Лекции по "Казахскому языку"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 10:06, курс лекций

Краткое описание

Сабақтың тақырыбы: «Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз»
Сабақтың мақсаты: Күн, су, ауа, жер - адамзаттың ортақ үйі, табиғат сыйы, олардың тіршіліктегі маңызы мен құндылығы туралы білімдерін кеңейту. Өтілген тақырыптар арқылы қарлығаш құстың тапсырмасын қайталау.
а) Білімділігі: Балаларға көрсетілген заттарды, сан, көлем, кеңістікті, геометриялық пішінді бір - бірінен ажыратуға, ертегілердегі кейіпкерлердің орындау тілінің шеберлігі, тақпақтарды сөзбен, жұмбақтарды айтуға дағдыландыру.

Содержание

Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Мақал – сөздің мәйегі
"Адам болам десеңіз"
«Сөз анасы – сәлем»
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Дені саудың – жаны сау
Салауатты өмір салтын
Менің алғашқы ұстазым
Тұңғыш президент

Прикрепленные файлы: 1 файл

Күн.docx

— 56.11 Кб (Скачать документ)

Күн, су, ауа, жер  – біздің достарымыз

Сабақтың тақырыбы: «Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз» 
Сабақтың мақсаты: Күн, су, ауа, жер - адамзаттың ортақ үйі, табиғат сыйы, олардың тіршіліктегі маңызы мен құндылығы туралы білімдерін кеңейту. Өтілген тақырыптар арқылы қарлығаш құстың тапсырмасын қайталау. 
а) Білімділігі: Балаларға көрсетілген заттарды, сан, көлем, кеңістікті, геометриялық пішінді бір - бірінен ажыратуға, ертегілердегі кейіпкерлердің орындау тілінің шеберлігі, тақпақтарды 
сөзбен, жұмбақтарды айтуға дағдыландыру. 
ә) Тәрбиелігі: Балаларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 
Балалардың ой өрісін білімділігін дамыту. Тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру. 
б) Дамытушылығы: Логикалық ойлау дағдысын дамыту. Сөйлеу қабілетін мәдениетін дамыту. 
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау 
Сабақтың көрнекілігі: Сабақта ойындарға арналған түрлі - түсті суреттер тапсырмалар арқылы 
10-ға дейін санау, әртүрлі пішіндер логикалық тапсырмалар, дидактикалық ойындар. Қарлығаштың суреті. Табиғат суреттері. 
 
Сабақтың барысы: 
Тәрбиеші: Балалар біз қол ұстаса дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрайық. Енді бір-бірімізге алақан арқылы жылылық танытып жылы лебіз білдірейік. 
Жылулық шеңбері: 
- Армысыз, қайырымды, Аспан ата 
Армысыз мейірімді, Жер ана 
Армысыз шұғылалы Алтын күн 
Қуан, шаттан алақай 
Қуанатын келді күн 
Амансыз ба? Есенсіз бе? Сәлеметсіздер ме? 
- Рахмет балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Күн, су, ауа, жер - біздің жақсы дос - 
тарымыз. Барлық өтілген сабақтармен байланыстыра отырып сабағымыз 
ерекше болмақ. Ал, балалар бәріміз тақтадағы суретке қарайық күннің көзі, 
таза ауа мен суға шомылған балалар, су өте қажет, жердің жылуы, жайқалған жасыл 
шөптер, гүлдер. Айнала қоршаған ортаға құрметпен қарауды, табиғатты аялауды 
сезіндік. 
Балалар мен сендерге жыл мезгілі туралы жұмбақ - тақпақ айтайын. 
*Алғашқысы суытады өлкені. 
*Екіншісі жылытады, жер кеңіп 
*Үшіншісі көк теңізге бар дейді. 
*Төртіншісі ұсынады бар дәмді (Қыс, көктем, жаз, күз) 
- Иә қазір жылдың көктем мезгілі. Балалар көктем мезгілінің айларын айтайықшы. 
- Наурыз, сәуір, мамыр. 
- Көктем туралы тақпақ білеміз бе? 
Көктем келді 
Көктем келді шуақты, 
Балаларды қуантты 
Алақай - ау, алақай, 
Көктем қандай көңілді. 
- Көктемде күн жылынып, жан - жануарлар өріске шығып, жер беті жасыл түске 
боялып гүлдер шығып, құстар ұшып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақал – сөздің мәйегі

 

Тақырыбы: «Мақал – сөздің мәйегі» 
Мақсаты: Қазақтың мақал-мәтелдерінің мағынасын түсіндіру, өмірде қолданылатын орнын атап айту. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу, оқушылардың тілдерін жаттықтыру, мәнерлі сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын нығайту. Ұлттық дәстүрді құрметтеуге баулу. 
Көрнекілігі: ұлағатты нақыл сөздер жазылған плакаттар, мақал-мәтелдер 
Әдісі: ойын-сайыс, сұрақ – жауап 
 
Сабақтың барысы: 
Мұғалім:- Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі өткізілгелі отырған 1 «а» сынып оқушыларының арасындағы «Мақал сөздің мәйегі» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 
 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Ойынға қатысатын топтарды анықтау. Топ басшысын тағайындап, топқа ат қою. 
2. Кіріспе бөлім. 
- Алдымен мақал-мәтелдің айырмашылығы, неден шыққан ұғым екеніне тоқталайық. Мақалда қортынды, тұжырымды түйін болады. 
Мысалы, «Ердің атын еңбек шығарады» деген мақал, өйткені мұнда еңбек еткен адам ер аталатыны жайлы ой анық айтылып тұр. 
Ал мәтелде ой тікелей білдірілмей, тұспалдап айтылады. Мысалы, «Көппен көрген ұлы той» деген мәтел. Өйткені мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген ой тұспалдап тұр. 
 
«Сөйлей-сөйлей шешен боласың 
Көре-көре көсем боласың» деген мақал тегін айтылмаған, олай болса ойынымызды бастайық 
 
Ойынымыз 4 айналымнан тұрады. 
1 айналым - Мақалдың тақырыбын анықтау 
- Мен сендерге кез-келген мақал оқимын, ал сендер сол мақалдың қай тақырыпқа байланысты айтылғанын тауып айтасыңдар 
1. Анасыз өмір, сөнген көмір 
2. Еңбек – ер атандырады 
3. Мектеп – кеме, білім – теңіз 
4. Ас атасы – нан 
5. Отансыз адам, 
Ормансыз бұлбұл 
6. Жолдасын тастаған жолда қалар 
7. Ұрлық, ұрлықтың түбі қорлық 
8. Мал жуасы – қой 
Аң жуасы – қоян 
9. Денсаулық – зор байлық 
10. Оқу-білім бұлағы 
Білім – өмір шырағы 
- Қол соғып ойыншыларды деп отырыңыздар! 
 
ІІ айналым Тақырыпқа байланысты мақалды табу 
- Қазір мен әр топқа мынандай мақал-мәтелдер таратамын. Сол мақал-мәтелдердің ішінен мәтінге байланысты айтылған мақал-мәтелді тауып оқисыңдар. 
 
ІІІ айналым Мақал құрастыру 
- Әр топ басшысы өзіне қатысты геометриялық пішіндерді жинап, тобымен бірге мақал құрастырады 
 
ІҮ айналым Мақал – мәтелдер айтысы 
- Әр топ білгенінше мақал-мәтел айтып жарысады 
Әділ-қазылар өз шешімін шешкенше топ арасында жаңылтпаштар айтып жарысу 
1. Шеше, шеше 
Неше кесе 
Сынды кеше 
2. Тары ақта, 
тары ақтап 
Қапқа қапта 
3. Ақ шар бар, 
Көк шар бар 
Көп шар бар 
Бес шар бар 
4. Доп, доп! 
Доп жоғалды, 
Қап, қап! 
Тап, тап! 
5. Ақ тайлақ ақ па? 
Қара тайлақ ақ па? 
 
Мұғалім: 
- Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Барлық айналымның қорытындысы бойынша ойынға қатысушылардың ұпайын атап өтсеңіздер. 
(Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталады) 
 
Қортынды: Мақал-мәтел дегеніміз – нақты бір ойды қысқаша, нақышты әрі санаушы сөзбен жеткізу. Мақал-мәтел ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады. 
- Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етер мақал-мәтелдің адам өміріне азық болары анық. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамдардың білім де, ақылы да арта түседі. 
- Осымен «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 "Адам болам десеңіз"

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев  «Адам болам десеңіз» 
Сабақтың мақсаты: 
1) Өлең жолдарынан өзіндік ой түйіндеуге баулу. 
2) Өлеңнен бес асыл қасиет талап, терең ой, қанағат, рақым екендігін түсіндіру. 
3) Жаман қасиеттер өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ екенін ұғындыру. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, өзгенің ойын тыңдауға ойын дәлелдеуге баулу. 
4) Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қасиеттерден аулақ болуға үйрету. 
 
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ 
Сабақтың әдістері: сұрақ жауап, топтастыру, Венн диаграммасы. 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітаптар, суреттер 
Сабақтың барысы: 
Үй тапсырмасын сұрау, бағалау. 
Шоқан.С Бегалин (топтастыру стратегиясын жүзеге асыру) 
Шоқан қай тілде оқи бастады? 
Шоқан оқыған қисса - әңгімелерін не істеуші еді, оны кімнен үйренді? 
Әкесі әуелі қай тілде дұрыс үйренсін деді?Ол кісі Орынбордан 
кімді, не үшін көшіріп әкелді? 
Шоқан әжесіне қандай қисса оқыды? 
Әжесі немересіне не айтып берді? 
Шын аты-Мұхамедханафия( әжесі Айғаным). 
 
4. Тапсырма: Әңгімеге сүйеніп Шоқанға мінездеме жазу. 
Ой қозғау стратегиясы. 
Абай кім? Қай жерде дүниеге келген? 
Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? 
Абай туралы қысқаша мағлұмат беру. 
Топтастыру әдісі (интерактивті тақтаға жазу) 
 
Абай 
Жаңа сабақ 
А.Құнанбаев «Адам болам десеңіз» 
Бұл өлең сендерге таныс, кәне кім осы өлеңді айтып береді екен? 
1 Өлеңді оқу 
2. Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру. 
 
ІІІ орталыққа бөлу 
 
І орталық «Оқу орталығы» 
ІІ орталық « Жазу орталығы» 
ІІІ орталық «Шығармашылық орталық» 
 
Тапсырмалар 
І орталық (Өлеңді мәнерлеп оқу) 
ІІ орталық (Бес асыл іс, бес дұшпанды санамалап жазу) 
Интерактивті тақтада көрсету 
Алматы қаласындағы Абай ескерткіші 
Семей қаласындағы Абай ескерткіші 
Өскемен қаласында Абай ескерткіші ашылды. 
 
Жыр кіндігі Жидебайда жыл сайын мектеп оқушылары арасында өткізіліп келе жатқан Абай, Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу сайысы өткізілгеніне биыл 10 жыл толып отыр. Бас жүлдені алған «Өлең сөздің патшасы» номинациясы бойынша Би ата ауылының Шәкәрім орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сейтқазы Айдана Абайдың 230 шығармасын, Шәкәрімнің 190 шығармасын жатқа біледі.Абай елінің намысын қолдан бермеген. 
Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы жарық көрген. 
 
Қорытындылау 
І, ІІІ орталық Венн диаграммасын толтыру 
Адам бойындағы қасиеттер (жағымды, жағымсыз) 
ІІ орталық Шығарма «Мен қалай жақсы адам боламын» 
Абай атамыз айтқан екен: 
Үш-ақ нәрсе адамын қасиеті. 
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. 
Ыстық қайрат-бұл еңбек, егер кім көп еңбек етсе, соның қайраты мол. 
Нұрлы ақыл-сенің ақылынның нұрынан басқалар шуақ алу керек. 
Жылы жүрек-бұл қайырымдылық 
Біз осы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек, жақсы адам боламыз. 
Оқушыларды бағалау 
Үйге: Ұнаған өлең шумақтарын жаттау 
Мақал-мәтел жазу 
«Желсіз түнде жарық-ай» әнімен сабақты аяқтау.

 

 

 

 

 

 

 

«Сөз анасы – сәлем »

Күні:Сынып: 2«ә»

Өтетін орны: 15каб.

Тақырыбы: «Сөз анасы  – сәлем » 

 

 

   Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды әдеп-тілекке,  адамдармен қарым-қатынас жасай  білуге баулу, бабалардан қалған  ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді  ұғындыру.

2. Халықтың салт-дәстүрінмен  таныстырып, мәдениетін үйрете отырып, бой- ларына  сіңіру.

3. Оқушыларға қазақ  халқының сәлем беру, сәлем алу,  сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы  «Алыстан сәлем береді, әдепті  елдің баласы» атты нақыл сөз  негізінен тәрбие беру.    

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу.    

Сабақтың көрнектілігі: «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Сәлем - әдептілік- тің белгісі» сөздері.    

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.    

Мұғалім: Балалар, бүгін біз ата дәстүрі, оның ішінде ең адамға керектісі деп ойлаймын, сәлем беру, сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысамыз. Тәрбие сағатында білгендерімізді ортаға саламыз, білмегендерімізді үйрене-  міз.      

Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.     

Сәлемдесу – кездескен  адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуаныш- қа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді.      

Әрбір адам «қайырлы таң»,«қайырлы күн»,«қайырлы кеш» деген  сөздер- мен амандасуға тілек пен  ізеттілік нышанын көрсетіп, тәуліктің  үш мезгілін- де де бір-бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.     

Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.      

Амандасқан адам қазақ салтында оң алақаның жүрегінің  үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады.    

«Сізді шын жүректен құрметтеп, амандағынызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.       

Сәлемдесу түрлері:      

- Сәлеметсіз бе?      

- Сәлеметте болыңыз!      

- Аман-саусыз ба?      

- Аман-сау болыңыз!      

- Аман-есенсіз бе?      

- Бала-шағаңыз, мал жаныңыз аман ба?     

Әсіресе араб тілінен  енген     

- Асса!лаумалейкум      

- Уаалейкум салам!      

Яғни,     

- Сізге амандық  тілеймін!                                                                                                         -   - Сізге де амандық тілеймін,- деген сәлемдесу түрлері қолданылады.      

Оны тілінің дыбыстық үйлесіміне қарай халық:     

- Ассалаумағалейкум!      

- Уғалейкумассалам! – деп айтып жүр.

Сәлем беруде кездесушілер бір-біріне «сәлем» деп қолмен ишарат етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді. Ондай сәлемдесу көбі-несе еуропа халықтарында кездеседі.    

Үлкен адамға сәлем  беру – кіші адамның міндеті. Қазақта  «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді»  деген әдеп бар.    

Жасының үлкен екендігін  міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай үлкен адамдарға өздері сәлем береді.    

Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі, жасқа, үлкен-кішіге байланыс- ты емес.    

Халқымызда ақ сақалды  атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені  – жалпы үлкенді сыйлап алдынан  қия өтпеу – ата дәстүріміз.     

Қазақтарға амандасудың  қарапайым түрінде қаншама мейірім, қамқорлық, әдемі жарастық жатыр.    

Ендігі кезекте:     

I. Қарт пен жас жігіттің сәлемдесу түрі.    

II. Әже мен қыз бала сәлемдесуі.    

Кездескен кезде  кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады.     

Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем  беруге міндетті. Ол әдептіліктің бір белгісі ретінде қалып-   тасқан дәстүр.    

Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үсті келе жатқан жолаушы арқан бойы жақындағанда аттан түсіп, айрықша құрметпен сәлем беретін болған.    

Соңғы қалыптасқан  дәстүр бойынша сәлемдесуші, не сәлем беруші қол алысады, ұзақ уақыт көріспегенде қауашып (көрісіп) құшақтасып амандаса- ды. (Қытайда бас ию, үнді халқында екі алақанды түйістіріп, қолды маңдайға тигізу, қазақтарда оң алақанын жүрегіне қойып басын иіп амандасу керек).     

Сәлемдескенде, сәлем  бергенде, әрине, үннің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, қоңыр дауыспен, сыйластық үнмен, аптық- пай, салмақпен, әдеппен сөйлеу керек.     

- Енді, балалар,  мақал-мәтел айталық.     

Шығармалар оқыту, тақтадағы мақал-мәтелдермен жұмыс.      

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар «Сөз анасы  – сәлем » атты тәрбие сағатымыз  аяқталды. Сіздерге көп-көп рахмет!

 

 

 

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!  
Мақсаты: 1) еліміздің Тәуелсіздік алып жеткен жетістіктерімен таныстыру, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру; 
2) Желтоқсан құрбандарын еске алу, тіл байлықтарын, сана - сезімдерін дамыту; 
3) туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: плакатқа жазылған нақыл сөздер, қазақ елінің рәміздері. 
Барысы. 
Армысыздар, әріптестер, қонақтар және шәкірттерім! "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жок. Бұл күнге қаншама қандастарымыз өз өмірлерін қиды. Әсіресе Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне енді ешқандай күмән жоқ. 1991 жылы иісі қазақ Тәуелсіздікке қолы жетіп шаттыққа бөленді. 
Шексіз шексіз қиырсыз, ұлы дала, 
Шуақ болып шомылмай жылына ма? 
Сүй Отанды, шынымен сүйіп өт те 
Гүл боп қадал ойына, қырына да, - деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай біздің 5 сынып ұл – қыздары осы дәстүрді тоздырмай, жоғалтпай бүгінде сіздерге өздері дайындаған ертеңгіліктерін көрсетпекші. 
Туымен тұғырлы, Елтанбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты 
1- оқушы: Жыр ғұмыр, жан азығым, әнұраным, 
Мен сені естімесем сағынамын. 
Алтынға айырбастамас ата - анамдай. 
Туғалы сенсің менің танығаным. 
Шексіз көк аспанды жамылады, 
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі. 
Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын 
Әнұран — Мемлекеттің халық әні. 
Әнұран орындалады 
 
2-оқушы: Тәуелсіздік! Бұл неге соншама қастерлі сөз?! Неге соншама қастерлі ұғым?! Әдетте әр халық, дәлірек айтқанда әр ұлт өз елін өзгеге билетпеуге күш салады. Өзі мекендейтін жерді жаудан жанын сала қорғайды. 
Бұл — атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр. 
 
3-оқушы: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, 
Жөргегімде таныстым мұң тілімен. 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін, 
Қайта тудым, өмірге қайта келдім. 
Мен мың ғасыр тірілдім мәңгі өлмеске. 
Айта бергім келеді, айта бергім. 
4 - оқушы: Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген, 
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен. 
Бойтұмар ғып ар - ождан қазынасын, 
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген. 
Біз қазақпыз қастерлер баба салтын, 
Аман бол, айналайын дана халқым. 
Күн туса атқа қонам бір сен үшін. 
Міне жаным, міне қаным, міне антым. 
 
5- оқушы: Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның, 
Айналайын алтын әнім, жас еркені халқымның. 
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың. 
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. 
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, 
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның! 
 
6 - оқушы: Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің, 
Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның, 
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың, 
"Нашақор" деп, "Маскүнем" деп айыпталды ұланым. 
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша, 
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым?! 
Айналайын, айналайын, жас Қайратым, қыраным?! 
 
Тәуелсіздік шежіресі. «Сандар сөйлейді» ойыны. 
1) 1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16 - желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады. 
2) 1991 жылы 10 - қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады. 
3) 1992жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ - на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. 
4) 1993 жыл қарашаның 15күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді. 
5) 1994жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді. 
Екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 
6) 1995жыл тамыздың 30да Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды. 
7) 1996жыл 30қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды. 
8) 1997жыл қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды. 
9) 1997жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды. 
10) 1997жылы Тіл туралы Заң қабылданды. 
11) 1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6 - мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті 
12) 1999жыл 10қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7 - жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 
13) 2000жыл Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500жылдығы тойланды. 
14) 2001жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21 - ғасырды зор сеніммен қарсы алды. 
Ақпан айының алғашқы жетісінде Тәуелсіз Қазақстан мұғалімдерінің ІІсъезі өтті. 
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев 2001жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады. «Туған өлкем» өлеңін оқиды. 
15) 2006жыл! Желтоқсан оқиғасының 20жылдығы аталып өтті. 2006 - 2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды. 
16) 2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді.. 
17) 2010жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды 
18. 2011жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н. Ә. Назарбаев болды. 
 
Көрініс: "Апасы мен немересі" (Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді) 
Немересі: Әже, өткен емір деген не? 
Әжесі: Ә, балам, өткен өмір сонау ежелгі ата бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе? 
Немересі: Ал ол қандай болған? 
Әжесі: Ендеше, тыңда, балам, әжең бір сөйлесін. Болмаса да оқыған тарихшы атым. 
Жинадым ескілерден тарих хатын. 
Мақсатын, кейінгі ұрпақ ұмытпаса. 
Айтылған аталардың аманатын. 
Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды білуің керек. Балам, теледидарды қосшы, тарихты тыңдайық. 
Диктор сөзі: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды, Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды, намыс құдіретін әлемге паш етті. Қазақстанда 1986 жылы желтоқсанның көтерілісіне қатысқаны үшін Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т. б. жауапқа тартылды. 
Әжесі: Бұған да тәубе, Егемендік алып әлем таныды ғой елімізді. 
Немересі: Әже, Егемендік деген не? 
Әжесі: Егемендік "иесі мен" деген сөз, көптен бері естімеген сөз. "Егеменді" деген сөзден естілер Атажұрттың арғысы мен бергісі. Желбіреген көк байрағымыз, айтылды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егеменді еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарына тарих етіп баяндап әжелерің тұр. Ұмытпаңдар, айналайын, ұрпақтарым! 
Мұғалім: 
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. 
Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. 
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 
Атыңнан айналайын егемен ел, 
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер. 
Мерейің құтты болсын Қазақстан! 
Ғасырлар тойы болшы келе берер! 
Мұғалім: 16 желтоқсан. Бүл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлык күні, өктемдік үні еді. 
7-оқушы: "Ләззат пен Сәбира" 
Кетпес мәңгі көңілден Қырдың гүлі қырмызы. 
Ағып түскен көгімнен Желтоқсанның жұлдызы - Ләззат пен Сәбира! 
Атыңды айтар кәрі - жас 
Арын Темірқазық қас, Зұлымдыққа жаны қас, 
Адалдық пен нәзіктік. 
 
1-оқушы: Желтоқсанның бораны, 
Желтоқсанның қар мұзы. 
Ұмытылған жоқ әлі 
Жалпы жұрттың жалғызы... 
Шығар шақта қайраңнан 
Атқа қону - ар ісі... 
Қайран елдің қайраңнан 
Қасиетті намысы 
Булықтың да бұлқындың. 
Қара ормандай жұртымның 
Қайсар туған қыздары - Ләззат пен Сәбира! 
2-оқушы: Желтоқсанның ызғары - ай, 
Кірпікке қатқан мұздар - ай! 
Елім - ай деп егілген 
Қаһарман ұлдар, қыздар - ай! 
3-оқушы: Көтерілді жастарымыз алаңға, 
Көтерілді студент қыз балаң да. 
Қан төгілді намысы үшін қазақтың, 
Ерліктері жайылды кең ғаламға. 
Қаһарманын ұмытпайды халықтар, 
Ерлігіне тағзым етем қашанда, 
Тәуелсіздік алып берген Алыптар! 
Мұғалім: Бүгінгі біздің бақытты өміріміз қан төгіп құрбан болған боздақтарымыз мәңгі есімізде. Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен әкелер мен ағалар, апаларға басымызды иеміз! 
(Бір минут еске аламыз.) 
 
оқушы: 
Қош болыңдар, ағайын туыс, бәрің де 
Кош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де. 
Қараңғылық баста тұрмас қашанда, 
Бостандықта кездесеміз әлі де... 
Астана туралы фильм. «Атамекен» әні 
Мұғалім: Байтақ дала жерім менің, Арта берсін кенің сенің. 
Көк байрағың желбіресін 
Егеменді елім менің 
Мұғалім: Олар... қазақтың ес жиып, етек жауып, өз алдына ел, мемлекет болғанын, өзгемен терезесі тең болғанын көкседі, бірақ көрген жоқ. Бірақ олар осы күнді жақындатып кетті, осы күнді бізге сыйлап кетті. 
Олар... қазақ үшін қан төкті, жанын берді. Қазақтың баласы ешкімнен көзтүрткі көрмеуін күндіз - түні тіледі. 
Оларды... Отан үшін, Қазақстанымыз үшін апат болғандарды әрдайым естен шығармауымыз керек, халқым! 
«Болашақ біздің көзімізбен» ой толғау, сурет салу. 
 
Қорытынды. 
Міне, оқушылар, бүгін сендер Тәуелсіздік мерекесі күні өз еліміздің тарихы жайлы, Тәуелсіздік жолындағы күресі, Желтоқсан құрбандары туралы көп нәрсені ортаға салдыңдар, үлкен сабақ алдыңдар деп ойлаймын. 
Ендігі сендерге айтарым: осы Тәуелсіз еліміздің туын әр кез биік ұстауға тырысыңдар. Ел бейбітшілігін, ел тыныштығын сақтау жолында күресе біліңдер. Әрине, ол күрес бейбіт күрес болуға тиіс. Еліміздің болашағы өздерің. Сондықтан да сендер осындай Қазақстан атты бейбіт, Тәуелсіз елдің азаматы екендеріңді әрқашан естен шығармай, іштей мақтан тұтып жүріңдер. Сендерге сәттілік, ақ жол тілеймін! 
Мұғалім: 
Бір ата, бір ананың түлегіміз 
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз 
Бірлік барда тірлік бар» деген бабам 
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз

Информация о работе Лекции по "Казахскому языку"