Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 20:33, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен қатар жұмыстың басты міндеттері мыналар:
Инвестициялық қызмет тиімділігі және инвестицияның жіктелуі
Қазақстанда инвестициялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы
Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

Негізгі бөлім. Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың
түрлері
1. Инвестициялық қызмет және Қазақстан экономикасындағы
инвестицияның рөлі............................................................................................5
1.1 Инвестициялық қызмет. Инвестициялық қызметтің объектілері мен
субъектілері.....................................................................................................5
1.2 Инвестициялық қызмет тиімділігі және инвестицияның жіктелуі............8
1.3 Қазақстанда инвестициялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы.............12

2. Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері...................................18
2.1 Инвестициялық тәуекел түсінігі және оның мәні......................................18
2.2 Инвестициялық тәуекел түрлері..................................................................20
2.3 Инвестициялық тәуекелділікті бағалау және басқару әдістері................24
2.4 Тәуекелдерді басқару жүйесі.................................................................28

Қорытынды............................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспары.docx

— 72.06 Кб (Скачать документ)

Жоспары

 

 

Кіріспе .....................................................................................................................3

 

Негізгі бөлім. Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың

                               түрлері 

1. Инвестициялық қызмет және Қазақстан экономикасындағы

    инвестицияның рөлі............................................................................................5

1.1 Инвестициялық  қызмет. Инвестициялық қызметтің  объектілері мен

      субъектілері.....................................................................................................5

1.2 Инвестициялық  қызмет тиімділігі және инвестицияның  жіктелуі............8

1.3 Қазақстанда  инвестициялық қызметтің қалыптасуы  мен дамуы.............12

 

2. Инвестициялық тәуекелдіктер  және олардың түрлері...................................18

2.1 Инвестициялық  тәуекел түсінігі және оның  мәні......................................18

2.2 Инвестициялық  тәуекел түрлері..................................................................20

2.3 Инвестициялық  тәуекелділікті бағалау және  басқару әдістері................24

2.4 Тәуекелдерді басқару жүйесі.................................................................28

 

Қорытынды............................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Инвестиция дегеніміз-бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция-бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы обьектілерді салуға жұмсалады. Портфельді инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) және ұзақ мерзімдік банк несиелерін беру арқылы (қағаздар портфелі) жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқықтары қорғалады.

Қазақстанда заңға сәйкес инвестиция деп кәсіпкерлік іс-әрекет және басқа да пайда әкелетін іс әрекет обьектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің қатысушылары-жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіне қатысты.      

Жұмыстың өзектілігі сонда, инвестициялық саясатты дамытудың негiзгi мақсаты  отандық, сондай-ақ шетелдiк инвестицияны пайдалану негiзiнде бәсекеге қабiлеттi түпкi өнiм құруды қамтамасыз ететiн ашық үлгiдегi инновациялық жүйе қалыптастыру болып табылады.

Инвестициялық саясат – бұл инвестициялық қызметті жандандыру мақсатында барлық шаруашылық объектілер үшін жағымды жағдай қалыптастыру бойынша мемлекет жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар кешені.

Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс-әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.  

Инвестициялар -   бұл капиталды ұзақ мерзімді қаржыландыру түрінде жұмсалатын шығын жиынтығы. Инвестициялық қызметтің мақсаты кәсіпкерлік табыс немесе соның белгілі бір пайызын алып отыру.

Жұмыстың мәні инвестициялық қызметтің экономикалық мәнін ашу болып табылады.

Жұмыстың негізгі мақсаты – инвестициялық тәуекелділік түсінігі мен түрлерін кең ауқымда талдау.

Сонымен қатар жұмыстың басты міндеттері мыналар:

    • Инвестициялық қызмет тиімділігі және инвестицияның жіктелуі
    • Қазақстанда инвестициялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы
    • Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері
    • Инвестициялық тәуекел түсінігі және оның мәні
    • Инвестициялық тәуекел түрлері
    • Инвестициялық тәуекелділікті бағалау және басқару әдістерін қарастыру.

Тәуекелдерді басқару жүйесіЖұмыс жоғарыда қозғалған мәселелерден басқа жалпы инвестицияның экономикалық мәнін және оның жіктелуін көрсетеді. Сондай-ақ жұмыста инвестициялық портфельдің қалыптасу тетіктері толығымен сипатталған.

Жалпы жұмыстың зерттелу деңгейіне тоқталсақ, мемлекеттің инвестициялық саясаты, оны жүйелеу қазіргі таңда өзекті мәселелердің алдыңғы қатарына шықты. Сондықтанда әр мемлекеттің инвестициялық процеске қатысуын ұйымдастыру, инвестицияның дұрыс салаларға тартылуын қарастыру, инвесторларға оңтайлы жағдай жасау мәселелері жан-жақты отандық және шетелдік ғалымдар тұрғысынан зерттелуде.

