Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 16:07, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты – коммерциялық банктің пассивтік операцияларының мәнін көрсету, өйткені банктік баланс пассивтері ссудалар беру процесінде, бағалы қағаздарды инвестициялау және т.с.с. кезінде табысты қолдануға арналған банк ресурстарының құрылу көзінде көрініс табады.
Курстық жұмысымның міндеті:
пассивтік операциялардың және олардың құрылымының экономикалық мазмұны;;
коммерциялық банктің меншікті қаражаттары және оларды құру мен қолданылуы;
коммерциялық банктің тартылған ресурстары;
коммерциялық банк пассивтерінің талдауын жасау;
депозиттерді ынталандыру мүмкіндіктерін зерттеу;
Қазіргі кезде коммерциялық банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие ресурстары нарығының мүмкіндігін пайдаланады. Банкаралық несие корреспонденттік қатынастар шеберінде беріледі; яғни бір банк басқа банкте бір- бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептесу операцияларын жүргізу үшін корреспонденттік шот ашады. Банкаралық несиені тарту тікелей сөйлесу арқылы, не болмаса қаржы делдалдары арқылы жүзеге асырылады. Егер банктер өзара банкаралық несие туралы келіссе, онда ол келісім арнаулы шартпен рәсімделеді. Бұл келісімнің көбісі белгілі бір мерзімге жасалады.
Коммерциялық банктердің пассив операцияларына олардың орталықтанған несие ресурстарынан несие алуы жатады. Орталық банк коммерциялық банктерге несиені жарыс негізінде қайта қаржыландыру ретінде, сондай- ақ ломбардтық несие формасында береді.
Коммерциялық банктердің қаражат тартуының келесі бір әдісі - кері сатып алу келісім немесе репо операциясы. Бұл келісім банк пен фирма арасында немесе мемлекеттік бағалы қағаздар сатушылармен жасалады. Егер фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқа мерзімге банкке салғысы келсе, онда ол банктен бағалы қағаздарды сатып алады да, кейін оларды кері сатып алуы туралы келіседі. Фирма қаражатты келесі күні қайтаруы мүмкін, онда алатын процент мөлшері депозиттік сертификаттан әлде қайда төмен болады. Бұндай келісім уақытша бос қаражатты тартудың бір жолы.
Соңғы жылдары коммерциялық банктердің пассив операцияларының бірі еуровалюталық несие кең өрістеуде.
Еуровалюталық несие – ол шетел банктерінен еуровалютамен алынатын несие. Әлемдік қарыз капиталы нарығында басты валюта доллар болып есептеледі.
Бұл бөлімді қорыта айтқанда, пассивтік операциялар дегеніміз – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары.
Банк ресурстарын құру үшін банк қаржылары қарастырылатын, содан кейін актив бойынша пайдаланылатын коммерциялық банктің операциялары пассивтік операциялар ретінде түсіндіріледі. Ал банк активтерінің көлемі мен құрылымы олардың құрылған көздері есебінен, яғни банк пассивтерімен анықталады.
Коммерциялық банктер тәжірибесінде пассивті операцияларға айқындаушы операциялар жатқызылады, өйткені ресурстардың жеткіліктілігі активті операциялар жасауға мүмкіндік береді. Коммерциялық банк балансының пассиві бойынша реурстарды құрудың төмендегідей көздерін көрсетуге болады:
Коммерциялық банктің ресурстары, банк иелік ететін және белсенді (активті) операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті және тартылған қаражаттардың жиынтығын білдіреді.
Банктің барлық ресурстары құралу тәсілі бойынша меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінеді.
Негізінен, бүкіл банк ресурстарының 80%-дан аса үлесін құрайтын тартылған қаражаттар коммерциялық банк ресурстарының негізгі көзі болып саналады. Банктің меншікті қаражаттарының үлесіне бүкіл банк ресурстарының 10-20%-ы келеді, бұл тұтастай алғанда әлемдік банк тәжірибесінде қалыптасқан құрылымға жауап береді.
Банктің негізгі үлесін 65%-ын
депозиттер құрайды. Коммерциялық
банктердің қызметіндегі
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ
ПАССИВТІК ОПЕАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ.
2.1 АҚ «Банк Туран Алем» қаржы қаражаттарды тартуын талдау.
АҚ”Банк Туран Алем”
Банк Туран Алем 2007 жылы ААҚ «Банк Туран Алем» 4 млрд теңге көлеміндегі жай атаулы акциялардың бесінші эмиссиясы толығымен орналастырылған болатын , оның нәтижесінде төленген жарғылық капитал 33% -ке көбейді. Банк акциялары Қазақстан қор биржасының листингіне қосылған және саудаларда белсенді қатысады.
2007 жылдың 19 ақпанында Қазақстан қор биржасының
Биржалық Кеңесі шешімімен ААҚ «Банк Туран Алем» бірінші
2007 жылы банк 2008 жылға дейін 100млн дол. соммасында еврооблигациялар шығарылды.
2008 жылы 2 маусымында банк 225млн АҚШ доллары соммасында долларлық облигациялар шығарды. Ағымдағы займ өтеу мерзімі 7 жылға дейін созылғаны арқасында айырылады. Ал 7,875% купондық ставка ТМД елдерінің қаржы институттарының арасындағы қарыз беру бойынша ең төмен болып келеді.
Осылайша, шетел елдері банктерімен тиімді корреспонденттік қатынастарды ұстау мен құру, халықаралық есепайырысу мен құжаттық операцияларды сапалы жүргізу банк қызметінің жетістікті бағыттарының бірі болып табылады. Банкпен өнделген стратегия шеңберінде саудалық қаржыландыру қызметтің басты бағыты болып белгіленген. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2008 жылы құжаттық бизнес 2007 жылмен салыстырғанда 1,4 есе өседі, шетел қаржы институттардан, несие несие орындарынан құжаттық және форфейтингтік операияларға 130млн АҚШ долларынан 220млн АҚШ долларына дейін көлемінің бір уақытта өсуі арқасында. Банк клиенттері бұйрығымен берілген банктік кепілдемелер, сонымен қатар экспортты- импорттық операциялар бойынша құжаттық аккредитивтер көлемі елеулі өсті.
2008 жылдың 31 желтоқсаны жағдайына айналымға шығарылған және айналымдағы құжаттық аккредитивтердің соммасы 65,89млн. АҚШ долларын құрады. 2008 жылы 31,59 USD соммасында халықаралық кепілдемелер визаланды және берілді. Екі жылда (2005-ден 2006-ға дейін) шығарылған және визаланған кепілдемелер мен аккредитивтер көлемі сәйкесінше 2,1 рет және 1,6 ретке өсті.
Банк клиенттерінің негізгі сауда серіктестері Германия, Россия, Индия, Турция, Корея, Голландия, Италия, Дания, Иран, ОАЭ, Китай болып табылады.
«Банк ТуранАлем» және оның қарамағындағы бүкіл компаниялар қаржылық топты құрайды. Бұл - ЖШС «Туран Алем Секъюритиз», ол 1997 жылдың желтоқсанында құрылған болатын. Банк атап өтілген ЖШС-ң жалғыз акционері болып келеді, оның негізгі қызметі үкіметтің, муниципалитеттің, Қазақстандағы корпорацияның бағалы қағаздарын орналастыруда, сатуда, саудада белгіленеді.
ААҚ «Банк Туран Алем сақтандыру компаниясы» 1998 жылдың қыркүйегінде құрылған. Банк БТА сақтандыру компаниясының 40% жарғылық капиталына ие.
ЖАҚ Зейнетақы қоры «Құрмет», банк оның 47,5% жарғылық капиталына ие.
Банк, сонымен қатар «Династия» сақтандыру компаниясының акционері және оның 41,3% жарғылық капиталына ие.
«Банк Туран Алем» дамыған аймақтық желісі бар, ол 23 филиал және 274 есеп айырысу–кассалық бөлімдер, сонымен бірге республика бойынша филиалдық желі саны бойынша ірі банктердің бірі болып қалады (салыстыру үшін, 1940 жылы 182 РКО болған).
Осылайша, ААҚ «Банк ТуранАлем» екінші деңгейлі банкке тән бүкіл қасиеттерге ие, ол клиенттерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін максимум қызметті көрсетеді.
Банктің негізгі сүйенетін қағидасы болып әр клиентке жеке қарау, клиенттің мұқтаждығын зерттеу және ол үшін негізгі қызмет құру табылады. Банк Туран Алем жеке тұлғалармен ғана емес корпоративті клиенттермен де жұмыс істейді. Бұл банк көптеген банктер сияқты қаржы қызметінің қандай да бір сегментінің кішкене дамуына тырысқан емес, мысалы, корпоративті банкинг, өте бай қызметтер үшін қызмет немесе бөлшектік қызметтің дамуына тырысқан жоқ. Банктің міндеті - бүкіл бағыттар бойынша үйлесімді және максималды тиімді даму. Осылайша, 2006 жылы банк 40 мыңнан аса корпоративті және 500 мыңнан аса жеке клиенттерге қызмет көрсетті.
2007 жылы Банк Туран Алем үш ірі банктердің арасында (Казкоммерцбанк, Халық Банк) активтердің, капиталдың, міндеттемелердің және клиенттік депозиттер көлемінің ең жоғары темпі бойынша динамикалы дамыды.
01.01.08 жылға Банк Туран Алем балансы бойынша пассивтер жалпы соммасы 224,958.095мың теңге есептелді.
Меншікті қаражат толуының негізгі көзі банк жарғылық капиталының өсуі болып табылады. Банктің жарғылық капиталы 01.01.04 жылда 8,9 млрд. тг, ал ал 01.01.08 жылы 2 есе, яғни 17,0 млрд. тг көбейді.
2004 жылдан 2008 ж.ж. Банк Туран Алем жарғылық акционерлік капитал соммасының өсу динамикасы.
1 кесте
Жарғылық акционерлік капитал, млрд. Тг | |||||
01.01.04 |
01.01.05 |
01.01.06 |
01.01.07 |
01.01.08 |
01.01.08 %-да 01.01.04 |
8,9 |
8,9 |
11,9 |
11,9 |
17,0 |
191 |
Соңғы төрт жыл ішінде Банк Туран Алем жарғылық капитал көлемі бойынша бүкіл банктер арысында көшбасшы болып келеді.
2008 жылы 2004 жылмен салыстырғанда Туран Алем банкінің меншікті қаражаты 4,3 есе ретке өсті (2 кесте).
Меншікті капитал көлемінің динамикасы, млрд тг.
2 кесте
01.01.04 |
01.01.05 |
01.01.06 |
01.01.07 |
01.01.08 |
01.01.08 %-да 01.01.04 |
4,4 |
5,1 |
8,9 |
14,8 |
19,1 |
434,1 |
Банк Туран Алем екінші деңгейлі банктер арасында меншікті капитал көлемі бойынша екінші орын алады. Туран алем банкінің жарғылық және меншікті капиталы өсуінің 2004 жылдан 2008 жылға дейінгі динамикасы 1-суретте көрсетілген.
1 сурет
2004 – 2005 ж.ж. аралығында банктің жарғылық капитал көлемі меншікті капиталдан артты, оның себебі шығыстардың табыстардан асып кетуіне байланысты. Банк шығыстары арасында негізгі орынды сыйақыларды төлеуге кеткен шығыстар алады. 2006 жылдан бастап меншікті капитал 01.01.08ж 3,6млрд тг құраған және 01.01.07жылмен салыстырғанда 2,3 ретке өскен таза пайда көлеміне байланысты жарғылық капитал да артты.
2007 жыл аралығында банк активтерінің белсенді өсуі байқалды, ол өткен жылға қарағанда 1,4 есе, яғни 157,3 млрд тг-ден 225 млрд тг-ге өсті (3 кесте).
2004 жылдан 2008 жылға дейін активтер соммасының
динамикасы
3 кесте
Активтер, млрд. тг | |||||
01.01.04 |
01.01.05 |
01.01.06 |
01.01.07 |
01.01.08 |
01.01.08 %-да 01.01.04 |
1,9 |
46,9 |
62,1 |
157,3 |
225 |
11842,1 |
Активтерді орналастыру бойынша жалпы
акцепт – клиенттермен активтік операциялар
үлесінің өсуі бірінші кезекте – несиелендіру.
2007 жыл аяғындағы несиелік салымдар 1,3
есе өсті және активтердің жалпы соммасынан
60% -ды құрайды. Банк шағын және орта бизнес
бағдарламасын дамытуды жалғастыруда.
2.2 Центр Кредит Банк бойынша активті және пассивті операцияларының өзара байланысуына талдау.
Қазақстан Республикасында «
Информация о работе Пассивтік операциялардың экономикалық мазмұны