Отчет по практике в АҚ «Қазпочта»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 16:41, отчет по практике

Краткое описание

Осы практика барысында дайындалған бағдарламалық өнім ыңғайлы интерфейске, ақпарат енгізу диалогтары арасында байланысқа ие.
Жасалған жұмыс барысында дайын бағдарламалық өнім жасалды және негізгі мақсаттарға қол жетті:
а) әр функцияны орындауға кететін уақыттың азаюы;
б) құжаттар мен есептеердің авутоматты түрде жасалуы;
в) жеңіл әрі қарапайым іздеу;
г) табельдік номерлер мен уақыттың автоматты түрде қойылуы.

Содержание

1.Кіріспе.............................................................................................................3
АҚ «Қазпочта» мекемесі туралы
2. Негізгі бөлім..................................................................................................6
2.1. АҚ «Қазпочта» мекемесінің ақпараттық жүйесі;
2.2. АҚ «Қазпочта» мекемесінің кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесі;
2.3. Кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін автоматтандыру.
3.Қорытынды....................................................................................................13
4. Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

текст отчета.docx

— 928.33 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЫ:

 

 

1.Кіріспе.............................................................................................................3

                АҚ «Қазпочта» мекемесі туралы

2. Негізгі бөлім..................................................................................................6

     2.1. АҚ «Қазпочта» мекемесінің ақпараттық жүйесі;

     2.2. АҚ «Қазпочта» мекемесінің кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесі;

     2.3. Кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін автоматтандыру.

3.Қорытынды....................................................................................................13

4. Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................14 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазпочта ТМД аумағында бірінші болып пошта-жинақ жүйесін құрастырып енгізген бірден-бір пошта әкімшілігі болып табылады. «Қазпочта» АҚ-ның сапалы пошта-жинақ жүйесін құрастырудағы жұмысының нәтижелері байланыс саласындағы аймақтық достастықпен сәтті деп танылды. Ал Қазақстандағы жаңа пошта жүйесінің үлгісі Достастық  елдері пошта әкімшіліктері үшін болашағы мол даму жолы ретінде атап өтілді. Бүгінгі күні қазақстандық пошта 21 000-ға жуық қызметкер, республика бойынша 3200 байланыс бөлімшелері, 14 облыстық және 4 республикалық мәндегі филиалдан тұрады. Қазіргі кезде қазақстандық поштаны көп функционалды қаржылық супермаркетке айналдыру үрдісі жедел іске асырылуда. Мұнда жақын арада пошталық, қаржылық және басқа да қызметтер көрсетіледі. Қазақстан сияқты үлкен мемлекетте ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында әмбебап логистикалық операторының қызметінсіз мүмкін емес. Пошта саласында жүріп жатқан өзгерістер, тұтастай алғанда компанияның алға жылжуына негіз қалады. «Standard & Poor's» халықаралық рейтингтік агенттігі 2005 жылы «Қазпочта» АҚ-ға ұзақ мерзімді несиелік ВВ+ «Тұрақты» рейтингісін берді. Бұл компанияның тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын екенін дәлелдейді. «Қазпочта» АҚ 2006 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда бірлесіп жасалған жұмыстар жемісті болды.Директорлар кеңесінде жай ғана поштаның даму тұжырымдамасын емес, сонымен қатар ұлттық пошта операторының инфрақұрылымын жаңартатын бағдарламаны қамтитын 2007-2009 жылдарға дамудың стратегиялық бағыттары бекітілді. Мұндай жаңартудың негізгі міндеттері пошта байланысы бөлімшелерінің жеке желісін оларды жан-жақты қамтып, техникалық нығайту мен ақпараттық коммуникациялық және банктік жабдықтармен қамту арқылы жетілдіру болып табылады. «Қазпочта» АҚ 2006 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда бірлесіп жасалған жұмыстар жемісті болды. Осы уақыт ішінде осындай мемлекеттің шешімін дұрыс қабылдау мен түсінуде келді. Директорлар кеңесінде жай ғана поштаның даму тұжырымдамасын емес, сонымен қатар ұлттық пошта операторының инфрақұрылымын жаңартатын бағдарламаны қамтитын 2007-2009 жылдарға дамудың стратегиялық бағыттары бекітілді. Мұндай жаңартудың негізгі міндеттері пошта байланысы бөлімшелерінің жеке желісін оларды жан-жақты қамтып, техникалық нығайту мен ақпараттық коммуникациялық және банктік жабдықтармен қамту арқылы жетілдіру болып табылады. Бұл шаралар көптеген стратегиялық маңызды міндеттерді орындауды ұйғарады. Бірінші кезекте қаржыландыру көздерін аймақтық желіні қалалық, аудандық, ауылдық деңгейде дамытуға толық мобилизациялау қажет. Бұл жан-жақты әрі ақпараттық-техникалық жабдықтау деңгейінде стандартты пошта-жинақтау қызметтерінің тізімін сапалы негізде көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл қайта жабдықталған пошта байланысы бөлімшелерінде «электронды үкімет» жүйесіне қосылу, несиелеу, тұрғын үй салу жинақтарын жасау үшін теле және ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді дамыту есебінен көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Компанияның даму жоспарын іске асыру пошта-жинақтау қызметтерін көрсету деңгейін көтеруге, пошта жөнелтімдерін тасымалдау жиілігін арттыру, сонымен қатар тұтастай алғанда аймақтық желі мен тораптық бағдарларды оңтайландыратын тораптық бағыттар бойынша пошталық жөнелтімдерді жеткізу мерзімін қысқартуға септігін тигізеді.

