Мухаммед Хайдар Дулати (1499–1551 гг.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 09:59, реферат

Краткое описание

Мухаммед Хайдар Дулати, мырза Мухаммед Хайдар бен Мухаммед Хусайн Курекандуглат родился в 1499 г. в Ташкенте, умер в 1551 году в Кашмирском валаяте в Индустане. Знаменитый историк, литератор. В литературе известен как Хайдар мырза, Мырза Хайдар. Мухаммед Хайдар Дулат является автором дастана «Джаханнама», вошедшего в исторический справочник по Могулистану и приграничных ему областей — «Тарихи Рашиди».
Предки Мухаммед Хайдара Дулати были видными политическими деятелями на территории юго-восточного Казахстана, Кыргызстана и Восточного Туркестана, входившей в государство Могулистан

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мухаммед Хайдар Дулати.docx

— 42.40 Кб (Скачать документ)

 Енді «Тарих-и Рашиди» еңбегінде  Қазақ хандығы тарихының алғашқы  кезеңдері қалай қарастырылып, қалай көрініс тапқанына тоқталалық.

 «Тарих-и Рашидидің» екі бөлімнен  немесе екі кітаптан тұратыны  белгілі. 1541/42 жылы мемуарлық сипаттағы  екінші кітап, ал  тарихи сипаттағы  бірінші кітап  - 1546 жылы 3 наурызда жазылған [14, 529-530 бб.]. Аталған екі кітапта да қазақ тарихына қатысты материалдар жиі кездеседі. Тарихи сипаттағы кітапта біз қарастырып отырған мәселе 39-шы тарауда өте қысқаша түрде Моғолстан тарихының Есенбұға хан билік құрған жылдарында болған оқиғалардың бірі ретінде баяндалады.[14,108-111]  Ал тарихи сипаттағы кітапта автор Қазақ хандығының тарихына байланысты оқиғаларды  33-ші және 34-ші тарауларды айтады. [14,305-311].

 Қазіргі кездегі Отандық  тарихнаманың осы мәселе бойынша  қол жеткізген жетістіктері тұрғысынан Дулатидың баяндауларын талдап көрелік.

1) «Есенбұға ханға әмірлердің  қарсылық көрсеткен күндерінен  әңгіме» атты тарауда XY ғасырдың 30-50-шы жылдарындағы Моғолстанның  ішкі саяси өміріндегі жағдайлар туралы, яғни моғолдың ірі тайпалары көсемдерінің ханға қарсы әрекеттері баяндалады[14, 104-108 бб.]. Бұл мәліметтер бізге Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Моғолстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайынан хабардар етіп, ол жағдайлардың хандықтың құрылу барысына қаншалықты дәрежеде қолайлы алғышарттар жасағанын көрсетеді;

2) Есенбұға ханның Мауереннахрдағы саяси дағдарысты пайдаланып, ол жаққа жасаған жорықтары туралы, Әбу Сайд мырзаның Есенбұға ханның жорықтарына қарсы ойластырған  жоспарлары, темірлік мырзаның моғол әскерлерін  Ианги (Тараз) түбінде жеңіліске ұшыратуы туралы мәліметтер [14, 108-110 бб.]. Бұл мәліметтерден біз Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Моғолстан мен Мауереннахрдағы Темір әулеті мемлекеттері арасындағы саяси қатынастардың әбден ушыққанын, жетер шегіне жеткенін көреміз. Өз кезегінде бұл жағдай Қазақ хандығының Жетісу аймағының батыс бөлігінде шаңырақ көтеруіне тікелей себепші  болады.

3) XY ғасырдың орта тұсында Шығыс  Дешті Қыпшақ аумағында өз  билігін толықтай орнатқан  Әбілқайыр  хан және одан бөлініп Моғолстан  аумағына қоныс аударған Керей  мен Жәнібек хандар туралы, оларды Есенбұға ханның  қуана қарсы алып, Моғолстанның батыс жағындағы Шу мен Қозыбасы өңірінен жер беруі туралы, олардың «қазақ» атануы туралы мәліметтер. Қазақ хандығының құрылу тарихында  бұл мәліметтер - ең негізгі дерек болып саналады.

