Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясының әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 18:15, курсовая работа

Краткое описание

Сәндік қолданбалы өнердің көп ғасырлық тарихы бар. Сәндік қолданбалы өнердің әсемдік әлемінде алар орны ерекше. Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композицияының әдістері арқылы жасалған жұмыстар адам баласының рухани өміріне, мәдениеті мен тұрмысына қызмет ететіндігін жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу. Сәндік қолданбалы өнер тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасау екенін жинақталған мәлеметтер негізінде дәлелдеу.

Содержание

I. Кіріспе
1. Сәндік қолданбалы өнердің шығу тарихы.
2. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері:
Батик
Бисер тоқу өнері
Кесте тігу өнері
Тоқу өнері
Макраме
Кілем тоқу өнері
Керамика
Мозаика
Зергерлік өнер
Көркем ою
II. Негізгі бөлім
1. Ою-өрнек композициясы
2. Ою-өрнек композициясының әдістері
3. Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясының әдістері
ІІІ. Зерттеу бөлімі
1. Сәндік қолданбалы өнердегі көркемдік білім беру арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін арттыру
2. Сабақ жоспары
3. Машықтық жұмыс
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая Толганай 406.doc

— 410.50 Кб (Скачать документ)

Курстық жұмыстың тақырыбы: "Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясының әдістері"

    Мазмұны:

I. Кіріспе

1. Сәндік қолданбалы өнердің шығу тарихы.

2. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері:

  • Батик 
  • Бисер тоқу өнері
  • Кесте тігу өнері 
  • Тоқу өнері 
  • Макраме
  • Кілем тоқу өнері
  • Керамика
  • Мозаика
  • Зергерлік өнер
  • Көркем ою

II. Негізгі бөлім

1. Ою-өрнек композициясы

2. Ою-өрнек композициясының әдістері

3. Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясының әдістері

ІІІ. Зерттеу бөлімі

1. Сәндік қолданбалы өнердегі көркемдік білім беру арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін арттыру

2. Сабақ жоспары

3. Машықтық жұмыс

ІV. Қорытынды

V. Пайдаланған әдебиеттер

 

Курстық жұмыстың өзектілігі:

Сәндік қолданбалы өнердің көп ғасырлық тарихы бар. Сәндік қолданбалы өнердің әсемдік әлемінде алар орны ерекше. Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композицияының әдістері арқылы жасалған жұмыстар адам баласының рухани өміріне, мәдениеті мен тұрмысына қызмет ететіндігін жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу. Сәндік қолданбалы өнер тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем  жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасау екенін жинақталған мәлеметтер негізінде дәлелдеу.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты:

Ою-өрнек композициясының әдістерінің өзіне тән кейбір ерекшеліктерін баяндау. Жас жеткіншектерде ұлттық ою-өрнек ерекшеліктерін сезіну қабілетінің қалыптасуына ықпал жасау, сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясының әдістері туралы білімдерін жүйеге түсіріп, шығармашылық қиялын дамыту.

 

Курстық жұмыстың көкейкестілігі: осы тақырыпты ашу жолында өсіп келе жатқан жас ұрпақ өрнектердің негізгі түрлерімен, түстердің сәйкестігімен, композиция негіздерімен, ою-өрнек композициясының негізгі әдістерімен танысады. Тақырыпты түсіндірмелі иллюстративтік әдіс арқылы беріп, ұлттық ою-өрнектерді зерттеген ғалымдардың ой-пікірімен таныстыра отырып оқушылардың ой тұжырымдауын, түсінгенінен қорытынды шығара білу қасиеттерін дамыту. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру. 

 

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Сәндік қолданбалы өнердің тарихын терең зерттеу.
  • Сәндік қолданбалы өнердің түрлерін жеке-жеке саралау.
  • Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясының әдістерін іздестіру.
  • Жинақталған мәлеметтерді талдау.
  • Өзіндік пікір, тұжырым жасау.

 

Курстық жұмыстың зерттеу әдісі:

  • Жинақтау, топтау;
  • Зерттеу;
  • Өзіндік ой топтау.

 

 

Курстық жұмыстың практикалық қолдану салалары:

Тақырып негізінде жинақталған материалдарды бейнелеу өнері, технология пәндерінде, қолөнер арнайы курстарында  қосымша қолдануға болады. Тәрбие сағаттары мен ашық сабақтарда пайдалануға болады.

 

                                                         

 

І. Кіріспе

1. Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болады. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше.

Қазақ халқының қолөнері - халық тұрмысымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ежелгі өнер. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Қазақ қолөнері ғасырлар бойы көркем ой, халық талғамымен үздіксіз дамып келеді. Халық шеберлерінің  тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде өз жалғасын тауып келеді. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық қолөнердің озық үлгілері әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды. Бқл саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Атап айтқанда: академик Ә.Марғұлан, зерттеуші этнографтар С.Қасиманов, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев, т.б.

Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.

Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды  дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын барлық жиһаздары мен заттары ұлттық ою-өрнекпен көркемделіп отырады. Ою-өрнектері қайталанбалы әрі ашық түсті болып келетін алаша, текшелі өрнекті тықыр кілем, әшекей оюлы кебеже сияқты киіз үйдін ішіне тұтынатын сәндік жиһаздармен қатар ағаш ұқсату өнері және жібек жіптермен кестелей тоқу, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұксату (бедерлі инкрустациялы), оймыш, шекіме, бұрама, қалыптама, қаптырма, көз салу секілді зергерлік өнерінің түрлері де өркен жайды.

«Шеберлінің қолы-алтын» – деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр. Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып, халықпен қайта қауышып, жүректерден орын алуда.

Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып, шеберлігін дамытуға осы курстық жұмыстың әсері болар деген сенімдемін. Бұл курстық жұмыста сәндік қолданбалы өнердің шығу даму тарихы, ою-өрнектердің түрлері, олардың композициясының әдістері, қажетті құрал-жабдықтары жазылып көрсетілген.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде «Сәндік Қолданбалы өнер» бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып, олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп, толық дәрежеде игеру қажет.

Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан бенелеу өнерінің шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру менің де басты міндетім деп білемін. Мен дипломдық жұмысымда Сәндік қолданбалы өнердің бір турі кестелеу өнерін оқушыларға үйретіп,тігу жолдарын,әдістерін қарастырдым. Ерте заманнан келе жатқан кесте тігу өнерін осы күнде мектеп қабырғасында сыныптан тыс үйірме жұмыстарында үйретудің жүйелі жоспарын құру арқылы жасап шығару, сонымен бірге осындай жұмыстар арқылы балаларға эстетикалық тәрбие бере отырып,оқушының ой-өрісін дамыту және патриоттық сезімін ояту болып табылады.

Көркем қол өнер – көшпелі қазақ халқына көне дәуірден белгілі. Қол өнер – халық шығармашылық туындыларының бір түрі бола оырып, еліміздің рухани игілігі ғана емес, сонымен қатар материалды заттарды жиынтығы.

Адам баласы ежелгі тас дәуірден тасты, ағашты және сүйекті өміріне пайдалана, олардың бетіне сызықтар, фигуралар жүргізуге ұмылған. Соның ішінде кейбір бұйымдардың бетінде тас, сүйек кесіндерінде фигуралар табыну құралы ретінде қызмет еткен. Бұл шикізат материалдарына қосымша қыштан, теріден, жүннен және металдан көркемделіп әшекейленген бұйымдарды скиф, сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінде кездестірілген. Бұдан дерек ретінде археологиялық қорлардағы бұйымдар бола алады. Бұл бұйымдар Алтай және Шығыс Қазақстандағы (Пазырық, Қотанды, Шібе, Берелі, Ыстық және т.б.) атақты адамдар жерленген төбелерді қазуда табылған. Ғалымдардың айтуы бойынша жоғарғы айтылған тайпалардың дәуіріне шығады, яғни біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІ-ҮІ ғасырлар. Алтай өңірінде табылған бұйымдардың кейбір ұқсастықтары қазіргі қазақ қол өнеріндегі бұйымдарында және ою-өрнектерінде кездестіруге болады. Бұл қазақ жерінде сақ тайпаларының Алтай өңірінде тайпалармен тығыз байланыста болғанын айқындайды.төбелерден табылған бұйымдар материалдың қасиетіне байланысты, көркемдік техникалары мен технологиясы әр алуан. Бұл көркемдік техникаларды қазіргі қол өнер бұйымын жасауда сирек кездеседі. Яғни, ағашты кесіп ою, бояу, басқа материалдармен өткермелеп безендіру, күйдіру, металды штамптау, граверлеу, кұйма, нақыштау, селдір, зергерлік іс, тоқыма, былғарыға қысып өрмек салу, қыш құмыра жасау, сүйекті әшекейлеу және т.б.

Қол өнер өзінің даму шынын Орта ғасырда көрсетуде монғол шапқыншыларының әсерінен үлкен күйзеліске ұшырап, қазақ халқы көптеген өнер туындыларын, шеьер тұлғаларын мәңгі жоғаотып алды. Бұл дағдарыс отырықшы және жартылай отырықшы көшпенді қазақтарға ауыр соқты. Соның әсерінен Орта ғасырдың алғашқы кездерінде архитектуралық мәдени орындар, мавзолей, мешіттер, Отырар, Тараз, Құлан, Мерке, т.б. сияқты жүздеген қалалар жойылып қаңырап қалды. Дүние жүзіне әйгілі “Ұлы жібек жолы ” сол кезеңдерде шығыс пен батысты біріктіріп, экономикалық қатынастарды, рухани мәдениетті байланыстарды дамыту барысын шектетіп жіберген осы шапқыншылардың әсері.

ХҮІІІ – ХХ ғасырдың басында қол өнер қайта көтеріліп өзінің бұрынғы шабытын қолға алып көтеріле бастаған. Бірақ, көптеген қол өнердің шеберлері мен бұйымды әсемдеу техникаларыф, тәсілдері жоқ болғандықтан Орта ғасыр және одан бұрынғы дәірлерде дамыған өнер деңгейіне жету өте қиын болды. Сонымен қатар, атақты қол өнер шеберлері озінің өнер құпиясын халыққа таратпай, тек от басы мүшелеріне немесе жақын туыстарына үйретумен шектелген. Осының салдары да өнердің дамуына бірден -бір септігі тиіп отыр.

ХҮІІІ – ХХ ғасырлар киіз үйдің көркемделіп әшекейленуінің шегі жеткеникезі. Киіз үйдің сыртын да, ішін де шеберлікпен әр үй-жиһаздар жасауда, оның қасындағы ыдыс-аяқ, ер-тоқым сияқты бұйымдарды да әшекейлеп шеберлер бір-бірімен үйлесімді түрде орналастыра білген.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында үй тұрмысына өнеркәсіптерде жасалған жеңіл қыштан, пластмассадан және т.б. бұйымдар орын алып, біртіндеп қол өнер бұйымдарын ығыстыра бастады. Сөйтіп, бұл бұйымдар күнделікті өмірдің қажетінен шыға атырып, сонымен бірге қол өнердің техникалары, тәсілдері жетілдірілмей тоқтап қалған.

Қазіргі заманда әшекейлекнген қол өнер бұйымдарын өнеркәсіп орындары да қолға алуда. Бірақ бұйым шығаратын бұл өндіріс формасының заттары халық көңілінен шықпай отыр. Әсіресе, оның сапасының төмендеуі және көркемдік әсемдігінің сұйық көрініс беруі. Сондықтан, тұтынушы халықтар көбінесе жоғарғы кемшіліктер кездеспейтін жеке ұсталар, кішігірім бірлестіктер жасайтын бұйымдарды алуға ұмтылады.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын барлық жиһаздары мен заттары ұлттық ою-өрнекпен көркемделіп отырады. Ою-өрнектері қайталанбалы әрі ашық түсті болып келетін алаша, текшелі өрнекті тықыр кілем, әшекей оюлы кебеже сияқты киіз үйдін ішіне тұтынатын сәндік жиһаздармен қатар ағаш ұқсату өнері және жібек жіптермен кестелей тоқу, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұқсату (бедерлі инкрустациялы), оймыш, шекіме, бұрама, қалыптама, қаптырма, көз салу секілді зергерлік өнерінің түрлері де өркен жайды.

Қазақтың бейнелеу өнері ерлер мен әйелдердің, жануарлардың тастан қашалған бейнелері, сондай-ақ қыз-келіншектердің қола мүсіншелері түрінде өз өрісін тапты. Жаңа қоғамның рухани тәжірибесін образ түрінде бейнелейтін көркемдік туындылар жастарға тәрбие беріп, ұрпаққа ықпал жасау арқылы дәуірді жалғастырады. Сондықтан бейнелеу өнерінің мазмұны аса мәнді өзгеше жас ұрпаққа көркем ой туғызатындай болуға тиіс. Дүниенің сан алуан тіршілік тынысы мен адам сезімінің байлығын бейнелеу өнері кең ауқымды, көркемдік тұрғыдан көрсетеді. Азаматтық нысандылық, мүсіндік сомдау өнерінің игі дәстүрлерін игеру, елуінші, алпысыншы жылдардағы Қарағанды суретшілер шығармашылығының басты сипаттары болды. Олардың туындыларын көшелер алаңдары мен гүл бақтарының кеңістігінде тұлғаның жарасымды, келісті пішінделуіне, мәнділігіне қарай жазбай тануға болады. Мысалға, А. Билыктың қаламыздың сәулеттік-кеңістік ортасымен әдемі үйлескен, сымбатты шешімін тапқан кенші тұлғасы. Соңғы жылдарды Қарағанды қаласының көркеюіне байланысты ескерткіштердің символдық мәні көп жағдайларда мүсін мен сәулет формаларының өзара белсенді байланысы, сәндік бастаудың, көркем тұлғалық пен шығармашылықтың ұштасуы арқылы ашылды.