            «Қазпочта» АҚ қызметінің тағы  бір оңды нәтижесі клиенттер  мен әріптестер жағынан компания  қызметтеріне деген жоғары қызуғышылық  болып табылады. Пошта – Қазақстан  халқының бәріне дерлік қол  жетімді бірегей күшті желілік  құрылым. Қазпочта ең пәрменді  филиалдық желіге ие. Республикада  мұндай желіге іспеттес желі  жоқ. Қазпочтаның барлық облыстық  филиалдарында «K-mobile» мен «K-cell»  ұялы байланыс қызметтері үшін  төлемдерді қабылдаудан жаңа  жобаларды іске асыру бойынша  бағдарламалық өнімдер сәтті  қолданылып келеді.

Дүниежүзілік пошта одағының негізгі міндеттерінің бірі – әмбебап пошта қызметін нығайту. Әмбебап пошталық қызметтер экономикалық тиімділікті нығайтады әрі қазіргі жаңа технологиялар ұсынатын мүмкіндіктерге қиындықсыз бейімделеді. Сондықтан сапаға назар аудара отырып және қажетті құралдарды қолдана отырып, біз Қазақстанда әмбебап пошталық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге барынша тырысамыз. «Қазпочта» акционерлік қоғамының құрылғанына 15 жыл толды. Осы уақыт аралдығында пошта көптеген қиындықтарға қарамастан дамып, жетіліп, өзінің бүгінгі деңгейіне қол жеткізді. ТМД елдері арасында алғаш рет тиімді пошта-жинақ жүйесі құрастырылды. Басты жетістіктердің бірі – «EMS-Kazpost» қызметі Дүниежүзілік пошта одағы EMS кооперативі сертификациялау жүйесінің «қола» деңгейіне қол жеткізді. 2007 жылдың  шілдесінде «Қазпочта» АҚ-да сапа менеджменті жүйесін енгізу кезеңі басталды. Орталық аппарат пен «пилотты аймақ» филиалдары сертификаттау алдындағы аудиттен сәтті өтті. Қараша айында «Русский регистр» сертификаттау бойынша өкілетті ассоциациясы сертификаттау аудитін өткізіп, «Қазпочта» АҚ сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттар талаптарына сай екендігін растады. Қазпочта әлемнің 130-дан астам мемлекеттерінде күші бар IQNet халықаралық сертификаттау органының сертификатын алғаны бір төбе. 2007 жылы Қазпочта Қазақстанның әрбір қалаған азаматы дербес компьютерді рыноктық бағадан әлдеқайда төмен соммаға дербес компьютерді сатып алуға мүмкіндік беретін «Ашық әлем» сияқты жаңа жобаларды жүзеге асыруға қатысты. Жақын арада электронды сауда алаңы жүйесі іске қосылды. Оның негізгі міндеті – тапсырыс берушілер, жеткізушілер мен сауда әріптестеріне электронды қызметтер кешенін көрсету. 45 ауылдық пошта байланысы бөлімшелерінде Интернет жүйесіне қоғамдық қосылу пункттері ашылды. Ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында бүкіл республика бойынша жаңа буын бөлімшелерін салу, пошталық офистерді күрделі жөндеуден өткізу белсенді жүргізілуде.

