Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 20:33, курсовая работа
Сонымен қатар жұмыстың басты міндеттері мыналар:
Инвестициялық қызмет тиімділігі және инвестицияның жіктелуі
Қазақстанда инвестициялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы
Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері
Кіріспе .....................................................................................................................3
Негізгі бөлім. Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың
түрлері
1. Инвестициялық қызмет және Қазақстан экономикасындағы
инвестицияның рөлі............................................................................................5
1.1 Инвестициялық қызмет. Инвестициялық қызметтің объектілері мен
субъектілері.....................................................................................................5
1.2 Инвестициялық қызмет тиімділігі және инвестицияның жіктелуі............8
1.3 Қазақстанда инвестициялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы.............12
2. Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері...................................18
2.1 Инвестициялық тәуекел түсінігі және оның мәні......................................18
2.2 Инвестициялық тәуекел түрлері..................................................................20
2.3 Инвестициялық тәуекелділікті бағалау және басқару әдістері................24
2.4 Тәуекелдерді басқару жүйесі.................................................................28
Қорытынды............................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................32
Сонымен қатар Қазақстан даму банкімен қатар, инвестициялық саясаттың дамуында негізгі ролді басқа да институттар алады, атап айтсақ Қазақстанның инвестициялық қоры, Ұлттық инвестициялық қор, Сақтандыру корпорациялары экспорттық несие мен инвестиция.
Елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс-әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Инвестициялардың жіктелуін қарастырмас бұрын инвестициялық нарықтың құрылымын білгеніміз жөн.
Инвестициялық нарық негізінен нақты инвестициялау объектілер нарығы, қаржылық инвестициялау инструменттерінің нарығы болып бөлінеді.
Нақты инвестициялау объектілер нарығы тікелей капиталдық салымдардан, жек меншік объектілер нарығынан, мүлік нарығынан және нақты инвестициялар объектілерінің нарығынан тұрады. Ал қаржылық инвестициялық нарық қор және ақша нарықтарын біріктіреді.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында инвестор ретінде территориалдық және муниципальдық басқару органдары тұлғасындағы мемлекет, акционерлік қоғам, жеке тұлғалар, сондай-ақ, шет елдік мемлекет пен шет елдік заңды және жеке тұлғалар, халықаралық ұйымдар бола алады.инвестиция меншігінің түрлеріне және инвестордың мемлекетіне қарай инвестиция мынадай түрлерге бөлінеді: мемлекеттік, жеке, шет елдік, бірлескен.
Мемелкеттік инвестицияларға мыналар жатады: экономиканың мемлкеттік секторындағы кәсіпорындар мен ұйымдарды құруға және дамытуға мемлекеттік бюджеттен, бюджеттен тыс қорлардан, қарыз қаражаттардан салынған ақша қаражаттар; сонымен қатар мемлекет меншігіндегі территориядағы және муниципальдық меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қолдауға және дамытуға салынған ақша қаражаттар.
Жеке инвестицияларға мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың және жеке тұлғалардың салған ақша қаражаттары жатады.
Шет елдік инвестиция деп шет елдік компаниялар мен шет елдік жеке тұлғалар және шет елдік мемлекеттердің өкілеттілігіндегі органдардың салған ақаша қаражаттарын айтамыз.
Бірлескен инвестицияларға ішкі бірлескен, яғни мемлекет пен мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың бірлескен салымдары сияқты, отандық инвесторлармен шетелдік инвесторлардың бірлескен салымдарын жатқызады.
Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті болып табылады. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы тиімді шараның бірі.
Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады: портфельді (қаржылық) және нақты (шынайы).
Портфельді инвестиция – акцияларға, облигацияларға және басқа бағалы қағаздарға қаржы салу. Қаржыландыру шынайы капиталдың өсуіне жартылай бағытталған. Қаржылық инвестиция құрылымында жеке меншік инвестициялар басым болады.
Портфельді инвестиция – нақты инвестициялық мақсатқа жету үшін қолданылатын бағалы қағаздар және басқа активтер жиынтығы. Инвестордың негізгі мақсаты: салымның қауіпсіздігі, табыстығы, өсімділігі. Бірде-бір бағалы қағазда бұл қасиеттер жоқ. Сондықтан инвестициялық мақсаттар арасында таңдау өтімділігі жасалады. Егер бағалы қағаздар сенімді болса, табыс төмен болады. Егер капиталдың өсу келешегі айқын болса, сұраныс көп болады. Бұл қағаздың бағасын жоғарылатады және табысты төмендетеді. Инвестициялық мақсаттарды компромиске келтіру диверсификациясы арқылы жүргізіледі. диверсификация күрделі шығын қаупін төмендету әдісі. Портфельдің жалпы құнынан 10%-ке белгілі қағаз түрін шектеу қабылданған, портфель кеңейген сайын бұл 5%-ке төмендеуі мүмкін.
Сонымен, портфельді инвестиция деп жобалар тобына капитал салуды айтады. Портфельді инвестиция жағдайында инвестордың негізгі міндеті оңтайлы инвестиция портфелін құрастыру және басқару болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай портфельді инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді қаржылық операциялар түрінде көрінеді.
Нақты инвестиция – қысқаша айтқанда материалды өндірістік қордың өсуін және негізгі капиталды қаржыландыру. Негізгі капиталды қаржыландыратын нақты инвестициялар салалық және технолгиялық құрылыспен сипатталады; олардың пропорциясы жинақтау тиімділігін анықтайды.
Нақты инвестицияны сипаттау үшін жинақтаудың көлемі және нормасы деген түсінік қолданылады.
Көлем – бұл капиталды қаржыландыруға кеткен құн, ал инвестиция нормасы дегеніміз – инвестиция көлемі мен ЖІӨ құнының ара қатынасымен анықталады.
Нақты инвестиция деп өндіріс процесіне тікелей қатысатын инвестицияларды айтамыз. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалдар қорына салынатын инвестициялар.
Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:
Мүліктік инвестициялар – бұл нақты инвестициялар.
Қаржылық инвестициялар – бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция, басқа да құнды қағаздарды сатып алу.
Ал материалдық емес құндылықтарға қатысты инвестияларға зерттеу мен талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнаман және басқаларға салынатын инвестициялар жатады.
Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорынның өмір сүру циклі тұрғысынан және оның қызметінің мақсаты мен бағытына байланысты шынайы инвестиция мынадай үш түрге бөлінеді:
Бастапқы инвестиция (нетто-инвестиция) – бұл кәсіпорын, фирма, қызмет көрсету объектісі негізіндегі инвестиция. Бұл жағдайда салынған инвестиция құрылысқа немесе ғимараттар мен құрылғылар сатып алуға, құрал-жабдықтарды жөндеуге және қажетті материалдық қорларды, айналым қаражатын құруға жұмсалады.
Экстенсивті инвестиция - әрекет етуші кәсіпорын немесе ұйымды кеңейтуге, олардың өндірістік потенциалын өсіруге бағытталатын инвестиция.
Реинвестиция - әрекет етуші кәсіпорын мен ұйымдағы негізгі қорлардың ұдайы өндіріс процесімен байланысты инвестиция. Бос ақша қаражаттары бар кәсіпорын немесе ұйым сол бос ақша қаражатты мыналарға шығындайды:
Қауіп дәрежесіне байланысты инвестициялар қатерлі, тікелей, портфельді және аннуитетті болады.
Қатерлі инвестициялар (немесе венчурлы капитал) – жаңа өндіріс орнын қаржыландыруға салынады. Қатерлі инвестициялар қауіптілігі жоғарғы инвестициялар болып табылады. Жаңадан құрылған кішігірім кәсіпорындар өзінің меншікті қаржысынан қаржыланады. Егер де осындай кәсіпорынның өркендеуіне мүмкіндік туса, оған қосымша қаражат қажеттілігі пайда болады. Банк несиелері жеткіліксіз болса немесе оларды алу мүмкіндігі болмаса, венчурлы капиталды қолдануға болады. Венчурлы капитал жаңа акцияларды шығару түріндегі инвестициялар. Венчурлы капиталдың иегерлері инвестицияларды өндірістің жаңа салаларына жасайды. Әдетте бұл салалар үлкен қауіппен байланысты болады да, банктер несие беруден алшақтайды. Олардың банктерден айырмашылығы несие бергенде немесе жай және арнайы акцияларды сатып алғанда ешқандай қамтамасыз етуді талап етпейді. Венчурлы капиталдың иегерлері үлкен қауіпке көп табыс табу үмітімен барады.
