Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 21:38, курсовая работа
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру, онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп,
Кіріспе
Негізгі бөлім
Инвестициялық қорлар
1.1. Инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асыру негіздері
1.2. Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері
2. Қазақстанның инвестициялық қоры
2.1. Қазақстанның инвестициялық саясаты
2.2.Қазақстандық инвестициялық қорлардың қаржылық жағдайын талдау
3. Шетел инвестициялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қолданылатын бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда:
Дегенмен, бірқатар жағымсыздықтар да кездеседі, олар республиканың экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін қатерлердің пайда болуына жағдай жасайды. Олар мыналар:
Нәтижесінде, 1996 жылғы қарыздарды
өтеу, еңбек ақыны дер кезінде төлеу,
зауыттар жұмысының ырғақтылығы, экспортты
ұлғайту сияқты көрсеткіштері – 1995 жылдың
объектілерді шетел инвесторларының басқаруына
жаппай беру көрсеткіштерінен едәуір
төмен болды.
Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы
инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық
параметрдің төмендегі факторларымен
тежеліп отыр.
Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы.
Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.
Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.
Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәукелділіктерін компенсациялайды
Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.
Бесінше – жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік салының негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.
Алтыншы – тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.
Осының салдарынан амортизациялық төлемдер мен ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) арасындағы арақатынас шектен тыс жоғары болып отыр. Нәтижесінде, жоғарыда аталған себептер әсерінен Қазақстан экономикасында өндірістік шығындардың бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен шынайы пайдалылығы, бюджетке төлемдердің жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде кәсіпорындар қаржыларының жоғарылауы көрініс алып отыр.
Көптеген экономистер мемлекеттік басқаруды аз талап ететін саясаттардың жүзеге асырылуы нұсқаларын ұсынып отыр. Бірақ жоғарыда аталған факторлар Қазақстан Республикасының өзіне тән ерекшеліктері жағдайында инвестициялық белсенділікті көтеру үшін, қолайлы жағдайларды қалыптастыру әдістерін белсенді қолдану мемлекет тарапынан талап етіліп отыр (бәсекелестік қабілеті бар отандық өндірушілерді бюджеттік қаржыландыру және қолдау, балансталған сыртқы экономикалық саясатты (СЭС) жүргізу, өнеркәсіптік даму саясатын үйлесімді түрде байланыстыру және т.б.).
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, соның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы кеңістік өзінің терең нарықтық өзгерістері сатысына енуде жоғары инвестициялық белсенділікті танытты. ІЖӨ құрылымында негізгі капиталға инвестиция салудың үлесі 30-40%-тен асты. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың мұндай сапалы сипаттамасы жоқ.
Ұзаққа созылған өндірістік құлдырау, инфляцияның жоғары деңгейі – инвестициялық сұраныс жолындағы тежегіштер болды. Бұл жағдайда талдау көрсетіп отырғандай, инвестициялардың төмендеу динамикасы 1990 жылғы деңгейге қарасты ІЖӨ-нің төмендеуі динамикасынан бірнеше есеге көбейіп отыр.
Инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететін алғашқы себептер қатарына мыналар жатады: бюджеттік саясаттың қатандығы және шиеленіскен ақпараттық хал-ахуал.
Айналым капиталының инфляциялық құнсыздануы, экономикалық байланыстардың үзілуі, несиелерді берудегі шынайы емес шарттар, жекешелендіру саясаты нәтижесіндегі ауыр төлемдік дағдарыс – жаппай банкротқа ұшырау және халық шаруашылығының барлық салаларының қаржылық жағдайының нашарлауына әкелді.
Мұндай жағдайларда
Экономикалық жағдайдың ауырлығы халық шаруашылығының бірқатар салаларын, ең алдымен қор құрайтын салалар үшін аман қалудың қиын жағдайларын туғызды. Экономикалық тұрғыда аман қалу үшін қазба өнеркәсібі саласы аз шығынды болғандықтан, ішкі де, сыртқы да инвестицияларды тарту үшін өте басымды болды. КСРО кезінде де көрініс тапқан техника мен құрал-жабдықтарды қолданылудың жоғары мерзімі, инвестициялық сұраныс қысымының нәтижесінде негізгі қорлардың бұзылуы күшейді, ал негізгі қордың моральдық емес, табиғи тозуы 40% шегінде өзгеріп отырды. Кәсіпорындардың өзіндік қаржылары инвестицияға деген сұранысты 25-40% деңгейінде қанағаттандыра алды.
Елдегі қаржылық, несиелік жүйелер мен оның институттарының дұрыс қалыптасуы шетелдік капиталдың жаппай өктемдік жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасады.
Мемлкеттік меншікті жекешелендіру процестерінің кезеңдері іс жүзінде меншік формаларының ұдайы өндіріс процестеріне әсер ете алмайды. 1993-1996 жылдарда Қазақстанға шетел инвестициялары 6,2 млрд.доллар көлемінде тартылды.
2.2.Қазақстандық
инвестициялық қорлардың
Бұл зерттеуімде статистикалық мәліметтерге сүйене отырып Қызылорда облысында орналасқан «Орда Капитал» АҚ-ның «Даму Инвест» ашық инвестициялық пай қорының соңғы үш жылдағы активтерінің көрсеткіші талданған.
