Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 19:27, дипломная работа
Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты үкімет тарапынан стратегиялық бағдарламалар мен заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге аырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторлврының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.
Заңнамалық механизмді нақтырақ қарастыру үшін осы заңнамалық механизмнің құрылымын келесі 2 суретте қарастырып көрейік.
Сурет 2 – Заңнамалық механизмнің құрылысы
Осы деңгейлерді мұқият қарастырайық. ҚР Конституциясында, «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР-ғы құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады сондай-ақ өзге де жағдайлар Конституция мен заңдармен халықаралық келісімдермен қарастырылмаған болса олар азаматтар үшін белгіленген міндеттерді орындаулары тиіс» делінген.
Алайда мемлекетпен
шетел «инвесторының арасындағы
қатынасты реттейтін басты заң»
Тікелей инвестицияларды тікелей қолдау экономиканың басым салаларында жүзеге асырылады.
«Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заңның 7-ші бабына сәйкес, инвестиция бойынша уәкілетті органмен жасалған келісімшарттың негізінде инвесторға мынадай жеңілдіктер берілуі мүмкін:
Келісімшартты жасау сәтінен бастап 5 жыл мерзімге дейін жер салығы мен мүліктен салынатын салықтан босату.
Салық салынатын табысты алу сәтінен бастап, 5 жыл мерзімге дейін табыс салығын төлеуден босату, бірақ келісімшарт жасасқан сәттен бастап 8 жыл мерзімнен аспайтын; инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажетті жабдықтардың, шикізат пен материалдардың импортын баж (кеден бажы) салығынан толық немесе ішінара босату.
Жаңа салық кодексінде
«Инвестициялық салық преференциялары»
деп аталатын 5-ші бөлім бар. Осы
бөлімнің 138 статьясына сәйкес, инвестициялық
салық преференциялары
Преференциялар негізгі құрал-жабдықтарды инвестициялық жобасының шеңберінде пайдалануға қайта кіретін салық төлеушілерге беріледі. Корпорациялық салық бойынша берілетін преференциялар, салық төлеушіге пайдалануға енгізілетін негізгі құрал-жабдықтардың құнын тең үлестермен преференциялар мүлікке салынатын салықты төлеуден пайдалануға қайта енгізілетін негізгі құрал-жабдықтар бойынша босатуды қарастырады. Преференциялардың мерзімі әрбір жекелеген жағдайларда инвестициялардың өтімділігінің көлемі мен мерзіміне байланысты айқындалады, алайда ол 5 жылдан аспауы тиіс.
Шетел банктерін елде жұмыс істеуге рұқсат беру шетел инвестициясын тартуда маңызды аспект болып табылады, себебі шетелдік инвесторлар солармен қатынас орнатып, әрі соларға сенуге бейім. Президенттің 31.08.95ж. шыққан «Банктер мен банк қызметі туралы» Жарлығы шетелдік банктерге қатысты еншілес банктерге бірқатар талаптар мен шектеулерді белгілеп берді. ҚР резиденті емес болып табылатын банктің сол банктің өкілдігі: ҚР аумағында бір жылдан астам уақыт жұмыс істегеннен кейін еншілес банк ашу туралы Ұлттық банкке өтініш беруіне құқығы бар.
Шетелдіктердің қатысуымен банктерді құрғанда мынадай келесі талаптар орындалуы тиіс:
Шетелдіктердің қатысы бар банктердің тіркелген бүкіл жарғылық қоры, Ұлттық банк тарапынан рұқсат берілген кейбір жағдайлардан басқа, ҚР-ғы банктердің тіркелген қорларының бүкіл жиынтығының 25% - нан аспауы тиіс.
Бақылау кеңесінің бір адамнан кем емес мүшесі ҚР азаматы болуы тиіс.
Банк қаражаттың ішкі активтерін Ұлттық Банк белгілеген мөлшер мен тәртіпте орналастыруға міндетті.
«Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлықтың 68 бабында, әртүрлі төтенше жағдайлар бола қалған жағдайда пайдалы қазбаларды реквизициялаудың мүмкіндігі алдын ала қарастырылған. Мұндай жағдайда Қазақстан реквизицияланған пайдалы қазбалар үшін өтемақы төлеуге немесе олардың құнын шетелдік жер қойнауын пайдаланушыға әлемдік нарықтағы баға бойынша еркін өтімді валютамен төлеуге кепілдікке береді.
Ұйымдастыру механизмі шетелдік капитал мен инвестицияны тарту мен пайдалану процесін ұйымдық басқарудың жүйесін білдіреді. Әдетте дамушы елдер, өз қызметінің осы саласын үйлестірумен шұғылданатын мемлекеттік органдар құрады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, ұйымдастыру механизмі өз аясына тікелей шетел инвестиция түріндегі халықаралық кәсіпкерлікке тиесілі мәселелерді реттеуді қоспауы тиіс, және де бұл мағынада осы салада арнайы органдарды құру мақсатқа сәйкес болып табылмайды. Тікелей шетел инвестицияның көлемі мен қалаған бағыттары тек заңнамалық механизм арқылы реттелуі тиіс.
Керісінше, сырттан қарыз алу процестері (халықаралық, мемлекеттік және банктік кредиттер) оларды тарту мен пайдалануды қоса алғанда мемлекеттің мұқият назарында болуы тиіс, және де бұл жөнінде жоғарыда бірнеше рет айтылған болатын.
Реттеу жүйесіндегі капиталды тарту мен пайдалану процесінде қызметшілердің жұмыс істеу әдісіне, менеджментке аса үлкен мән берілуі тиіс.
Мемлекеттік органдардағы инвестициялауға көмектесуге, капитал мен инвестициялардың импортына жауапты адам өз әрекетін реактивті және проактивті деп аталатын әртүрлі екі амалдың негізінде құра алады.