Жұмысты орындау барысында келесі экономикалық–статистикалық зерттеу әдістері қолданылады: монографиялық, талдау, статистикалық, сызбалыќ жєне т.б. 

Қолданылған әдебиеттерге келсек, жұмысты жазу барысында отандық жєне шетелдік оқулықтар және еліміздегі  әрекет етуші заңдар мен құқықтық-нормативтік материалдар, сондай–ақ, ағымдық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен статистикалық мәліметтер қолданылды.

 

 

 

 

 

 

1. Инвестициялық қызмет және Қазақстан экономикасындағы инвестицияның рөлі

1.1 Инвестициялық қызмет. Инвестициялық  қызметтің объектілері мен субъектілері 

Инвестициялық қызмет міндетті түрде инвестор деп аталатын жеке тұлғамен байланысты. Инвестор өзінің немесе басқа несиелік қаражаттарын салады. Инвестициялар көп аспектілі капиталды талап етеді, инвестициялар әртүрлі формада және алуан мәнде, қызметте болады. Инвестицияның астында тікелей бағытталған салымдар немесе капитал жатады.Инвесторлар осы объектілер арқылы өз бағытн, қызметінің ерекшелігін күтеді.

Инвестицияларды салу бойынша олар анық (нақты) немесе қаржылық болып бөлінеді. Анық инвестициялар басқа да салымдармен  салыстыруға, бюджетке түседі. Олар нақты экономикалық активтер, экономикалық ресурстер болып табылады. Қаржылық инвестициялар көптеген заттарға салым болып табылады. Мысалы: құнды қағаздар, бөлшектік қатысулар, банктік депозиттер жатады. Инвестициялардың негізгі қызметі компаниялардың басқару жүйесін қалпына келтіру үшін қолданылады. Олар фирманың қаржылық жүйесін қалпына келтіру үшін, қаржылық табыс алу үшін, қаржылық тиімділік үшін қолданылады. қолма-қол инвестициялар инвестициялық объектілерден пайда алу үшін, олар девидент, проценттік ставка түрінде де болуы мүмкін.

Қысқа мерзімдік инвестициялардың астында 1 жылдың ішінде салымдар жатады. Орта мерзімдік және жедел инвестициялар 1 жылдан 3 жылға дейінгі салымдар жатады. көпжылдық инвестициялар 3 жылдан аса мерзімде де қызмет атқарады. Инвестициялық ресурстар жеке, мемлекеттік, шетелдік және ортақ (аралас) инвестициялар деп бөлінеді. Жеке ( мемлекеттік емес) ннвестициялардың астында жеке инвестрлердің салымдары жатады, олар мемлекеттік емес мекемелерде жүзеге асады. Барлық экономика саласында инвестициялық салым көрініс табады және де олардың тәуекелділікке ұшырау шамасы әртүрлі.

Инвестициялық қызмет – табыс табу, пайда алу, жеке мүдделік нәтижелік үшін асырылатын қызмет түрі. Инвестийияның қызметі барысында ол көптеген фазалардан өту қажет, яғни инвестициялық ресурстардың ұдайы қызметі мен оның пайда түсіру кезеңіне шейін өз қызметін атқарады. Бұл процесс кәсіпкерлерде бірнеше сала бойынша бірдей бағытта жүзеге асады. Бұл субъектілерді қолданушылар жеке инвесторлар болып табылады. Инвесторлар осы фазалық қызметті өту барысында таңдау қызметі мен талғамы бірдей түседі. Инвестициялық қызмет тек қана пайдалылықты әкелетіні екіталай. Себебі инвестициялық қызмет барысында тәуекелділік пен шығындар да көрініс табады. Инвестициялық шығындар  инвестициялық пайданы алу үшін қолданылады. Инвестициялық қызметтіңфазасында әртүрлі  деңгейдегі шығындар мен әртүрлі бағыттағы тәуекелділіктер орын алады.

Шетелдік инвестициялар туралы сөз қозғағанда  біз шетелдік капитал, ұлттық актив сияқты сөздерге тап боламыз. Шетелдік инвестициялар акциялық түрде, шетелдік салымдар түрінде, шетелдік капитал түрінде болады.

Инвестициялық климат ретінде - әлеуметтік, экономикалық, ұйымдық, құқықтық, саяси және басқа да шарттардың толық мінездемесін және мемлекеттік экономикаға (аймақ, негізгі бағыты ретінде түсінеді).

