Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 16:21, реферат
Сол кезден бастап Қанафия Темір-Болатұлының Отанына туған жерге сүйіспеншілігі арта түседі. Әкесі Темір – Болат көзі ашық сауатты азамат болған. Өз заманында Оренбург маслихатының мүшесі, Сибирь өлкетану өңірінің «Кедейлер съезі» атты газеттің бас редакторы, сонымен қатар «Еңбекші қазақ» газетінде де редакторлық қызмет атқарады. Қазақтың белгілі арысының бірі Мағжан Жұмабаевпен бірлесе еңбек жасағанын К.Н.Балтабаев «Батыс Сибирдегі қазақ пен татарлар» атты кітабында естелік етіп жазады. Қанакеңнің әкесі Темір-Болат Ленинград қаласынан политехникалық жоғары білім алған. Мәскеу және Ленинград қалаларында ұстаздық қызмет атқарады. Ұлы жазушы Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі» романында Ленинградтағы қазақ студент жастарының тыныс – тіршілігі жайлы сыр шерткенде кейіпкерлері М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Т.Б.Тельжанов, Қ.Сәтбаевтар екенін еске түсіреді.
Қазақ кескіндемесінің
класигі Канафия Тельжанов
Канафия
Тельжанов қазақ кескіндеме өнерінің
кесек тұлғасы. Өмірі мен өнері жеке дара
құбылыс, Қанафия ағаның атасы Тельжан
көкірегі ояу орысша-арабша білім алған
азамат. Кезінде 1906 жылы Омск губернаторына
екі жылдық мектеп ашуға ұсыныс жасайды.
Ұзақ жылғы үзілмеген үміттің арқасында
1923-1924 жылдары Көкшетаудан он сегіз шақырым
Қызылту ауылынан арнаулы төрт жылдық
мектеп ашуға мұрындық болады. Кейіннен
келе ауыл азаматтары «Тельжан» ауылы
деп атап кетеді. Әкесі Темір-Болат баласы
Қанафияға Омск өңіріндегі кең байтақ
жазира көрікті мекені жайлы талай сыр
шерткені есінде. Алқап даланың аңқыған
самалында талай қоңыраулы күймемен (тачанька)
аяңдап балғын балалық шақтарды өткізген
күндері көңіліне қуат өміріне шуақ берген.
Сол кезден бастап Қанафия Темір-Болатұлының
Отанына туған жерге сүйіспеншілігі арта
түседі. Әкесі Темір – Болат көзі ашық
сауатты азамат болған. Өз заманында Оренбург
маслихатының мүшесі, Сибирь өлкетану
өңірінің «Кедейлер съезі» атты газеттің
бас редакторы, сонымен қатар «Еңбекші
қазақ» газетінде де редакторлық қызмет
атқарады. Қазақтың белгілі арысының бірі
Мағжан Жұмабаевпен бірлесе еңбек жасағанын
К.Н.Балтабаев «Батыс Сибирдегі қазақ
пен татарлар» атты кітабында естелік
етіп жазады. Қанакеңнің әкесі Темір-Болат
Ленинград қаласынан политехникалық жоғары
білім алған. Мәскеу және Ленинград қалаларында
ұстаздық қызмет атқарады. Ұлы жазушы
Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі» романында
Ленинградтағы қазақ студент жастарының
тыныс – тіршілігі жайлы сыр шерткенде
кейіпкерлері М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Т.Б.Тельжанов,
Қ.Сәтбаевтар екенін еске түсіреді.
Қазақстан халық суретшісі
Әубәкір Ысмайловтың Қанафия Тельжанов
туралы жазған қолжазбасына көз жіберіп
көрейік. «19 ғасырда Омск қаласы мәдени
орталықтың бірі болған. Темір-Болат Тельжанов
Омск қаласында көркемсурет техникалық
училищесінде білім алған қазақ балалары
М.Косшубаев, С.Сәрсенбаевқа көмек көрсеткен
1928 жылы 2 мамырда Халтурина атындағы клубта
қазақ студенттерінің мәдени кеш өтті.
