегі төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегі қосылады да, екі геометриялық үшбұрыш жасайды. Бұл өрнектің түрі «тұмарша» өрнегі секілді тіл-көздөн сақтау дегенді білдірмейді, тек эстетикалық тұрғыдан өшекей ретінде қолданылады.
«БАҒАНӨРНЕК» қора төбесінің арқалығын астына тіреп
тұратын діңгек ағаш. Осы ағаш секілді
ою-өрнөк салынатын заттың, бұйымның ортасына
келтіріледі, оны негіз қылып алып, жан-жағын
басқа өрнектермен бейнелейді. Бұл өрнек
асадал, кебежелердің аяқтарында, қырларында,
айна қойғыштың шетінде, піспек саптардың
жоғарғы жақ басында, адалбақанның бойында
жиі ұшырайды және текеметтің орта тұсын
көмкеруде кездеседі.
Қолөнерде пайдаланылатын бояуларды
шеберлер өздері қолдан жасап алатьін
оларға әр түрлі қоспаларды қосып.
Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол
күйінде пайдалануға жарай беретін ақ,
сары, көк, қызыл және қара топырақтар,
түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл)
ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған.
Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын,
көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған.
Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат,
бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да
осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны
да даяр тұрған бояу десе болғандай еді.
Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі
өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын
қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған.
Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың,
еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарының
қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл
түсті бояулар қайнатңан. Қына (жер қынасы,
тас бетінің қынасы) «томарбояу» дейтін
қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып
та бояу жасаған.
Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге
тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады.
Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған
ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған
сұйықты одан әрі қайната беру арқылы
оны қоюландырған, кейде порошок түріне
келтірген. Мұндай қайнатынды бояуға ашудас,
мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын
қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым,
өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың,
арпаның күйіктерінен де бояу жасаған.
Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы
әр түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді
әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек,
қара жусан сияқты ащы шөптердің тұндырмасын,
құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған.
2. Ою-өрнек композициясының әдістері
3. Сәндік қолданбалы өнердегі
ою-өрнек композициясының
Пайдаланған әдебиеттер
1. Нұрғалиев Н. Шаңырақ-үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы 1989ж.
2. Қасиманов С.Қазақ халқының қолөнері.
Алматы «Қазақстан» 1995ж.
3. Еспенбетов.Б. Оқушыларды
халықтың қолданбалы өнеріне баулу.
Бастауыш мектеп. № 9; 10 бет. Алматы 1988ж.
4. Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері.
Алматы 1992ж.
5. Рондели Л.Д. Народное декоративно-прикладное искусство. Алма-Ата 1984г.
6. Ералина А. Халық шеберлері шығармашылығын оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану. Шымкент 1997ж.
7. Қазақстан мектебі. Халықтың
қолөнер туралы.
Алматы 1991ж №7 63-65 беттер.
8. Әмірғазин Қ. Қолданбалы көркем
өнер.
Алматы «Рауан» 1992ж.
9. Тәжімұратов Шебердің
қолы ортақ.
Алматы
10. Арғынбаев.Х. Қазақ халқының қол өнері
ғылыми зерттеу еңбектері. Алматы. Өнер
1987 ж.128 бет.
11. Еспенбетов.Б. Халықтың қол
өнері туралы.
Қазақстан мектебі № 7 63-65 бет. Алматы 1991
ж.
12. Марғұлан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алматы «өнер» 1986ж том1, том2, том3.
13. Еспенбетов.Б. Ұрпағымыз
ұмытпасын.
Бастауыш мектеп. № 1; 27-28 бет. Алматы 1990ж.
14. Әбдіғаппарова Ү.М. Қазақтың
ұлттық ою өрнектері. (оқу құралы)
Алматы.Өнер. 1999ж 152 бет.
15. Народное декоративно-
Под.ред. Н.Б.Нурмухамедова. Аврора 1970 г.
207 стр.
16. Казыханова Б. Эстетическая
культура Казахского народа.
Алматы; Қазақстан 1973 г. 223 стр.
17. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.
Информация о работе Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясының әдістері