Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 09:42, реферат
10 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. 1914 жылы Шиелі, кейініректе Ташкенттегі №5 балалар үйінде (Көктерек) тәрбиеленді. 1918 жылы Ташкенттегі педучилищеге түсті (ол кейін «Казинпрос» болып қайта құрылады). Сол жылдары (1921) Ә.Диваевтың фольклор экспедициясына қатысады. 1922–1924 жж. Ташкенттегі алғашқы комсомол газеті «Жас қайратты» (кейінгі «Лениншіл жас») шығарысады. 1925 жылы Қызылордада «Еңбекші қазақ» газетінде (Б.Майлин басқарған бөлім) қызмет істейді. Астана Алматыға көшкенде, Қызылорда округтік ауаткомының жауапты хатшысы. 1929 жылы «Сыр бойы» газетінде партия бөлімінің меңгерушісі, «Екпінді балықшы» (Арал) газетінің редакторы болып істейді. 1930 жылы Алматыға оралып, республикалық «Колхоз» газетінің редакторы болады. 1932–1934 жж. Мәскеу Комвузында (ВКИЖ) оқиды. 1934–1937 жж. арасында БК (б)П Қазақ өлкелік комитетінің аппаратында нұсқаушы болып қызмет атқарады.