мың тг |
||||||||||||
"Даму Инвест" АИПҚ |
2008 ж |
2009 ж |
2010 ж |
өзгерісі | ||||||||
сома |
% |
сома |
% |
сома |
% |
(+/-) |
% | |||||
активтер жиынтығы |
134964 |
100 |
346251 |
100 |
312424 |
100 |
177460 |
131,49 | ||||
міндеттемелері |
554 |
0,41 |
3473 |
1 |
2028 |
0,65 |
1474 |
266,06 | ||||
таза активтері |
134410 |
99,59 |
342778 |
99 |
310396 |
99,35 |
175986 |
130,93 |
Жоғарыдағы кесте бойынша
соңғы 2010 жылдағы активтері бойынша
өзгерісі 2008 жылмен салыстырғанда 177460
мың теңгеге өскендігі
Осы активтер жиынтығының ішіндегі міндеттемелері 2008 жылы 0,41%, 2009 жылы 1%, 2010 жылы 0,65% құраған. Талдау бойынша соңғы 2010 жылдағы міндеттемелерінің өзгерісінде 2008 жылмен салыстырғанда 1474 мың теңгеге өскендігі байқалады. Бұл шамамен 266% артқандығы.
Ал таза активтері 2008 жылы 99,59%, 2009 жылы 99%, 2010 жылы 99,35% құрағын. 2008 жылғы таза активтер сомасы 134410 мың теңгеден 2010 жылы 310396 мың теңгеге көтерілген. Бұл үш жылда таза активтер сомасы 175986 мың теңгеге , яғни 130% артқандығы.
3.Шетел инвестициялары
Шетел компаниялары мен мемлекеттер басқа елдермен тікелей инвестициялар жүргізе отырып, инвесторлар базарды тез қалдырып кету мүмкіндігінен айрылады. Бірақ, соған қарамастан олар бұрынғыдан да гөрі қауіп-қатері көп ұзақ мерзімдік қаражат салуға әзір, өйткені мұндай жағдайда кіріс тәуекелмен салған ақша мөлшерінен асып түседі. Тікелей шетелдік инвестиция “ел қоры” секілді жанамалы инвестицияның күрделі қаржы мөлшерінен әлдеқайда артық. Осыдан барып дамушы елдер инвестицияның бұл түрлеріне көбірек қызығады деген қорытынды жасауға болады. Тікелей шетелдік инвестициялар әрқилы жүзеге асуы мүмкін.
Қабылдаушы-елдердің жергілікті
қор биржаларынан осы компанияның
акцияларын компанияларға тікелей
сатып алу жолымен қатысуы
шектеулі. Бұл инвестициялар көбіне
инвесторлар тиісті фирманың өндіріс
қызметін бақылау және осы басқару
процесіне ықпал жасай аламайтын болғандықтан,
енжар, немесе “портфельдік” деп аталады.
Әдетте шетелдік фирмаларға қатусыдың
шектелуі – бұл мемлекеттің кәсіпорындарын
жекешелендіру және айырбас, қарыз акциялар
секілді мемлекеттік фирмаларды да конвертициялау.
Қабылдаушы-елдер фирмаларымен лицензиялық
келісім, халықаралық корпорация жергілікті
фирманың белгілі бір технологиясын өндіріп,
ішкі базарда тарау үшін пайдалану хұқын
бере алады. Жергілікті фирма халықаралық
корпорацияға оның технологиясын пайдаланғаны
үшін ақы төлейді. Мұндай келісім үлкен
қатерге бас тікпей-ақ, халықаралық корпорацияның
шет ел базарына шығуына мүмкіндік береді.
Кейде халықаралық корпорация соңынан
лицензиялық келісімдер жасау үшін жергілікті
фирмалардың акцияларын сатып алады.
АҚШ-тың сауда палатасы өз құрамына кіретін компаниялардың материалды негізінде бір елге күрделі қаржы беру кезінде американың халықаралық корпорациялары нені басшылыққы алады дегенді анықтау мақсатымен кең көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жергілікті базардың мінездемсесі. Базардың тартымдылығы мен халықаралық корпорациялардың қызмет етуі ең басты фактор болып саналады. Базардың арзаншылығы. Жергілікті базарды қамтамасыз ететін немесе оған қол жетерліктей мүмкіндікті, шамадан тыс болмаса да, шектейтіндей жергілікті заң мен нормативтік жағдайлар кәсіпорынның потенциальдық табысы мен тиімділігін арттыру ықтимал.
Валюталық қауіп. Жергілікті валютаның құны өзінің негізгі (әлемдік валютаға қарағандағы) экономикалық қызметінің нәтижелерімен күңгірт бағаланатын тұрақты қатты валюталарға (иен, неміс маркасы, әсересе доллар) шаққандағы халықаралық корпорациялардың шығышы мен пайдасына тікелей қатысты.
Қаржының қайта оралуы.
Инвесторлар қабылдаушы-елден
Интеллектуалды меншік бұл компанияның
метериалдық емес (мысалы зерттеу) меншігі.
Бұған техникалық прогрестер, бағдарламалық
қамсыздандырулар және маркетинг енгізу
тәсілдері жатады. Техникалық хабарларға
жекеменшіктік құқы бар жетекші индустриалық
державаларда компаниялардың меншіктік
құқы патенттермен, авторлық хұқықпен,
сауда маркаларымен, коммерциялық құпияларды
сақтау заңдарымен.