Основные течения в искусстве

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 16:53, реферат

Краткое описание

Авангардизм, фовизм, дадаизм, сюрреализм, футуризм, абстракционизм, экспрессионизм бағыттары
1. Авангардизм
2. Фовизм
3. Абстракционизм
4. Сюрреализм
5. Футуризм
6. Экспрессионизм

Прикрепленные файлы: 1 файл

Живописьтегі бағыттар.docx

— 896.20 Кб (Скачать документ)

Авангардизм, фовизм, дадаизм, сюрреализм, футуризм,  абстракционизм, экспрессионизм  бағыттары

 

Жоспары:

  1. Авангардизм
  2. Фовизм
  3. Абстракционизм
  4. Сюрреализм
  5. Футуризм 
  6. Экспрессионизм
  7. Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі:

Авангардизм, авангардшылдық (фр. avantgardisme — алғы шептегілер) — қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым. Авангардизм XIX ғ. аяғы мен XX ғ. 60—70 жылдарында өрістеді. Ол модернизмнің тым өсерленген бағыты ретінде қалыптасты. Авангардизмнің басты мәнісі—мәдени мирасқорлықтың маңызын кемітіп, «мәңгі құндылықтар» деген ұғымды қайта қарау. Авангардизмнің пайда болуына философияда пост классикалық ағымның (Шопенгауэр, Ницше, Бергсон, Хай-деггер, Сартр т.б.) ықпал етуі;[1] психологияда — фрейдизм мен психоанализдің қалыптасуы, лингвистиканың мәдениеттанулық деңгейде көрінуі; еуропа орталықтық принциптен бас тартып, шығыстық мәдениеттерге, дінге назар аудару; теософия, антропософия жаңа эзотериялық ілімдердің жандануы үлкен әсерін тигізді. Авангардизм ұғым-терминін өнертануда алғашқы рет қолданысқа енгізген француз көркем өнер сыншысы Т. Дюре болды. Авангардизм өкілдері өнерді өмірден айырып қарап, оның әлеуметтік маңызын жоққа шығарды, өнердің ерекше эстет, табиғатын әсіреледі.[2]

          Реализмді теріске шығарғандардың барлығы өздерін «авангардшылар» қатарындамыз деп есептеді: тарихи-мәдени маңыздылығы бойынша авангардизмнің екі бағытын айыруға болады: ғаламдық және шағын аумақты. Соңғылары өздерінің жеке ізденістері мен тәжірибелері арқылы жалпы авангардизмнің ықпалын күшейтті. Авангардизм өнердің әр саласында өзінше көрініс тапты: театрда реалистік декорация абстракті конструкциямен алмастырылды, қойылымның шарттылығына, еркіндігіне ерекше назар аударды (Б. Брехт, Вс. Мейрхольд, Е. Вахтангов т.б.); әдебиетте (А. Бехер, П. Элюар, М. Пруст, Ф. Кафка, Э. Ионеско т.б.) жаңа рәміздік-шарттылық тәсілдер кеңінен қолданылды; бейнелеу өнерінде (П. Пикассо, М. Шагал, С. Дали, Маттисс т.б.) абстракшылдықтың, дадаизмнің, сюрриализмнің, конструктивизмнің т.б. тәсілдері алдыңғы қатарға шықты; музыкада, әсіресе, таспаға жазып алу және электронды синтезатордың пайда болуы, оны XX ғ. ырғақтарына сәйкестендірді; сәулет өнеріндегі авангардизм стиліндегі ғимараттар адамзат қиялының нәтижесі ретінде көрініс тапты. Ғасыр басында авангардизм бағыты қаншама әділ сынға ұшырағанымен, өзінің мәдени құндылығын жоғалтпады. [3]

Казимир Малевич, Супрематизм

 

Фовизм (французша fauvіsme, fauve — жабайы, жыртқыш аң) — француздың бейнелеу өнеріндегі ашық бояуды еркін пайдалануымен ерекшеленетін кескіндеме стилі. 20 ғасырдың бас кезінде пайда болды. Оның өмірге келуі В.Ван Гог, П.Сезанн мен П.Гоген сынды көрнекті кескіндемешілер есімімен тығыз байланысты. Фовизм 1905 ж. Париж қ-нда Тәуелсіздер салонында бір топ суретшілер (А.Матисс, А.Марке, Ж.Руо, Р.Дюфи, А.Дерен, М. де Вламинк, Ж.Брак) туындылары көрмесінен басталды; сол кездегі сыншылар осы көрмеге қойылған кескіндеме шығармаларын мысқылдап, оған “жабайылық” деген атау береді. Фовизм ұзақ уақыт өмір сүрмегенімен ол өз дәуірінде бейнелеу өнерінде ықпалды қозғалысқа айналды. Фовизм стилін ұстанушылар түстің еліктеушілік қасиетінен қашып, оның өзіне тән үйлесімділігі мен құндылығын күшейту мақсатын көздеді. Фовизм ағымын қолдаушылар объектіні әркім өзінше қабылдау арқылы бейнелейтін адам мен белгілі бір затты сол қалпында қарабайырлау етіп көрсету, оған қоса шартты түрде сәнді болуы мен пластик.-композиц. шешімінің экспрессиялығына ден қойды. Осы тұрғыдан алып қарағанда оларСезанн, Гоген, Ван Гог пен Ж. Сера әсерінен алыстай алмады әрі көптеген кескіндемешілер шығарм. үшін Фовизм уақытша кезең болып қалды. Бұлардың қатарынан суретші Матисс қана бояу түсінің ғажайып сұлулығын түйсініп түсінуде өз ізденістерін үнемі, тоқтаусыз жалғастырды. Осынау суретшілер тобы аз ғана уақыт – үш жылдай бірге еңбек еткенімен Францияда олардың жолын қуушы бірқатар кескіндемешілер бой көрсетті; тіпті кезінде Германия (Э.Л. Кирхнер) мен Ресейдегі (В.В. Кандинский, А.Г. Явленский) суретшілер шығарм-на да айтарлықтай ықпал жасады. Ф. кескіндеме өнерінде басқа ағымдарға, соның ішінде неміс экспрессионизміне күшті әсер етті. 1909 жылдан оның орнын жаппай кубизм стилімен әуестенушілік алмастырды.

 

      Матисс и Дерен в Кольюре. Рождение фовизма.

 

Абстракционизм (ағылш. abstractio — дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) — қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты қаттарды ескермейтін ағым. Абстрактілі өнер шындықты тiкелей керсетпейтiндiктен, оны кейде «затсыздандырылған», деп айтады.Ол үшiн бейнеленетiн нерселердiң көркемдiк бiтiмдерi (кеңiстiктегi формалары, аумағы, бояуы,т.б.) маңызды емес, бiрiншi орынға суреткер-тұлғаның субъектiлiк көңiл-күйi шығады.

Абстракционизм 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, Мәскеуде шамамен бiр уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж бен Нью-Йорктекеңiнен өрicтедi. Абстрокционизмнің эстетикалық бағдарламасын 1910 ж. В.Кандинский «Өнердегi руханилық туралы» еңбегiнде айқындап бердi.

Абстракционизм eкi бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескiндердiң қиюласуын үйлесiмдi етуге ұмтылу жене геометриялық абстракцияларды құрастыру.

Бiрiншiсi экспрессионизм және фовизм тәрiздi ағымдармен түбiрлес болып, түcті заттық шындықтан толық ажыратқысы келдi.

Осы бағытта Оп-Арт деп аталатын, бояудың қиюластығын елестететiн музыкалық және басқа да ассоциациялардан туатын синестезия идеясына негiзделген aғым пайда болды. Бұл түрдегi абстракционизмнің кубизммен ортақ шыққан тегі бiр болғанымен, одан айырмашылықтары да болды. Абстракционизмнің осы бағытының тармақтары бiрнеше: М.Ларионовтың сәулешiлдiгi, К.Малевичтiң супрематизiмi, Л.Попованың стиль тобы.

1917 жылы  Голландияда жаңа пластицизм  идеясын ұсынды: геометриялық бiтiмдердiң  анықтылығы, айқындылығы және қарапайымдылығы  табиғат ретсiздiгiнен жоғары тұрады. Абстракционизмнің кейбiр көpiнicтepi дадаизм мен сюрреализм өкiлдерiнiң  кейбiр шығармаларынан байқалады. Eкi дүниежүзiлiк coғыc арасында Францияда  әр ұлттың және әр бағыттың  өкiлдерiн бiрiктiрген абстракционизм  топтары болды: «Нақты өнер», «Шеңбер  мен төртбұрыш», «Абстракция мен шығармашылық».

50 жылдан  бастап АҚШ-та «абстрактi экспрессионизм» (М.Ротко, Л.Горки, Дж.Поллок т.б.) деп  аталатын, өз әдicтерiн «таза психологиялық  автоматизм» деп жариялаған мектептер  пайда болды.

Абстракационист — кескiндемешiлер заман динамикасын бiлдiретiн өзiндiк әдicтер мен тәсiлдер қалыптастырды, олар бүгiнгi күні дизайнда, театр, кино мен теледидардажәне бөлмелер интерьерi мен қызметтiк офистердi көркемдеуде кең қолданыс тауып келеді. Көркемдік форманың қандай да кқріністерінен (фактура, аумақ, бояу) бас тартқан абстракті өнердің алғашқы үлгілерін Германияда В.В.Кандинский, Францияда Р.Депоне, Испанияда Ф.Пикабия, Ф.Купха, Ресейде К.С.Малевич, М.Ф.Ларионов,Н.С.Гончарова, Нидерландиядағы жаңа пластикалық өнер өкілдері П.Мондариан, Т. ван Дусбюрг т.б. жасады. 1-дүние жүзілік соғыстан кейін Абстракті өнер көріністерідадаизм мен сюрреализм өкілдерінің жекелеген шығармаларынан байқалды. Сонымен бірге архитектурада, безендіру өнерінде бейнесіздікке ұрыну, математикалық және инженерлік талаптарға бағынатын құрылыстар салу бағыты пайда болды (“Стиль”, “Баухауз” топтарының тәжірибесі). 30жылы басында негізінен Францияда әр ұлттың және әр бағыттың суреткерлерін біріктірген абстракті өнер топтары болды (“Нақты өнер”, 1930 ж; “Шеңбер мен төртбұрыш” 1930; “Абстракция және шығармашылық” 1931 жылы). Бірақ абстракті өнер ол кезде кең қанат жая алмады, 30 жылдардың ортасында бұл топтар ыдырап кетті. 2-дүние жүзілік соғысжылдарында АҚШ-та “абстракті экспрессионизм” (кескіндемешілер Дж.Поллок, М.Тоби т.б.) деп аталатын, өз әдістерін “таза психологиялық автоматизм” деп жариялаған, оқыс бояулар мен кескіндердің қиюласуын дәріптеген мектептер пайда болды. 50 жылдары абстракті өнер көркемөнердегі негізгі түрлердің біріне айналды. 60 жылдардың ақырына дейін Абстракті өнер ресми танылған жоқ, сыңаржақ бағаланды. Қатаң идеологиялық қысымға қарамастан абстракті өнердің әр түрлі бағыттары пайда болды.[4]

 

Казимир Малевич Чёрный квадрат (1915)

 

Сюрреализм (фр. surréalisme — сверхреализм) — модернистік өнердің бір бағыты. Оның негізін салушылардың бірі француздың ірі ақыны Г. Аполлинер (1880 – 1918). Ол поэзия мен театрдың буржуазиялық тіршіліктен жоғары тұрғанын қалады. [5]1917 жылы жазылған «Груди Тиресия» (Тиресияның кеудесі) атты «сюрреалистік драмасының» алғысөзінде және 1918 жылы жарық көрген «Жаңа уақыт рухы және ақындар» мақаласында Аполлинердің сыртқы шынайлықты ғана бейнелейтін буржуазиялық драматургияға және сол кездері «асқан сұлулықты» жалау етіп, адам жанының тереңіне бойлай алмай жатқан символистік театрға деген қарсылығы, эстетикалық идеялары көрініс тапты. Аполлионер жырлаған буржуазиялық тіршіліктен жоғары тұру деген ұранды суреткер-модернистер шынайы өмірден биіктеу және ирреальды, яғни адам санасының астындағыны көрсету деп түсінді.[6]

 

 

                   Өте  әдемі  және  жарқын сюрреализм

                                            Яцека Йерка.

 

                            Викторианский сюрреализм от

                                          Jeffrey Micheal.

 

Футуризм (лат. futurum — болашақ) — 20 ғасырдың басындағы Еуропа елдеріндегі негізгі авангардтық ағымдардың бірі. Әсіресе, Италия мен Ресейде кеңінен тарады. Ең әуелі кеңістік өнерінде өріс алған Футуризм идеясы кейіннен әдебиет, театр, музыка, кинематография және өнертану мен әдебиеттану ғылымдарында жалғасын тапты. Ф. Маринеттидің “Футуризм манифесінен” (1909) кейін италиялық футуризм дәстүрлі мәдениеттен толық қол үзуді көздеді, оның есесіне бірыңғай урбанистік өркениет эстетикасын орнықтыруға, оқиға мен адамдардың көңіл күйі сәт сайын алмасып тұратын техницизмге шалдыққан “интенсивті өмірді” өз санасында жаңғыртқан “өзгеше жанр” сезім күйлерін беруге тырысты. Футуризмнің эстетикалық негізін қалаушылар суретшілер У.Боччони мен Дж. Северини, композиторыБ.Прателла, т.б. болды. [7]

Осыдан келіп тілдік бейнелеу жаңа үлгілерін (еркін сөз тіркестері, дыбысқа еліктеу) іздестіруге деген қажеттілік туды. Италиялық футуристер эстетикалық агрессиядан және консерваторлық талғамның шектен шыққан өрескелдігінен, тіпті “дүниені тазартушы” деген түсінікпен соғыстың өзін әдейі мадақтауға дейін барды. Көп ұзамай бұл ағым Еуропаның басқа да елдеріне (Германия, Франция, Ұлыбритания, Польша, т.б.) тарады. Әсіресе, Ресейде кеңінен қанат жайды. Орыс футуризмі италиялық футуризмнен өзгеше көркемдік қозғалыс сипатында пайда болды. Орыс футуризмі мектептері төмендегідей бөлінді: “Гиллея” (кубофутуризм) — В.В. Хлебников, В.В. Маяковский, А.Е. Крушеных, Б.К. Лившин, “егофутуристер ассоциациясы” — И.Северянин, К.К. Алинтов, т.б. “поэзия Мезонині” — Хрисан П.В.Г.Черченович; “сентрифуга” — Б.Л. Пастернак, Н.И. Асеев, т.б. Бұл мектептерге негіз болған жайт: “Көне атаулының күйреуі сөзсіз” екенін стихиялы түрде түйсіну (Маяковский), келешектегі “әлеум. төңкерісті” өнер туындысы арқылы болжап сезіну және “жаңа адамның” дүниеге келуі. Бұлар үшін әдеби шығарм. табиғатқа жалаң еліктеу емес, керісінше сол табиғаттың жалғасы іспетті, сонда табиғаттың өзі адамның ерік күшінің арқасында “болашақтағы мүлде жаңа темір дүниені” (К.С. Малевич) тудыратынын сезіну. Осының әсерінен әдеби жанрлар мен стильдердің шартты жүйелері бұзылады да, тіл — табиғаттың бір бөлшегі саналған мифол. “алғашқы бастауға”, фольклорға оралу әрекеті қылаң береді (Хлебников).

Футуристер жанды әңгіменің орнына, тоник. өлеңдерге ден қойды. Фонет. ырғақтар туындатты, бұған қоса өздерінің сөздік шығарм-нда дара диалект. бейнелі сөздер жасауға құлшынды. Олар өлең графикасының өзіне тәжірибе жасаумен айналысты (“Визуалдық поэзия”), тіпті әдеби тілдің ауқымын кеңейте келіп, “өмір үшін аса қажетті” (Маяковский) сөздерді енгізді. Олардың шығармалары күрделі семантикалық және композиция” ауытқулармен ерекшеленді. Шығармаларында трагик. және комед. лиризмнің өзара контрасттары көзге көрініп тұрды, кейбірінде фантастика мен газеттік кереғарлық басым. Осының бәрі жанр мен стильдің барынша араласып (Маяковский, Хлебников поэмалары мен Северянин, Пастернак, Асеевтың лирикаларында) кетуіне түрткі болды.

 

 

Boccioni суретші, мүсінші и  футуризмнің  теоретигі 

Туылған  уақыт

 

                      Illustrations. Klaus Bürgle. Retro-futurism.

 

 

 

Экспрессионизм (фр. expressіo — бейнелеу) — еуропа өнері мен әдебиеттіндегі бағыт. Еуропадағы 20 ғасырдың 1-ширегінде болған әлеуметтік дағдарысқа (1-дүниежүзілік соғыс пен оған ұласқан төңкерістік дүмпуді қамтиды, шамамен 1905 – 20 жылға дейін) жауап ретінде көрініс тапты. Экспрессионизм сол кезеңде өз заманындағы өркениет жұтаңдығына қарсылық көрсету ретінде пайда болды. Өнерде экспрессионизм принциптері 20 ғасырдағы кескіндемешілер П.Гоген (Франция), В.Ван-Гог (Голландия), Э.Мунк (Норвегия), Дж. Энсор (Бельгия) шығарм-нан көрініс тапты. Германияда экспрессионистік бірлестіктер “Көпір” (1905, мүшелері Э.Л. Кирхнер, М.Пехштейн, Э.Хеккель, т.б.), “Көк салт атты” (1911 – 12, өкілдері В.В. Кандинский, Ф.Марк, т.б.) пайда болды. Бұл ағым 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Германия (кескіндемеші К.Шмидт-Ротлуф, мүсінші В.Лембрук, археологиялар Р.Штейнер, Э.Мендельзон, Х.Пельциг) мен Австрияда (кескіндемеші О.Кокошка) кең өріс алды. Экспрессионизм ағымынан түрлі бағыттар бой көрсетті:

 

  • Суретшілер Г.Гросс, О.Дикс, мүсінші Э.Барлах, т.б. өз шығарм-тарын соғысқа қарсы бағыттауға күш салды.
  • Музыкада экспрессионизм 1900 – 10 жылдары қалыптаса бастады. Ол композиторлар Г.Малер, Р.Штраустың кейбір шығармаларында көрініс беріп, Венаның жаңа музыка мектебі өкілдері А.Шенберг, А.Берг және А.Веберн шығармаларында өріс алды. Бірақ 2-дүниежүзілік соғыстан кейін экспрессионизмнің субъективті-идеалистік өрісі мен асыра әсірешілдігі образ буалдырлығына, пошымды ретсіз бұзушылыққа, болмысты теріс бейнелеуге ұрындырып, нағыз пошымшылдық (Германия мен Францияда “нео-экспрессионизм”, АҚШ-та “абстракті экспрессионизм”) бағыт алды.
  • Театрда экспрессионизм 1-дүниежүзілік соғыс жылдары (1914 – 18) және соғыстан кейінгі кезеңде, көбіне-көп Германияда кең етек алды. Ф.Верфель, Г.Кайзер, В.Газенклевер, Э. Толлер, К.Штернгейм, И.Бехер, т.б. драматургтер пьесаларының қойылуы режиссура мен актерлік ойынның өзіне тән экспрессионистік тәсілдерін қалыптастыруға ықпал жасады.
  • Режиссерлер К.Х. Мартин, Р.Вейхерт, Л.Йеснер, Г.Гертунг, т.б. спектакльдер қоюда субьектінің шындықтан, яғни олардың ой-түсінігіне орай рухтың “басымдығын” көрсетуге Экспрессионизм құлшынды. Экспрессионизмге тән сахналық образдар күрделі эстетикалық қиыншылықтарымен, өткір гротескілік бояуымен ерекшеленді.

Информация о работе Основные течения в искусстве