4) Мұхаммед Хайдар Дулатидың  «Қазақ сұлтандарының алғаш билік  жүргізуінің басы 870 (1465-66) жылдан  басталады, «Алла жақсы біледі»  деген мәліметтері – Қазақ  хандығының құрылу тарихындағы  ең басты, ең негізгі жазба  дерек мәліметтерінің біріне жатады.[14, 110]. Қазіргі кезде Қазақ хандығының құрылуына қатысты ой-пікір айтып, тұжырымдар білдіріп жүрген  тарихшылардың бәрі  Мұхаммед Хайдар Дулатидың осы мәліметтерін негізге алады. Дегенменде автордың оқиғаларды баяндауында дәлдік сақталғанымен, олардың уақытын көрсету кей жағдайларда болжаммен, шамамен беріледі. Мұхаммед Хайдар Дулати ондай болжаммен, шамамен берген даталардың өте дәл емес екенін алдын ала біле отыра, олардан кейін міндетті түрде «Анығы бір Аллаға аян» деген сөз тіркесін қолданып отырады. Бұл сөз тіркесі қазірге дейін қазақ тілінде қолданыста бар. Ол көбінесе бір нәрселердің санына, уақытына, көлеміне қатысты мөлшермен, болжаммен  айтқанда  қолданылады. «Тарих-и Рашидидің» мемуарлық сипатындағы кітабында бұл сөз тіркесі жоқ. Өйткені автор онда тек өзі қатысқан, куәгері болған оқиғаларды баяндағандықтан уақытты, сандарды, жылдарды шегелеп нақты айтады. Ал тарихи сипаттағы кітапта «Алла жақсы біледі» деген тіркесі 6 жерде кездесіп қалады. Осы жолдардың авторы сол алты  жағдайды саралағанда деректердің жетіспегендігінен Дулати кейбір оқиғалардың уақытын ондыққа дейін мөлшермен айтып, соңына жаңағыдай сөз тіркесін пайдаланып отыратынына көз жеткіздік. Солардың біріне осы жерде тоқтала кетсек. Ол Ұлықбек туралы тарихи кітапта айта келе, « Тарихи жылнамада оның [Ұлықбектің] туған күні белгісіз. Егер де сол кездегі мерзімдерді салыстырар болсақ, ол шамамен 860 (1455-1456) жылдары қайтыс болған. Алла жақсы біледі»[14, 95]. Қазірде тарихта белгілі болып отырғандай, Ұлықбек 1394 жылы 22 наурызда дүниеге келіп, 1449 жылы 25 қарашада қайтыс болған. Көріп отырғанымыздай Мұхаммед Хайдар Дулатидың дәлсіздігі ондықа дейін болып отыр.

 «Тарих-и Рашидидің» біз жоғарыда  келтіріп отырған мәліметтері Қазақ хандығының құрылу кезеңін көрсетеді. XV-XVI ғасырларда жазылған басқа деректерде мұндай мәліметтер кездеспейтіндіктен, біз Мұхаммед Хайдар Дулатидың деректерін оригиналды және өз шамасынша хандықтың құрылуын  жүйелі баяндайтын деректер қатарына жатқызамыз.

 Қазақ хандығының құрылу  кезеңіне – 1457-1470/71 жылдар аралығы  жатса, 1470/71-1521 жылдар аралығы хандықтың  күшею кезеңі болып саналады. Бұл кезеңнің басты оқиғалары, олар –XV ғасырдың соңғы 30 жылдығында хандықтың Сыр бойындағы қалалар мен жайылымдар үшін Темір әулетімен жүргізген күрестері, XVI ғасыр басында Мауереннахрда билікке келген  Шибан әулетімен болған күрестер және Қасым ханның билікке келіп, қазақ халқының аумағын біріктіру жолындағы жүргізген күрестері. Мұхаммед Хайдар Дулати бұл кезеңнің де оқиғаларын өз еңбегінен тыс қалдырмайды. Алғашқы екі күрес оқиғалары жөнінде ештеңе айтылмайды да, Қасым ханның билікке келген кезінен бастап қазақ мемлекетінің күшеюі мен нығаюын өте тәуір баяндайды. Ол кезеңнің деректері мынадай сипатта болып келеді.

Керей ханнан соң билікке оның ұлы Бұрындықтың отыруы, әкесі Жәнібек хан секілді Қасым ханның Бұрындық ханды тыңдап бағынғандығы туралы мәліметтер. 

Қасым ханның Жүніс ханның қыздарының бірі – Сұлтан Нигар ханымға үйленіп, шағатайлық әулетпен туысқандық байланыстар орнатуы туралы мәліметтер.

Қасым хан билігінің күшейіп, Бұрындық ханның Мауереннахрға кетуі туралы мәліметтер.

Қасым хан билігін бағалап,  оны XIII ғасыр басындағы Жошы ханның билігімен теңестіруі және Қасым хан әскерінің саны мен қазақ халқының санын көрсетуі.

Қазақ Ордасына шағатайлық Сұлтан Сайд ханның келуі, Қасым ханның оған көрсеткен қошеметтері және соған байланысты кейбір оқиғалар туралы кең мазмұндағы мәліметтер.

Қасым ханның қайтыс болған жылына байланысты мәлімет [14,306-307 бб].

Көріп отырғанымыздай, Қазақ хандығының Қасым хан тұсындағы күшеюі  Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбегінде біршама көрініс тапқан. Кейіннен бұл мәліметтер басқа жазба деректерге негіз болып алынады.

 Қасым ханның қайтыс болуынан  кейін Қазақ тарихында «уақытша  әлсіреу» деген шартты атауға ие болған кезең басталады. Бұл кезеңнің хронологиясына зерттеушілер XVI ғасырдың 20-30 жылдары аралығын жатқызады. Қасым хан қайтыс болғаннан оның ұлы Хақназар хан билікке келген кезге дейінгі аралық Қазақ хандығы мен қазақ халқы  үшін ең алғашқы тарихи сынақ болған кезең деуге болады. Бұл кезеңге қатысты мәліметтер Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегінде біршама жақсы баяндалады. Енді сол кезең туралы автордың деректеріне құлақ түрсек.

 Қасым ханның қайтыс болған  жылын айта келе, Мұхаммед Хайдар  Дулати одан кейін болған оқиғаларды  былайша баяндайды: «Қазақ сұлтандарының  арасында тартыс басталды. Қасым  ханнан кейін оның ұлы Мамаш  хандық таққа отырды. Ол шайқастардың бірінде тұншықпадан өлді. Одан кейін Әдік сұлтанның ұлы Тахир хан таққа отырды. Ол қатыгез адам болатын, қаталдығы өз шегінен шыққан соң елінің саны төрт жүз мың бола тұра одан бірден безіп бытырап кетті. Оның қарабасы қырғыздардың арасында жалғыз қалды, мүшкіл жағдайда қаза тапты.

 Отыз мыңға жуық адам тағы да Моғолстанға жиналды. Тахир ханның бауыры Буслаш (Бұйдаш ханды айтып отыр.- Б.К.) хан таққа отырды. Ең ақырында сәтсіз тағдырдың қырсығынан соншама халықтан міне, бүгін төртінші жыл болып барады (Кітап 1541 жылы жазылған. – Б.К.), ешбір жерде із де қалмапты. Отызыншы жылдары (930 (1524 жылы) қазақ саны мың-мың (миллион) болатын. Қырық төртінші жылы (944 (1537) сонша халықтан бұл жерде еш белгі қалмаған» [14,306-307 бб.].

 «Тарих-и Рашидидегі» осы  келтірілген мәліметтердің шынайылығына көңіл қойып көрелік.

