XIX ғасыр тіл біліміндегі ағымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 09:16, реферат

Краткое описание

Тіл білімі өзінің бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болып отырды және қазір де бар. Ондай ағымдардың тууына түрткі болған себептердің бірі - тілдің өзіндік табиғаты мен мәнін ашу мәселесі. Кейбір ғалымдар тілдің қоғамдық мәнін дұрыс түсініп, оны қоғамдық құбылыстар қатарына жатқызса, енді бір топ зерттеушілер тілді табиғат құбылысы деп түсініп, оны зерттейтін ғылымды табиғаттану ғылымдары тобына қосты, тілді таза психикалық құбылыс деп санап, тіл білімін психология ғылымына тәуелді етпекші болғандар да болды. Осындай көзқарастағылар өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өз алдарына лингвистикалық мектептер болып қалыптасты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

XIX ғасыр тіл біліміндегі ағымдар.doc

— 70.50 Кб (Скачать документ)

Үнді-Еуропа тілдерінің материалдары негізінде түрлі салыстырма сөздіктер, салыстырма грамматикалар жазылды. Туыстас тілдер фактілерін бір-біріне диахрондық жолмен салыстыру әдісі өзінің ең жоғары сатысына көтерілді. Осылардың бәрі жас грамматикалық кезең - салыстырмалы-тарихи тіл білімі дамуының ең гүлденген заманы болды деуге мүмкіндік берді.

Жас грамматикалық  бағытта жетістіктермен қатар көптеген кемшіліктер де болды. Оларды топтап жинақтасақ төмендегідей болмақ:

1) жас грамматистердің  тілдің табиғаты жөніндегі философиялық концепциялары дұрыс болмады. Олар тілді туғызатын да, дамытатын да жеке адамдар дегенге сүйеніп, тіл білімінің теориялық негізі индивидумдар психологиясы, лингвистиканың міндеті - индивидумдар тілін зерттеу деді;

2) фактіге сүйену дегенді желеу етіп, ғылыми абстракция- 
ның мәнін ескермеді, нақтылы фактілермен дәлелдеуге бол- 
майтын дыбыс тілінің шығуы, оның алғашқы дәуірдегі сипаты 
сияқты мәселелерді тіл білімінің объектісі емес деп жариялады;

3) тілдің  құрамдық бөлшектерін бір-біріне  байланыссыз жеке-жеке талдаушылыққа бой ұрды. Бұл - тілдің элементтері бір-бірімен тығыз баяланыста тұратын біртұтас жүйе деп тануға кедергі болды.;

4) лингвистикалық  талдау - сөйлеу тілі фактілеріне  сүйену керек деген қағиданы берік ұстап, жазба тіл дәстүріне жеткілікті мән берілмеді;

5) барлық назар туыстас тілдер фактілерін өзара салыстыра зерттеуге аударылды да, туыстас емес тілдердің бір-біріне тигізетін әсеріне, тілдік контакт мәселесіне жеткілікті көңіл аударылмады;

6) тілдің өзіндік ішкі даму заңына, фонетикалық заң мен аналогияға шешуші мән беріп, тілдік құбылыстарға экстралингвистикалық жайттардың    тигізетін әсерлерін ескерусіз қалдырады;

7)  зерттеу істерінде бір ғана диахрондық, индуктивтік әдіс- 
терге сүйенді де, синхрондық, дедуктивтік әдістерге жөнді мән 
бермеді, ондай зерттеулерді ғылыми емес деп санады.

Жас грамматикалық  бағыттың осындай олқылықтары XIX ғасырдың соңғы он жылынан бастап айқын байқалды. Олардың концепциясына наразы пікірлер, жаңаша бағыт-бағдар іздеушілер әр жерде, әр елде бой көрсете бастады. Тіл білімі жас грамматикалық концепцияларға қарсы күресу, зерттеудің жаңа жолын іздеу үстіне ХХ ғасырдың есігін ашты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылатын  әдебиеттер

Негізгі:

1. Амирова Т.А. , Ольховиков Б.А. Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики. М., 1975

2. Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985

3. Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978

4. Бодуэн де  Куртенэ И.А. Избранные труды  по общему языкознанию. Москва, 1963.

5  Гумбольдт  В. Фон. Избранные труды по языкознанию.-М.,1984

6. Звенгинцев В.А. Внутренние законы развития языка. М., 1954

7. Кодухов В.И.Общее языкознания. М., 1974

8. Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білмі. А.,2004

9. Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990

10 Мейе А.Сравнительный метод в историческом языкозании. М., 1954

11 Методы лингвистический исследований. М., 1973

13. Общее языкозанания. М., 1970, 1972; М., 1973.

14 Хрестоматия  по истории языкознания XI-XX веков. Құрастырған: Звегинцев В.А. М., 1956

15 Чикобва А.С. Проблема языка как предмета языкознания. М.,1959

16 Щерба Л.В.Избранные  работы по языкознанию и фонетике.М., 1959

17 Языковые универсалии  и лингвистическая типология.  М.,1969

 

 

1 Алпатов В.М.  История лингвистических учений. – М. : Языки славянской культуры, 2005. – 368 с.

2 Амирова Т.А. , Ольховиков Б.А., Рождественский  Ю.В. Очеркеи по истории лингвистики.  – М. : Наука, 1975. –  201 с.

3 Аханов К.  Тіл білімінің негіздері. –  Алматы, 1993. – 496 б.

4 Березин Ф.М.  История лингвистических учений. – М. : Высшая школа, 1984. – 278 с.

5 Рүстемов Л.З.  Лингвистика ілімінің тарихы. –  Алматы, 1970, 1984. – 198 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе XIX ғасыр тіл біліміндегі ағымдар