Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2015 в 07:22, реферат
Қазақстандық демократиялық қоғамның құрылуы және республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі Отандық білім дамуының стратегиялық жоспарды әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етеді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі мен тиімділігі
Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясы
Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясын қолдана отырып,
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға
бағытталған іс –тәжірибем
2.4
ІІІ. Қорытынды
«Оқушылардың
шығармашылық қабілетін
Жоспары
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға
бағытталған іс –тәжірибем
2.4
ІІІ. Қорытынды
І. Кіріспе сөз
Елдегі экономикалық хал-ахуал күрделілігіне қарамастан балаларға білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы, орта білім алуға, түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалған батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының басты шарты.
Қазақстандық демократиялық қоғамның құрылуы және республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі Отандық білім дамуының стратегиялық жоспарды әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етеді.
Мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Мектептегі мұғалім- ол балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оқушыларды шығармашылыққа баулуға, оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Жаңа форматция педагогы әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогика құралдарын шебер меңгерген, өзін- өзі әрдайым жетілдіруге ұмытылатын шығармашыл тұлға» деп анықтама берді.
Осыған орай, Қазақстанның қоғамдық- саяси өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізуде. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Сондықтан оқытудың әртүрлі технологиялары зерттеліп, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі мектеп өміріне енуде. Енгізілген жаңа технологиялар оқушылардың өмір сүруге әсер етуші қабілеттерін дамыту үшін әрбір ұстаз оқу - тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, оқушыны озық, ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіріп оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін қолданғанда, жақсы нәтижеге жетеріміз сөзсіз.
Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
2.1. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі мен тиімділігі
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан- жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялармен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.
Дарынды
Өз бетімен
шешім қабылдай
алатын
Дүниетаным Іздемпаз,
қабілеті жоғары талантты
Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқу үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып-біліп, зерттеп, тиімділігіне қарай оқытып, өзінің шеберлігіне қарай таңдауы керек. Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Өйткені бір технодогияның өзі мұғалімнің қолдану әдіс-тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.
Осы технологиялардың тиімділігіне тоқталар болсақ:
Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс- тәсілдерін жетілдіруге болады.
Атап айтқанда:
Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйретеді. Әр шәкірттің ойына өзгеріс енгізіп, санасына сілкініс туғызып, бала қызығушылығын оятып, танымдық белсенділікті қалыптастыру үшін алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс- тәсілдерді ең озығы өмірге келіп, ол әрбір оқушының жеке басының қасиеттерін қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын жеке тұлға тәрбиеленіп шығады. Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Міне, осы міндетті жан – жақты ашып көрсету үшін «Оқушы шығармашылығын деңгейлеп- саралап оқыту технологиясы арқылы дамыту» атты тақырыпты таңдап алдым.
2. 2. Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясы
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Технология авторы Жауынбай Амантұрлыұлы Қараев ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады. Деңгейлеп оқыту- деңгейленген тапсырмалар арқылы оқушы білімін анықтау. Мұнда логикалық есептерді шығаруға нашар оқитын және қабілетті балалармен жұмыс жасауға болады. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты-сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарынгың орындалуына кепілдік береді. І орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан деңгейдегі тапсырмаларларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады?- деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйге орындауға беру керек. Бұлда осы оқыту технологиясының тиімділігі, балаға берілетін мүмкіндік болады. Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы-оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатыны рейтинг - ұпай жинау әдісіне баулу. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг - ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейінде сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап қателіктерімен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды. Деңгейлік оқыту: Бұл жалпы дидактикалық жүйенің бір бөлігі. Деңгейлік тапсырмалар балаға шамасына, біліміне, қабілетіне, жас ерекшелігіне сай дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Жаңа технологияда оқушы өз жұмысын ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды, бұл тапсырмалар төртке бөлінеді.
Технология міндетті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
Тапсырмалары білімі минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сәйкес болады. Бірінші деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті.
Кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды.
Оқушылардың шығармашылыққа, логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.
Қабілетті дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. әрбір тапсырманы өз бетімен түсініп, талдай отырып орындау ғылыми шығармашылық тұлғадан шағын зерттеу жұмысын жүргізіп, (кішкентай) жаңалық ашқанмен бара-бар. Есеп шығару барысында ой-өрісінің кени түсіп, негізгі математикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуге жол ашады. Бұл сатыға өз бетімен жұмыс жүргізетін үшқыр ойлы оқушы ғана көтеріле алады.
Осындай талаптарға сәйкес
құрылған деңгейлік тапсырмалар
сатысы бойынша оқушының информ
Деңгейлік оқыту жүйесінің тиімді жақтары:
Осындай тиімді жақтарын ескеріп, деңгейлеп- саралап оқыту технологиясын өз сабақтарымда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолданамын.
2.3. Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған
іс –тәжірибем
Ұлтжанды, шығармашыл оқушы тәрбиелеудің негізгі шарты - оқушының пәнге қызығушылығында. Алдымда отырған 5-сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуды алдымен зерттеу жұмысын жүргізуден бастадым.
5 - сынып оқушыларының пәнге қызығушылықтарын анықтау үшін жүргізілген сауалнама нәтижесі төмендегідей.
Сауалнама көрсетіп тұрғандай 5-сынып көрсеткіш деңгейі жоғары, ендеше бұл сынып оқушыларының белсенділіктері, ынталары жоғары, олай болса бұл оқушыларды шығармашылыққа баулуға болатынына көзім жетті.
Сондықтан сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оларды баурап шығармашылық қызығушылығын, қиялын дамыту үшін «Шапшаңдық гимнастикасынан» бастап, оңайдан күрделіге жетелейтін ауызша есептер беруден бастаймын.
Сабақты бекіту кезінде деңгейлік тапсырмалар қолданылады. Оқулықтағы А, В, С тобы жаттығулары оқушылардан тек қана информатикалық білім емес, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жағдайға байланысты білім талап етілетін тапсырмалар. Бұлар негізінен оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген.
Сондықтан деңгейлік тапсырмалар арқылы С тобы есептерін шығаруға дағдыландырамын. «Жаңа білімді меңгерту» сабағында оқушының жаңа білімді қаншалықты меңгергенін байқау «Бекіту» сабақтарында оқушы білімін бағалау мақсатында деңгейлік тапсырмаларды ойын түрінде қолдануға болады.
Оқушыларда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер оқушының бар ақыл – ойын, ішкі күштерін біріктіреді. Сондықтан жеке тапсырмалар орындау, сөзжұмбақ, ребус құрастыру қызығушылықтарымен қоса, шығармашылықтарын да дамытады.
Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу үшін сабақты түрлендіріп өткізудіңде орны ерекше.
Сонымен бірге оқушы шығармашылық қабілетін сабақтан тыс шаралар арқылыда дамытуға болады. 6-сынып оқушылары арасында І жарты жылдық білімдерін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында "Инфобілгішпен саяхат" интеллектуалды ойынын өткіздім, онда оқушылар информатика пәнінін 5-6 сынып бағдарламаларынан өтілген тақырыптарды орындауға бәсекеге түсіп, өз білімдерін көрсетсе, 7-сынып оқушыларымен Паскаль программалау тілінен программалар құра білді.