Лекции по "Казахскому языку"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 10:06, курс лекций

Краткое описание

Сабақтың тақырыбы: «Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз»
Сабақтың мақсаты: Күн, су, ауа, жер - адамзаттың ортақ үйі, табиғат сыйы, олардың тіршіліктегі маңызы мен құндылығы туралы білімдерін кеңейту. Өтілген тақырыптар арқылы қарлығаш құстың тапсырмасын қайталау.
а) Білімділігі: Балаларға көрсетілген заттарды, сан, көлем, кеңістікті, геометриялық пішінді бір - бірінен ажыратуға, ертегілердегі кейіпкерлердің орындау тілінің шеберлігі, тақпақтарды сөзбен, жұмбақтарды айтуға дағдыландыру.

Содержание

Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Мақал – сөздің мәйегі
"Адам болам десеңіз"
«Сөз анасы – сәлем»
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Дені саудың – жаны сау
Салауатты өмір салтын
Менің алғашқы ұстазым
Тұңғыш президент

Прикрепленные файлы: 1 файл

Күн.docx

— 56.11 Кб (Скачать документ)

Дені саудың –  жаны сау

Тақырыбы: «Дені саудың –  жаны сау». 
Тәрбие сағатының мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. 
Құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы! Бүгінгі «Дені саудың – жаны сау». 
сайысына қош келдіңіздер! Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек. 
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы ж/е жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтаға арналады. 
Топтарды таныстыру: 
1 - топ – «Шымыр» тобы – « Шынықсаң шымыр боласың». 
Шапшаңдығыңа қайран қалам, 
Жете бер мақсатыңа армандаған 
Майысып, өнерімен тәнті еткен 
Асылхандай баланы қайдан табам. 
 
Көңіліңнің қошын – ай, көпшіліктің досындай. 
Ақ ниетті кең пейіл, біздің Еламан осындай. 
 
Шыңдап күнде мен енді, шынықтырып денемді, 
Деген оймен Сағыныш, жарысуға келіп тұр. 
2 - топ – «Сымбат» тобы – «Сымбатты болу қолыңда» 
Көркіне қарап тұрсаң бал тамады, 
Сөйлесе қас шебердің аңсағаны. 
Ән айтып, би билеу, бір Зухраның бойынан табылады. 
 
Көргенде жымиып, әрқашанда күліп жүреді үнемі. 
Жарыста озып шығам деп, сайысқа Архат келеді. 
 
Біздермен ойнап күледі, cырымызды біледі. 
Қасымызда Елдос, қақтығысып жүреді. 
Өнерлеріңді салыстырып, өздеріңді жарыстыратын, қазылар алқасымен таныстырып қояйық 
1. Ольга Вячеславовна 
2. Гульнар Ануаровна 
3. Людмила Николаевна 
Мәңгі бақи есте қалар, қызықты бір ойын болсын, 
Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын. 
1. Бәйге сайысы. 
1. Пайдалы тағамдар /айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз/. 
2. Пайдасыз тағамдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока – кола/. 
3. Зиянды әдеттерді атаңдар?/темекі шегу, қолды аузына салу/. 
4. Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама неше алтын, неше күміс, неше қола жеңіп алды? /7 + 1 +5/ 
5. Қазақстанның әуесқой боксшысы, Лондон Олимпиядасының чемпионы, алтын жүлдегер кім?/Серік Сапиев/ 
6. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық кім? 
7. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? /көкпар, қыз – қуу, асық ату, аударыспақ/. 
8. Қазақтың ұлттық тағамы (бесбармақ) 
 
2. Көрініс – «Жаман әдеттерден аулақ бол». 
3. «Кім жылдам» ойыны. / қарындашпен астын сызу/ 
«Шымыр» тобы Денсаулыққа пайдалы факторлар. 
«Сымбат» тобы – Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар. 
Еңбек, еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ, жеміс – жидек, насыбай, дұрыс дем алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау, көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану, тамақты асығып жеу, қолды сабындап жу, дастарқан басында қисаймай түзу отыр, тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау, тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен тұщы тағамдарды көп жеу. нан екі қолмен үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шәю, жеміс – жидектерді жумау, асқа бата беру. 
Үй тапсырмасы. Жарнама. «Денсаулық – зор байлық». 
 
«Шымыр» тобы: Мынау айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып алып ішкен тиімді. Әрі арзан, әрі дәмді. 
«Сымбат» тобы: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит алғанша, осы құртты сатып алған тиімді. 
«Шымыр» тобы: Мынау алма, кәмпит басқа да тәттілерді жегенше жеміс – жидектерді же. 
«Сымбат» тобы: бұл сабын. Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Бетті, қолды күнде жуып отыру керек. 
«Шымыр» тобы - Денсаулықтың тағы бір дауасы – таза ауа. Табиғат ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан ауаның ластанбауына өз үлесімізді қосайық. 
«Сымбат» тобы - 
Денсаулық мықты болуы үшін ми демалысы – ұйқының орны ерекше. Адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені сау бала тәулігіне10 сағат ұйықтауы керек. Бала күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтап, бір, бір мезгілде тұруы керек. 
4. Ойын «Білек күрес». 
Білек күшін сынаймыз. 
Кім епті екенің сыныпта, 
Күштілер бар біздерде 
Төтеп берер тығырықта деп, оқушылар білек сынысады. 
Біреуінің жүрегінің түгі бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар, 
Біреуінің күмбірлеген күйі бар, енді біреудің қатты істейтін миы бар. 
5. «Тапқырлық» сайысы. Мақал – мәтелдерді аяқтау. 
1. Денсаулық -........................ (зор байлық) 
2. Тәні саудың -....................... (жаны сау) 
3. Емнің алды -................................ (еңбек) 
4. Тазалық – саулық негізі, саулық -................. негізі. (байлық) 
5. Шынықсаң -..................... (шымыр боласың) 
6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын............. ізде. (жол) 
7. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса....... /аузыңды тый/ 
8. Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан...../азады/ 
9. «...... қадірін ауырғанда білерсің» 
10. «....... жасырған өледі» 
6.«Шығармашылық тапсырма» берілген суреттерден сөздерді табу. 
7. «Шопан» сайысы. Мына жатқан обручтарға шарларды апарып салу керек және ал екінші барғанда оны жинап әкелу қажет. 
8. «Жұмбақ сайысы». 
1. Ертемен күнде сен, 
Қолыңды сүйкесең, 
Кетіп кір - ласың 
Тап – таза боласың 
Бұл не?(сабын) 
2. Аузы жоқ, көзі жоқ, 
Тілі жоқ, сөзі жоқ. 
Бірақ та тісі бар 
Басыңмен ісі бар 
Бұл не?( тарақ) 
3. Ақ қарда тек тұрмадым, қос тақтаймен зырладым. /шаңғы/. 
4. Аяқтарым қалтылдап, қос тай міндім жалтылдақ. 
Шапса жұбын жазбайды, бір – бірінен озбайды. /коньки/ 
5. Иілсең иіліп, 
Түйілсең түйіліп, 
Қарайды кісіге 
Ұқыпты ісіне 
Бұл не?(Айна) 
6. Шомылған баланы 
Аймалап алады. 
Сипайды қолын да 
Сипайды жонын да 
Бұл не? (Сүлгі) 
7. Бір атым бар, құлын болып тумаған. 
Құнан болып өспеген. /велосипед/ 
8. Ұрып қалсаң кері атып, оралады өзіңе. 
Көрсең досы бері атып, қайтып барар өзіңе./ доп/. 
9. Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау. 
Қорытынды. «Қара жорға» биі. 
Әділқазылар алқасы әр топтың әділ бағаларын беріп, марапаттайды.

 

 

Салауатты өмір салтын

 
Салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны  бейімдеу 
 
Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. 
 
Дені сау бала оқу процесіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл-күйі жоғары болады. Сондықтан біздің міндетіміз - әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға деген құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бала бойындағы қасиеттерін дамыту.  
 
Біз әр сабағымызда сыныптың тазалығына көз жіберіп, сонымен қатар баланың орындықта түзу отыруын қадағалаудан бастауымыз қажет. 
 
Әр мұғалімнің өз сабағында дені сау адамның мүмкіншілігінің зор екенін, денсаулық ең құнды байлық екенін ескеріп және де салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны бейімдеуі тиіс. 
 
Салауатты өмір салты дегеніміз – адамның тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек ету, өзінің рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, саяси және қоғамдық өмірге белсене қатысу, бос уақытын дұрыс пайдалану. 
 
ХХІ ғасыр компьютер мен техниканың дамыған заманында дабыл қағатындай мәселелердің бірі: 
- Балалар кітап оқудың орнына күндіз – түні компьютерге телміріп өсіп жатыр. Денсаулыққа зияндығына мән берілмей жатыр демекпін. 
- Балалардың көркем әдебиетке қызығушылықтарының жоқтығы. 
- Соған байланысты сөйлеу мәдениетінің төмендігі. 
Бұл проблемалардың шешіміне кітап оқудың бірнеше әдіс тәсілдерін дұрыс жолға қоя білу. 
Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл, терең білуге. Артық білім кітапта. Ерінбей оқып көруге. 
- Кітап алғыр ойлауға баулиды; 
- Кітап – ол дос, жұбатушы; 
- Ойлау және сезіну қабілетін қалыптастырады; 
- Сезім тәрізді ми гимнастикасы; 
- Мазмұнымен нәр татқызып рухани қолдау береді; 
Бастауыш сынып баласының кітап оқуға ынтасын, көңілін ашып қызықтыра білу керек. «Кітапхана бұрышын жасау» ұйымдастыру. Нәтижесінде: Осы ұйымдастырылған «Кітапхана бұрышы» арқылы ең үздік оқырман атағын жариялап, мадақтау қағаздары беріледі. 
Қай ертегіге қатысты... 
 
• Өз қалауымен оқылған кітаптарды дәптерге тізіп жазып отырған дұрыс немесе кесте толтыруға болады. 
 
Кітап оқу қажет деушілер: 
- Шешендік қабілет артады; 
- Сөз қоры ұлғаяды; 
- Ойлау жүйесі жүйрік; 
- Ақыл ой қалыптасады; 
- Әр сұраққа жауабы нақты болады; 
- Оқушы салауаттанады; 
 
Кітап оқу қажет емес деушілер: 
- Бос уақыты көп болады; 
- Оған уақыт жоқ 
- Оған келген жағдайда кітап дүкеніне, кітапханаға барудың қажеті жоқ; 
- Интернет тұр ғой жүкте де оқи бер; 
 
Нәтижесінде оқушылар неге қол жеткізе біледі: 
- Білім алуға 
- Рухани жетілу; 
- Инабаттылыққа, имандылыққа; 
- Ішкі жан дүниесінің тазаруына; 
- Жақсылық тілеуге;  
- Бейбітшілікті сақтауға; 
- Қанағатшылдыққа, адамгершілікке; 
 
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

Менің алғашқы  ұстазым

 

Тақырыбы: Менің алғашқы ұстазым 
Мақсаты: «Ұстаз» сөзінде қаншама мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым барекенін жеткізу. Ұстаздардан алатын үлгі - өнеге, тәрбиені қадірлеп, ұстаздың әрбір үйреткен тәрбие, біліміне құрметпен қарауға шақыру. 
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, қанатты сөздер, қабырға газеті 
 
Ұйымдастыру 
Өту барысы: 
М: Армысыздар, құрметті ұстаздармен оқушылар! Сіздерді «Ұстаздар» мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз 
Ұстаз! Осы бір сөзде қаншама мән – мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.. «Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі», - деген Ыбырай атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны анық. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, не бір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер бәрі бір адамға қарыз. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат етіп аттандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. 
 
1 оқушы: 
Ұстаздардың бар айтқанын 
Ұлағатын ұғыңдар 
Сөйтіп әрбір сабақтан, 
Сәл есейіп шығындар 
 
2 оқушы: 
Сан жастық қамын шертесің 
Тағдырын ойлап, толғанып 
Әрбір үйдің еркесін, 
Үйреттің өзің қолға алып 
 
3 оқушы: 
Асыл ұстаз – мектеп жүрегі, 
Шуақ шашар реңі 
Ұстаз деген – ұлы тұлға есімді, 
Біз үшін өмір сүреді. 
 
4 оқушы: 
Білімнің кәусар бұлағын 
Жүресің құйып санама 
Біз үшін сенсің мұғалім 
Ұстаз да, ғалым да, дана да. 
 
М: Ұстаздар жан анамдай аялаған 
Нұрланған шуағымсың саялаған 
Айналдық мейірімді жүрегіңнен, 
Шәкіртінен өз бақытын аямаған! – дей отырып, оқушыларымыздың ән шашуын тыңдалық. 
«Мұғалім ол біздің» әні орындалады. 
 
М: Ұстаз болу – қиынның қиыны. Шәкіртінің жан дүниесін байытып, қоғам кетігіне кірпіш болып қалануына ұстаздың қосар үлесі зор. Тарыдай болып білім ордасының табалдырығын аттаған күннен бастап, таудай болып өмірге етене араласқанға дейін шәкірт ұстазының ойлы сөздерін жадына жаттап өседі. Ұстаздың арманы – шәкіртінің қамы. Ендеше, адам өмірінің балауса пәк шағында білгенін үйретіп, көкірек көзін ашуға септігін тигізген ұстаз аналарды ардақтайық! Өйткені олар – халқымыздың анасы! 
 
5 оқушы: 
Ұстаз болу – жүректің батырлығы 
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы 
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы 
Азбайтұғын адамның алтындығы 
 
6 оқушы: 
Терең зерттеу ісімен 
Жүреді ұстаз үнемі 
Ұшқыр білім үшін өмір сүреді 
Терең – терең мейірімді ісімен 
 
7 оқушы: 
Ұстаз – мектеп жүрегі 
Ұстаз – мектеп тірегі 
Күнде де ол, түнде де 
Тілейді бала тілегін. 
 
8 оқушы: 
Ақылды да, білімді 
Дана жүрек білікті 
Салиқалы, салмақты 
Ұстазым ол сүйікті. 
 
М: Сәйгүлікті құйрық жалы таралған 
Сүйетұғын қазақ осы 
Қараңдар! 
Қазақ осы 
Күй шығарып, ән салып 
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған, - деп Қадір Мырзалиев жырлағандай, ендігі кезекте «Қазақ биін» тамашалаңыздар. 
М: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаздан тәрбие алған», «Ұстаздың алдын көрген» деген сөздер құлаққа ана тәрбиесін алған деген сөздермен ұштасып жатыр. 
Ақырын жүріп анық бас 
Еңбегің кетпес далаға 
Ұстаздық еткен жалықпас 
Үйретуден бала, - деп айтуда терең мағына жатыр. Ал, енді оқушыларымыздың әнін тыңдайық.. 
«Ұстазыма» әні орындалады. 
М: Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімдердің еңбегі. Сол нұрлы жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат етіп аттандырғаннан басқа, абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә? 
(Келген қонақтарға сөз кезегін беру) 
 
Қорытынды сөз: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Менің алғашқы ұстазым»атты тәрбие сағатымызды көріп, уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет! 
Осы мектепте оқыды, ойға білім тоқыды, 
Осы жерден жалындап, ер жетті ірі ғалымдар. 
Алдыңда ұзақ жолың бар, оқумен өсіп толыңдар, 
Қиындыққа мойымай, аман – есен болыңдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұңғыш президент 
Мақсаты: Қазақ халқының президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. 
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. 
Көрнекілігі: Үнтаспа, шарлар, суреттер, буклеттер, слайд 
Барысы: 
1. Ұйымдастыру. Ұлтымыздың амандасу салтын көрсету 
2. Психологиялық жағдаят. «От шашу» 
3. Мұғалім сөзі: Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас»деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас - тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды. 
- Балалар енді сұрақтарға жауап берсеңдер. 
- Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан) 
- ҚР - ның астанасы қай қала? (Астана) 
- Астана туралы не білесіңдер?

Олжан : 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. 
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, 
Жаңарып қалам, жасарып далам! 
Басыңнан серпі бодандық жүгін, 
Кетпейді ойдан Отандық ұғым 
Арыстан жүрек, айбынды елім, 
Таниды сені бар әлем бүгін. 
Мұғ: Астана Қазақстанның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан республиканың басшы орындары Президент кеңесі, Қазақстанның үкіметі және Парламент көшіп келді. Елімізді басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылды. Бүгінгі тәрбие сағатымызда Астана қаласына саяхат жасаймыз. 
Суретпен жұмыс: Қазақстан темір жолы ---------- поезд 
Мұғалім түсіндірмесімен тапсырмаларды орындау 
1. «Астана қаласының темір жол вокзалы» тапсырмасы. 
ҚР - ның рәміздері туралы не білесіңдер? Ата, түсіндір. Тақпақ айтып бер 
2. «Есіл өзенінің жағалауы» тапсырмасы 
Елтаңбаны сипатта 
3. «ҚР Президенті Резиденциясы» тапсырмасы 
ҚР - ның Президенті кім? Өмірбаянын айт 
4. «Бәйтерек» тапсырмасы Поэзия минуты 
Оқушылардың жаттаған жырларына кезек беру. 
Би: «Әке толғауы» 
«Нұрекеңе» Бейбіт Құсанбек 
Хор: Отан 
Мұғ: «Халық қаласа хан түйесін сояды» дегендей Елбасы мәртебесін бекіту шын мәнінде дұрыс болды. Халықтың жүрегінен шыққан бұл шешімді мен ұлт болып ұйысуымыздың, жұрт болып жұмылуымыздың, ілгерілеуіміздің, ел ретінде жаңа деңгейге көтерілуіміздің көрінісі деп қабылдадым. Елбасы туған халқын, сайын даласын жанындай сүйетін кісі. Мұнысын сөзімен де, ісімен де, жүрегін жарып шыққан әндерімен де, өлеңдерімен де дәлелдеп келді. 
«Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін, перзенттік тілегін туған жеріне, халқына арнайды. 
Тәуелсізбін! Бар ма мұң? 
Тәләйлі болсын талғамым! 
Өркені өссін қазақтың, 
Осы - менің арманым 
Күн тұрғанда тұратын 
Жұрты сайран құратын 
Қала болсын Астана 
Осы - менің мұратым! 
О, Ақ орда, Ақ шатыр, 
Ұлысыма бақ шатыр. 
Баянды болсын Азаттық, 
Осы - менің мақсатым! 
Халқым - менің тірегім, 
Құрбан жаным, жүрегім! 
Атымыз озсын бәйгеде, 
Осы - менің тілегім! 
5. «Думан» ойын - сауық орталығының тапсырмасы 
Ән айтып, би билеп көңіл көтерейік. 
Би: Қара жорға 
Сөз жұмбақ шешу 
Эссе жазу. «Егер мен президент болсам...» 
 
Барша халық таныған, 
Біздің үміт, тілекті. 
Шырқалғанда әнұран, 
Шаттық кернер жүректі. 
Әнұран орындау 
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. 
Президентім, елбасы аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!


Информация о работе Лекции по "Казахскому языку"