Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2014 в 16:58, курсовая работа
ХХІ ғасырдың ағымына орай кез келген ақпаратты дер кезінде қағазға басып шығара алу мүмкіндігі көбінесе шешуші рөл атқарады. Сондықтан да қазіргі кезде ақпаратты қағаз бетіне шығару қондырғылары сан алуан түрлі болып дамып барады. Солардың қатарында компьютерге қосылып жұмыс атқаратын қондырғылардың бір саласы принтерлер мен плоттерлер болып табылады. Принтерлер көлемі жағынан шағындау және олар көбінесе кішкентай форматтағы қағазға басу ісіне арналған құрылғылар екендігі бәрімізге мәлім. Ал плоттерлерге келсек оларда үлкен форматтағы таңбалар, жазулар мен сызбалар шығарылады. Бірақ та осы екі түрлі қондырғылар бір-бірмен жұмыс істеу принциптері ұқсас.
Парақтық сканерлерде құжатты кішкентай екі ролик арқылы енгізіледі, сондықтан журналдарды немесе кітаптардан сканерлей алмайсыз.
Планшеттік сканерлер әмбебеб болып келеді. Олардың үстіңгі жағы көшірме құрылғыларға ұқсайды. Қағаз құжат болсын, жалпақ болсын арнайы шыныға қояды, ал шынының асты жағында оптикалық сандық форматқа ауыстыратын құрылғы жылжып отырады.
Барабандық сканерге толсақ, жарықсезгіштігіне қарасақ, планшеттік құрылғыдан әлдеқайда көп қолданылады. Жоғарғы сапалы кәсіптік фотосуреттерді өңдейтін баспаларда кездестіріледі. Бұндай сканерлердің рұқсаттылылығы бір дюймге 8000 - 11000 нүкте немесе одан да жоғары. Барабандық сканерлерде оригиналды барабан деп аталатын мөлдір цилиндрдің ішкі немесе сыртқы жағына орнатылады. Барабан үлкен болған сайын оригинал орнатылаты аудан үлкен болады, яғни сканерлейтін аумағы да үлкен болады. Оригиналды орнатқан соң барабан қозғала бастайды. Бір жүрісте бір ғана пиксель сызығы есептеледі. Слайдтан өткенде (немесе оригиналдың мөлдір емес жағынан шағылғанда) жоғарғы қуатты лазер жұқа жарық сәулесін құрайды және ол айна жүйесі көмегімен ФЭУ–ге (фотоэлектрлік көбейткіш) түсіріп, сандық форматқа ауыстырады.
Оптикалық рұқсаттылығы – бір дюймға келетін нүктемен есептеледі (dots per inch, dpi). Мінездемедегі көрсеткіш бойынша рұқсаттылық үлкен болған сайын алынып отырған құжатыңыз соғұрлым анық болады.
Офистерде сканерді тексттерді және күрделі емес суреттерді өңдеу үшін көп қолданылады. Бұндай жағдайда рұқсаттылығы 200-300 dpi болатын қара-ақ моделді сканер пайдалануға болады. Қысқа құжаттарды енгізу үшін қолдық сканермен жұмыс істеу қолайлы. Компьютерге енгізілетін суреттердің күрделілігіне байланысты рұқсаттылығы 300-600dpi планшеттік сканерде тоқтауға болады. Үйге және офистарда ең оптималды таңдау – 16,7 миллион түсті қабылдай алатын сканер дұрыс. Жоғарыда айтылған жағдайларда сканермен қатар қолданбалы бағдарлама және керекті қосылғыш шнурлар комплекте бар екенін ескеру қажет.
Күнделікті өмірден көріп жүрген қондырғыларымыз туралы баяндай отырып олардың күннен-күнге жетіліп келе жатқандығын айтуымызға болады. Қазір негізінен лазерлік принтерлер көптеп қолданылады. Және осы менің жазып отырған жұмысымның өзі де лазерлік принтер арқылы басылып шығып отыр. Бұлардың қарапайымдарының өзі минутына 8-10 парақ шығарады. Сол себепті де бұл санаттағы принтерлер басқа типтілерін нарықтан бірте-бірте ығыстырып шығаруда.