Алып ауқымды қала құрылысы, халық әл-ауқатының артуы, өскелең рухани талаптар, жастарға идеялық және адамгершілік тәрбие беру жөніндегі жұмыс ұлттық бейнелеу өнерін өрге бастыруға, оның осы тіршілік кезеңінің талаптарын қажет ететін көркемдік түрлерінің туына пәрменді серпін берді. Түрлі шығармашылық көркемдік құралдарды жандандыру көкейкесті мәселеге айналып, өнердің қоршаған ортада өзгеше эстетикалық әсер қалыптастыратын тәсілдері: мүсін бедерлері; сұңғаттық паннолар, қабырға өрнектері дамыды. 20 ғасырдың 40-жылдардың аяқ шенінде Қарағандыда суретшілер серіктестігінің (КазИЗО) қалалық бөлімшесі ашылды. Көркемөндіріс шеберханасы ұйымдастырылып (1957 ж.), онда суретшілер П.К. Антоненко, П.С. Андриюк, Р. Есіркеев, П.И. Реченский, Ю.В. Гуммель т.б. жұмыс істеді. Қарағандыдағы кейінгі кездегі белгілі суретшілер А.П. Билык, В.И. Крылов, А. Бегалин, С.М. Саносян және т.б. Қарағанды қаласында Қазақстан суретшілер одағының облыстық ұйымы құрылды.

60-жылдары кескіндеме-сызба  сурет, мүсін, монументті-бейнелеу өнері  жедел дамыған кезең болды. Қарағанды  суретшілерінін шығармалары тақырып, жанр, стильдік бағыт жағынан  алуан сипат алды. Монументті мүсін саласында Қарағандыда Н. Әбдіров (1958 ж.), «Шахтер даңқы» (1974 ж.) ескерткіштері, «Мәңгілік от» (1978 ж.), Қарқаралылық (1970 ж.) және Теміртаулық (1974 ж.) жауынгерлерге арналған мемориалдық ескерткіштер, Абай қаласында Абай (1974 ж.), Егіндібұлақ ауылында Тәттімбет (1984 ж.) ескерткіштері бой көтерді. Тәуелсіздік жылдары Қарағандының сәулетшілері мен мүсіншілері Астана қаласындағы «Үш би» ескерткішін (1999 ж.), «Отан корғаушылар» архитектуралық-көркемдік композициясын (2001 ж.) салуға, Бұқар жырау кесенесін (1993 ж.), Қарағандыда Бұқар жырау (1993), Егіндібұлақта Қаз дауысты Қазыбек би (1995 ж.) ескерткішін орнатуға ат салысты. Жезқазғанда Қ. Сәтбаевтың (1999 ж.), Балқашта М. Русаковтың ескерткіші, Ұлытауда «Қазақстан мемлекеттігінің тұтастығы мен халықтар бірлігі» монументі (2005 ж.) бой көтерді. Өнер зерттеу саласыңда Орталық Қазақстаңда Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы ғылыми орталық болып саналады. Кафедрада Суретшілер одағының 8 мүшесі, Дизайнерлер одағының 7 мүшесі жұмыс істейді. Сарыарканың қолданбалы қолөнері мен Қарағанды суретшілерінің шығармаларының өркендеуіне жүйелі ғылыми пікір айтып, концепция қалыптастырып жүрген кәсіби өнертанушы мамандар, ғалым-зерттеушілер, ғылыми монографиялардың, сыни-шығармашылық басылымдардың, макалалар мен очерктердің, каталогтар мен буклеттердің авторы: профессор, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР СО мүшесі Ж.Ш. Балкенов («Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және рең», 1994 ж.; «Әдіптеу» 1998 ж.; «Өрнек өнері арқылы болашақ мұғалімдерді көркем шығармашылыққа дайындау», 2001;); педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР СО, мүшесі Л.Р. Золотарева («Қазақстан бейнелеу өнері», 2000 ж.; «Қала тарихы Қарағанды суретшілерінін шығармашылығында», 2004 ж.; «А.К. Бегалин шығармасы халықаралық жобада», 2005 ж.; «Мұражайтану», 2006 ж.), философия ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі Ж.Ш. Резин, («Ұлттық өнердегі ұлттық идея», «Қазіргі дизайн және этномәдениет», 2006 ж.), Ж.К. Қомытов, С.Ж. Бодықов («Орталық Қазакстандағы кәсіптік бейнелеу өнері») т.б., ҚР СО және ҚР ДО мүшелері И.М. Баграмов, А.П. Кұрымбаев, М.С. Қалмаханов, т.б. қолданбалы өнерден түрлі халықаралық, республикалық және аймақтық конкурстарға қатысып, халыққа кең танылды. Облыста «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көне ескерткіштерді есепке алу, қорғау, Ұлы Жібек жолы тарихи орталықтарын қалпына келтіру, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және дәстүрін жалғастыру, солардың негізінде туризм инфрақұрылымын құру бағытында кең көлемді жұмыстар жүргізілуде.

Информация о работе Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясының әдістері