Инвестициялық қорлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 21:38, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру, онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп,

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Инвестициялық қорлар
1.1. Инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асыру негіздері
1.2. Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері
2. Қазақстанның инвестициялық қоры
2.1. Қазақстанның инвестициялық саясаты
2.2.Қазақстандық инвестициялық қорлардың қаржылық жағдайын талдау
3. Шетел инвестициялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

инвестиция.docx

— 58.36 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

Жоспары

 

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
    1. Инвестициялық қорлар

1.1. Инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асыру негіздері

1.2. Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері

2. Қазақстанның инвестициялық қоры

2.1. Қазақстанның инвестициялық саясаты

2.2.Қазақстандық инвестициялық  қорлардың қаржылық жағдайын  талдау

3. Шетел инвестициялары

    1. Қорытынды
    2. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі кезде Қазақстанда  жүзеге асырылып жатқан инвестициялық  процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына  айналып, еліміздегі реформаларды табысты  іске асырудың басты себебі болып  отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру, онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан  қаржыландырудың көздерін анықтап  және оларды қалай басқарудың амалдарын  саралап және де Қазақстан Республикасындағы  банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын  жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.  

Зерттеудің мақсаты—қаржы  нарығындағы инвестициялық қорға сипаттама  бере отырып, Қазақстанның инвестициялық қорларының қаржылық жағдайына талдау жасау.

Зерттеу жұмысы үш бөлімнен: бірінші бөлімінде инвестициялық қордың теориялық негізі, екінші бөлімінде Қазақстанның инвестициялық қорларының қаржылық жағдайын талдау, ал үшінші бөлімде шетел инвестициясына сипаттама. Сонымен қатар қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Инвестициялық қорлар
    1. Инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асырудың негіздері

 

«Инвестиция» ұғымы кең  мағынасында – ел  экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің механизмін білдіреді. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қаржы институттары құрылады, оның ішінде инвестициялық  қорларды бөліп көрсетуге болады.

Ол қаржы нарығында  инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарын тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттарын әртараптандыруды ескере отырып, бағалы қағаздарға кейін  инвестициялаудың есебінен қауіпті  азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл  қорлардың маңызы жоғары, өйткені  ол өз қолына түпкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылардың  қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ бұл қорлар инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салудың көздері болып  табылады. Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т.б.

Инвестициялық қор өзіндік  акцияларды шығару әрі ашық орналастыру  жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық  портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам  формасында құрылады, кез келген заңды  және жеке тұлға оның акционері бола алады.

Бұл қорлардың барлық қызметі  әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық  салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфельді қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.

Қор негізінен ұсақ, жеке инвесторлардың есебінен акцияларды айналымға  шығару арқылы ақша қаражаттарын тартады. Қор түскен қаражатқа кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады және өз салымшыларын акция бойынша белгілі бір табыспен қамтамасыз етеді.

Инвестициялық қор өз қызметінде нақты қағидаларды басшылыққа алады:

  • инвестициялық салымдарды әртараптандыру;
  • бағалы қағаздармен аса қауіпті операцияларды жүзеге асыруға  тыйым салу;
  • бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;
  • жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу.

Инвестициялық қор өндіріспен және сауда-саттықпен айналыспайды (бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардан  өзге), кез келген кепілдік түрін  бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ кастодианның, тіркеушінің  және бірлескен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акцияларын сатып  алмайды; 6 айдан көп болмайтын  мерзімге банктерден қарыз қаражатын  тартады, бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, қарызды  кез келген тәсілмен береді, сонымен  бірге опциондық және фьючерстік шарт мәмілелерімен, маржа, «ықшамдап  сату» мәмілелерімен айналысады.

Инвестициялық қордың ұйымдық  құрылымын былайша көрсетуге  болады: акционерлердің жалпы жиналысы →басқарма→инвестициялық қордың басқарушысы.

Кез келген АҚ акционерлерінің  жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық  қорда олар мынадай мәселелерді  шешеді:

    • инвестициялық қордың типін қайта құру (өзгерту) туралы;
    • инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы;
    • бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ тіркеушілері және кастодиандармен келісімшартқа отыру (бекіту) туралы.

 

Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда  қарастырылған құзыреттілігінен өзге де өз құзыреттілігі болады, мысалы, ол бұқаралық ақпарат құралдарында басқарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен қаржылық жағдайына  қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отырады. Басқарманың мүшелері лауазымды  тұлғалардың, осы қорды басқаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тыйым салынған). 

Инвестициялық қордың басқарушысы – бағалы қағаздардың портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті орындайтын және инвестициялық қормен бекітілген келісімшарттың негізінде әрекет ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт – тиісті лицензияның болуы.

Инвестициялық қордың қызметі  Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңдар жиі бұрмаланған жағдайда, басқарушының лицензиясы қайтарылып алынған  жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып алуға қабілетсіз болғанда тоқтатылады.

    1. Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері

 

Қазақстан Республикасының  заңдары инвестициялық қорлардың  белгілі бір типтерін анықтап  береді.

Екі негізгі типі: өзара қор және инвестициялық компания болып бөліп көрсетіледі.

