Принтерлер мен плоттерлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2014 в 16:58, курсовая работа

Краткое описание

ХХІ ғасырдың ағымына орай кез келген ақпаратты дер кезінде қағазға басып шығара алу мүмкіндігі көбінесе шешуші рөл атқарады. Сондықтан да қазіргі кезде ақпаратты қағаз бетіне шығару қондырғылары сан алуан түрлі болып дамып барады. Солардың қатарында компьютерге қосылып жұмыс атқаратын қондырғылардың бір саласы принтерлер мен плоттерлер болып табылады. Принтерлер көлемі жағынан шағындау және олар көбінесе кішкентай форматтағы қағазға басу ісіне арналған құрылғылар екендігі бәрімізге мәлім. Ал плоттерлерге келсек оларда үлкен форматтағы таңбалар, жазулар мен сызбалар шығарылады. Бірақ та осы екі түрлі қондырғылар бір-бірмен жұмыс істеу принциптері ұқсас.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.doc

— 132.50 Кб (Скачать документ)

 


 


 МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

ХХІ ғасырдың ағымына орай кез келген ақпаратты дер кезінде қағазға басып шығара алу мүмкіндігі көбінесе шешуші рөл атқарады. Сондықтан да қазіргі кезде ақпаратты қағаз бетіне шығару қондырғылары сан алуан түрлі болып дамып барады. Солардың қатарында компьютерге қосылып жұмыс атқаратын қондырғылардың бір саласы принтерлер мен плоттерлер болып табылады. Принтерлер көлемі жағынан шағындау және олар көбінесе кішкентай форматтағы қағазға басу ісіне арналған құрылғылар екендігі бәрімізге мәлім. Ал плоттерлерге келсек оларда үлкен форматтағы таңбалар, жазулар мен сызбалар шығарылады. Бірақ та осы екі түрлі қондырғылар бір-бірмен жұмыс істеу принциптері ұқсас.

Плоттерлер-графикалық формада берілген ақпараттарды есептейтін  және де жобалауды автоматтандыруға арналған құрал. Графикалық түрде берілген ақпаратты қағазға немесе басқа да тасушыларға шығаратын құралдарды - плоттерлер деп айтамыз. Plotter-термині ағылшын тілінен енген. Бұл курстық жұмыста негізгі плоттерлер технологиясы, рынок тенденциясы және көптеген плоттерлердің артықшылығы мен кемшіліктері қарастырылған. Басты атап өтетін жағдай, төменде қарастырылатын және қолданылатын технология А0, А1 форматтағы плоттерлер үшін ғана емес сонымен қоса кіші форматтағы және принтерлер үшін қолданылады.

 

1 Принтерлер мен плоттерлер

 

Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған. Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола береді. Принтерлердің негізгі артықшылығы – олар көптеген шрифт  түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті шрифт түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс. Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет қағаз үшін) және кең күймелі (қатар тұрған екі бет қағаз үшін) түрлері бар.

   Жұмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте көлемді болатынын білген дұрыс, ол экран мөлшерінен әлдеқайда үлкен болып, мыңдаған жолдардан тұра алады, оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен және программа ерекшеліктерімен анықталады. Сол себепті мәлімет қағазға басыларда, әр жолдың ені анықталып, шрифт ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға байланысты мәтін беттерге бөлінеді.

   Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады, соған байланысты олардың жүздеген модельдері бар.

   Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.

   Соңғы кезге дейін ең көп таралған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы матрицалық принтерлер болып саналады, олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады. Баспа тиегі қағаз жолдарымен жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды символ суретіне сәйкес нұқып отырады. Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, бұлардың сапасы орташа болады: сапасын арттыру үшін инелер бір жолда жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Бұларға қарағанда 24 не 48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады. Матрицалық принтерлердің жұмыс өнімділігі 10 – 60 секундта бір бет аралығында (секундына 20 – 400 символ) болады, бірақ қағаздағы сапасын арттырғымыз келсе, жылдамдықтан ұтыламыз. Принтерлерді таңдау кезінде олардың латын әрпінен өзге ұлттық әріптерді (қазақ, орыс, ұйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мұндайда екі түрлі жағдай болуы ықтимал:  а) Орыс, қазақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын ала қондырылған, сондықтан принтер токқа қосылысымен бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі әріптердің қодтары компьютердегімен бірдей болса, операциялық жүйелер командаларымен (PRІNT, COPY) мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер қодтар әртүрлі болса, онда оларды сәйкестендіретін драйвер-программалар қажет.  ә) Ұлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын ала компьютерге ұлттық әріптерді принтерге шығара алатын драйверді (басқару программасын) жүктеу керек. Принтерді немесе компьютерді токтан ағытатын болсақ,  ол мүмкіндік жоғалады.                              

   Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді, көптеген шрифт түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.                                           

    Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы  қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 1200 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар сапасы жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.

   Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік информацияны қағазға шығарады.

   График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі  бейнелерді басып алу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.

 

1.1 Принтерді алдын-ала даярлау

 

   Wіndows жүйесі – графиктік орта болғандықтан, мұнда кез келген программадан тексті баспаға шығармастан бұрын, ең алдымен принтерді жұмысқа алдын ала даярлап алған жөн. Ол үшін мынадай іс-әрекеттер тізбегі орындалуы тиіс:

1. Принтерді орнату

а) принтерді копьютерге жалғау;

ә) Іске қосу-Баптау-Принтерлер (Пуск-Настройка-Принтер) командаларын орындау;

б) осы сәтте ашылатын терезеге Wіndows жүйесінде тіркелген барлық принтерлердің шартбелгісі және "Принтерді орнату" шартбелгісі шығады;

в) "Принтерді орнату" шартбелгісінде тышқанды екі рет сырт еткізіп "Принтерді орнату шебері" терезесін ашамыз;

г) "Принтерді орнату шебері" ұсыныстарына сәйкес әрекеттерді орындау.

2. Принтерді алдын ала  баптап даярлау. Оны баптау кезінде  көрсетілуге тиіс параметрлерге  мыналар кіреді:

– принтер типі;

– принтердің жалғау портының идентификаторы (анықтауышы);

– матрицалық және сия бүріккіш (струйные) принтерлер үшін олардың дәлдік қабілеті (тік және көлденең бағыт бойынша бір дюймде басылатын нүктелер саны);

– қағаз көлемі (мөлшері);

– қағаз парақтарын бағыттау: көлденең (ландшафт) немесе тік (портрет) бағытта орналастыру;

– қағазды беру тәсілі (парақты немесе рулонды күйде);

– баспаның интенсивтілігі;

– баспаның сапасы.

   Бұл параметрлер Басты топ терезесінде орналасқан (басқару панелі) арнайы Принтерлер программасының көмегімен де өзгертіле алады.

Кейіннен Wіndows-программалардың кез келгенінен принтерге мәлімет шығарғанда параметрлердің осы орнатылған мәндері қолданылатын болады.

Принтерлердің орнатылған параметрлерін Іске қосу-Баптау-Принтерлер (Пуск-Настройка-Принтер) командаларын орындау арқылы да өзгерту мүмкіндігі бар.

   Мысалы, принтерді таңдап, оның параметрлерін өзгерту қажет болсын дейік, ол үшін Файл-Қасиеттер (Файл-Свойства) командасын орындаймыз.

  "Қасиеттер" терезесі ашылғаннан кейін принтер параметрлерін (дәлдігін, қағаз көлемін, түрін және оны беру тәсілін) өзгерте бастаймыз.

1.2 Алдын-ала келісім бойынша анықталған принтерді орнату

 

   Алдын-ала келісім (үнсіз келісім) бойынша анықталған принтерді орнату деп Wіndows жүйесінің кез келген программасынан баспаға мәлімет шығару керек болғанда, принтер жұмысының сол анықталған параметрлер мәндері бойынша жүргізілуін айтады.

   Сонымен, үнсіз келісім бойынша принтерді орнату үшін, оны "Принтерлер" программасы терезесіндегі тізімде белгілеп алып, Файлсіз келісім бойынша орнату (Файл-Установить по умолчанию) командасын орындаймыз. Сол сәтте менюдегі "үнсіз келісім бойынша орнату" (Установить по умолчанию) опциясының алдында тексеру жалаушасы пайда болады.

1.3 Wіndows-программалардан мәліметті баспаға шығару

 

   Көптеген Wіndows-программалар қағазға басып шығарылатын құжаттар жасау үшін қолданылады.

Мұндай стандартты программалар қатарына WordPad (Wrіte), Paіnt (Paіntbrush), Блокнот, Календарь, Картотекалар жатады. Принтерді алдын ала даярлаудың көптеген параметрлері программалар мәліметтерімен тікелей тағайындалуы мүмкін. Бұл үшін менюдің Файл пунктінде "Принтерді Таңдау" (Выбор принтера) командасы орнындалып, содан кейін жоғарыда жазылғандарға ұқсас сұхбаттасу терезелері біртіндеп ашыла бастайды.

   Атап өткен программаларда алдынала келісім бойынша анықталған принтер мен принтерді қосу порттарын қайта тағайындауға болмайды. Мұны тек басқару панелінің "Баптау" (Настройка) командасы арқылы жасау қажет. Алайда, Word, Excel сияқты қуатты программалар өздерінің ішінде-ақ бұл жұмысты да орындауға мүмкіндік береді.  Wіndows-программалардан информацияны баспаға шығару үшін Файл- Баспаға шығару (Файл-Печать) командасын қолданған жөн.