Инвестициялық климаттық бағаға келесі есеп ұсынылады:

- экономикалық  шарттар (макроэкономикалық ортаның  деңгейі, ЖІӨ динамикасы, ұлттық  табыс, өндірістік өнім көлемі, инфляция, жоғары технологиялық өндірістің  дамуы, еңбек нарығы, ақша-несие жағдайы, қаржылық, бюджеттік, салық, валюталық  баға т.б.)

- мемлекеттік  инвестициялық саясат (шетел инвестицияларын  мемлекеттік қолдау, шетел жеке  меншігін мемлекеттендіру, халықаралық  келісімдерге қатысу, келісімдердіқарастыру, саяси басқару, мемлекеттік институттардың  тұрақтылығы мен тиімділігі т.б.)

- нормативтік-құқықтық  бағасының инвестициялық саясаты (құжаттардың кезеңделуі мен корректировкасы,  мемлекеттікинвестициялармен кіру  мен шығу параметрлері, салықтық, валюталық, кезеңдік режим, құрылу  тәртібі, тіркелуі, фирмалардың ликвидациясы, олардың қаралуы мен  бақылануы )

- ақпараттық, фактілер, статистикалық материалдардың  әр түрлі факторлық деңгейі, инвестициялық  климатты анықтау;

   Инвестициялық климаттың әр түрлі  баға деңгейі инвестициялық тәуелділікті  анықтау болып келеді, салынған  қаражаттың дұрыстығы және бағыныштылығы. Негізгі өрнектер болыпшетелдік  бағалау бойынша халықаралық  банк, арнайы қаржы мен несиелік  рейтинг болып саналады.

Шетел инвестицияларын тарту көзінің негізгі шарты, шетел инвесторының минимизация тәуелділігі, сонымен қатар мемлкеттік құқығы.  

Олар келесі негізде орналасады:

- Конституция  негізі немесе нормативтік акт;

- Екіжақты  келісім, шетел инвестицияларының  мемлекеттік келісімі, оны қорғауы;

- Мемлекеттер  мен басқа елдер азаматтарының  инвестициялық қайшылықтарын шешу.

   Мемлекеттік гарантия, инвестициялық  жағдай, сонымен қатар құқықтық  қорғау Қазақстан Республикасының  «Инвестициялар» туралы заңында, конституция және басқада нормативтік  құқықтық актілер ҚР, оған коса  шетелдік келісім-шарттар.

Республикада инвестор өз инвестициясын әрбір объектке, әртүрлі кәсіпкерлікте жүзеге асыру құқығы бар. Тек қана қайшы келетін жағдай ҚР заңнамасындағы актілерде қарастырылған жайттар. Олар: көрсетілген зиян (немесе залал) түрлері үшін сонымен қатар заңға қайшы келетін әрекет ету.

ҚР кепілдік етеді;шартты келісім, шарттар тұрақтылығы, шетел инвестицияларымен мемлекеттік органдармен арасын бақылау. Тек қана шарттарға өзгерістерді енгізу екі жақты келісімді болуы керек.

Инвестор дың жеке мүлігін күштеп алу (ұлттық, реквизиция) мемлекет қажеттілік беріледі, тек қана ҚР заңдық акттарымен.

Қазіргі кезе  Қазақстан шетел инвестицияларын экономикалық жағдайда тартудан алдағы қатарда деп айтуға болады. Инвестициялық жұмыстың даму барысында, Қазақстан халықаралық эксперттердің бағасы бойынша ендерлік деңгейде, оны сол елдердің арасында өткізген инвестициялық реформадан көруге болады.

Қазақстандағы инвестициялық климатының жақсы дпмуы ретінде                                                         

Халықаралық инвестициялардың  Standart Pocr*s Mody*s Investors Servis. Тердің жағдайындалуы.

Қазақстан өз ішіндегі инвестициялық саясаттың тұрақтылық және анықтылық прнинциптерін, инвесторлар мен қарым-қатынаста қолдайды.

90 жылдардың  басында негізгі Қазақстанның  приоритеті  мұнайгазы мен таукен  орындарын дамытудың секторына  бағыттанса, екінші күні бұл бағыттар  өзгерген.

Мемлекеттің тұрақты және болашақ моделі Қазақстан диверсификация сұрағын шешуді талап етеді.

Негізігі приоритет ретінде жоғары технология, бәсекелестік қабілеті т.б осы приоритеттердің мемелекеттік қолдау процестері институттар мен механизмдер де инвестициялық ресурстардың бәсекелестік секеторы болып келеді. 2001 жылы АҚ « Банк Развития Казахстана» құрылды. Ол ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялық жобаларды кәсіпорындарға несиелендіру үшін қолданды.

Информация о работе Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері