Мухаммед Хайдар Дулати (1499–1551 гг.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 09:59, реферат

Краткое описание

Мухаммед Хайдар Дулати, мырза Мухаммед Хайдар бен Мухаммед Хусайн Курекандуглат родился в 1499 г. в Ташкенте, умер в 1551 году в Кашмирском валаяте в Индустане. Знаменитый историк, литератор. В литературе известен как Хайдар мырза, Мырза Хайдар. Мухаммед Хайдар Дулат является автором дастана «Джаханнама», вошедшего в исторический справочник по Могулистану и приграничных ему областей — «Тарихи Рашиди».
Предки Мухаммед Хайдара Дулати были видными политическими деятелями на территории юго-восточного Казахстана, Кыргызстана и Восточного Туркестана, входившей в государство Могулистан

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мухаммед Хайдар Дулати.docx

— 42.40 Кб (Скачать документ)

Мухаммед Хайдар Дулати (1499–1551 гг.)

   Мухаммед Хайдар Дулати, мырза Мухаммед Хайдар бен  Мухаммед Хусайн Курекандуглат  родился в 1499 г. в Ташкенте, умер  в 1551 году в Кашмирском валаяте в Индустане. Знаменитый историк, литератор. В литературе известен как Хайдар мырза, Мырза Хайдар. Мухаммед Хайдар Дулат является автором дастана «Джаханнама», вошедшего в исторический справочник по Могулистану и приграничных ему областей — «Тарихи Рашиди».

   Предки Мухаммед Хайдара  Дулати были видными политическими  деятелями на территории юго-восточного  Казахстана, Кыргызстана и Восточного  Туркестана, входившей в государство  Могулистан. Они занимали посты  улусбеков, тарханов и управляли  своим наследственным владением  — Манглай-Субеном. Амир Полатшы (Пуладчи) дулат во времена развала  Чагатайского государства в середине XV века назначил Тугылык Тимура  ханом восточной части этого  государства. Еще один предок  Мухаммед Хайдара Дулати —  Амир Худайдат – в свою бытность  улусбеком сменил шесть ханов  на Могольском троне.

   Дедушка Мухаммед Хайдара  Дулати — мырза Мухаммед Хайдар  правил Кашгарией до 1480 года, его  отец Мухаммед Хусаин был одним  из сподвижников хана Султана  Махмуда, правившего в конце XV –  начале XVI века восточной частью  Моголистана. Мать Мухаммеда Хайдара  Дулати, ханша Хубнигар, была дочерью  Жунис хана, который, в свою очередь, со стороны матери был двоюродным  братом Султана Саида и основателем  династии Великих Моголов Захар-ад-дина  Мухаммеда Бабура, правившего Индией.

   Детство Мухаммед Хайдара  Дулати приходится на времена  заката государства династии  Тимура в Средней Азии, произошедшего  под давлением узбекских кочевников  Мухаммеда Шейбани, развала Могулистана  и возвышения Казахского ханства. После смерти отца, во время войны между ханом Султан Махмудом и ханом Мухаммедом Шейбани родственники Мухаммед Хайдара Дулати отправили его в Кабул к Бабуру. Мухаммед Хайдар Дулати участвовал в устроенном Бабуром походе на Мавераннахр. С 1512 года Мухаммед Хайдар Дулати, находясь во дворце хана Султана Саида в Кашгарии, занимал видные военные и другие придворные должности. Он принимал участие в войне с Абу Бакром за Кашгар и Жаркент в 1514 году, а также в военных походах на Кыргызстан, юго-восточный Казахстан и Тибет. Мухаммед Хайдар Дулати воспитывал наследника ханского престола — Абу ар-Рашид султана.                                                                   

    По словам Бабура, Мухаммед  Хайдар Дулати обладал энциклопедическими  знаниями. Он был в курсе всех  политических событий, знал политических  деятелей. Мухаммед Хайдар Дулати  был хорошим знатоком истории  Казахстана и Средней Азии, Могулистана, особенно феодальной части племени  дулат. В 1541–1546 годы в Кашмире  он написал «Тарих-и Рашиди» («Историю  Рашида»).      Данную работу  Мухаммед Хайдар Дулати написал  на персидском языке, опираясь  на передававшиеся от поколения  к поколению рассказы о прошлом  дулатов, легенды могулов, секретные  документы, сохранившиеся во дворцах  могулских ханов, свидетельства  очевидцев и свои наблюдения. Автор также пользовался историческими  произведениями таких известных  ученых прошлого, как Жувейни, Жамал  Караши, Рашид ад-Дин, Шараф ад-Дин Али Йазди, Абд ар-Разака Самаркани и других. Все это позволяет характеризовать данное произведение как исторический справочник, основанный на ясных архивных данных. Мухаммед Хайдар Дулати оставил очень ценные сведения, касающиеся средневековой истории казахов.                                       

    «Тарих-и Рашиди» содержит  много сведений о формировании  Казахского ханства, о дальнейших  событиях в Жетысу и Восточном  Дешт-и-Кыпчаке, падении Могулистана, феодальных войнах, установлении  дружеских союзов между казахами, кыргызами и узбеками в борьбе  против внешнего врага. В работе  также имеется много ценных  данных о социально-экономическом  положении Южного и Восточного  Казахстана в XV-XVI веках, об исторической  географии средневекового казахстанского  Жетысу, городской и земледельческой  культуре казахов.           

   «Тарих-и» состоит из  двух тетрадей. В первой подробно  описывается история правителей  Моголистана — ханов из династии  Чагатая. Вторая тетрадь составлена  в виде воспоминаний, в ней  идет речь об исторических  событиях вплоть до завоевания  мирзой Мухаммедом Хайдаром (дедом  Дулата) Кашгарии. Повествуется также  о борьбе Султана Саид-хана за власть в Моголистане, о завоевании земель племени дулат и создании в 1541 году Моголистана, о стремлении династии Чагатая вернуть прежние владения Моголистана — Жетысу и Тянь-Шань, о взаимоотношениях могольских ханов с династией Чагатая и казахскими ханами. «Тарих-и Рашиди» также охватывает исторические события, происходившие в XV-XVI веках в Средней Азии, Восточном Туркестане, Афганистане, Индии. Сегодня переведенные на персидский и турецкий языки варианты «Тарих-и Рашиди» хранятся в Санкт-Петербурге, Ташкенте, Душанбе                                

     Абу-ар-Рашид, вновь воссевший  на трон в 1533 году, опасаясь своих  соплеменников, стал их преследовать. Двоюродный брат Мухаммед Хайдара  Дулати, Саид Мухаммед, убил Дулата, после чего Мухаммед Хайдар  Дулати бежал в Индию. Там он  возглавил воинов во дворце  Великих Моголов.                                                                                                                                                                    Мухаммед Хайдар Дулати умер  в 1551 году во время восстания  местных жителей.

 

 

Мұхаммед Хайдар Дулати

Мұхаммед Хайдар Дулати,

Дүниеге келгені: 1499

Ташкент

Қайтыс болғаны: 1551

Үндістан, Кашмир уалаяты

Мансабы: Әйгілі тарихшы, әдебиетші

Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.

Мазмұны 

1 Өмірбаяны

2 Тарихи Рашиди

3 Мұхаммед Хайдар Дулати Фильм

4 Cілтемелер

Өмірбаяны

   Мұхаммед Хайдардың ата  – бабалары кезінде Моғолстан  мемлекетінің құрамына енген  қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркстан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады.

     Сұлтан Саид өлгеннен  кейін таққа отырған Рашид  дулат тайпасының басшыларынан  қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі.

Тарихи Рашиди

"Тарихи Рашиди" атты еңбекте  қазақ хандығының қалыптасуы  туралы, мұнан кейінгі Жетісу  мен Шығыс Дешті— Қыпшақта  болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар  және өзбектердің сыртқы жауға  қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.

   Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады.  Мұхаммед Хайдар Дулати құрметіне аты Тараз мемлекеттік университетіне берілген.

Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақ хандығының тарихын алғаш зерттеуші.

 ҚАДЫРҒАЛИ ЖАЛАЙЫР: ШЫГУ ТЕГІ  МЕН ЕҢБЕГІ ЖӨНІНДЕ  Махмуд  бен Уәли еңбегі мәліметтерінің Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеудегі маңызы  Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақ хандығының тарихын алғаш зерттеуші.  С.К.Ибрагимов және XV-XVI ғғ. Қазақстан тарихының мәселелері.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі 20 жылдан сәл ғана астам уақыт ішінде еліміз бірнеше жиырма жылдарға тұрарлықтай кезеңді басынан өткеріп, адам танымастай өзгерді деуге болады. Ол өзгерістер қоғамдық қатынастардан бастап қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыды. Тәуелсіз елдің жаңа жас буыны өсіп жетіліп, олардың өздері ел ішіндегі қайнаған қызу өмір мен үдемелі үдерістерге белсене араласа бастады. Жалпы ғылымдар мен қоғамдық ғылымдар секілді отандық тарих ғылымы да осы жылдары сандық жағынан да, сапалық жағынан да анағұрлым жоғары көтерілді. 20 жыл ішіндегі Отандық тарих ғылымының жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері ұшан-теңіз. Ал енді тарих ғылымының қай дәуірі мен кезеңі, оның қандай мәселелері жақсы зерттелді деген сауалға келсек, оған бірден және біржақты жауап бере қою қиын. Өйткені тарих ғылымының барлық мәселелері бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер жетерлік. Соның біріне – кейінгі ортағасырлардағы Қазақстан тарихының мәселелері жатады.

 Ортағасырлық Қазақстан тарихының XV-XVIII ғасырлардағы  кезеңі - Қазақ  хандығы дәуірі деп аталатыны белгілі. Бұл дәуір өз ішінде бірнеше кезеңдерден тұрады. Тек қана XV- XVI ғасырлардың өзінде  хандықтың тарихы саяси тарихтың дамуына байланысты құрылу, күшею, «уақытша әлсіреу», қайта өрлеу және қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасуының аяқталуы  деген кезеңдерге бөлінеді. Осы кезеңдердегі саяси тарихтың мәселелерін зерттеуде бірінші орынды жазба дерек мәліметтері алатыны белгілі. Кейбір жазба дерек мәліметтері нақты бір тарихи мәселені шешуде жанама немесе қосымша рөлдер атқарса, ал кейбіреулері басты немесе негізгі рөлдер атқарады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақ хандығының тарихындағы алғашқы үш кезеңді зерттеуде, яғни хандықтың құрылу, күшею және «уақытша әлсіреу» кезеңдерін қарастыруда негізгі жазба дерек мәліметтерін ортағасырлық тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен табамыз. Ал басқа жазба дерек мәліметтерін «Тарих-и Рашиди» мәліметтерімен толықтыра отыра, Қазақ хандығының жоғарыда айтып өткен кезеңдерін терең зерттеуге мүмкіндіктер аламыз. Не себепті шығарма авторы Қазақ хандығының алғашқы кезеңдері туралы мол мағұлұматтар қалдырған деп сұрақ қойсақ, оған былай жауап беруге болады. Егерде ортағасырлық шығармалардың көпшілігі баяндау сипатында болып, авторлар өз көргендері мен естігендерін қағазға түсірсе, Мұхаммед Хайдар Дулати өз шығармасын жазуға үлкен дайындықпен келіп, жиналған материалдарын белгілі бір принциптер бойынша оқырмандарға ұсынады. Шығармамен етене танысқан адам оның хронологиялық, проблемалық принциптерді қолданғанын байқайды. Мұндай принциптер зерттеушілерге ғана тән. Олай болса, Мұхаммед Хайдар Дулати  Қазақ хандығының алғашқы кезеңдеріндегі тарихын тек баяндап қоюшы емес, сонымен бірге оны жүйелеп, материалдарын екшелеп, өз заманының талабына сай келетін зерттеуші болып саналады. Сол себепті де «Тарих-и Рашиди» еңбегінен біз Қазақ хандығының алғашқы кезеңдердегі тарихына қатысты мол материалдарды таба аламыз. Төменде біз Мұхаммед Хайдар Дулатидың Қазақ хандығының алғашқы кезеңдерін қалай зерттеп, материалдарды қалай қолданғанына назар аударалық.

 Алдыменен қысқаша автор  туралы айта кетсек.

 Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары  Шағатай Ұлысының шығыс бөлігінде, кейіннен автордың өзі Моғолстан  мемлекетінде жоғарғы мемлекеттік  қызмет атқарып, мемлекеттің қоғамдық-саяси тарихында ерекше орын алған тұлғалар болған. Ұлысбегі қызметі автордың ата-бабаларына мұрагерлік жолмен беріліп отырған. Мұхаммед Хайдар 1499/1500 жылы Ташкентте дүниеге келеді. Шешесі жағынан ол моғол хандарына туған жиен, Темірлік Захир ад-дин Бабырға туған бөле болып келеді. Оның жастық шағы  XYІ ғасыр басындағы Мауереннахрдағы болған аумалы-төкпелі жылдарға сәйкес келіп, 1508 жылы әкесінен айырылады. 3-4 жыл Ауғанстандағы Бабырдың қолында болып, 1513-1533 жылдары  шағатайлық Сайд ханмен бірге жүреді. Одан кейін Солтүстік Үнді жеріндегі Бабырдың ұлдарына келеді де, 1540-1551 жылдары Кашмир өлкесін  бағындырып, ол жақта жеке дара 11 жыл билік құрады. 1551 жылы қастандықтың құрбаны болған.

 Мұхаммед Хайдар қолбасшы, мемлекет  басшысы, философ, дінтанушы ғана  емес, сонымен бірге дастан жазған ақын, тарихи шығарма жазған ғалым - тарихшы да. Оның қаламынан «Жахан-наме» атты поэма, «Тарих-и Рашиди» атты тарихи туынды дүниеге келген. Жалпы алғанда, Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмірі мен оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі тарих ғылымына XІХ ғасырдың 50-шы жылдарынан бері жақсы таныс [1, 14-27 бб.; 2, 131-133 бб.; 3, 598-599 бб.; 4, 91-100 бб.; 5, 78-87 бб.; 6, 22-23 бб.; 7, 829 б.; 8, 190-203 бб.; 9,176-197 бб.;]. Соңғы жиырма жылдық кезеңде тарихшыларымыздың ізденістері арқасында Мұхаммед Хайдар Дулатидың есімі мен оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі Отан тарихында өзіне лайықты бағасын алу үстінде  деуге болады.[10,176-197 бб.;  11,12, 13, 14, 15.]. Осы бүгінгі болып жатқан ғылыми басқосу және бұған дейін 1997-2000 жылдар аралығында Тараз бен Алматы қалаларында Мұхаммед Хайдар Дулатиға арнап өткізілген  халықаралық ғылыми конференциялар соның көрінісіне жатады.

 Мұхаммед Хайдар Дулатидың  «Тарих-и Рашидиі» - автордың көзімен  көрген және құлағымен естіген  тарихи оқиғаларды баяндап қана қоятын шығарма емес. Шығарманың құрылымы, екі бөлімде де хронологиялық, жүйелілік  принциптердің сақталынуы еңбектің ғылыми сипатын көрсетеді. Жалпы шығарманың ғылыми құнылықтарының бірін – онда қолданылған деректік негіздер анықтайды. Жас ғалым, дулатитанушы Манзура Калиекованың дәлелдеп көрсетуінше, Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиді» жазу барысында үш түрлі дерек көздеріне сүйенген:

1) діни деректер, олардың саны  – 9;

2) тарихи деректер,олар – 12;

3) әдеби шығармалардың деректері, олар – 6.[15,38-56 бб.] Сонымен қатар  Дулати жазба деректерден басқа  жергілікті түрік халықтары арасындағы ауыз әдебиетінің,  ауызша мәлімет берушілердің материалдарын да өз еңбегінде жақсы пайдаланған. Міне, осы айтылған ойларымыздың бәрі Мұхаммед Хайдар Дулатидың ірі ғалым екендігін, оның шығармасында ғылыми сипаттың басым екендігін   көрсетеді. Біз оны автордың Қазақ хандығы тарихының  алғашқы кезеңдерін баяндауынан аңғарамыз.

Информация о работе Мухаммед Хайдар Дулати (1499–1551 гг.)