Реактивті амал ақпараттық және ұйымдық сипатта келіп түскен өтініштерге жауап қатудан тұрады. Бұл жағдайда бастаманы ықтимал (потенциалды) инвестор көтереді. Өкінішке орай, іс жүзінде осылай болып жатады. Ал проактивті амалды пайдалануда, яғни бастамашыл амалдан озатын амалды пайдалануда, бастама инвестициялық қызметке жәрдемдесуші тұлғаға жатады.
Міне осылайша, шетелдік капитал мен инвестицияларды тарту мен пайдалануды мемлекеттік реттеу мемлекеттің маңызды қызмет саласы болып табылады. Тек дұрыс экономикалық қағидалар мен бағдарламалық-концептуалдық негізге сүйенген халықаралық кредиттеу мен кәсіпкерлікті реттеу ғана, капитал мен инвестицияларды нашар дамыған экономикасы бар мемлекетті күйзеліске ұшыратудың құралына айналдырмай-ақ елдің экономикалық дамуына септігін тигізуге қабілетті.
ҚР-да қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасының сыртқы істер министрлігі
жанындағы инвестициялар
Комитеттің негізгі қызметтері мыналар болып табылады:
Мемлекеттік реттеудің негізгі әдісі тендерлік әдіс болып табылады. Халықаралық капиталды алған соң оны тиімді пайдалану, ұлттық және сыртқы мердігерлер арасында орналастыру мәселесі болып табылады. Әлемдік тәжірибеде ең тиімді және әсерлі әдіс ретінде құрал-жабдықтарды тендердің негізінде орналастыру болып табылады. Келісім-шарттарды үкіметаралық деңгейде де, жеке деңгейде де жасасу ең тиімді келісім шарттарын таңдап алуды ұйғарады. Инвесторларды осылайша таңдап алуға мүмкіндік беретін келісім-шарт алдындағы жұмыстың ұйымдастыру әдістері мен формасы конкурстық таңдау немесе тендер өткізу болып табылады. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында тендерлер ресурстарды бөлудің ажырамас әдісіне айналады. Олар ресурстарды пайдаланудан үміткерлер, инвесторлар жайлы түсініктердің кеңеюі, конкурс нәтижесінде жобаның құнын барынша төмендету, ресурс иесінің пайдасының көбеюі немесе сенімсіз мердігермен жасалатын мәміледен келетін қауіп-қатердің төмендеуі секілді артықшылықтарға ие. Осылайша тендер қосымша валютаны,ресурстарды пайдаланудан экономикалық тиімділікке қол жеткізудің көзі бола алады.
Бүгінде тендерлер мәміле жасау үшін контрагенттерді таңдаудың, тапсырыстарды орналастыру мен келісім-шарттарды жасаудың басым формасына айналды. Тендерлер дамушы экономикасы бар ел үшін қарызгерлерді түпкілікті таңдап алудың әдісі ретінде міндетті болып табылады, олар шектеулі ресурсты барынша ықтималды өнімділікпен пайдалануға мүмкіндік береді. Шетелдік зерттеулердің нәтижелері бойынша, тендерлерді өткізудің нәтижесінде бағаның төмендеуі 40%-ға жетуі мүмкін. Халықаралық конкурстық сауда-саттықты басқарудың мәнмәтінінде өз мақсаты ретінде сауданың ықтимал мүшелеріне, қарыз алушының талаптары жайлы қажетті ақпаратты беруді, және оларды қажетті инвестицияларды беру конкурсына қатысудың тең мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуді көздейді. Саудаға арналған құжаттарда келісімшарттың түрі туралы нақты нұсқаулар, сондай-ақ оған қосуға сәйкес келетін ережелер болуы тиіс. Келісім шарттардың ең көп тараған түрлері жалпы сомадан келіп шығатын төлемдерді, немесе тауардың әрбірінің құнын, немесе алымдарды қоса алғандағы бағаны, немесе олардың құрамдасуын қарастырады. Келісімшарт көлемі мен айқын көрсетілген біліктілік талаптары, іріктеуден өтуге тілек білдірушілердің бәріне жіберілуі тиіс. Алдын-ала іріктеу аяқталған соң, одан өткендерге саудаға қатысу үшін құжаттар берілуі тиіс. Өтініштерді беру мүмкіндігі, осыған сәйкес критерийлерге жауап беретін сауда-саттыққа қатысушылардың бәріне берілуі тиіс. Сауда-саттыққа арналған құжаттарда, сауда-саттыққа ықтимал қатысушыға салымдарды жеткізіп беруге қатысты өз ұсыныстарын дайындап беруге мүмкіндік беретін қажетті барлық ақпараттар болуы тиіс. Бұл құжаттама сауда-саттыққа шақыру қағазынан, сауда-саттыққа қатысушыларға арналған нұсқаулардан, ұсыныстарды беру формасынан, келісімшарт формасынан,техникалық құжаттамадан және т.б. тұруы тиіс. Сауда-саттыққа арналған құжаттарда, қарызгердің барлық оферттерден бас тарту құқығы көрсетілуі тиіс. Жергілікті сауда-саттықтар мына жағдайларда капиталды жұмсаудың қолайлы әдісі болуы мүмкін: шетелдік қатысушылар сауда-саттыққа қызығушылық танытуы екіталай, себебі келісім-шарттың бағасы арзан, жұмыстар аймақ бойынша немесе уақыт бойынша шашыранды орналасқан; жұмыстар өте көп еңбекті талап етеді.
Шектеулі халықаралық сауда-
Келісімшартты тікелей жасау мына жағдайларда жарамды әдіс бола алады:
Информация о работе Шетел инвестициясын ынталандырудың ғылыми негіздері