Мектеп жасына дейәнгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 09:42, реферат

Краткое описание

10 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. 1914 жылы Шиелі, кейініректе Ташкенттегі №5 балалар үйінде (Көктерек) тәрбиеленді. 1918 жылы Ташкенттегі педучилищеге түсті (ол кейін «Казинпрос» болып қайта құрылады). Сол жылдары (1921) Ә.Диваевтың фольклор экспедициясына қатысады. 1922–1924 жж. Ташкенттегі алғашқы комсомол газеті «Жас қайратты» (кейінгі «Лениншіл жас») шығарысады. 1925 жылы Қызылордада «Еңбекші қазақ» газетінде (Б.Майлин басқарған бөлім) қызмет істейді. Астана Алматыға көшкенде, Қызылорда округтік ауаткомының жауапты хатшысы. 1929 жылы «Сыр бойы» газетінде партия бөлімінің меңгерушісі, «Екпінді балықшы» (Арал) газетінің редакторы болып істейді. 1930 жылы Алматыға оралып, республикалық «Колхоз» газетінің редакторы болады. 1932–1934 жж. Мәскеу Комвузында (ВКИЖ) оқиды. 1934–1937 жж. арасында БК (б)П Қазақ өлкелік комитетінің аппаратында нұсқаушы болып қызмет атқарады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 140.32 Кб (Скачать документ)

Киіктің айласы. 3 сынып. Ана тілі

Жарияланды 25-10-2012, 02:18 Категориясы: Бастауыш сынып 

Қызылорда облысы, 
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, 
№100 орта мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі 
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы 
 
Сабақтың тақырыбы: Ә. Қоңыратбаев «Киіктің айласы» 
Сабақтың мақсаты: 
а) Білімділік: Оқуға қызығушылығын ояту, түсініп оқу, жүйелі баяндауға, өз ойын, пікірін ашық жеткізе білуге үйрету, киік туралы мағлұмат беру. 
ә) Тәрбиелік: Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйласуға тәрбиелеу, қоршаған ортаға сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. 
б) Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту. 
 
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту 
Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ 
Сабақтың формасы: Топтық 
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта 
 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу. 
 
ІІ. Қызығушылығын ояту. Тақтадан киіктің суретін көрсетемін. 
- Балалар, суреттегі қандай аң? 
- Киік 
- Онда бүгінгі сабақта жерлесіміз Әуелбек Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» әңгімесін оқимыз. 
Автор туралы мағлұмат беру. 
Ә. Қоңыратбаев 
1905 ж. Қызылорда облысында туған ................................................................жазушы, ғалым, ұстаз 
Орта мектепте оқыту әдістеме.......................................................................... «Сұр көжек», «Балуан» 
негізін қалады ..................................................................................................т.б әңгімелері 
1986 ж 81 жасында қайтыс болды 
 
ІІІ. «Дөңгелек үстел әдісі 
1 топқа: Киік туралы не білеміз? 
Бұл сұраққа «Дөңгелек үстел» әдісімен жауап береді. Топтағы әр оқушы киік туралы өз білгенін жазады. Әр оқушы бір сөйлем жазып, кезекті оң жағында отырған келесі оқушыға береді. Келесі оқушы өз білгенін жазады, алдыңғы оқушының жазғанын қайталамау керек. Осылайша әр оқушы өз білгенін жазып шығады. Мысалы, Киік жүйрік аң. т.б. 
 
2 топқа: Тірек сөздермен жұмыс. Тірек сөздер: қасқыр, киік, айла. Осы сөздерді қатыстыра отырып, топтағы балалар шағын әңгіме құрастырады. 
 
3 топқа: «Венн» диаграммасын жасау. Венн диаграммасы қабысып жатқан екі дөңгелектен тұрады. Киік пен қасқыр туралы білетіндерін өз дөңгелегіне жазады. Ал екеуіне ортақ қасиеттерді ортасына жазады. 
Мысалы: 
 
Киік---------------------------------------------------------------Қасқыр 
 
ІV. Мағынаны тану 
 
1) «Жигсо – 1» әдісімен оқыту. Мәтінді алдын-ала үшке бөлемін. Әр топтағы балаларды 1, 2, 3 ретімен негізгі топтарды экспорт топтарға бөлемін. 1-лер бір топқа, 2-лер бір топқа, 3 – тер бір топқа ауысып отырады. Мәтінді ретімен 3 топқа оқуға бөліп беремін. 
2) Экспорт топтағы балалар берілген мәтін бөлімін өз беттерінше оқиды. Сонан соң, түсінгендерін топта бір-біріне баяндап, мазмұнын талдайды. 
3) Экспорт топтағы балалар негізгі топтарына қайта оралды. Негізгі топтан әр оқушы оқыған мәтін бөлімін ретімен баяндап, өз бөлімі бойынша жанындағыларға түсіндіреді. Осылайша мәтіннің толық мазмұны негізгі топта мазмұндалып түсіндіріледі. 
 
