Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 19:27, дипломная работа
Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты үкімет тарапынан стратегиялық бағдарламалар мен заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге аырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторлврының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі-Қазақстан Республикасының экономикасына, оның аймақтарының дамуына және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін кеңейтуге шетел инвестициясын тарту мәселесі казіргі кезде аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Инвестициялар Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және дамытуда басты рөл атқарып келеді. Олардың көмегімен тауарлар мен қызметтердің өндірісін өсіруге, жаңа технологияларды әзірлеуге, мемлекеттің басқа аймақтарын дамытуды арттыруға болады.
Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Шетел инвестициялары экономикамыздың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады.
Қазақстан Республикасы аумақтарындағы барлық шаруашылық субъектілеріне үздіксіз сыртқы нарыққа шығу құқығын ұсыну, шетел инвестицияларын кеңінен тарту, ҚР-ның сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейту құқықтарын беру шетел инвестицияларын ғылыми-зерттеудің өзектілігін анықтайды.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамассыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда. Шетел инвестициясын тарту республиканың инвестициялық процесінің жедел әрі тиімді дамуының бірден бір жолы болып табылады. Шетелдік инвестицияларды тарту отын - энергетика, мұнай өндіру және өңдеу, алтын өңдеу өнеркәсіптері, көлік және коммуникация сияқты басты салаларда құрылымдық -инвестициялық саясатты жүргізу қаржының жетіспеушілігімен ішкі нарықты тұрақтандырумен байланысты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - шетелдік инвестицияны теориялық түрде негіздей отырып, мемлекеттің инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау, экономикалық өсуге инвестиция тартудың маңыздылығын зерделеу, шетел инвестицияларын тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарын көрсету болып табылады. Көзделген мақсатқа жету мынадай міңдеттерді шешуді қажет етеді:
- тікелей
шетел инвестиция ағымының
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - Қазақстандағы шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды басқару тетіктері мен бағыттары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың объектісі-экономиканың инвестиция тартымды салалары болып табылады.
Ғылыми жаңалығы - зерттеу барысында ғылыми жаңалыққа ие келесі нәтижелер алынды:
- инвестициялық
орта мен ұдайы өндіріс
- инвестициялық
қызметті реттеудегі
- Қазақстанның жекелеген аймақтарына инвестиция тарту мен пайдалану ерекшеліктері анықталды;
Экономиканың тепе–теңдік дамуын қамтамассыз ету үшін мемлекеттің экономикалық басым секторларына қаржы салған инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар бере отырып шикізаттық емес саланың дамуына да қолдау жасайды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты үкімет тарапынан стратегиялық бағдарламалар мен заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге аырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторлврының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жалпы диплом жұмысы
Қазақстан Республикасының
1.1 Инвестиция түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде инвестиция термині әртүрлі түсіндіріледі. Кейбір авторлар инвестиция мен капитал салу арасында ешбір айырмашылық көрмесе, енді біреулері инвестиция деп кез-келген салуды түсінеді.
Өз заманында Дж.М.Кейнс инвестицияға классикалық анықтама берген. Оның пайымдауы бойынша, алғашқы инвестицияланған ақша сомасы бастапқы кірістерге айналады. Бұдан соң ол қаражаттың белгілі-бір бөлігі жеке және инвестициялық тұтыну қажеттіліктеріне жұмсалады да, екінші тараптағы кірістерге айналып отырады, яғни, тұтыну көлемін ұлғайту арқылы кіріс көлемін ұлғайтуға инвестициялардың өсуі ықпал етеді.
Қазіргі заманғы
шарттарды ескере отырып
Көптеген анықтамаларда
инвестицияларды ақшалай
Көптеген авторлар күрделі қаржы мен инвестициялардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбіреулері инвестицияны мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымының кез-келген түрі деп есептейді. Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П.Журавлева, И.Ю.Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да құрал-жабдықтарды өндіріске енгізе отырып, өндірісті кеңейту және жаңарту ісіне жұмсалатын шығындар деп есептейді. Бұл жерде негізгі және айналым қорлары аралығындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары және тағы да басқа факторлар есепке алынады.
Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тән “күрделі қаржы” ұғымын, санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтері бар “инвестиция” ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуі жалпы мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерінің қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерінің рөлі мен мағынасының күшеюі ғылыми-техникалық және әлеуметтік салаларды қаржыландырудың, еліміздің материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендігін танытып мойындатуға ықпалды әсерін тигізді.