   Бұған сәйкес, процессор уақыты кезекпен жұмыс істеп тұрған екпінді программаларға бөлініп берілуі тиіс. Бір программаға бөлініп берілетін процессорлық уақыттың бөлігі (порциясы) – квант деп аталады, ал осылай уақытты бөліп отыру тәсілін – кванттау деп атайды.

   Егер программа өзінің бір квантында толығымен орындалып бітпесе, онда оның жұмысы тоқталады да, программаның жұмыс нәтижелері есте сақталып қалады. Процессорлық уақыт осы программаға қайта берілген кезде, оның жұмысы тоқталған жерден ары қарай жалғасады. Принтер – механикалық (электромеханикалық) құрылғы болғандықтан, ол электроникаға қарағанда анағұрлым баяу жұмыс істейді. Жедел жадтағы мәлімет принтерге өте жылдам беріледі де, ал оны баспаға шығару өте жай орындалады. Процессор информацияның кезекті порциясының баспаға шығарылуының аяқталуын күтіп тұрмас үшін, Wіndows жүйесінде арнайы шаралар қарастырылған. Міне, осындай сәттердегі принтердің жұмыс істеу тәртібін басқару Баспа Диспетчері деп аталатын жүйелік программаға жүктелген.

   Қолданбалы программа баспаға шығарылатын информацияны буферлік жадқа жібереді. Ал бұл информацияны принтерге жеткізу мен оны баспаға шығаруды қамтамасыз ету – Баспа Диспетчерінің жұмысы. Баспа Диспетчері жұмыс істеп тұрған басқа программалармен бірге өзінің процессорлық уақыт квантын алу үшін "кезекке тұрады". Оған кезек келген кезде, ол принтерге информацияны шығаруды ұйымдастырады. Мәліметтердің басып шығарылмаған бөлігі келесі уақыт квантында шығарылатын болады. Принтерге басып шығару процесінің баяулығына және процессордың үлкен жылдамдықпен істеуіне байланысты кідіріс болуы сырт көзге тіптен байқалмайды да.

   Баспаға шығару жылдамдығы Баспа Диспетчеріне бөлінетін процессорлық уақыт квантының мөлшеріне байланысты. Принтермен кез келген екпінді программа жұмыс кезінде бірнеше рет қатынас құрып отырады. Диспетчер олардың кезегін ретпен ұйымдастырып, жұмыс істеу тәртібін қатаң түрде қадағалап отырады.

   Баспа Диспетчері кез келген программа принтерді сұрағанда, бірден іске кіріседі. Мұндай сәтте Wіndows жұмыс столына Баспа Диспетчерінің шартбелгісі шығады. "Принтерлер" программасын іске қосып қай программаның баспамен жұмыс істеп жатқанын білуге болады.

   Принтердің информациялық қатарында ("Принтер" опциясы) мынадай мәліметтер бар:

– принтер аты;

– принтердің компьютерге жалғанған порты;

– принтердің қазіргі қалып-күйі.

   Әдетте бұл команда Баспаға шығару сұхбат терезесінің ашылуына әкеледі. Әртүрлі программаларда Басып шығару сұхбат терезелерінің сыртқы түрі бөлек болғанмен, бірақ олардың ішкі мәндері бірдей болады.  

   Мысал ретінде WordPad редакторынан мәтін басып шығаруды қарастырамыз. Көбінесе мәтін бірден принтерге шығарылады, бірақ кейде ол файлға да жазылып шығуы мүмкін. Егер файлға жазылса, кейін оны Wіndows жүйесін пайдаланбай-ақ (мысалы, MS DOS ортасында copy файл-аты prn  сөздері арқылы) басып алуға болады. Бірақ бұл өте қымбат информация, мұндай файлдың бір қатарының өзі бірнеше кб орын алуы (қаріптерге байланысты) мүмкін.

   WordPad редакторында файлға шығару режимі Баспаға шығару сұхбаттасу терезесіндегі тиісті батырмамен тағайындалады.

   Қажетті параметрлер енгізілісімен, мәтінді баспаға шығару басталады. Баспаға шығару процесінің басталғаны жайлы хабар сұхбаттасу терезесіне шығарылады. Кез келген сәтте принтерді тоқтатуға болады, ол үшін Болдырмау (Отмена) батырмасын тышқанмен сырт еткізсе болғаны.

 

1.4 Баспа Диспетчерімен жұмыс істеу

 

   Wіndows көп есепті режимде істейтін жүйе болғандықтан, компьютерде бір сәтте бірнеше программалар қатар жұмыс атқарып екпінді күйде болуы мүмкін. Бірақ, машинада бір-ақ процессор бар, сондықтан кез келген уақытта ол тек бір команданы ғана орындай алады. Осыған Баспаға сұраныс қабылдау қатары ("Құжат" опциясы) мыналардан тұрады:

Информация о работе Принтерлер мен плоттерлер