Бұл жетістіктердің бәрі – бүкіл «Қазпочта» АҚ ұжымының үйлесімді еңбегінің нәтижесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Негізгі бөлім

2.1. АҚ «Қазпочта» мекемесінің ақпараттық жүйесі

 

2000 жылдары қазақстандық почталарда  іс-жүргізуде бар болғаны 120-дай  ғана компьютерлер қолданылған  болатын. Бағдарламалық қамсыздандандыру  және берілгендерді жіберу желілері  де жоқ болатын. 2004 жылдан бастап  АҚ «Қазпочта» мекемесі ақпараттық  жүйесін жаңартуға кірісті. Орталығы  ішкі жүйелер арасында ақпарат  алмасуды жүзеге асыратын корпоративтік  шина болып табылады.

Корпоративтік ақпараттық жүйе барлық акционерлік қоғамды комплексті автоматтандыруға арналған. Ол 5 блоктан тұрады (негізгі, инвестициялық, жекелеген кәсіпкерлік, алынып тасталған рұқсат, әкімшілік-шаруашылық блогы) және 5 жалпы ішкі жүйелерден тұрады (кіріс есептері, шығыс есебі, тәуекелді басқару, ақшаны басқару, тұтынушылар туралы ақпарат).

Негізгі блок – бұл біріншіден, қалған ішкі жүйелер құрылатын бухгалтерлік есеп жүйесі, бас кітап. Одан кейін – ішкі және тұтынушы шоттарын енгізу модулі; жеке және заңды тұлғаларға арналған кассалық есептеу операцияларын енгізу модулі, ұйымдардың ел ішіндегі банк аралық  және халықаралық төлемдерін жүзеге асырушы төлемнің ішкі жүйесі.

Инвестициялық блокқа  бағалы қағаздармен жұмыс, ақша саудасы, валюталық сауда, халықаралық жүйелермен ұйымдастырылған байланыстар және финанстық ақпараттың электрондық мұрағаты ақшаны басқару модулі кіреді.

Тағы бір ерекше блок – бұл барлық келісімшарттарды құруға рұқсат беретін, алу және төлеу шоттарын автоматты түрде құратын, негізгі құралдардың, мүліктердің және таурлы-материалдық қорлардың есебін және персонал мен еңбекақының есебін жүргізетін әкімшілік-шаруашылық блогы.

Жекелеген кәсіпкерлік бизнес негізінде почта жөнелтілімдерін қабылдау және жіберу; подписка; салымдар мен депозиттер; аударымдар; қолдағы ақшалардың есебін жүргізу; төлемдерді қабылдау; алмасу пункті; агенттік қызметтер; Интернет-банкинг; ұзартылған тапсырмалар; пластикалық карталармен жұмыс жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда казпочтада 60 мыңнан астам жеке карточкалар шығарылған, ал эквайрингілік желіде 136 банкомат және 1600-ден аса POS-терминал бар.

Тұтынушы АҚ «Казпочта» корпоративтік порталына кіре отырып, почта жөнелтілімдерінің әрекетін бақылай алады. Ол үшін тіркеу номерін білу қажет.

Жобаны жасау шеңберінде бақылау жасау және мониторинг орталықтары құрылды. Онда почталық байланыс бөлімдерінің, тасымалдаушылардың және тасымал құралдарының барлық ақпараттары бейнеленеді. Орталық қызметкерлері нақты уақытта барлық қозғалыстарды бақылай алады және қажет болған жағдайда тиісті шараларды қабылдай алады.

Қазпочта корпоративтік порталының негізгі функциясы – бұл портал доменінің барлық ресурстарына кіруге рұқсат беретін біріккен нүкте. Сонымен бірге коллективті жұмыс және қосымшалармен,құжаттармен, жүйелермен кірігу технологиялары да қарастырылған.

Корпоративтік портал қалай жұмыс істейді? Шина арқылы ақпарат жүйесімен, электронды сауда аумағымен, ақпараттық-логисттикалық жүйесімен және ҚР электронды үкіметімен өзара жұмыс жүргізіледі.

Электронды сауда аумағы сервистік қызмет көрсетулерді почта арқылы жеткізу және тауар өндірушілердің электронды каталогтері бойынша дистанциондық сауданы ұйымдастыру мен дамытуға арналған.

«Электронды сауда аумағы» қызметі келесі қызметтерге ие:

  • Тауарлар мен қызмет көрсету туралы жеткізіушімен келісімге келу;
  • Жеке және заңды тұлғалардан тауарлар мен қызмет көрсету туралы тапсырыс алу;
  • Электронды сауда аумағында рәсімделген тұтынушылардан қабылданған төлемдердің тізімін жасау;
  • тапсырыстарды тауар салымымен бірге орау және оларды тұтынушыға жеткізуді құру.

АҚ «Қазпочта» мекемесінде Интернетке қоғамдық байланысты дамыту пункті жұмыс жасайды. Оның негізгі функциясы – бұл халыққа «Электронды үкімет» бағдарламасына , интенет желісіне, Казпочтаның Интернет қызметтерін пайдалануға,  компьютерлік сауаттарын жоғарылатуға мүмкіндік беру. Қазіргі таңда 230 қоғамдық пункт бар, оның 30 қалалық, ал 200 ауылдық жерлерде орналасқан.

Казпочта мекемесінде жаңа заманға сай call-center орталығы ұйымдастырылған. Оның негізгі қызметтері: тұтынушы қажеттіліктерін идентификациялау;  қоңырауларды кезекке қою;  шақыруларды автоинформаторға қосу; операторлардың және операторлар тобының байланыс линияларының анализдері; call-center қызметінің сатистикасын жинақтау және қорытындылау.

Бұдан басқа барлық ақпарат жүйесін басқару және мониторинг жасау жүйесі жұмыс жасайды. ИТ-ресурстарын басқару жүйесін құрудың негізгі мақсаттары:

  • Ақпараттық сервистердің үлкен мүмкіндіктері есебінен компанияның бизнес-бөлімшелерінің жұмысын жоғарылату;
  • Қазпочтаның негізгі тапсырмаларын орындау мақсатында ақпараттық инфрақұрылмнан қызметін жоғарылату;
  • Ақпараттық құрылымды тұтастай қолдауға кеткен шығындарды  оңтайландыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     2.2. АҚ «Қазпочта»  мекемесінің кадрлар бөлімінің  ақпараттық жүйесі

 

 

АҚ «Қазпочта» мекемесінің кадрлар бөлімі – бұл мекеменің кадрлық ақпараттарын енгізу жүйесі. Жүйе жаңа заманғы технологиялар негізінде құрылған.

Кадрлар бөлімі кадрлық іс-жүргізу мен енгізу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Қоғам кадрларының мүмкіндіктері оның жетістіктерін анықтайтын маңызды стратегиялық фактор болып табылады. Адам ресурстарын басқарудың негізгі мәні адамдар бәсекеде қол жеткізген компанияның байлығы ретінде қаралады, ұйымның стратегиялық мақсаттарына жетуі үшін оның еңбек әрекетін реттеп, ынталандырып, басқа ресурстармен тең дәрежеде дамыту керек.

Кадрлардың ағымын талдау тоқсан сайын жүргізіледі және жұмыскерлердің кету себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштің мониторингі тиісті шаралар қолдануға және Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріндегі кадрлар ағымының деңгейіне ықпал етуге мүмкіндік береді. 

Қоғам үшін кадрларды таңдау үрдісі өндірістік қажеттілік негізінде, Қоғамның жоспарланған жұмыс көлемінің өсуі және жұмыскерлердің зейнетке шығуына байланысты қалыптасқан Қоғамдағы кадрлар ағысының табиғи көрсеткіштері шеңберінде жүзеге асырылады.

Персоналды бейімдеу шараларында Кадрлар саясатын жүзеге асыруды кадрлар қызметі және құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүзеге асырады. Жаңа жұмыскерлерді бейімдеу «Қазпочта» АҚ жаңа жұмыскерлерін бейімдеу Ережесіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Кадрлар резервіне таңдап алудың мақсаты - Қоғамның болашағы бар мамандарын одан жоғары лауазымдарға өсуіне дайындау, әр түрлі деңгейлердің резервін жасау. Қоғам кәсіптік өсуге мүдделі, негізгі лауазымдарға тағайындау үшін дайындалған жұмыскерлерін тобын алады. Жұмыскерлерді бағалаудың және кадрлар резервіне іріктеудің нормативтік базасы «Қазпочта» АҚ кадрлар резервін жасау және олармен жұмыс істеу туралы Ереже» болып табылады. 

Жаңа заманғы кадрлық іс-жүргізу  негізінде құрылған кадрлар бөлімінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қолданушыға кадрлық есептің қиын мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Жүйе қолданушыларға әр түрлі формалар, есептер және анықтамалар дайындауда мүмкіндіктің кең спектрін ұсынады. Жүйенің эргономикалық интерфейсі персоналдың кадрлық жұмыстарға кеткен шығындарды азайтуды жүзеге асырады. Қолдануда қарапайымдылығына қарамастан, кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесі мекеменің кадрлық жұмысын автоматтандыруда қолданылатын копфункционалды шешім болып табылады.

Информация о работе Отчет по практике в АҚ «Қазпочта»