Кештің өтуіне себепші болған Темір-Болат
Тельжанов. Кештің құрметті қонақтары
Смағұл Садвақасов, Ғабит Мүсірепов, Мағжан
Жұмабаев өлең оқыды, Қали Байжанов «Екі
жирен» әнін шырқады, мен Әубәкір Ысмайлов
«Қара жорға» биін биледім. Суретшілердің
ұйымдастырған көрмесін аса бір сабырлықпен
назар аударған Темір-Болат Тельжанов
ұлым ержетсе міндетті түрде суретшілікке
оқытам дегені әлі есімде. Алла аузына
салдыма бүгінде Қанафия Тельжанов Қазақстан
кескіндеме өнерінің ірі тұлғасы» деген
деректі материалы өзекті ой толғайды.
Жалпы Канафия Тельжанов интелегент
жанұяда тәрбиеленген. Әкесі Темір-Болат
1937 жылы Қанафия ағаны Бүкілодақтық көркемсурет
академия жанындағы дарынды балалар көркемсурет
мектебіне орналастырады. Өнерге құштар
Қанафия ағаға санғасырлық тарихы бар
Санкт-Петербург қаласы өмірін өнермен
ұластырады. Өнері үстем болғанмен өмірі
шым-шытырық тағдыр кешеді. Әке мен шешеден
ерте айырылады. Үмітін өрбіту үшін кескіндемелік
шығарма бедерлеуге бет бұрады.. Өнер жолын
қанша шырмаймын десеңде кемістік кедергілер
болатыны заңды құбылыс. Қанафия Тельжанов
Ұлы Отан соғысы жылдары Отанына оралып
Алматы қаласындағы көркем-сурет училищесіне
түсіп оқуын үздік бітіреді. Көркем-сурет
училищесінің студенті кезінде-ақ Қанафия
ағаның көркем туындылары ұлағатты ұстаздары
А.Черкасский мен Л.П.Леонтьевтің елегіне
ілініп ортақ ой-пікір айтуға жетелейді.
Арман алдамайды, үміт үзілмейді
демекші Қанафия аға 1947 жылы өнердің ең
жоғары мектебі Санкт-Петербург қаласындағы
И.Е.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және
сәулет өнері институтында кәсіби білімін
жалғастырады. Академик суретші – педагог
М.И.Авиловтың шеберханасында кәсіби мамандығын
шыңдайды. Екінші курстан бастап –ақ одақтық
және республикалық көрмелерге қатынаса
бастайды. Ең алғашқы «Жайлауда», «Үгітшілер
арасында», «Амангелді шабуылы» туындылары
көрермен назарына ілініп батыл қадам
жасауына себепші болады. Өрімдей жігіт
өнер есігін ашқаннан бастап уақытпен
үйлестіріп тарихи туындылар жазуды жанынан
шығарған емес. Эрмитажды аралаған сайын
алапат суреткерлігімен Рембранд картиналары
қиялына жан бітіріп, қызықты оқиғаларды
бейнелеуге елес береді. Академияның реалистік
бағытын жете меңгерген Қанафия Тельжанов
нағыз материалдық көзқарасқа берік жол
тапқан суретші. Құрғақ қиялдың арқасында
емес, игілікті еңбектің нәтижесінде өнерде
өз орнын таба білді. Дала халқының дарынды
ұлы Қанафия Темір-Болатұлы кескіндемеде
ұлттық мінездеме беріп өзге ұлт өкілдерін,
өз өнеріне бетбұрғызған суретші. Кезінде
орыс зерттеушісі Елена Вандровская «Қанафия
Тельжанов – композициялық шешім табуда
тума талант» деп әділ бағасын берген.
Алғашқы қадам жасаудағы «Алғаш рет» картинасы
бүкілодақтық көрмеде танымал суретші
Б.В.Иогаисон көзқарасымен оң пікірге
ие болады. Картина композициялық құрылым
жағынан қарапайым болғанымен тақырыптың
мазмұны жағынан терең философияға толы.
Қанафия Тельжанов ХХ –ғасырдың
елуінші жылдары қазақ бейнелеу өнеріне
үлкен бетбұрыс алып келуде өз еншісін
бөліп алған профессионал суретші. Ұлттық
өнерге еркін бойлауда өзіндік нақышымен
бедерлеуде эпикалық образдар сомдауда
қазақ кескіндемесіне символикалық сипат
енгізді. Қанафия Темір-Болатұлының көркем
туындыларының құндылығы эпикалық кеңдігімен,
халықтың дәстүрлігімен, философиялық
мазмұны мен мәнінің тереңдігімен өлшенеді.
Әлпештеген әке мен шешенің
мейіріміне сусындаған Қанафия Тельжанов
ұлттық өнеріне өшпес із қалдыруды мақсат
тұтқан суретші. Оның туған Отанына, елі
– жеріне деген шексіз шынайы махаббаттық
ыстық лебізі әрбір көркем туындыларында
көрініс тапқан. Көркем ой әлемінің кеңістігі
әрбір картиналарының құндылығы болып
табылады.
Қазақ профессиональдық кескіндеме
өнерінде Қанафия Тельжановтың еншісі
бөлек, еңсесі биік көркем туындылары:
«Жамал», «Атамекен», «Домбыра үні», «Көкпар»
төрт құбыланы теңестіріп тұрғандай. Тылсым
табиғаттың сұлулығын, өнердің ұлылығын
сезінген суретші қазақ бейнелеу өнері
ірі тұлғалар ішіндегі алапат суретші
болып қала бермек.
Қанафия Тельжановтың ұлттық
нақышта орындалған толық қанды көркем
туындысы «Жамал» Третьяков галериясының
төрінен орын алады. Кезінде өнерзерттеуші
А.Членов «Дружба народов» журналына «Өнері
өркендеген мекенде» атты мақала жазып
«Жамал» картинасын әлемге паш еткен.
Шығармашылық ізденіс көкжиегінен
көрініс тапқан көркем туындысы бүгінге
дейін құндылығын жоғалтқан емес. Бұл
картинаның өмірге келуі этюд жазудан
бастау алған. Көктемнің шуақты күнінде
жас қыз баланың көк майса көгалда отбасы
ошақ қасында түтінін тұтатып отырған
сәтті бейнелеген әсерлі этюд, анасының
образын ашуға ықпал етеді. Сағымдалған
даланың сағынышы мен анасы Жамалдың жас
шағын еске елестетін көрініс дарынды
суретшінің көзіне оттай басылып бақытты
күндерінен сыр шертеді. Анасының құрметіне
арналған көркем туынды кең даланың көкжиегінде
күміс нұрға бөленіп ақ жарқын ананың
ақ жүрек лебізін жер анамен табыстырады.
Тылсым табиғаттың тынысын ашқан «Ана
– жер - Ана» образын сомдауда көркем эпопеяға
айналған туынды жазушылардың роман жазуына
идея туғызады. Дүниежүзін дүр сілкіндірген
Шығыс Айтматовтың «Жер Ана» романымен
үзеңгілес өмірге келуінде өзара ортақ
заңдылық тұтастық дүние жатқандай. Өмірден
алған әсерін тебіреніс – толғаныс фәлсапалық
ойын ашық бейнелеуде дәл басқан суретші.
Көркем шежірелі мезгіл сазы, уақыт лебі,
тарих еншісіне айналған оқиға желісі
дәстүр мен мазмұнға толы. Көркем туынды
жанды құбылысқа айналып жаңа ғасырмен
үндесуде. Шындықтың бәрі шығарма болмайтыны
белгілі. Халық суретшісі Қанафия Тельжанов
өмірдің елеусіз оқиғаларынан бастап,
еңселі мәселелерге дейін көңіл елегінен
өткізіп көркем шығармасында көрініс
таба білген суреткер. Ойы ұшқыр, рухы
биік, айтары ашық суретші Қ.Телжанов шығарма
орындауда шынайы шеберлік таныта білді.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың
көзі қырағына ілінген туындысы «Қарлығаш».
Әлем қыздың құшағында, аспан қарлығаштың
қос қанатында көрерменін бірден баулаған
көркем шығарма жазушының жүрек үлпіліне
бірден әсер етеді. Көркем ойдың иесі М.Әуезов
«мына бала суретші ғана екен десем, ақын
да екен ғой» деп аса бір сабырлықпен байыпты
бағасын береді. Өнер қайраткерлерінің
Қанафия Тельжанов творчествосына деген
толассыз ынтық ыстық лебіз мол. Дер кезінде
асыл ағасы әріптесі әрі замандасы КСРО
халық суретшісі Орал Таңсықбаев «Қанафия
Тельжанов туындылары Қазақстан халқының
кең даласының әуені, әрі болашағы» деп
жүрек - жарлы ойын жайып салғаны бәрімізге
аян.
Қанафия Темір-Болатұлы творчестволық
қадамында бейнелеу өнерінде берік жол
тапқан қылқаламгер. Оның өнері - өміршең.
Өйткені өнерде ұстаған мақсатына сенімді
идеясы жоғары, реализмнің гуманистік
бағытынына нық қадам басқан суретші.
Өзекті ойын жүзеге асыруда
ұлттық сипатқа ие болған үлкен туындысы
«Атамекен». Өткен дәуірдің рухани мазмұны
мен әлеуметтік сипатын айшықтаған шығармасы
айбынды ақиқаттың бетін ашты. Тың игеру
тақырыбында қазақ даласында өткені мен
бүгінгісін, келешегін көкейкестілігін
қозғаған картинаның сюжеттік шешімі
өте тосын. Поэтикалық тілі ұтымды, эпикалық
сарыны мол, романтикалық әуенге толы.
Оқиға желісі ішкі монолог, өзекті өрбіген
картинаның композициялық құрылымы өте
жинақы.
Ат баурайынан келетін көкорай
шалғынды құлын биемен аяңдап аралап келе
жатқан қарт тізгінді тарта ұстап болашаққа
болжаммен көз тігеді. Екі өмірдің еншісін
бөліскен қария соқаның жүзі тимеген көне
көз дархан даланың табиғатының өзгергеніне
іштей назар білдірседе игілікті істің
ертеңіне сеніммен қарайды. Образға тән
эпикалық сарынды нанымды бере білген.
Шоқтығы биік шығарманың тарихи тағылымы
зор, ұлтқа тән психологиялық ерекшелік
басым. Шыншыл суретшінің шығармасын сын
көзбен сараптап, парасаттылықпен парақтап,
біліктілікпен ажырата білгеніміз бәрімізге
абзал. Дәуір мен дәстүр, түр мен мазмұн
толғамды тұжырымды ойлар туынды да толық
шешім тапқан. Көркем шығармадағы көріністің
нақтылы шындықтан негіз алуы, жалған
жаттанды болмай табиғи қалпымен ерекшеленеді.
Ауқымды толғаныс, шалқар шабыт
арқасында дүниеге келген көркем туындысы
«Көкпар». Қызығумен сүйсінуден дүниеге
келген дербес картина өмірден ойып алған
ұлттық ойынды бүкпесіз шындықпен бейнелеуде
біртұтас дүние тапқан асқан айбындылығымен
әрбір көрермен жүрегінде сақтаулы. Өткен
заманның аласапыран уақытында ұлтқа
тән рухани дүниеге азық болған динамикалық
серпіліс силаған көркем шығарма символдық
мәнге ие болды. Ұлттық нақышпен бедерлеуде
образдарға эпикалық өң беруде қазақ кескіндемесіне
символикалық сипат енгізді. Қазақ елінің
еншісіне тән ұлттық ойыны Қанафия Тельжановтың
өзегін өртеп, жандүниесін жандыруға себепші
болды. Дүниетанымдық көзқарасын уақыт
талабына сай көрерменнің талғамына тән
байыпты бейнелеуі берік жол тапты. Көркем
шығарма жазудағы автордың ұшқыр ойы ортадағы
үш кейіпкердің іс-әрекет қимылы жинақталып
дәл жеткен. Ширақ қимыл, екпінді шабыс
динамикалық қозғалыс қас-қағым сәттегі
уақыт-өлшем кеңістік кеңдігінде кереметтей
суреттелген картина өнер ұлттан бейтарап
өмір сүре алмайтындығын дәлелдейді. Халықтың
баға жетпес ұлттық ойыны оның шығармашылығының
айнасы бола білді. Кәнекеңнің өнерге
үйіріліп табысуының түп тамыры халық
мұрасында жатыр. Ұлттың өзіне тән мінездемелік
өзгешелігі бойына қуат, ойына азық, сезіміне
самғау, көңіліне медет береді. Қазақ кескіндемесін
сүрлеуде кең өріс алған өз қолтаңбасын
танытқан дарабоз Қанафия Тельжанов бейнелеу
өнерінің берекесі, көркемсуреттің көрікті
өкілі. Өмір тынысын көңілімен қабылдауда
жазбай танып, жаңылмай бейнелеп табиғи
мақамын айқындауда шеберлік танытқан
суретшінің басты факторы композициялық
құрылымында демекпін. Картинаға тән қанық
бояу көркем көріністің келбетін айқындап
сан ғасыр ғұмыр кешуіне кең құлаш жайғандығын
жасыра алмаймыз. Өйткені Қанафия ағаның
өкше басқан талантты суретші інілері
«Көкпар» тақырыбын әр қырынан бейнелеуде
жаңашыл сыр ашып батыл ізденістерімен
із қалдырып келеді тың тақырыпты алғаш
болып сүрлеуде жаңаша бетбұрыс жасаған
кесек тұлға Қанафия Тельжанов көрегендігін
көрсете білді. Көкпаршылардың дес бермей
додаға түскен қызуқандылығымен желік
билеген дүлей күшін нанымды бейнелеу
кез келген суретшінің қолынан келе бермейді.
Көркем шығармада көкпаршылардың образы
типтендірілген әрқайсының дербестілігіне
еркеше назар аударғаны айқын байқалады.
Жүйітки шапқан салт аттылардың тұлғасындағы
таңғажайып ракустар жәй серпін беріп
ғана қоймай драмалық шиеленісті үндететін
эмоциялық қуат береді.
Қанафия Тельжанов әрбір туындысында
үш өлшемді яғни өткен, бүгінгі, болашақты
бедерлеуде өзгеше сипат ие болған суреткер.
Қанафия Тельжановтың таңдаулы туындыларының
бірі «Домбра үні» өзінің поэтикалық көңіл-күйімен
дараланады. Қазақтың кең сахарасын әлемдік
әуенге бөлеген көркем туынды үш тұлғалық
композициялық құрылымнан тұрады. Суретшінің
қылқаламы бейнебір көркем шығарманың
негізгі түйінін көрсеткісі келгендей
кенептегі құлпырған бояуды сүйкем кеткендей
қас-қағым сәттегі әсерін аңғартады. Туындыдағы
түс, пластика, сызықтың ырғақтық ортақ
үндесуі лирикалық сезімге бөлейді. Қанафия
Тельжанов көркем шығармаларындағы таңғажайып
көріністер кең өріс алған, композициялық
құрылым қалыпты жағдайда өмірлік сенімділікті
сақтай отырып формасын бұзбайды. Кәсіби
суретші Қанафия Тельжанов образдар жасауда
қайсар мінезді игілікті істерді рухани
сезімді қарапайым адамдар бойынан іздейді.
Картинада ұлттық бояу үндестігі пластикалық
шешім, уақыт өлшем кемелдік кезең, өмір
шындығын даралап бейнелеу бірізділікпен
шешілген. Қанафия ағаның күрделі тақырыптағы
қызғылықты кең тынысты қызу қанды монументтік
туындысы «Домбра үні». Асқан әуеннің
аясында ақ кимешек киген ананың ұршықпен
жіп иіруі зырылдаған өмірдің уақыт өлшемінен
сыр шертеді. Сары бешпет мойнына қызыл
орамал таққан қыз болашаққа сеніммен
қарап өмірден үміт күтеді. Көрікті шығармадағы
көрікті тұлға ортаңғы нүктені жинақтап
ұстап тұр.
Космоспен ұштасқан ұлттық
әуенге толы картина көк әлемді кеңдігімен
шарлап шапағатқа бөлейді. Композициялық
құрылымы күрделі тіке бағытта орналасқан
адамдардың тұлғалық сомдалуы өзгеше
сипатқа толы. Аспан мен жер серіктестігінің
серпілісін қазақи күймен толғауы тұңғиық
ойға бөлейді.
Қанафия Тельжанов кәсіби суретші
ғана емес, қоғам қайраткері ретінде көптеген
жылдар Республика жоғарғы Кеңесінің
депутаты, Қазақстан КП ОК мүшесі, Қазақстан
суретшілер одағы басқармасының төрағасы,
Қазақтың мемлекеттік бейнелеу өнері
мұражайы қызметін атқарды. Ереулі еңбегімен
егеменді еліміздің мәдени гүлденуіне
ерекше үлес қосқанын айрықша айтуға болады.
Қанафия Тельжановтың шығармашылық
табысы шетелдерге танымал. Атап айтқанда
Италия, Франция, Венгрия, Египет, Үндістан,
Куба елдерінде шығармалық сапар жасап
тәжірбие алмасуы өнердің озық үлгісі
болып табылады. Дарынды дара тұлға Тельжанов
көркем шығармалары көркемдік кеңістігінде
әлемдік өнер үлесі деп қарауға толық
сенім білдіреміз. Қазақ кәсіби бейнелеу
өнерінің негізін қалаудағы басты тұлғаның
бірі Қанафия Тельжанов.
Қанафия Темір – Болатұлы 1972
жылы Куба өнер академиясына, 1993 Синьцзянь
өнер институтына барып тәжірбиелі ұстаз
ретінде дәріс беріп тәжірбие алмасуда
өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленді.
Қанафия Тельжанов классик
суретші екенін кезінде КСРО көркемсурет
академиясы Президумының бас ғылыми хатшысы
П.М.Сысоев мырза 1983 жылғы есебінде «Тақырыптың
картина жазуда шеберлігін шыңдатқан
суретшілер: Л.Налбандян, Е.Моисеенко,
Т.Яблонская, А. және С. Ткачевтар, Б.Угаров,
Т.Салахов, Г.Айтиев, О.Тансықбаев, М.Абдуллаев,
А.Осипов, Р.Ахмедов, Қ.Тельжанов т.б. классикалық
өнерімізді өрбітуде өз деңгейін түсірген
емес, көркем туындылары өнердің мәңгі
өмір сүруіне өзекті ой тастап, тақырыптық
мазмұны мен мәнімен құнды көркем шежіремізді
толықтырды» - деген тағылымды сөзі талай
бұқаралық аппаратта жариялағандығына
тарих куә.
Көрнекті суретші Қанафия Тельжанов
кескіндеме өнерінде ТМД – елдерімен
теңдесіп, әлемдік өнер арендасында өзіндік
орны бар классик суретші екендігін дәлелденген
дарабоз талант иесі демекпін.
ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Бейнелеу өнері» бөлімі Қазақстандағы бейнелеу өнерінің тарихы, теориясы және көркем сыны негізінде іргелі зерттеу жұмыстарымен айналысатын ең ірі өнертану орталықтарының бірі. Өз құрамына бейнелеу өнері, музыкатану және театртану салалары бойынша мамандарды жинақтаған «Өнертану» секторы қиыншылығы мол соғыс жылдарында Қазақ КСР-ның ҒА Президиумында қазақ мәдениетінің белгілі қайраткерінің бірі, академик А.Қ.Жұбановтың басшылығымен ашылды.
1952 жылдан бастап бөлім
меңгерушісі өнертану
Өнертанушылар 1950 жылдардың ортасынан бастап бейнелеу өнерінің түрлі мәселелері бойынша альбомдарға, журналдарға, газеттерге және каталогтарға мақалалар жариялай бастады. Мәскеулік және республикалық басылымдарда жарық көрген, қазіргі уақытқа дейін сұранысқа ие Е.Вандровскаяның – «Ә.Қастеев», «Қ.Тельжанов», «Л.П.Леонтьев»; Р.Копбосынованың – «Сахи Романов»; Л.Марченконың – «Г.Исмаилова»; Е.Микульскаяның «Әбілхан Қастеев»; И.Рыбакованың – «А.Ғалымбаева», «А.Черкасский»; Г.Сарықұлованың «Е.Сидоркин» атты монографиялары республикамыздағы монографиялық альбом каталог жанры дамуының алғашқы сатысына айналды. 1956 жылы танымал кескіндемеші Ә.Қастеевтің шығармашылығына арналған алғашқы ғылыми еңбек «Әбілхан Қастеев» (Е.Микульская) атты монографиясы жарыққа шықты.
1961 жылы «Өнертану» секторы
(театртану және бейнелеу
1960-70 жылдар шеберлердің
еліміздің мәдениетіне қосқан
үлесі тұрғысынан
1971-1990 жылдары «Бейнелеу
өнері» бөлімінің меңгерушісі
қызметін өнертану
Ол Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, бейнелеу өнері бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Осы жылдары кескіндеме, графика, монументалды және қондырғылы мүсін өнерінің өзекті мәселелері көтерілген «Қазақстан бейнелеу өнері тарихының очерктері» (1977) жарық көрді.
1967 жылы отандық өнертану
ғылымында тұңғыш рет ХХ
«Изобразительное искусство Казахстана» (1963) (авторлары: М.Габитова, Е.Микульская, И.Рыбакова, Г.Сарықұлова), «Мастера изобразительного искусства Казахстана» (1972, 1984) (авторлары: М.Габитова, И.Рыбакова, Г.Сарықұлова) және «Графика Казахстана» (авторы Г.Сарыкулова) және т.б. жинақтар бейнелеу өнерінің тыңғылықты зерттелуіне жол ашты.
М.Ғабитова, Е.Микульская, И.Рыбакова және Г.Сарықұлованың өнертанушылық еңбектері Қазақстан бейнелеу өнерімен ғана шектеліп қалмай, сонымен қатар Кеңес Одағы халықтарының бейнелеу өнеріне де арналды. Оның мақалалары бауырлас республикалардың сериялық кітаптарында да жарияланды. Осы басылымдардың қатарына «Изобразительное искусство Казахской ССР» (Москва, 1978), «Искусство народов СССР» (Москва, 1960-77, 9-шы томында Қазақстан өнеріне арналған мақала) атты еңбектері кіреді.
Бөлімнің аға буын өнертанушыларының еңбектері мен сыни очерктері кезекті өнертану теориясының құнды әрі маңызды қайнарына айналып, авторларға Қазақстан өнері тарихының жылнамасына кескіндеме, графика, мүсін және театралды-сәндік өнерінің белгілі шеберлерінің есімдерін енгізуге мүмкіндік берді.
Кейіннен кескіндеме, графика, мүсін және қолөнер шеберлері шығармашылығының зерттелуіне негіз болған «Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері» атты кітаптың екі басылымы (1972, 1984) жарық көрді. 1989 жылы «бейнелеу өнері» бөлімінің қызметкерлері «Революцияға дейінгі Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихынан» атты жоба бойынша жұмыс жасауды аяқтады. Бірақ өкінішке орай, Қайта құру кезеңдерінің қиыншылықтарына байланысты және КСРО-ның ыдырауы себепті бұл еңбек жарыққа шықпай қалды.
«Очерки истории изобразительного искусства Казахстана» (құрастырушы Г.Сарықұлова) атты жинақтың авторлары алғы сөзде республикадағы өнертану саласының әліде жас екендігін айта келіп, дегенмен осы саланы зерттеуде аз нарсе жасалмағандығын да ескерте кетеді. Жинақты құрастырушы, кітапты бейнелеу өнерінің түрлері бойынша бөлу арқылы, материалдың барынша қорытылуына, жеткізу тілінің ұғынықты әрі тұжырымды болуына баса назар аударды.
Жеке тұлғалардың шығармаларынан алған әсерлерді «қарапайым әрі қысқа» түрде бөлісу, өнер әлемінің толық көрінісін құрастыру, суретшілер туындыларындағы уақыт көрінісіне түсінік беру қажеттілігі зерттеушілерге ойларын басты мәселеге жинақтауға мүмкіндік берді.
1980 жылдары бейнелеу өнерін
зерттеуде таптаурындардан
1986 жылы жас өнертанушы Ерғалиева Р.Ә. «Преломление фольклорных образов в живописи и графике Казахстана» атты тақырып бойынша такандидаттық диссертацясын қорғады. Әрдайым бөлімнің жоспарлық жұмыстарына, «Мастера изобразительного искусства Казахстана» атты жинақтың басылымына қатысып жүретін Р.Ә.Ерғалиеваның мақалаларында жаңа тақырыптар мен ұлттық бейнелеу өнерді игерудің жаңа деңгейлері көрініс тапты.
Бейнелеу өнерінің көне наным-сенімдер, дәстүрлер, қазақ халқының рухани мұрасы және шығармашылықтың қайнар көздерімен өзара байланысы зерттеушілер жұмыстарының басты тақырыптарына айналды. Бұл кезеңде кескіндемеге деген шынайы ұлттық және кәсіби қатынастың өзара синтезі көрініс тапты. Қазақстандық көркем өмірде қалыптасқан осындай қалыпқа сүйене отырып, республикамыздың бейнелеу өнерінде болып жатқан жағдайларға баға беруге мүмкіндік пайда болды.
Осы кезеңде негізгі сыни ойлар
жиынтығы М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ-да шоғырланды. Р.Ә.Ерғалиеваның«
Бейнелеу өнері мәселелері «Искусство» журналының 1990 жылғы №9 номерінде жарқын түрде көтерілді. Журналдың бұл номері Қазақстан өнеріне арналып, республикамыздың өнертанушылар тарапынан әзірленді. Бұл журналда жарық көрген мақалалардың басым бөлігі негізінен бейнелеу өнері бөлімі қызметкерлерінің зерттеулері еді. Қайта құру кезеңінің рухани тынысы журналдың мына бір үндеуімен жеткізілді: «Өнер саясаттан тыс болуы қажет, ол барлық жағдайда да халық пен елді байланыстырушы қызметін атқарған және әліде атқаратын болады». Идеологиялық прессингтің жойылуы түрлі бағыттардың және стильдердің дамуына жол ашып, сыншылардан жаңа әрі талантты анықтауды ғана емес, сонымен бірге дайындығы жоқ көрерменге жаңа формалардың өзіндік ерекшеліктерін жеткізу талап етілді. Сонымен қатар дәл осы баспада заманауи кезеңдегі көркем сынның басты бағыттары белгіленді. Оларды суретшілердің болмысты шығармашылық тұрғысынан ұғыну өзгерістері және Шығыс пен Батыстың өзара қарым-қатынасын бақылауға деген ұмтылыс біріктірді.
Тоқсаныншы жылдары жазылған Р.Ә.Ерғалиеваның, «Экстаз и медитация в казахской скульптуре», Р.Т.Көпбосынованың «Искусство Казахстана 1980-х годов, И.Юферовның «Этюды в неформальных тонах» атты мақалаларында көтерілген мәселелер бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтқан емес. Монографиялық материалдарды ұсыну стилі өзгертілді. Л.Уразбекованың «Гнездо птицы» (Т. Тогусбаев жайлы), К.Лидің «Феномен манекена» (Е. Тулепбаев жайлы) мақалаларында авторлар ең бірінші суретшілер дүниетанымына баса назар аударып, бейнелеу өнеріндегі өзіндік ерекшеліктерін кеңінен зерттеді.
1992-1995 жылдар аралығында
бейнелеу өнері бөлімінің
Ш.Е.Уәлихановтың көптеген шығармаларынан дәстүрлі қазақ мәдениеті мен тарихының негіздері айқын көрініс тапты. Оның туындылары ұлттық рух пен колориттің таза әрі байырғы мәніне толы. Шығармаларына көпмәнді әрі көпдеңгейлі символика, максималды этномәдени стилистикалық және семантикалық ассоциациялар тән. Ш.Е.Уәлихановтың туындыларында қазақ мәдениетінің ішкі дүниетанымдық константалары ірі масштабты сәулеттік-кеңістікті ойлау жүйесі арқылы көрініс тапқан.
Информация о работе Қазақ кескіндемесінің класигі Канафия Тельжанов