Капиталдың қауіпті салымы жаңа технологияларды инновациялауды қаржыландыру қажеттілігі туғанда жасалады да, оның құрамына капиталдың әр түрлі қосалқылары кіруі мүмкін: акционерлік, ссудалық, кәсіпкерлік. Қауіпті капитал жетістіктерін көбірек қажет ететін өнеркәсіптің құрылуына делдал болуы мүмкін.
1.3 Қазақстанда инвестициялық
Инвестициялардың тиімділігін есепке алу, талдау және жоғарлату үшін макродәрежеде сияқты, микродәрежеде де олардың ғылыми негізделген классификациясы қажет. Инвестициялардың ойластырылған және ғылыми жоспарда негізделген классификациясы тек оларды сауапты есепке алу ғана емес, сонымен бірге олардың барлық жағынан қолданылу деңгейін талдауға және бұл негізде тиімді инвестициялық саясатты жасау және іске асыру үшін объективті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Жоспарлы экономиканың тұрмыстылығында және тәжірибесінде аса таралуды келесі белгілер бойынша инвестицияның классификациясы алды:
болашақ объектілердің мақсатты тағайындалу белгісі бойынша – бұл олардың ұлттық шаруашылықтың салалары бойынша бөлінуі - өз кезегінде екі бөлімшелерін - өндірістік тағайындалуының объектілеріне салымдарын және өндірістік емес тағайындалудың объектілерін құрайды.
негізгі қорлардың қайта өндірісінің формалары бойынша – жаңа құрылысқа, әрекет етуші кәсіпорындардың кеңейтілуіне және қайта құруына, сонымен бірге техникалық қайта қаруландырылуына.
қаржыландыру көздері бойынша – орталықтанған және орталықтанбаған.
қолдану бағыты бойынша – өндірістік және өндірістік емес.
инвестицияларды қосу объектілері бойынша – мүлікке инвестициялар (нақты инвестициялар) – ғимараттарға, жабдықтарға, құралдарға, материалдардың қорларына инвестициялар; нақты (капиталды құрайтын) инвестициялар - әрекет етуші кәсіпорындардың қайта құрылуына және техникалық қайта қарулануына жаңаларын құру. Бұл жағдайда инвестор-кәсіпорны қаражаттарды сала отырып, өзінің өндірістік капиталын көбейтеді – негізі өндірістік қорлар және олардың қызмет етуі үшін қажетті айналым құралдары; қаржылық (портфельді) инвестициялар (акцияларды, облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды алу); портфельді инвестициялар – басқа кәсіпорындардың активтерін акцияларға, облигацияларға, басқа бағалы қағаздарға салу. Портфельді инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвестор бағалы қағаздарға дивиденд-табыстарын ала отырып өзінің қаржылық капиталын көбейтеді; материалды емес инвестициялар немесе материалды емес активтерге инвестициялар (патенттер, лицензиялар, бағдарламалық өнімдер, ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелі-құраушы жасаулар және т.б.).
Капитал құраушы инвестициялардың құрылымында негізгі орынды негізгі капиталға инвестициялар алады, қайсысылардың көлеміне жаңа құрылысқа, қайта құрылуына, әрекет етуші өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, көліктік, саудалық және басқа кәсіпорындардың кеңейтілуіне және техникалық қайта қарулануына шығындар, тұрғындық және мәдени-тұрмыстық құрылысқа шығындар кіргізіледі.
Инвестицияларды қолданудың тиімділігі маңызды дәнежеде олардың құрылымына байланысты болады. Инвестициялардың құрылымында олардың түрлері, пайдалану бағыттары бойынша құрамы және олардың жалпы инвестицияларда үлесі түсініледі.
Инвестициялардың жалпы және жеке құрылымдары ажыратылады.
Инвестициялардың жалпы құрылымдарына олардың нақтыға және портфельдіге бөлінуін жатқызуға болады. Инвестициялардың жалпы көлемінде кіші үлесін капитал құраушы инвестициялар құрайды. Осылай, 1996 жылы инвестициялардың жалпы көлемінен капитал құраушының үлесі 81%, ал қаржылықтың 19% ғана құрайды. Кейбір жеке құрылымдарға капитал салымдарының құрылымдарының келесі түрлері қосылады: технологтялық, қайта өндіру, салалық, сонымен бірге меншік формасы бойынша және қаржыландыру көздері бойынша инвестициялардың құрылымы.
Информация о работе Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері