Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 16:21, реферат
Сол кезден бастап Қанафия Темір-Болатұлының Отанына туған жерге сүйіспеншілігі арта түседі. Әкесі Темір – Болат көзі ашық сауатты азамат болған. Өз заманында Оренбург маслихатының мүшесі, Сибирь өлкетану өңірінің «Кедейлер съезі» атты газеттің бас редакторы, сонымен қатар «Еңбекші қазақ» газетінде де редакторлық қызмет атқарады. Қазақтың белгілі арысының бірі Мағжан Жұмабаевпен бірлесе еңбек жасағанын К.Н.Балтабаев «Батыс Сибирдегі қазақ пен татарлар» атты кітабында естелік етіп жазады. Қанакеңнің әкесі Темір-Болат Ленинград қаласынан политехникалық жоғары білім алған. Мәскеу және Ленинград қалаларында ұстаздық қызмет атқарады. Ұлы жазушы Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі» романында Ленинградтағы қазақ студент жастарының тыныс – тіршілігі жайлы сыр шерткенде кейіпкерлері М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Т.Б.Тельжанов, Қ.Сәтбаевтар екенін еске түсіреді.
Шота Уәлиханов – Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР Мемлекеттік Сыйлығының иегері (1970), Қазақстанның Еңбек сіңірген архитекторы (1978), Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1997), Сәулет кафедрасы бойынша ҚазБСҚА-ның академиялық профессоры (1999), “Құрмет” белгісінің иегері, Шығыс елдерінің Халықаралық сәулет өнері академиясының толық мүшесі (2001), «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2001). Ол ҚР Тәуелсіздік Монументінің (Алматы), Кенесары хан ескерткішінің (Астана), ядролық сынақтардың құрбанына арналған«Сильнее смерти» ескерткішінің (Семей), Ғани Мұратбаев ескерткішінің (Алматы) және басқада көптеген Қазақстан монументалды өнерінің белгілі туындыларының авторы бола тұра, ғылыми-теориялық жұмысты да қатар алып жүрді. Оның қаламына Қазақстан өнерінің тарихының ғылыми пайымдауларына жанды эмоционалдық бағыт енгізген «Архитектура наших городов» (о городах Казахстана) («Декоративное искусство СССР» № 8, 1980), «Феномен рождения подлинной архитектуры» («Моспроектовец» № 3 1982), «Молодые побеги могучих корней» (29 апреля 2003 г. «Казахстанская правда»), «Рождение Монумента независимости» (6 ноября 1998 г. Столичное обозрение)», «Архитектурное творчество как синтез идеи и технологии» (Мадрид 8 мая 1975 г. Выступление на XII Всемирном конгрессе международного Союза архитекторов) атты мақалалар тиесілі.
«Бейнелеу өнері» бөлімін ауыртпашылығы мол қайта құру жылдарында басқарған Шота Уалиханов бөлімнің кадрлық әлеуетін сақтап, өнертанушылық зерттеулердің жалғасуын қамтамасыз етті, Қазақстан өнертану ғылымының келешегін белгілей алды.
Тәуелсіздік кезеңі жас республиканың көркем мәдениеті мен «Бейнелеу өнері» бөлімінің өнертанушыларының алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қоя білді.
Бөлім қызметкерлерінің құрамында өнертану ғылымдарының кандидаттары Г.А.Сарықұлова, И.А.Рыбакова секілді республикамыздың жетекші өнертанушылары, кескіндеме академигі Қ.Т-Б.Тельжанов және Р.Г.Ғабитова, Е.Микульская (1950-1980), Р.Ә.Ерғалиева, Л.С.Уразбекова, Р.Т.Көпбосынова (1970-1990 жылдардың әр кезеңдерінде), А.Кәкімжанова, Б.Ибраев, сынды еліміздің ең үздік өнертанушы мамандары болды.
Бөлімнің іргелі зерттеу жұмысының «Қазақстан бейнелеу өнерінің негізгі тарихи кезеңдері және қазіргі даму тенденциялары» атты бағдарламасына (2003-2005) ҚР ҰҒА Академигі, КСРО Халық суретшісі, Ресей Өнертану Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның Халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Қ.Т-Б.Тельжанов ғылыми кеңесші болды.
1995 жылдан бастап бүгінгі
күнге дейін Қазақстан
Бейнелеу өнері бөлімімен Мемлекеттік орталық мұражайы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік орталық өнер мұражайы, ҚР Суретшілер одағы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, көркемөнер галереялары сынды мемлекеттік мекемелердің Р.Т.Көпбосынова, Л.С.Уразбекова, Е.Г.Малиновская, С.Құмарова, К.Ж.Мұқажанова секілді көптеген жетекші өнертанушылары, А.Ж.Жадайбаев, А.К.Юсупова, О.В.Батурина, Э.Р.Ахметова сынды жас өнертанушылар өте тығыз ғылыми және шығармашылық байланыста. Қазір бөлімде өнертану ғылымдарының кандидаттары – Труспекова Х.Х., Шарипова Д.С., Юсупова А.К., жас өнертанушылар Қарғабекова Р.И., Ыдырыс З.А., Ақсақалова Ж.А.
Соңғы жылдары бөлім қызметкерлері бірнеше авторлық монографиялар шығарды: «Этнокультурные традиции в современном искусстве Казахстана» (Ерғалиева Р.Ә., 2002); «От поэзии сказаний к поэтике красок» (Ерғалиева Р.Ә., 2004); «Феномен степи в живописи» (Ерғалиева Р.Ә., 2008), «Очерки казахского изобразительного искусства» (Шарипова Д.С., 2008), «Живопись Казахстана 1980-1990-х гг.: пути и поиски» (Юсупова А.К., 2009), «Пейзажная живопись Казахстана» (Батурина О.В., 2009).
Р.Ә.Ерғалиеваның «Этнокультурные традиции в современном искусстве Казахстана» атты кітабында бейнелеу өнеріндегі жаңа түрлерінде этномәдени дәстүрлердің бейімделу мәселелері біздің елімізде алғаш рет көтеріліп зерттелді. Монография қазақ өнертану ғылымындағы өнердің жаңа түрлерінің дәстүрлі ұлттық мәдениетпен өзара рухани байланысында тереңінен зерттелген алғашқы еңбек болып табылады. Қазақстанның мәдениеті мен өнерін зерттеуге арналған гуманитарлық ғылымдар үшін үлкен ғылыми-теориялық маңызы бар монография мынадай ғылыми ойларға ие: көркемдік мектептің қалыптасуы дәстүрлі көзқарастар секілді ұлттық мәдениетпен рухани байланысып, дәстүрлі санаға негізделген; көркемдік әрекеттің «жаңа» түрлеріне өзге халықтың әсері нәтижесінде пайда болған өнердің кәсіби түрлері – кенепке майлы бояумен салу, Қазақстанның монументалды және қондырғылы (станокті) мүсін өнері өз бойына дәстүрлі мәдениеттің барлық спектрін жинақтайды.
Аталған кітапта алғаш қазақ өнертану ғылымының зерттеуінде бейнелеу өнерінің жаңа түрлерінің халықтың дәстүрлі мәдениетімен өзара байланысының қарқыны мен деңгейі, дәрежесі мен сипаты анықталды. ХХ ғасырдағы кәсіби кескіндеме мен мүсін өнері қалыптасуының ең қуатты компоненттерінің бірі әрі, рухани негізі ретінде қазақтардың ұлттық сипаты, ділдік ерекшеліктері көрініс тапқан.
Р.Ә.Ерғалиеваның «От поэзии сказаний к поэтике красок» деп аталатын монографиясы ХХ ғасыр Қазақстан бейнелеу өнеріндегі мәдени мұра сынды кәсіби кекіндеме мен графикада фольклорлық кейіпкерлер мен бейнелерінің интерпретациялануына арналған. ХХ ғасырдағы Орталық Азиядағы көркемөнер мектептерін дәстүрлі ұлттық руханилық пен дүниетаным тұрғысындағы көзқараста зерттеу қазіргі уақытта өнертанудың өзекті мәселесіне айналды.
Ғалымның «Феномен степи в живописи» атты еңбегінде ХХ ғасырдағы Орталық Азия мен Қазақстандағы дала мәдениеті мен бейнесі зерделенеді. Отанымыздың символы мен метафорасын, еліміздің дәстүрлі мәдениетінің құндылығы мен көрініс жүйесін бейнелеген дала бейнесі заманауи мәдениетте маңызды орын алады. Даланы түркі танымының бесаспап кілті ретінде қабылдаған суретшілер әрдайым өз жұмыстарында мифологиялық қабаттардың шежіресін, дәстүрлі дүниетанымын, Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық ерекшелігін, тарихы мен бүгінгі шынайы өмірін көрсете білді.
Кітапта кең байтақ қазақ даласының көркіне сүйсінген батыс, орыс, украин, қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен халықтары шеберлерінің шығармашылығына талдау жасалынған. Автор әрбір ұлттық кескіндеме мектептерінің өзіндік ерекшеліктерін, даланың рухани мұрасының қазіргі мәдениетте жүзеге асырылу ерекшеліктерін анықтады.
Д.С.Шарипованың «Очерки казахского изобразительного искусства» атты монографиясы Қазақстан бейнелеу өнеріндегі ұлттық мектептің қалыптасу процестерін қамтитын очерктер жинағы болып табылады. Онда 1930-50 жылдар аралығындағы Қазақстан кескіндемесінің басты келелі мәселелері мен белгілі тұлғалар шығармашылығы қамтылған.
Автор бейнелі әрі көркем жеткізу тілі арқылы қарастырылып отырған кезеңдегі шығармалардың ерекшелігін, поэтикалық мәнерлілігін, мағыналық тереңдігі мен қайталанбас құндылықтарын, сонымен қатар ұлттық кескіндеме мектебінің қалыптасу ерекшеліктерін айқын әрі түсінікті формада жеткізуге тырысқан.
А.К.Юсупованың «Живопись Казахстана 1980-1990-х гг.: пути и поиски» атты монографиясы Қазақстан кескіндемесі дамуындағы бағыттарды зерттеуге арналған. Өз зерттеуінде автор көркем жеткізу тілінің ерекшеліктеріне, оның даму заңдылықтарына және шығармалардағы бейнелі-кескіндемелік құрылымына басты назар аударады.
Бейнелеу өнері бөлімінде «Мастера изобразительного искусства Казахстана» атты жинақтың басылымы қайта қалпына келтірілді. 2004 жылы бейнелу өнері бөлімі сырттан шақырылған жетекші өнертанушылардың қатысуымен (Көпбосынова Р.Т., Уразбекова Л.С., Малиновская Е.Г., Мұқажанова К.Ж., Ли К.В. және т.б.) «Мастера изобразительного искусства Казахстана» атты ұжымдық монографиясын жарыққа шығарды. 1980-1990 жылдардағы белгілі Қазақстан суретшілері Т.Тоғысбаев, Б.Табиев, Б.Түлкиев, Р.Ахметов, Е.Төлепбай, А.Ақанаев, Ә.Сыдыхан, З.Түсіпова, Әлібай және Сауле Бапановтар және басқа да шеберлер шығармашылығын қамтыған монографияның үшінші басылымы бейнелеу өнері бойынша жарық көрген академиялық шығарылымдардың қалыптасқан ғылыми дәстүрін сәтті жалғастырды.
2009 жылы осы кітаптың
төртінші шығарылымы жарық
Еңбекте әрбір автордың ғылыми-әдістемелік қағидаларының ерекшеліктері байқалады. Жинақты құрастырушылардың мұндай әдістері Қазақстанның ұлттық көркемсурет мектебінің қалыптасу ерекшеліктерін кешенді зерттеуге деген құлшынысынан туындаған. Авторлар әрбір шебердің шығармашылығын жеке дара және бірегей түсініктердің өзіндік түйіні, өміршең әсерлер мен көркем тәжірибелердің бірігуі тұрғысынан қарастырады. Басылымның ерекшелігі – белгілі қазақ шеберлерінің шығармашылығына жаңа көзқарас қалыптастыру, аз зерттелген тарихи әрі биографиялық материалдардың авторлар назарына ілігуі.
2009 жылы бөлім қызметкерлері
қолданбалы зерттеу жұмысының
нәтижесінде «100 шедевров искусства
Казахстана» атты кітап
«100 Шедевров искусства Казахстана» атты кітабындағы аннотациялы-сараптамалық зерттеулер көркем ескерткішті сипаттаудың алдын ала жасалған құрылымы бойынша жазылды. Еңбекте дәстүрлі өнертанушылық талдау әдісі ең жарқын көркем әсерлерге жасалған жанды эмоционалдық пікірлермен байланыстырылды. Жинақталған және зерттелген материал ауқымды деңгейдегі Қазақстан бейнелеу өнерінің шығармашылық эвалюциясын кеңінен түсінуге, ұлттық мектептің түрлі кезеңдерінің құрылуы мен дамуы барысындағы дәстүрлі өнер және әлемдік кескіндеме, мүсін импульстерінің байланысын жете ұғынуға мүмкіншілік берді. Осылайша бір кітапқа жинақталған қазақ мәдениетінің тамаша үлгілері мен олардың тереңдетілген талдаулары Қазақстан бейнелеу өнері насихатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылды.
2003-2005 жылдар аралығында
бейнелеу өнері бөлімі іргелі
зерттеу бағдарламасы бойынша «
Сонымен қатар археология, этнография, Қазақстан тарихы жөніндегі жаңа деректерге сүйене отырып, қазақ мәдениетінің көнеден бүгінгі күнге дейінгі көркем-эстетикалық өзіндік тұрмыс-тіршілігі анықталды.
Жобалық жұмыстың негізгі тарауларында ежелгі, орта ғасыр, қазіргі Қазақстан көркемөнерінің көркем-эстетикалық және тұтастай өзіндік дүниетанымдық тұжырымдамасы мен қалыптасуы, даму тарихының негізгі хронологиялық сатылары зерттеліп, негізгі жанрлары мен түрлері, дәуірлік сипаттары анықталды.
Қазақстан көркем мәдениетінің жүйелі немесе дискретті кезеңдерін зерттеу оның территориясында тарихи-мәдени бірліктердің, мемелекеттік құрылымдардың қалыптасуымен тікелей байланысты. Мұндай жүйелі, кешенді зерттеу өнердің аймақтық және әлемдік мәдени кеңістіктегі ролі мен маңыздылығын, біздің аймақтың қазіргі кездегі көркемөнер процесі мен өнердің жалпы әлемдік қазынасына қосқан орасан зор үлесін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Жобаның «Қазақстан өнерінің тарихы» атты ғылыми тарауында Қазақстанның бейнелеу және сәулет өнері ұлттық, сондай-ақ, жалпыадамзаттық көркем мәдениеттің тамаша, бірегей әрі біртұтас ошағының өзара байланысқан бөліктері ретінде жүйелі әрі объективті түрде зерттелді.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан, рухани және білім саласының дамуына үлес қосатын арнайы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында орындалды.
Жоба театртану және музыкатану бөлімдерімен бірлесе отырып жасалды.
Бөлім қызметкерлерінің 2006-2008 жылдарда зерттелген «Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі бейнелеу өнері: қазіргі болмысы, даму бағыттары» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасының нәтижесі ретінде жарыққа шыққан «Изобразительное искусство Казахстана. Период независимости» атты ғылыми еңбекте егеменді Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнері қазақ мәдениеті мен өркениетінің бірегей феномені тұрғысынан зерттелді.
Бөлім қызметкерлерінің үш жылдық еңбектерінің нәтижелері М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ-ның іргелі-ғылыми зерттеу жұмыстарының аясында жүзеге асырылды. Өнертанушылық мақалалар жинағы тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заман бейнелеу өнеріндегі маңызды феномендерді жинақтауға және жүйелеуге арналған. Авторлар соңғы екі жыл аралығында болған маңызды мәдени құбылыстарды барынша айшықтап талдауға тырысты.
Кеңес өкіметі тұсында қалыптасқан Қазақстан бейнелеу өнерінің алғаш рет идеологиясыз және цензурасыз дамуы Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан өнерінің маңызды әрі тұжырымдамалық негізі болып табылды. Әлеуметтік идеологиялардың жойылуы мен қазақ өнерінің дамуы алғаш рет өнертану саласында негізгі рухани тіректерді, көркем қағидалар сабақтастығы мен инновациялық мүмкіндіктер ізденістерін қалыптастыруға жол ашты.
Информация о работе Қазақ кескіндемесінің класигі Канафия Тельжанов