Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 06:41, научная работа
ҚР «Ақпараттандыру туралы» Заңына (2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217) сәйкес ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның iшiнде "электрондық үкiметтi" қалыптастыру, сондай-ақ елдiң әлеуметтiк және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады
Тұтынушылардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыратын инновациялық жобалар
Б. Жиенбаева
Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
ҚР «Ақпараттандыру туралы» Заңына (2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217) сәйкес ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның iшiнде "электрондық үкiметтi" қалыптастыру, сондай-ақ елдiң әлеуметтiк және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар Заңда жергiлiктi атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарымен өзара iс-қимыл жасайтын ақпараттық жүйелердi құру және пайдалану тәртiбiн, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге ықпал етуі қарастырылған.
Өндірістің түрлі салаларының дамуын, әсіресе халыққа қызмет көрсету салаларының іскерлік процестерін оңтайландыру мақсатымен автоматтандырылған ақпараттық сервистер кешенін өңдеу арқылы жетілдіру – бұл кафедра ұжымының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты көптеген программалар дамып, өзінің қолданылу орнын кеңейте түсуде. Көптеген кәсіпорындардың, мекемелердің, жеке бизнестің ашылуы бізге деректер базасын қолдану аясын жоғарылатып, мәліметтер қорына деген сұранысты күннен-күнге көбейте түсуде. Сол себептен барлық деңгейдегі жеке бизнестердің қызметінде тек қана деректерді жинақтауға ғана көңіл бөлінбейді, сонымен қатар сыртқы органдар мен жеке тұлғаларға қажеттілігі бойынша түрлі мәліметтер беру.
Жыл сайын ғана емес, ай сайын меншік иелерінің қатары өсе түсуде. Олардың қатарының толығуы экономиканың сауығуына ықпалы зор. Ақпараттық процестерді автоматтандырусыз қазіргі барлық дерлік қаржылық, өнеркәсіптік, халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру, басқару мүмкін емес десе де болады. Сондықтан әрбір ұйымның, мекеменің жұмысын компьютер көмегімен басқару үшін деректер базаларын пайдаланатын қолданбалы программалар – автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылады. Компьютерлік ақпараттық жүйесін кәсіпкерлік бизнеске енгізудің мақсаты қағаз құжаттардан құтылу емес - ешбір құқықтық күші болмайтын көптеген қосымша құжаттардың санын азайту, құжаттарды жүргізуде кертартпа әдістерден құтылу.
Мысалы осы өңірдегі қәсіпорындардың сұранысы бойынша ТарГУ білімгерлерінің өңдеген программалық кешендерін атауға болады, олар:
Ақпараттық процестер - электрондық ақпараттық ресурстарды ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, iздеу, беру, пайдалану және тарату процестерi болып табылады.
Осыған байланысты баяндамада кинофильдерді жалға беру қызметіндегі туындайтын мәселерді: тіркеу, сату, жалға алу функциаларын автоматтандырудың заманауи компьютерлік ақпараттық жүйесінде мәліметтер базасын құру технологиялары арқылы шешілуі қарастырылады.
Қойылған мақсатқа қарай мынадай мәселелерді шешу көзделеді:
Зерттелетін облысқа информациялық талдау жүргізу. Алдымен мәліметтер моделін дайындау ұғымына тоқталайық, бұл – тақырыпта қарастырылатын барлық бизнес-процестерге қатысы бар деректерді жинақтау, жүйелеу әдісі болып табылады. Мәліметтердің моделін дайындау өңделетін ақпарат ағымын талдаудың бірден-бір мықты құралы және реляциялық мәліметтер қорын құрудың негізі болып саналады.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе мекемедегі құжаттар айналымына негізгі кері әсері бар болатын себептерден құтылуға, мәліметтерді іздеуге, өңдеуге кететін уақыт шығындарын кемітуге және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. «Кинопрокат» қызметіне кері әсері бар болатын себептер:
«Кинопрокат» қызметіне мәліметтерді өңдеудің компьютерлік жүйесін енгізу жоғарыда аталған ұнамсыз себептерден құтылуға мүмкіндік беретін болады. Құжаттар айналымының электрондық технологияларын, мәліметтерді өңдеу мен сақтауға арналған заманауи компьютерлік құралдарын пайдалану деректерді сақтаудың сенімділігін олардың өзектілігін арттырып, қажетті мәліметтерді жедел түрде тауып алу жылдамдығын арттырып, ал ең негізгісі мекеменің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін болады.
Ақпараттарды өңдеудің компьютерлік жүйесін құрудың кезеңдеріне сәйкес зерттелу облысына ақпараттық талдау жүргізгеннен кейін келесі адымда автоматтандырылған жүйенің (АЖ) ақпараттық қамтамасыздандыры-луы жобаланады. Жобалау процесін бастаудан бұрын АЖ-ның жалпы құрылымын анықтағанды жөн санаймыз. Сондықтан кинофильмдерді жалға беру жөніндегі орталықтың АЖ-нің жалпы құрылымы 1-суретте келтірілген.
1-сурет. Кинофильмдерді жалға беру орталығының автоматтандырылған жүйесінің құрылымы
Автоматтандырылған ақпараттық технологиялар келесі процедуралардан құралады: бастапқы деректерді тіркеу және жинақтау; ақпараттаық массивтерді әзірлеу; мәліметтерді өңдеу, жинақтау және ұзақ мерзімде сақтау; нәтижелік ақпараттарды қалыптастыру, деректер көзінен оны өңдейтін орындарға жеткізу (1-суретте мәліметтерді беру) және нәтижелерді (түрлі анықтамалар, техникалық паспорттар, алынған құжаттар, т.с.с.) тұтынушыларға беру.
Деректер базасының
ақпараттық-логикалық моделін
Бастапқы кезеңде концептуалды модельдің бірінші көрінісін жобалаймыз. Бұл жобада зерттелу облысының негізгі маңыздары анықталып, олардың арасындағы байланыстары анықталады. Мысалы: Жалға беруші ® Жалға алушы (Клиент)® Келісім шарт ® Тапсырыс.
Жалға беру нарығын, және кинофтльмдерге сұраныстарды талдап, бөлім қызметкері нарыққа ұсынылатын кинофильмдердің каталогын құрастырады. Бұл каталог жалға алушыларға, сатып алушыларға ұсынылады. Жалға алушы немсе сатып алатын тұлғаны біз Клиент деп білеміз, онымен жұмысты тапсырыстарды қабылдау бөлімі жүргізеді. Бұл бөлімнің қызметкерлері тапсырыстарды қабылдайды, сатып алу бизнес-процесін құжаттандыруды қамтамасыз етіп, төлем ақының төленгенін қадағалайды, ең соңында клиентке жалға берілген, сатып алынған кинофильмнің толық құжаттарын тапсырады. Сонымен, осы жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі бизнес процесстері:
Автоматтандырылған жүйенің
Деректер қорын құрайтын кестенің әрбір жазбасын даралау үшін, яғни кестеде бірдей жазбалардың (жолдардың) болмауын қадағалау үшін кестенің бір немесе бірнеше атрибуттарынан кестенің кілтін немесе негізгі кілтін (Prіmary Key – PK) анықтау қажет болады.
Кесте кілтінің мәні бірде-бір рет қайталанбайтын ерекше болуы шарт, яғни кестеде кілт бағанасындағы (бағаналарындағы) мәндері өзара бірдей екі немесе одан да көп жазбалар болуы мүмкін емес. Бірнеше атрибуттан құралған жағдайда құрама кілт (composite primary key) барынша аз атрибуттардан ықшам анықталғаны дұрыс; мұндай кілттің құрамында оны өшіріп тастаған жағдайда ештеңе өзгермейтін, яғни жазбалардың ерекшелігіне ешқандай әсер тигізбейтін атрибуттар болмағаны жөн.
Кесте кілтінің атқаратын қызметі:
Деректер базасын жобалау
2-сурет Зерттелуші аймақтың инфологиялық моделі (ER- диаграммасы)
ERwin көптеген мәліметтер қорының серверлерін қолдайды, сонымен қатар осы арқылы біз мәліметтер қорына ODBC интерфейсі көмегімен байланыс жасай аламыз. Қазіргі ағымды версиясында 23 деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ) кірістірілген және осы арқылы біз MS Access-ке, және де Oracle, MS SQL Server және тағы басқаларына байланыс жасай аламыз.
Мәліметтердің құрылған логикалық моделі физикалық жобалау үшін мәліметтер көзі болып табылады және мәліметтер қорының физикалық өңдеушісіне алға қойған мақсаттарға жету үшін қажет компромистерді табу әдістерін қамтамасыз етеді.
ERwin ERX 3.5.2. бағдарламасының ұтымды жағы: өңделген инфологиялық модельді таңдалған ДББЖ ортасына автоматты түрде генерация жасауы. Яғни жоғарыда аталған ДББЖ ортасында мәліметтер схемасы автоматты түрде дайын болып, кестелердің құрылымы және олардың арасындағы байланыстары да анықталған болады (3-сурет).
3-сурет - MS Access ортасындағы дерекетер схемасы
Деректер базасының физикалық жобасын дайындау. Физикалық жоба бойынша ең бірінші қадам болып, оның, яғни мәліметтер қорын қатынастарын анықтау, инфологиялық модель негізінде құрылған бойынша. Бұл үрдіс өте күрделі болып табылады. Моделді құрушы келесі негіздемелерді білуі қажет:
Енді, инфологиялық модель MS Access ортасында физикалық моделді өңдейміз. ДБ барлық кестелерді генерация кезінде анықталған дедік, бірақ тағы басқа кестелер қосу, немесе кестелерге тағы атрибуттар қосу керек болса Кестені Конструктор режімінде редакциялауға болады (4-сурет).
Ендігі жұмыс ол – кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыру. Бұл этап өте күрделі және болашақ программа үшін өте маңызды, әрі нақтылықты қажет ететін тұсы. Байланыс құру кезінде өте сақ болу қажет. Кестелер расындағы байланыс родительский және дочерний байланыс арқылы байланысады. MS Access –те кестелер арсындағы байланысты құру үшін Связи терезесі қолданылады, яғни онда жаңа байланыс құрылатын кестелер кіргізіледі.
ДБ-ың кестелері дайын болғаннан кейін, кестелерге мәлімететрді енгізу, қосу, жою процедураларын орындауға арналған түрлі формалар құрылады. Бастапқы мәліметтерді және де өңдеудің басқа процедураларын тікелей кестелеге немесе формалар арқылы енгізуге болады.
Үлгі (Форма) - кестедегі, сұраныстағы мәліметтерді көрсету, кестеге мәліметтерді енгізу үшін қолданылатын құрал болып табылады. Жалпы алғанда үлгі әр түрлі мақсатқа құрылуы мүмкін.
4-сурет - Конструктор режиміндегі Кинотеатр кестесі
ДБ-н жұмыс кезіндегі жұмыстың маңызды бөлігі ол – ақпараттарға талдау жасау, іздеу, сұрыптау. ДББЖ-да мәліметтерді талдау, сұрыптау сұраныстарымен (Query) орындалады. Бұл сұраныс аумағында тұтынушы іріктелген ақпараттардың және сұрыпталған мәліметтер қорының қасиеттерін қалыптастырады. Жұмыстың нәтижесінде тұтынушы тапсырыс берген мәліметтері бойынша қажетті сұранысты алады.
Қазіргі таңдағы ДББЖ-де сұраныстарды жобалау әдістерінің 3 түрі белгілі, олар:
Информация о работе Тұтынушылардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыратын инновациялық жобалар