 Біріншіден, Мұхаммед Хайдар Дулати «отызыншы жылдар» мен «қырық төртінші жылды» нақты атап,  қазіргі тарихнамада «уақытша әлсіреу» кезеңі деп аталатын кезеңнің басталуы мен аяқталуын көрсетіп отыр. Қазақ хандығының әлсіреуінің басты себебі - билеуші әулет өкілдері арасында бірліктің болмай, тақ үшін күрестердің күшеюі болатын. Дулати мұны нақты атап айтып отыр. Мамаш ханның осындай күрестің құрбаны болғандығын да ол баяндап береді.

 Екіншіден, қазақ халқының тарихи  санасында әр кезеңдердегі  аса ауыр жылдар белгілі бір атаулармен, сөз тіркестерімен сақталынып қалып отырғаны белгілі. Мысалы, XVIII ғасырдың 20-шы жылдарындағы ауыр кезең – «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама», XX ғасырдың 20-шы жж. соңы мен 30-шы жж. басындағы аштық жылдар «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген сөздермен қалғаны белгілі. Ал XVI ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ халқы үшін қайғылы жылдарды  Мұхаммед Хайдар Дулати «тағдырдың қырсығынан соншама халықтан ...ешбір жерде із де қалмапты» және  «...сонша халықтан бұл жерде еш белгі қалмаған»- деп қинала баяндайды.

 Мұхаммед Хайдар Дулатидың  мұндай сөз тіркесін жайдан  жай қолданбағанын Қадырғали  Жалайыр деректері дәлелдейді. Оның  мәліметтері бойынша дәл осы  жылдары қазақтың хандары мен  сұлтандары сыртқы жауларымен  соғыстарда көп қаза табады. «Тоғым хан, оның ұлдары «тоғыз сары» деп аталды. Мәлік сұлтанның баласы Башыбек сұлтан тоғыз сарымен бірге Жағат уалаятының жанында шахит болды, [сол ұрыста] әйгілі әрі даңқты отыз жеті сұлтан шәйіт болды...» Және де «Жәдік хан. ...Шағым мырзамен соғысып, Жыланды төбеде бір ұлымен бірге шахит болды»[16, 121 б.]. Әдік сұлтанның ұлы Бұйдаш хан осы жылдары Ташкент билеушісі Дервиш ханмен (Сүйініш қожа ханның немересі, Барақ ханның ұлы) болған ұрыстардың бірінде 24 қазақ сұлтанымен бірге қаза табады[16, 121 б. ]. Жәнібек ханның тағы бір немересі Ахмет хан (кей деректе Қожахмет хан) ноғай мырзасы Сейдақтан жеңіліс тауып 15 сұлтанмен бірге тұтқынға түседі. Көп ұзамай Ахмет ханды Алшағыр бидің ұлы Орақ батыр өлтіреді [2, с.275; с.325].  Т.И.Сұлтановтың пікірі бойынша осы кезеңде 60-тан астам қазақ хандары мен сұлтандары сыртқы жаулармен болған соғыстарда қаза тапқан екен.[17, 184 б.] Ал біздің есебіміз бойынша Мамаш ханның өлтірілуімен басталған «уақытша әлсіреу» кезеңінде тақ үшін болған күрестер мен жауларға қарсы жүргізілген соғыстарда билеуші әулет өкілдерінен 80 астам хандар, сұлтандар әр түрлі жағдайларда қаза табады. Бұл сан жазба дрек мәліметтері арқылы белгілі болғаны, ал белгісіз болғандары қаншама. Ал қаза болған немесе тұтқынға түскен қарапайым халықтың санын ешкім де айта алмас, тек болжаммен қаза тапқан билеуші әулет өкілдерінен бірнеше жүз есе көп болған деуге болады. Міне, осындай ауыр да қиын жылдары Жетісу жеріне моғол хандарының саяси билігі, Сыр бойындағы қалалар мен өңірлерге шибанилық әулеттің билігі, Қазақстанның батыс бөлігінде ноғай мырзаларының үстемдігі қалыптасады. Осылайша, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік биліктің жойылып, тақ үшін күрестердің өршіп, сыртқы жаулармен болған соғыстарда үнемі жеңіліске ұшырап отырған тұста қазақ халқының жағдайы өте қиын болатын. Дулатидың  «...сонша халықтан бұл жерде еш белгі қалмаған» деуі артық айтылса да, оның астарында осындай тарихи ащы шындық жатқан болатын.

 Осылайша, біз Мұхаммед Хайдар  Дулатидың Қазақ хандығы тарихының  алғашқы кезеңдеріне қатысты баяндауларын қарастыра келе, мынадай жалпы қорытындыға келеміз.

 Мұхаммед Хайдар Дулатидың  «Тарих-и Рашидиінде» Қазақ хандығының XV-XVI ғғ. тарихы  жай тарихи фактілердің  жиынтығы түрінде емес, нақты бір мәселені ғылыми принциптерді сақтай отыра, арнайы түсіндіруге бағытталған түрде беріледі. Сол себепті де біз Мұхаммед Хайдар Дулатиды Қазақ хандығы тарихының алғашқы кезеңдерін алғаш зерттеген ғалым деп санаймыз.

 

 

 

                                             Әдебиеттер:

1.Валиханов Ч.Ч. Из «-Тарих-и Рашиди». Собрание сочинаний. –Алма-Ата; 1985. том 4.

2. Вельяминов-Зернов В.В. Исследование  о Касымовских царях и царевичах. Ч.2. – СПб.; 1864 - с.

3. Бартольд В.В. Хайдер-мирза. Сочинения. т. YІІІ. – Москва; 1973.

4.Прошлое Казахстана в источниках  и материалах. Сборник 1. (Y в. до.н.э. - -XYІІІ в.н.э.) –Л-М; 1935.  

5. Марғұлан Ә.  Мұхаммед Хайдар  Дулати - қазақтың тұңғыш тарихшысы. // Әдебиет және исскуство. -1941. № 4. –Алматы,

6. Марғұлан Ә. Мұхаммед Хайдар (Дулати). // Білім және еңбек. 1963. №7

7. Масанов Э.А. Мухаммед Хайдар, Доглат Мырза Хайдар. // Советская  историческая энциклопедия. – Москва; 1966. т.3. С.829.

8. Мингулов Н. Мухаммед Хайдар  Дулати. // Великие ученые Средней  Азии и Казахстана.  (YІІІ- ХІXвв.) – Алма-Ата; 1965.

9. Тарих-и Рашиди. Мына жинақта: Материалы по истории казахского  ханства XV-XVIII вв. (Извлечения из персидских и тюркских сочинении) Составители: С.К.Ибрагимов., Н.Н.Мингулов., К.А.Пищулина., В.П.Юдин. Алма-Ата, 1969. 

10. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының  жұлдыздары (тарихи-филологиялық зерттеу) /Арнаулы редакторы және кіріспе сөзін жазған Ө. Жәнібеков. – Алматы, 1995.

11.Дербісәлиев Ә. Мұхаммед Хайдар  Дулати: өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық. –Алматы; 1999. – 160 б.

12.Мырза Мухаммед Хайдар. Тарих-и  Рашиди /Введ. перевод с персидского. А. Урунбаева, Р.П. Джалиловой, Л.М. Епифановой. – Ташкент, 1996. - 728 с

13.Мырза Мұхаммед Хайдар. Тарих-и  Рашиди /Введ. перевод с персидского. А. Урунбаева, Р.П. Джалиловой, Л.М. Епифановой. Примечание и указат.  Р.П. Джалиловой, Л.М. Епифановой. Предисовие ко второму изданию М.К. Козыбаева, К.А. Пищулиной. – Алматы, 1999.

14.Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и  Рашиди. (Хақ жолындағылар тарихы). – Алматы, 2003. -616 б.

15. Қалиекова М. МұхаммедХайдар  Дулати. Өмірі мен шығармашылығы. Алматы: Атамұра,2010. – 176 бет.

16. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер  жинағы / Шағатай-қазақ тілінен аударып, алғы сөзін жазғандар Н. Мингулов, Б. Көмеков, С. Өтениязов. – Алматы, 1997. –128 б.

17. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. – Алматы, 2001. –276 с.


Информация о работе Мухаммед Хайдар Дулати (1499–1551 гг.)