V. «Аквариум» әдісімен әр топтан өз ұсыныстары бойынша оқушылар тақтаға шығады. Мысалы, мәтіннің 1-бөлімі бойынша бір топтан, 2-бөлімі бойынша келесі топтан шығады. Олар мазмұнын баяндайды. Осы әдіс бойынша мәтін мазмұнымен барлық сынып оқушылары танысады. 
 
Мұғалімнің мәтінді оқуы. Сөздікпен жұмыс. 
Таяқ сілтем жер – жақын жер. 
Діңкесі құрыған – шаршаған, қалжыраған. 
 
VI. Толғаныс «Бес жолды өлең» әдісін қолданамын. 
Нұсқау 
1. Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім болуы тиіс. 
2. Тақырыпты суреттейтін екі сын есім. 
3. Іс-әрекетті көрсететін үш сөз. 
4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем. 
5. Соңғы сөз синоним болуы керек. 
 
VII. Оқушыларды бағалау, мадақтау. 
VIII. Үйге тапсырма 
Еркін жазу (эссе) «Киіктің айласы» әңгімесін оқығаннан кейін қалыптасқан киік туралы пікірлерін өз сөздерімен еркін жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОҢЫРАТБАЕВ ӘУЕЛБЕК

(1905–1986)

10 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. 1914 жылы Шиелі, кейініректе Ташкенттегі №5 балалар үйінде (Көктерек) тәрбиеленді. 1918 жылы Ташкенттегі педучилищеге түсті (ол кейін «Казинпрос» болып қайта құрылады). Сол жылдары (1921) Ә.Диваевтың фольклор экспедициясына қатысады. 1922–1924 жж. Ташкенттегі алғашқы комсомол газеті «Жас қайратты» (кейінгі «Лениншіл жас») шығарысады. 1925 жылы Қызылордада «Еңбекші қазақ» газетінде (Б.Майлин басқарған бөлім) қызмет істейді. Астана Алматыға көшкенде, Қызылорда округтік ауаткомының жауапты хатшысы. 1929 жылы «Сыр бойы» газетінде партия бөлімінің меңгерушісі, «Екпінді балықшы» (Арал) газетінің редакторы болып істейді. 1930 жылы Алматыға оралып, республикалық «Колхоз» газетінің редакторы болады. 1932–1934 жж. Мәскеу Комвузында (ВКИЖ) оқиды. 1934–1937 жж. арасында БК (б)П Қазақ өлкелік комитетінің аппаратында нұсқаушы болып қызмет атқарады.  
1938 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына түсіп, оның филология факультетін аяқтайды. Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын бітірген соң, М.Әуезов пен В.М.Жирмунскийдің жетекшілігімен «Қазақтың лиро-эпостық жырлары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.  
Ғылым академиясының тіл-әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет істей жүріп (1944–1948), бірқатар фольклор экспедицияларын басқарды. 1945 жылы М.О.Әуезовтің басшылығымен А.Құнанбаев шығармаларының академиялық жинағын шығарысып, оның «түсініктемелер» бөлімін жазады. 1948 жылы М.Әуезовпен бірігіп «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының лиро-эпос бөлімін жазып шыққан.  
Бұдан кейінгі жылдары монографиясы, балаларға арналған поэма, әңгімелер жинағын, қазақ әдебиетін оқытудың әдістемелігін, оқулықтар шығарды. «М.Әуезовтің типтендіру өнері», «Эпос және оның айтушылары» (1975), «Қазақ эпосы және оның түркология мәселелері» сияқты ғылыми еңбектер жазып, оғыз-қыпшақ дәуірінен қалған «Қорқыт ата кітабын» (1986) қазақ тіліне аударды. 
Қырқыншы жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, ҚазМУ-де фольклордан лекция оқыды. 1950 жылдан өмірінің ақырына дейін Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда пединститутының профессоры болды. Филология ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974).  
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қазақ КСР ағарту ісінің озық қызметкері. 
Шығармалары: Қазақтың лиро-эпостық жырлары. «Қазақ әдебиетінің тарихы», А., Қазақ КСР ҒА, 1948; Қазақ совет әдебиетінің очеркі. А., Қазақ КСР ҒА, 1949; Шолпанның ақындығы А., ҚМКӘБ, 1956; Қазақтың «Қозы Көрпеш» жыры туралы. А., ҚМКӘБ, 1956, 1959; Жеті алып. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1959; Сұр көжек. Әңгімелер жинағы. А., ҚМКӘБ, 1963; Ғ. Мұратбаев туралы естеліктер. А., ҚМКӘБ, 1948; Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. А., «Учпедгиз», 1966; Эпос және оның айтушылары. А., «Қазақстан», 1975; Шеберлік сырлары. А., «Жазушы», 1979; Әдеби оқу методикасы. А., «Мектеп», 1986.

 


Информация о работе Мектеп жасына дейәнгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру