Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 06:42, курсовая работа
Шымкент қаласының жедел жәрдем қызметкерлері Елбасы Жолдауына қолдау білдірді. Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын кеңінен насихаттау және түсіндіру жиыны өткізілді. Қаладағы медициналық жедел жәрдем көрсету стансасында ұйымдастырылған шараға Еңбекші ауданының әкімі Ә. Құртаев және ақпараттық-насихаттық топ, медицина қызметкерлерімен кездесіп, Жолдаудың басымдықтары аясында келелі ой қозғалды. Жиын барысында еліміздің соңғы жылдары қоғамның барлық салаларында толағай жетістіктерге қол жеткізгендігі, дей тұрғанмен алдағы уақыт еншісінде де атқарылар міндеттің ауқымды екендігі сөз болды.
Нормативті сілтемелер................................................................................................5
Анықтамалар................................................................................................................6
Белгілеулер мен қысқартулар.....................................................................................7
Кіріспе……...................................................................................................................8
1 Аналитикалық бөлім................................................................................................9
1.1 Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсетуі жайлы мағлұмат................9
1.2 Жедел жәрдем жеделділігі..................................................................................12
1.3 Жеке тұлғаларға арналған медициналық сақтандыру.....................................15
1.4 Диспетчерлік қызмет...........................................................................................16
1.5 Емхананың негізгі міндеті..................................................................................18
1.6 Тіркеу орны..........................................................................................................18
1.7 Медициналық мекеме қызметі жайлы...............................................................19
1.8 Delphi – де жұмыс істеу.....................................................................................20
1.9 Бағдарлама кодының есептелуі……………………………………………......25
2 Жобалық бөлім.....................................................................................................26
2.1 Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсету станциясының
диспетчерлік бөлімінің бағдарламалық жабдықтамасын құру.............................26
2.2 Программаны іске қосу.......................................................................................31
Қорытынды.................................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................37
Қосымша А.................................................................................................................38
Күн сайын тәулігіне 17 бригада күндіз және 21 бригада сағ.20.00 ден таңғы 6-ға дейін,бірінші қосалқы станцияда 4 бригада,екінші қ/станцияда 3 бригада,орталық станцияда 14 бригада жэұмыс істейді.
Әрбір 4-езеңде
мамандандырылған бригада жұмыс
істейді:1 БИТ-бригада,2 кардиологиялық
бригада,2 балалар дәрігерлері бригадасы,
Бригада құрамына дәрігер және фельдшер кіреді.
Ұйымның қуаттылығы: жылына 114162 үндеу.
Тәулігіне орташа шақырту – 312.
Жаңа заман құралдарымен жабдықталған:
Бригада мөлшерлі жабдықталған. Жеке
дефибрилятор-мониторы, электрокардиограф
«Альтон» ,диагностикалық ультрадыбысты
сканер, пульсоксиметрлер,дозаторлар,
Жедел жәрдемде 43 дәрігер, 142 фельдшер жұмыс істейді.
5-дәрігер бірінші санатты, 1 –дәрігер екінші санатты, 13 фельдшердің жоғарғы санаты, 38 фельдшердің екінші санаты, 40 фельдшердің бірінші санаты бар.
№1 қ/станция меңгерушісі Кононенко Нина Ивановна 8(7112)235745
№ 2 қ/станция меңгерушісі Кайпбергенов Сериккали Куанышевич 8(7112)516433
1.4 Диспетчерлік қызмет
1. Диспетчерлік қызмет сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
2. Диспетчерлік қызметті операторлар атқарады.
3. Диспетчерлік орын науқастарды дәрігер қабылдауына алдын-ала жазылу үшін кем дегенде, бір телефонмен, үйге шақыртуларды қабылдауға ,кем дегенде, бір телефонмен,жедел жәрдем бекетінен түскен үйге шақыртуларды қабылдауға, кем дегенде, бір телефонмен жабдықталады.
4. Диспетчерлердің негізгі міндеттері:
-Телефон не болмаса электронды жүйе арқылы барлық қатынасқан барлық азаматтарға емхана жұмысы туралы толық ақпараттар беру;
-үйге шақыртуларды
қабылдау және участкелік
-жедел жәрдем
бекетінен түскен үйге
-ауруханалардан
түскен ақпараттарды қабылдау
және участкелік дәрігерлер
-басқа емдеу-сауықтыру
мекемелерінен түскен
-басқа емдеу-сауықтыру
мекемелеріне ақпараттарды
- дәрігерлік
қабылдауларға алдын ала
уақытын анықтап науқасқа хабарлау;
-алдын ала
дәрігерлік қабылдауларға
-дәрігерлік
қабылдау болмайтын
-науқастар туралы
ақпаратты толық көлемде /аты-
5. Диспетчерлер тіркеу орнының аға тіркеушісі алдында күнделікті қызметтері жайлы есеп береді.
4. Үйге шақыртуларды қабылдау сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі және «Үйге шақыртуларды тіркеу»журналына /форма 031/у/ төлқұжаттары бойынша толық тіркеу, мекен- жай адресі мен телефондарын жазу міндеттеледі.
5. Медициналық құжаттардың /карталар,тіркеу журналдары/ сақталуына жауап береді.
6. Толық компьютерлік есеп жүргізілген жағдайда электронды құжаттармен жұмыс жасап, қағаз құжаттарды науқастарға қайтару жұмысын жүргізеді.
7. Жоғары дене қызуымен,артериалдық қан қысымымен не басқа да ауыр жағдайлармен келген науқастарға дереу медициналық көмек көрсетуге науқасты оқшаулау бөлмесіне жеткізіп,кезекші не участкелік дәрігерді дереу
шақырады,науқастың амбулаториялық картасын әкеліп береді.
8. Азаматтардың алдын-ала байқаудан /скриннингтік/ өтуге келген жағдайында алдын ала қабылдау бөліміне жібереді.
9. Келушілер маман кеңесін алуға келген жағдайда дәрігер мен қабылдау уақытын анықтап,келушіге түсініктеме береді.
10. Тіркеу орнында анықтама құжаттар,еңбекке жарамсыздық бетшелері берілмейді.
11. Тіркеу орнының қызмет сапасын ішкі аудит тобы қадағалайды.
1.5 Емхананың негізгі міндеті
Емхананың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
Жүктелген міндеттерді орындау жолында емхана жүзеге асырады:
2) жіті және кенеттен науқастанған ауруларға, жарақаттану ,улану,тағы басқа да сәтсіз жағдайларда ауруларға алғашқы және шұғыл медиицналық көмек көрсету;
3) емханаға жүгінген емделушілердің ауруын ерте анықтау, сапалы және толық көлемде зерттеулер мен тексерулерді жүргізу;
4) стационарлық емделуге мұқтаж тұлғаларға ауруының түріне сәйкес қажетті зерттеулер мен тексерулерді жұргізу және уақытылы ауруханаға орналастыру;
5) ауруларды қалыпты емдеу;
6) профилактикалық алдын-ала тексерулердің барлық түрлерін жүргізу;
7) тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласы бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу;
8) тұрақты еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан тұлғаларға, уақытша еңбекке жарамсыз науқастарға қабылеттілік анықтау сараптамасын жүргізу, жеке тұлғаларды санаторлық-курорттық емдеуге жолдау, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сауықтыру орындарына жолдама беру.
1. Тіркеу орнының қызмет уақыты - сағат 8.00-20.00 үзіліссіз.
2. Тіркеу орнында медициналық тіркеушілер қызмет көрсетеді.
3. Тіркеу орны емханаға келушілерге төмендегідей қызмет көрсетеді:
1) емханаға медициналық көмек алуға келген науқастарды тіркеу,қажетті құжаттарды рәсімдеу;
2) маман дәрігерлермен науқастарды қабылдауды жазылу уақыты бойынша ұйымдастыру;
3) телефон арқылы,веб-сайт арқылы,үйден және келіп жазылу арқылы науқастарды дәрігер қабылдауына жазуды жүргізу;
4) алдын-ала қабылдауға жазылуды тіркейтін журналды қабылдаукүні,уақытын көрсете отырып, аурудың төлқұжаты бойынша толтыруды жүргізу;
5) жедел жәрдем бекетінен емхананың қызмет уақыты кезіндегі үйге шақыртуларды қабылдау;
6) участкелік дәрігерлерге үйге шақыртуларды таратып беріп,орындалуын қадағалау;
7) науқастар мен тұрғындарға қабылдау уақытының өзгеруі не болмаса басқа жағдайларды хабарлауға «кері» байланысқа шығу;
8) емханаға бекітілген халықтың тіркелімін /РПН/ үнемі жүргізу, тіркелмеген тұрғындарды ережеге сәйкес тіркеуден өткізу;
9) амбулаториялық карталарды шығару, емдік және дәрігерлік қабылдау бөлмелеріне жеткізу;
10) картотекада амбулаториялық карталардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету.
1.7 Медициналық мекеме қызметі
Емханада медициналық қызметтердің рұқсат етілген келесі түрлері көрсетіледі:
- Бастапқы медиицналық-санитарлық көмек,дәрігерге дейінгі көмек;
- медициналық және дәрігерлік
қызметтің түрлері-жалпытәжірибелік практика,отбасылық
дәрігер,неврология,
кардиология,профпатология,
педиатрия,травматология,
- зертханалық – жалпыклиникалық,биохимиялық,
- цитологиялық,бактериологиялық зерттеулер;
- ультрадыбыстық диагностика;
- функционалды диагностика;
- массаж;
- физиотерапия;
- рентгенологиялық зерттеулер;
- стационарлық медициналық көмек -күндізгі емдеу бөлімі;
- еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы.
1.8 Delphi – де жұмыс істеу
Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi програмасын орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) – Программалар (Программы) - Borland Delphi 6 ® Delphi 6 командалары арқылы iске қосамыз. Бұл кезде Delphi 6 программасы iске қосылады, (1.1-сурет) көрсетілген.
Сурет 1. Delphi 6 программасының ашылуы
Бұл программаны iске қосқанда ең алдымен Delphi програмасының негiзгi үш терезесi экранда көрiнедi. Бұл терезелердiң 1-шiсi Delphi ортасының негiзгi терезесі болып саналады. Бұл терезеде стандарты батырмалар, аспаптар панелi бар және Delphi–дің барлық компоненттері орнатылған, ал 2-шiсi Delphi ортасының негізгі формасы (Form1) деп аталады. Бұл формада барлық компоненттер орналастырылады, ал 3-шiсi Delphi ортасының объект инспектор терезесi (Object Inspector). Терезеде кез келген компонеттердің қасиеттері, шрифты, түсі, көлемі және компонеттерді бір-бірімен байланыстырады, тағы басқа қасиеттерін өзгертеді. (1.2-сурет).
Сурет 2. Delphi програмасының алғашқы көрiнiсi
Жалпы, ортада программа құруға арналған 4-ші, модуль терезесi де iске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген (1.3-сурет).
Сурет 3. Delphi-дің негiзгi терезесi
Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға – программаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны – 35 (1.4-сурет). Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.
Сурет 4 . Форма оқиғалары
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1. pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Басында ескертiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады (1.5-сурет) т.б.
Сурет 5. Код терезесi (Unit1)
Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту үшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. (1.5-сурет) көрiнiп тұрғаны – код терезесiне енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура дайындамасының жазылу түрi:
Procedure <атау> (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды. Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ тышқан ьатырмасымен шертіп,шыққан терезедегі тақташалар тізімін және олардың статусын өзгертуге болады.
Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды опцияларына тез арада қол жеткізуге болады.Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген .Әр топ жеке тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде көрсетілген.