Отбасылық дәрігерлік амбулатория жобасын құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 17:18, курсовая работа

Краткое описание

Модельдеу кез келген құбылыстардың, процестердің немесе обьект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру және талдау, бар немесе жаңадан құрастырылған обьектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін, олардың модельдерінде обьектілердің әртүрлі табиғатын зерттеу әдісі.
Бұл курстық жобаның тақырыбы: «Монте-Карло әдісін модельдеу» және де Delphi бағдарламалау ортасында «Отбасылық дәрігерлік амбулаторияда науқастың жеке картасын жүргізу және тіркеу бойынша АЖ құру».

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................
1 БАҒДАРЛАМАЛАУДЫ ӨҢДЕУ ОРТАСЫН ТАҢДА...................................
1.1 Монте-Карло әдісімен модельдеу ..............................................................
1.2 Delphi бағдарламалау тілінің мүмкіндіктерін сипаттау ...........................
2 ЖОБАНЫ ӨҢДЕУДІ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ................................................
2.1 Отбасылық дәрігерлік амбулаторияны сипаттау......................................
2.2 Бағдарламалық жолмен модельді өңдеу ...................................................
3 ЖОБАНЫ ӨҢДЕУ БӨЛІМІ..............................................................................
3.1 Бағдарламаның құру кезеңдері..................................................................
3.2 Бағдарламада қолданылған компоненттерді сипаттау.............................
3.3 Қолданушы интерфейсі .............................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отьасылық дәрігерлік амбулатория жобасын құру.doc

— 893.00 Кб (Скачать документ)

         

Емдеу-профилактика мекемелерінің қызметін үйлестіру жөніндегі басқарма, денсаулық сақтауды жоспарлау басқармасы, облыстардың Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтары "Халық денсаулығы" аймақтық бағдарламаларын ескере отырып, отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың кең жүйесін құру арқылы амбулаторлық-поликлиникалық мекемелерді белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын. 

Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер - бұл жасына, жынысына немесе ауру сипатына қарамастан, жеке адамға, отбасыларына және адамдардың бүкiл контингентiне алғашқы және үздiксiз медициналық көмек көрсетуге  тиiсті рұқсаты бар, дипломды медицина қызметкерi.  
          Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер өзiнiң қызметiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медицина ұйымдарында, сондай-ақ жеке практика тәртiбiмен жүзеге асыра алады. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгерге халықты тiркеу дәрiгердiң еркiн таңдауы негiзiнде жүзеге асырылады.

Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер өзiнiң  кәсiби бiлiмi мен дағдысын өз бетiмен  бiлiм алу жолымен және өзге әдiстермен  үздiксiз жетiлдiредi. Әрбiр жалпы  практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияның аға дәрiгерiне жыл сайын есеп ұсынуға, соңғысы емдеу-диагностикалық, профилактикалық қызметi мен жылына мөлшерi 72 кредит-сағат кәсiби даярлықты куәландыратын құжаттарды (сертификаттар, аттестаттар, куәлiктер) көрсете отырып аудандық (қалалық) денсаулық сақтау басқармаларына немесе Отбасылық дәрiгерлер қауымдастығына ұсынуға мiндеттi.  
      Жалпы практика дәрігері/отбасылық дәрігер жалпы практика дәрігері/отбасылық дәрігер біліктілігін растау және еңбек қызметін (еңбек жұмысын) жалғастыруға мүмкіндік алу үшін әрбір 5 жылда аттестациялық кәсіби емтихан тапсыруға міндетті. Емтихан нәтижесі "Отбасылық дәрігердің кәсіптік куәлігіне" енгізіледі.  
        Даярлық деңгейін анықтау, білімді және практикалық дағдыны меңгеру мақсатында жалпы практика дәрігері/отбасылық дәрігер ретіндегі жұмыстың алғашқы үш жылында дәрігер біліктілік емтиханын жыл сайын тапсырады.  
       Денсаулық сақтау басқармаларының органдары кәсіби аттестаттау емтиханын ойдағыдай тапсыруын, қажетті кредит-сағат мөлшерінің және әзірлік деңгейінің бар екенін ескере отырып жалпы практика дәрігері/отбасылық дәрігердің кәсіби жарамдылығын анықтайды.

 

 

2.2 Бағдарламалық  жолмен модельді өңдеу

 

Модель дегеніміз  - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.

Сипаты бойынша  модельдеу материалдық және идеалдық болып бөлінеді.

Материалдық модельдеу  обьектінің геометриялық, физикалық, динамикалық және қызметтік сипатын нақты дәл береді.

Идеалдық модельдеуге  обьектінің ойдағы бейнесі жатады.Ойша модельдеу тіл көмегімен іске асырылады.

Модель түсінігін  кибернетикада бақыланатын обьектілер класын сипаттайтын теорияның моделін белгілеуде жиі қолданады.

Компьютерлік  модельдеу бұл да оқып үйренетін  обьекті теориясының модельденуі.

Модельдеуші тек  адам бола алады.Модельдеу обьектісі  табиғи (өсімдік, күн системасы) және адамның ықпалымен құрылып жасанды  болу мүмкін.

Модельдеу жүйесі зерттелетін жүйенің немесе оның элементтерінің математикалық және физикалық аналогтарын құру және талдау.

Модельдік тәжірибе зеттеу тәсілі ретінде жүйені жаңғыртуға және зеттеуге мүмкіндік береді.Ал зерттелетін жүйеге тікелеу тәжірибе жүргізу қиын немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы мүмкін.

Адамның практикалық  ғылыми қызметтерінде жұмыс істеуіне тура келетін обьектілердің қандай да бір алмастырушысын құрады.Мұның  табиғи көшірме – картина, скульптура, самалеттың ұшу қасиетін зеттеуге белгіленген макеті, қандай да бір бұйымның партиясын дайындауға арналған үлгісі болуы мүмкін.Практикалық есепті шешу тұрғысынан модельдерді пайдалану, оқып үйренетін обьектілердегі модельдеудің мәнін, мазмұнын демонстрациялауға мүмкіндік береді.

 

 

2.2.1 сурет - Біздің өміріміздегі модельдер

 

Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады. Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз. Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сеулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жаңарту болып табылады.

 

 

2.2.2 сурет - Түпнұсқа және модельдер

 

 

2.2.3 сурет - Бір түпнұсқаға бірнеше модельдер сәйкес келуі мүмкін

 

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:

1)қолдану аймағы;

2)модельде уақыт факторын ескеру;

3)білім саласына қарай топтау;

4)модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.

Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап  беру мақсатында оқу, тәжірбиелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.

Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

 

 

2.2.4 сурет - Әртүрлі модельдер

 

Тәжірибелік модель – жлбалау обьектісінің кішірейтілген немесе өте майда обьектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.

 

 

2.2.5 сурет - Жобалау обьектісі

 

Ғылыми-техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылайшы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады

Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.

Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірбие нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.

Модельді уақыт  факторына байланысты динамикалық  және статистикалық деп екі топқа  жіктеуге болады.

Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.

Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.

Модельдерді көрсетілу  әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі.

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.

 

 

2.2.6 сурет - Материалдық модельдер

 

Ақпараттық  модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.  Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

Ақпараттық  модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.

Геометриялық  модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

Математикалық модель – объект немесе процесстің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

Құрылымдық  модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б.

Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.

Кез келген жұмысты  қолға алмас бұрын, берілгені  мен соңғы нәтиже және орындалатын  іс-әрекет кезеңдерін айқындап алу  қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады. Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады.

1-кезең. Есептің  қойылымы. Бұл кезеңде берілген бастапқы мәліметтермен қатар мақсатын анықтау және объектіні немесе процесті талдау анық көрсетілуі қажет.

2-кезең. Модель  құру. Ақпараттық модель. Бұл кезеңде элементар объектілердің қасиеттері, күйі және басқа да ерекшеліктері кез келген пішінде, яғни ауызша түрде, схема немесе кесте арқылы да анықталады. Бастапқы объектіні құрайтын элементар объектілер жөнінде толық мағлұмат, яғни ақпараттық модель жасалады. Бұл кезең модель құрудың бастапқы бөлімі болып саналады.

3-кезең. Компьютерлік  эксперимент. Жаңа конструкторлық жұмыс, техникалық шешімдерді өндірісте пайдалану және жаңа идеяларды тексеру үшін эксперимент жасау қажет. Компьютерлік тәжірбие жүргізу екі кезеңнен тұрады: модельдеу жоспарын құру және модельдеу технологиясы. Модельдеу жоспары модельмен жасалатын жұмыстың ретін анық көрсетуі қажет. Модельдеу технологиясы дегеніміз – пайдаланушы адамның компьютерлік модельмен орындайтын мақсатты іс-әрекеттерінің жинағы.

4-кезең. Модельдеу  нәтижесін талдау.  Модельдеудің соңғы мақсаты – шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу нәтижесін талдау шешуші кезең болып табылады. Себебі, бұдан кейін модельдеуді жалғастыру немесе тоқтату керек. Егер қате жіберілсе, модельдеуді қайта қарап, алдыңғы кезеңге қайта оралу қажет. Бұл процесс модельдеу мақсатына сай болғанға дейін қайталана береді. Жіберілген қатені табудың өзі нәтиже болып табылады.

 

 

 

 

 

 

3 ЖОБАНЫ ӨҢДЕУ  БӨЛІМІ

 

3.1 Бағдарламаның  құру кезеңдері

 

Бағдарламаның аты «ОДА». Бұл бағдарлама бірнеше  формалардан тұрады. Мысалы, менің  басты  формам (3.1.1 сурет).

 

          

                          

3.1. 1 сурет-«Басты  форма» терезесі

 

Негізгі формаға  өту үшін келесі командалық код қолданылды:

 

procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject);

begin

Gauge1.Progress:=Gauge1.Progress+1;

if Gauge1.Progress>98 then begin

           timer1.Enabled:=false;

form1.Visible:=false;

    form2.Show;

    end;

         end;

    end.

 

Бұл форма «ОДА» бағдарламасының негізгі формасы болып саналады. Форма арқылы бағдарламаны толықтай басқарамыз. Жаңа адамдарды, аудандарды, олардың медбикелерімен дарігерлері жайлы толық акпараттарды, енгізуге, өзгертуге, іздеуге, Excel-ге шығаруға мүмкіндік береді.

                      

3.1.2 сурет - «Негізгі форма» терезесі

 

Басты форма  экран бетіне жүктеліп болғаннан  кейін автоматты түрде кезек  негізгі формаға (3.1.2 сурет) өтеді.

Бұл бағдарлама, бірнеше  маліметтермен бір орталық деректер қорында жұмыс істеуінде өте  ыңғайлы.  (3.1.2 сурет) ретінде ұйымдастырылған. Ақпаратты өзгерту батырмасын басу арқылы «Толық ақпараттарды өзгерту» формасына (3.1.2 сурет) өтеміз. Бұл форма жаңадан қосылған аудандарға медбике мен дарігерлерді қосуға, немесе мәләметтерді өзгертуге мүмкіндік береді.

 

            

3.1. 3 сурет - «ОДА-ға  тіркелген ересек адамдар» мәліметтері

 

Ал, «Ересектер»  батырмасын басу арқылы бас формадан «ОДА-ға тіркелген ересек адамдар»міліметтерін  (3.1.3 сурет).көреміз. Бұл жерде біз деректер қорына тіркелген адамды іздеп, таңдап алып ол туралы толық ақпараттарды көруге, енгізуге, өзгертуге мүмкіндік аламыз. Ол «Адамды тіркеу», «Толық ақпараттар» батырмасы арқылы жүзеге асырылады. Тіркелген адамдар бұл кестеде аудандарына байланысты бір-бірінен ажыратылады.

Информация о работе Отбасылық дәрігерлік амбулатория жобасын құру