Отчет по практике в АҚ «Қазпочта»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 16:41, отчет по практике

Краткое описание

Осы практика барысында дайындалған бағдарламалық өнім ыңғайлы интерфейске, ақпарат енгізу диалогтары арасында байланысқа ие.
Жасалған жұмыс барысында дайын бағдарламалық өнім жасалды және негізгі мақсаттарға қол жетті:
а) әр функцияны орындауға кететін уақыттың азаюы;
б) құжаттар мен есептеердің авутоматты түрде жасалуы;
в) жеңіл әрі қарапайым іздеу;
г) табельдік номерлер мен уақыттың автоматты түрде қойылуы.

Содержание

1.Кіріспе.............................................................................................................3
АҚ «Қазпочта» мекемесі туралы
2. Негізгі бөлім..................................................................................................6
2.1. АҚ «Қазпочта» мекемесінің ақпараттық жүйесі;
2.2. АҚ «Қазпочта» мекемесінің кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесі;
2.3. Кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін автоматтандыру.
3.Қорытынды....................................................................................................13
4. Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

текст отчета.docx

— 928.33 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Кадрлар бөлімінің ақпараттық  жүйесін автоматтандыру

 

Қазіргі таңда үздіксіз ақпарат ағыны әлемінде формализациялауға қиын берілетін жұмыстарды автоматтандыру процесі кең таралуда. Осыған байланысты жыл сайын осы мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар дайындалуда.

 Берілген өндірістік практиканың  тақырыбы кадрлар бөлімінің ақпараттық  жүйесін автоматтандыру болып  табылады.

Мекеменің кадрлар бөлімінің жұмысы қызметкерлердің жеке мәліметтері туралы көп ақпараттың жиналуымен байланысты. Негізінен ақпарат қағаздарда сақталады. Осыған байланысты жумысқа қабылдау, жұмыстан шығару, есеп жасау кезінде қажетті мәліметтерді тез табу мүмкін емес. Бағдарламаны дайындауға кадрлар жұмысының интенсивтілігі мен сапасында байқалатын, адам факторы күшінің әсерінен туындайтын себептер негіз болды:

а) бланктерді қолмен толтырғанда жіберілуі мүмкін кездейсоқ қателер;

б) үлкен көлемді ақпаратпен жылдам жұмыс істей алмау;

в) қажетті ақпаратты іздеудің қиындығы.

Бағдарламаны дайындаудың мақсаты кездейсоқ қателерді, кадрлар бөлімінің жұмыс жүйесінде анықталған кемшіліктерді жою мүмкіндігі және онда орындалатын функциялардың орындалу уақыты мен сапасына әсер ететін факторларды кірістіру:

а) әрбір функцияның орындалу уақытының азаюы;

б) құжаттандыру мен есептердің автоматты түрде жасалуы;

в) қарапайым және жылдам іздеу;

г) табельдік нөмірлердің және күннің автоматты түрде қойылуы.

 

Мекеменің кадрлар бөлімінің жұмысындағы негізгі функциялар:

  1. Жұмысқа қабылдау;
  2. Жұмыстан есеп беру.

Нақты сипатау үшін негізгі функцияларды қосымша қатарға бөлуге болады. Мысалы жұмысқа қабылдау келесі әрекеттердің орындалуын қажет етеді:

    1. Берілгендер анализі

Берілгендер анализі адамды жұмысқа қабылдағанда жүргізіледі. Берілген функцияның орындалуы үшін келесі құжаттар қажет: жеке куәлік, еңбек кітапшасы және білімі туралы құжат. Жұмысқа қабылдау туралы құжат аты-жөні, қызметі, мерзімі, бұйрық нөмірін қамтуы керек.

    1. Еңбек келісімін құру

Еңбек келісімін құру қарастырылған келсімі формасымен дайындалады. Еңбек келісімі қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде толтырылады.

    1.   Жеке іс-құжатты құру

Жеке іс-құжатта төлқұжат деректері және қызметкер туралы жалпы мағлұматтар сақталады. Еңбек келісімін құруға қажетті деректерден басқа қызметкердің табельдік нөмірі және басқа да жеке ақпараттар сақталады.