Өзара қор барлық тілек білдіруші инвесторлардың қаражатын тартатын және өздері айналысқа шығарған акцияны өз акционерлерінен сатып алуға міндеттеме қабылдаған ашық инвестииялық қор болып табылады. Олар қосымша эмиссияны жүзеге асыру қажет болған жағдайда жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз акцияны шектеусіз мөлшерде шығара алады. Ол (өзара қор) артықшылығы бар акцияны шығармайды. Сонымен қатар, өзара қор былайша сипатталады: оның акциялары ұйымдастырылмаған нарықта айналысқа түседі, акцияға бағаны күн сайын белгілеп отыру міндеттемесі заңмен анықталған.

Инвестициялық компания – бұл осы қордың құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды және жеке тұлғалардың қаражатын тартатын жабық инвестициялық қор. Өз акционерлерінің айналысқа шығарған акцияларын сатып алуға міндетті болмайды, ал оның жарғылық капиталы жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз қосымша акцияларды шығару арқылы көбейтілмейді немесе акциялардың бір бөлігін өтеу арқылы кемітілмейді. Инвестициялық компанияның акциялары қор биржаларында айналысқа түседі. Компанияның күн сайын акция бағасын белгілейтін міндеттемесі болмайды, артықшылығы бар акцияны шығаруға құқығы бар.

Үлестік (шартты) және акционерлік (корпорациялық) инвестициялық қорлары  бөліп көрсетіледі.

Үлестік инвестициялық  қор (шартты) былайша бөлінеді:

    • ашық – пайды  2 аптада ең аз дегенде 1 мәрте сатып алады;
    • жабық – жарнашының (пайшы) пайды (үлесті) сатып алуға құқығы болмайды;
    • интервалды – пайды жылына ең аз дегенде 1 мәрте сатып алуы керек.

Оның қаржылық капиталы құрылтайшылардың (үлескерлердің) салым қаражатының  үлестерінен құрылады. Оның басқа  қызмет түрлерін атқаруға құқығы болмайды, бағалы қағаздар ұйымдастырылған нарыққа  түспейді.

Инвестициялық қордың акционерлік  формасының артықшылығы мынада: нарықта  пайға қарағанда акцияны сату оңай, қордың акционері жай АҚ-дағы секілді акцияны сатып алуды талап ете алады. Акционерлік инвестициялық қордың негізгі сипаттамасы мынада: ол басқа қызмет түрлерін жүзеге асырмайды және жай акциядан өзге қаржылық құралдарды шығармайды. Қордың бағалы қағаздары ұйымдастырылған нарықта айналысқа түспейді, ал жарғылық қор акциялардан құралады.

Қор инвестициялық стратегиясының сипатына қарай шартты түрде мына санаттарға бөлінуі мүмкін:

    1. Бағамдарының  тәуекелі шектеулі бағалы қағаздарға капиталды инвестициялаушы.
    2. Бағалы қағаздар бағамының тәуекелі шектеулі жоғары болған жағдайда табыстың өсіміне бағдарланушы.
    3. Қаржылық активтерді әртараптандырушы.
    4. Ақша нарығының пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданушы.

Бірінші санатқа көбінесе жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік  инвестициясын және тәуекелі төмен  бағалы қағаздарға жатқызылған мемлекеттік  емес облигацияларды сатып алатын ұжымдық  инвестиция мекемесі жатады.

Екінші топқа ұзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыратын қорлар кіреді. Олар акцияның базасында пайда  болған бағалы қағаздарды, айырбасталатын облигацияны және акцияны сатып  алады. Мұндай компанияның клиенттеріне қауіпті жоғары болатынына қарамастан өз акцияларының ең аз дегенде бір  бөлігін орналастыруға келісімін  берген тұлғалар жатады.

Үшіншісіне әр түрлі бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді қаражат салымдарын диверсификациялайтын қорлар жатады, өйткені бұл капиталдан айырылып қалудың қауіпін азайтатын сенімді  әдіс болып табылады. Мұндай инвестициялық  стратегияны жүргізу үшін үлкен  капиталға ие болу керек.

Төртінші топ ақша нарығының  пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданған қорларды қамтиды. Олар өте қысқа мерзімді инвестицияларды  жүзеге асырады, тіпті бір күндік мәмілелермен де айналысады. Сол себепті  де капиталдан айырылып қалудың қауіпі аз болады. Портфельдік инвестицияның  құрылымы мен мұндай инвестициялық  қорлардың клиентурасы әр түрлі  – банк депозиті бойынша табыспен салыстырғанда өз ақшаларына ең жоғары пайызды алғысы келетін жеке тұлғалар мен фирмалар.

 

 

2.  Қазақстанның  инвестициялық қоры

2.1. Қазақстанның инвестициялық саясаты

 

Инвестициялық саясаттың  әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде  қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:  үкіметтік несиелер мен  кепілдемелерді шектеу   Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын  көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп  жатыр. Капиталды тартудың мұндай формасының басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:

  • тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;
  • донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;  
    елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;
  • тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.

 

Мұның барлығы Үкіметтің  орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын  қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен қатар шетел  капиталын салу бағыттарына мыналар  жатады:

  • біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
  • шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;
  • акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;
  • банктік мекемелерді инвестициялу.

Информация о работе Инвестициялық қорлар