Қазақстан Республикасының “Шетел инвестициясы туралы” заңында “инвестиция” ұғымына жаңа анықтама беру арқылы, оны күрделі қаржыдан бөліп тастауға тырысқан. Онда: “Инвестиция деп- пайда (табыс) табу мақсатымен барлық мүліктік құндылықтар мен оған құқықтарды, және де интелектуалды меншік құқығын инвестормен кәсіпкерлік қызметке салуы”[1]. Алайда бұл анықтама дәл айтылмаған. Сонымен қатар, бұл түсініктеме тек кәсіпкерлік қызметке құйылатын және коммерциялық пайда әкелетін инвестициялар жайында айтылған. Бұған қоса, шетелдік практика және теорияда инвестициялардың тиімділігін анықтаған кезде тек коммерциялық нәтиже ғана емес, экономикалық жағы да ескеріледі. Яғни, қоғам мақсаттары, қоғамдық материалды емес құндылықтар [мысалға, денсаулық сақтауға, білім беруге, кадрлар біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау, экологияны жақсарту, өмір сүру сапасын көтеруге кететін экономикалық шығындары]. Осыдан Қазақстан Республикасы “Шетел инвестициясы туралы” заңындағы инвестицияға берген түсініктеме толық емес деп айтуға болады. Өйткені, онда инвестициялардың барлық түрлері қарастырылмаған.
Күрделі салымдарға қарағанда инвестиция түсінігі анағұрлым ауқымырақ, себебі күрделі қаржы тек негізгі капиталды қайта құруға жұмсалса, инвестиция материалды активтерге, портфельді инвестиция және материалды емес активтерге инвестиция түрінде болуы мүмкін. Инвестициялау процесін келесі сызба түрінде көрсетуге болады (сурет 1).
Инвестициялаудың соңғы нәтижесі материалды байлықты құру және көбейте түсу, сонымен қатар қоғамдық жағдайды жақсарта түсу болғандықтан, “инвестиция” түсінігі кең ауқымда айтылуы қажет: инвестициялау процесі - бұл инвестициялық ресурстардың материалдық байлыққа және материалды емес қоғамдық құндылықтарға трансформациялану процесі. Өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық дамуы, нарықтық экономикаға өту жоспарлы экономикаға тиесілі күрделі салымды инвестициямен алмастыру қажеттілігін туындатты. Сондықтан, күрделі қаржы инвестицияның негізгі капиталға салынатын бір бөлігі ғана болып қалып отыр.
Әртүрлі инвестициялардың қозғалысында айырмашылықтар болуы мүмкін. Сондықтан оларды айыра білу шарт:
Аталған екі инвестициядан басқа интеллектуалды инвестицияларды айтуға болады, яғни патенттерді, лицензияларды, ноу-хау сатып алу, персоналды дайындау және қайта дайындау.
Енді портфельді және тікелей (нақты) инвестицияларды салыстырып көрсек:
Инвестициялардың мақсатты бағытына және пайдалану сферасына
байланысты 3 типін бөліп көрсетуге болады:
Инвестиция типтерінің барлығы дерлік мемлекеттің шаруашылығының дамуына өз үлестерін тигізеді,оларды атқаратын рөльдеріне қарай:
Жиынтық инвестициялар жаңа құрылысқа, өндіріске қажетті құралдарды алуға және тауарлы-материалды қордың өсуіне бағытталады.
Ал, таза инвестициялар, белгілі-бір мерзімдегі жиынтық инвестициялардан амортизациялық аударымдарды алып тастағандағы соммаға тең. Таза инвестициялар көрсеткішінің динамикасы мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейін көрсетеді. Егер де таза инвестициялар соммасы теріс мәнге ие болса (жиынтық инвестициялар соммасы амортизациялық аударымдардан аз болса), онда ол өндіріс потенциалының төмендегенін көрсетеді, соның салдарынан өндірілетін өнім көлемі азаяды. Мұндай жағдайдағы мемлекетті “өз капиталын азайтушы” деп атауға болады. Егер, таза инвестициялар соммасы нольге тең болса (жиынтық инвестициялар соммасы амортизациялық аударымдарға тең болса), онда ол экономикалық өсудің жоқ екндігін көрсетеді.
Ал егер таза инвестициялар сомасы оң мәнге ие болса, онда ол экономиканың даму сатысында екенін көрсетеді. Таза инвестициялар көлемінің өсуі табыстардың өсуіне әкеледі. Және де бұл жағдайда табыстардың соммасының көлемінің өсу қарқыны таза инвестициялар соммасы көлемінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болып келеді.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнстік теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әртүрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салуларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Информация о работе Шетел инвестициясын ынталандырудың ғылыми негіздері