  1. Жеке деректер:
  • Туған куні, туған жері;
  • Мекен-жайы;
  • Төлқұжат: сериясы, нөмірі;
  • Зейнетақы куәлігі;
  • Медициналық карточкасы;
  • ИИН;
  1. Білімі.
  1. Еңбек тарихы:
  • Мекеме;
  • Қызмет;
  • Жұмыс өтілі,
  • Жұмыстан шығу себебі.
  1. Құжаттар:
  • Құжат типі (еңбек кітапшасы, диплом және т.б.);
  • Идентификациялық нөмірі (диплом және еңбек кітапшасының нөмірі);
  • Қабылдау уақыты (жеке іс-құжатқа енгізу уақыты);
  • Шығару уақыты (жеке іс-құжаттан шығару уақыты);
    1. Штаттық кестенің өзгеруі.

Жаңа қызметкерді  жұмысқа қабылдағанда, мекемедегі жұмыс кестесі сәйкесті түрде өзгертілуі тиіс.

    1. Жеке іс-құжат пен еңбек кітапшасына белгі қою.

Жұмыстан шығару туралы бұйрық шыққанда жеке іс-құжатқа бұйрық нөмірі, есептесу уақыты мен шығару себебіне сәйкесті белгі енгізіледі.

    1. Құжаттарды беру
    2. Жұмыстан босатылған қызметкерлердің тізімін құру.

 

2 Берілген пәндік аймақты зерттей  келе ақпараттық жүйе кадрлар  бөлімі қызметкерлерінің жұмысын  бірталай жеңілдетеді деген шешімге  келуге болады. Осы жүйені құру арқылы барлық функциялар толықтай автоматтандырылады, адам факторы әсерінен пайда болатын кездейсоқ қателер мүмкіндігі азаяды. Мысалы, жұмысқа қабылдау немесе есептесу кезінде бөлім кестесіне өзгеріс енгізуді қызметкер ұмытып, орындамауы мүмкін, ал берліген ақпараттық жүйеде бұл қызмет толықтай автоматы түрде орындалады. Кадрлар бөлімі үлкен көлемді деректермен жұмыс істеуді көздейді, сондықтан бұл жүйе тек қана қателерді азайту ғана емес, сонымен қатар өңдеуге, деректерді іздеуге, функияның орындалуына, есеп құруға ететін уақытты азайтуға негізделген.

  1. Ақпараттық модельді құрастыру.

Ақпараттық модельді жобалауда ERwin CASE-құралы қолданылды. Онда барлық негізгі объектілер мен олардың арасындағы байланыстар анықталған. Негізгі объектілер: «Қызмет», «Қызметкер», «Бұйрық», «Еңбек тарихы» және «Құжат». (1-сурет).

 

Сурет 1.

 

Инфологиялық модельді жобалаудың келесі кезеңі атрибуттарды бөлшектеу болып табылады. Әр объектіге:

  • Алғашқы кілт;
  • Байланыс типіне сәйкес сыртқы кілттер;
  • Атрибуттар.

Объектілерге келесі атрибуттар жазылады:

  • Кызметкер (табельлдік нөмірі, аты-жөні, білімі, мекен-жайы, туған куні, туған жері, төлқұжат, т.б.);
  • Қызметі (қызмет нөмірі, қызмет түрі);
  • Бұйрық ( бұйрық нөмірі, уақыты, типі, нөмірі);
  • Еңбек тарихы ( жазба нөмірі, қызметі, жұмыс өтілі, мекеме, шығарылу себебі, табельдік нөмірі);
  • Құжат ( құжат нөмірі, типі, идентификациялық нөмірі,қабылдау уақыты, шғару уақыты, табельдік нөмірі).

Осылайша, 2-суретте көрсетілген деректердің инфологиялық моделін аламыз.

 

 

Сурет 2. Инфологиялық модель

 

 

Деректер қорын жобалаудың келесі кезеңі деректер қорын даталогиялық жобалау болып табылады.

Даталогиялық модель инфологиялық модель негізінде құрылып, нақты ДҚБЖ деректері сипатталған тілде орындалады. Кестенің әрбір аумағына аты, типі және өлшемі беріледі. Алынған даталогиялық модель 3-суретте көрсетілген.

 

 

 

Сурет 3. Даталогиялық модель

 

 

Есептер мен сұраныстарды жасау үшін берілген модель негізінде «Штаттық кесте» және «Жұмыстан босатылған қызметкерлер тізімі» уақытша кестелері құрылды. (сурет 4.)

 

 

Сурет 4. Уақытша кестелер

 

 

«Штаттық кесте» кестесі «Қызмет» және «Қызметкер» кестелері негізінде құрылады. 

«Жұмыстан босатылған қызметкерлер тізімі» уақытша кестесі келесі деректерді қамтиды:

  1. «Қызметкер» кестесінен:
  • Тегі;
  • Аты
  • Әкесінің аты
  1. «Бұйрық кестесінен»:
  • Қабылдау уақыты
  • Есептесу уақыты
  • Статья
  • Жұмыс өтілі.

 

 

 

 

4.Қосымшаның сипаттамасы

 

Басты бет бағдарламаны іске қосқанда ашылуы және барлық қажетті функцияларды біріктіруі қажет. Келесі беттер осы беттен ашылады.

 

 

 

Сурет 5. Басты бет

 

5-суретте «Кадрлар бөлімі» қосымшасының  басты беті көрсетілген. Басты  бетте қосымша бетке өтетін сілтемелер орналасқан, қосымша беттер жұмыс аймағы болып табылады және жұмысқа қабылдау кезінде толтырылатын форма орналасқан. Енгізілген деректер негізінде еңбек келісімі жасалады. Жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдаған соң жеке іс-құжатты құру үшін қосымша деректерді енгізу қажет (сурет-6).

 

Сурет 6.

 

 

«Қызметті қосу» сілтемесіне өткенде қызмет түрлерін өңдеуге арналған «Қызмет» формасы ашылады (қызмет түрін қосу немесе өшіру).

«Жұмыстан шығарылғандар тізімін құру» сілтемесіне өткенде, қызметкерлер жұмысының кестесі ашылады. Қызметкерлердің жұмыс кестесі қызмет түрі мен осы қызметте жұмыс істейтін қызметкерлердің санын қамтитын кестелерден тұрады.

«Барлық қызметтегі қызметкерлердің тізімі» сілтемесіне өткенде қызметтегі қызметкерлер тізімі ашылады. Бұл бетте жұмыстан шығару функциялары және қызметкердің арлық деректерін көру мүмкіндігі ұйымдастырылған.

Сонымен қатар бағдарламада қызметкерлерді тегі бойынша іздеу ұйымдастырылған (сурет-7). Бұл функцияның орындалу нәтижесі іздеу шартын қанағаттандыратын барлық қызметкерлерді қамтитын кесте болып табылады.

 

 

Сурет 7.

 

Қорытынды

 

АҚ «Қазпочта» мекемесі почта байланысының ұлттық операторы болып табылады және Қазақстан Республикасын әлемдік почталық қауымдастықта көрсетеді.

Қазіргі уақытта АҚ «Қазпочта» мекемесі почталық, қаржылық, агенттік қызметтердің кең спектрін қамтиды, сонымен қатар ақпараттық, қаржылық, тауарлық ағындар өтетін жүйе болып табылады.

АҚ «Қазпочта» мекемесінің кадрлар бөлімі – бұл мекеменің кадрлық ақпараттарын енгізу жүйесі. Жүйе жаңа заманғы технологиялар негізінде құрылған.

Кадрлар бөлімі кадрлық іс-жүргізу мен енгізу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Жаңа заманғы кадрлық іс-жүргізу  негізінде құрылған кадрлар бөлімінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қолданушыға кадрлық есептің қиын мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Жүйе қолданушыларға әр түрлі формалар, есептер және анықтамалар дайындауда мүмкіндіктің кең спектрін ұсынады. Жүйенің эргономикалық интерфейсі персоналдың кадрлық жұмыстарға кеткен шығындарды азайтуды жүзеге асырады. Қолдануда қарапайымдылығына қарамастан, кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесі мекеменің кадрлық жұмысын автоматтандыруда қолданылатын копфункционалды шешім болып табылады.

Осы практика барысында дайындалған бағдарламалық өнім ыңғайлы интерфейске, ақпарат енгізу диалогтары арасында байланысқа ие.

Жасалған жұмыс барысында дайын бағдарламалық өнім жасалды және негізгі мақсаттарға қол жетті:

а) әр функцияны орындауға кететін уақыттың азаюы;

б) құжаттар мен есептеердің авутоматты түрде жасалуы;

в) жеңіл әрі қарапайым іздеу;

г) табельдік номерлер мен уақыттың автоматты түрде қойылуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Аарон И.Волш Основы программирования на Java для World Wide Web .- IDG Books Worldwide,Inc.,1996, Издательство "Диалектика",1996
  2. http://www.cltforum.ru/
  3. http://www.php.net/docs.php

 

 


Информация о работе Отчет по практике в АҚ «Қазпочта»