Мультимедиа құралдарын білім беруді ақпараттандыру құралы ретінде пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2015 в 18:39, курсовая работа

Краткое описание

Мультимедиа ұғымы. Компьютерлік техниканың дамуы көзкарасы тұрғысынан, аппараттық жасақтамада сипаттамалық ерекшелігі салыстырмалы түрде жаңа болып саналатын ақпараттың әр алуан түрлін өңдеу мен ұсыну мүмкіндігі бар құралдар тобын ерекше бөліп қарастыруға болады. Шындығында, соңғы жылдары осындай құралдардың қатарына мультимедиа құралдары санатына қосылатын дыбысты, фотоны және бейне кескінді жазу мен жаңғартуға арналған құрылғылар да жатады. Егерде жақын арада иістерді сандық өңдеуге арналған құрылғылар пайда болып және кеңінен таралып жатса, онда бұл құрылғылар да мультимедиа құрылғыларының тобына жақтқызылатын болады.

Содержание

Кіріспе

1
Мультимедиалық технология түсінігі

1.1
Мультимедиалық жүйе – адам-машина жүйесі

1.2
Мультимедиа құралдары және ақпарат қабылдаудың тиімді жолдары

1.3
Мультимедиалық технологияны пайдалану арқылы оқыту үрдісін жетілдіру

1.4
Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану

2
Мультимедиа құралдарын білім беруді ақпараттандыру құралы ретінде пайдалану

2.1
Macromedia Flash программасының жалпы түсінігі

2.2
FLASH –технологиялар негіздерін оқу үрдісінде қолдану


Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

мультимед др.docx

— 44.67 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кездегі ақпараттандырылған қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мына мәселелерді шешу керек: компьютерлік техника кабинеттерін жетілдірілген жаңа құралдармен қажетті деңгейде жабдықтау, толтыру және бағдарламалық жабдықтамалар пакетімен қамтамассыздандыру.

Мақалада бағдарламалық жабдықтамаларды оқу үрдісінде тиімді пайдалану және бағдарламалық жабдықтамаларда жасалған жұмыс нәтижелерінің сапасын көтеру, әсіресе бұл мәселе алдымен мемлекеттік тілде әр түрлі оқыту бағдарламаларын жетілдіру істері қарастырылған.

Тапсырмалар жобасының күнделілігі курстың оқыту ұзақтығына және осы тапсырмаларға берілетін сағат саны бойынша құрылатын Flash –файлдарға байланысты болады.

Бұл файлдарға:

  • Анимацияның графиктер (аяқталған сцена, мультфильмдер);
  • Бірнеше беттерден тұратын сайттар;
  • Бірнеше слайдтардан тұратын презентациялар;
  • Flash технологиялар негіздерін қолдана отырып жасалған электрондық оқулықтарын (кем дегенде 10 әр түрлі сценалар) жатқызуға болады.

Пәнді оқуға қызығушылық көбінесе сабақтың өткізілуіне байланысты болады. Сабақта компьютерлік техниканы қолдану сабақты көлемді, жарқын және қызықты етіп көрсетеді.

Педагогикалық тұрғыдан алғанда, Flash –технологияларды оқу үрдісінде қолдану компьютерлік технологиялар базасын пайдалана отырып оқыту техникалық құралдарын құрумен өзара тең деп айтуға болады.

 

Жалпы орта білім беруде мультимедияны және мультимедианың лайықты құралдарын пайдалануға байланысты безендіру, интерактивтік және «виртуальдық шындық» деген ұғымдар бар. Осындағы интерактивтік және «виртуальдық шындық»  оқу процесінде пайдалану мультимедианың оқулық әдебиеттерден артықшылықтығы деуге болады.

  1. Мультимедиа құраладырын пайдаланып метепте білім беру кезінде безендіру айтарлықтай роль атқарды.

«Безендіру» терминінің негізгі екі түсініктемесі бар.

Безендіру (иллюстрация) – бұл:

  • Типті басқа түсіндірмен немесе толықтырушы ақпаратты (кесіндер мен дыбыстар) мәтінге енгізу;
  • Көрнекі және жүйелі түсіндіруге арналған (ақпараттың басқа типтерін пайдаланбастан) мысалдар келтіру.

Безендіру терминінің екі түсініктемесі де кәдімгі қағаз оқулық пен оқу құраладрына да қазіргі заманғы білім беруді ақпараттандырудың мультимедия құралдарына да бірдей дәрежеде қатысы бар екендігін түсіну маңызды болып саналады. Оқу материалының негізін қалатын басты немесе ең күрделі сәттерін көрнекі,сенімді және ұғынықты етіп түсіндіру үшін безендіруді қажеттілігі оқытуды ақпараттандырудың барлық құраладарын пайдалануға ықпал етеді. Мультимедия дәл осыған мүмкіндік туғызады.

Мультимедиа құралдарындағы безендіру мысалдары (оның ішінде мәтіндік) екіөлшемді және үшөлшемді графикалық кескіндер (суреттер, фотографиялар, схемалар, диаграммалар), дыбыстық үзінділер, анимация, бейне үзінділер түрінде ұсынылатын болады.

Теріс аспектілердің қатарына әлеуметік байланыстың ұюын, әлеуметтік өзара әрекет пен қарым-қатынастың кемуін, оқулық бетінде немесе дисплей экранында білімді ұсынудың таңбалық формасынан таңбалық жүйелерді ұйымдастыру логикасынан ерекше логикасы бар практикалық әрекеттер жүйесіне өтудің қиындықтары жатады. Мультимедиа технологияларын жаппай қолдану жағдайында мұғалімдер мен оқушылар қазіргі заманғы мультимедиа мен телекоммуникациялық құралдар қол жеткізетін ақпараттың үлкен көлемін пайдалануға қабілетсіз болып шығады. Ақпаратты ұсынудың күрделі тәсілдері оқушылардың назарын оқып білуге лайықты материалдардан басқаға аударады.

Егер де оқушыларға бір мезгілде ақпараттың әр түрлі типін қатар көрсететін болса, онда оның назары ақпараттың бір типінен екінші типіне ауып, маңызды ақпаратты жіберіп алатынын есте ұстау керек, ал мектеп оқушыларын нақты тәжірибелерді өз қолымен жасау мүмкіндігінен айырады.

Жеке тұлғаландыру оқытушы мен оқушының, оқушылардың бір–бірімен бетпе-бет қарым–қатынас жасауын жектейді де оларға «компьютермен сұқбаттасу» түріндегі қарым–қатынасы ұсынады. Оқушы кәсіби тілде сұқбаттық қарым–қатынастың, ойын қалыптастыру мен тұжырымдаудың жеткілікті практикаын ала алмайды.

Ақырында, компьютерлік техниканы шамадан тыс және қажетсіз пайдалану білім беру процесінің барлық қатысушыларының денсаулықтарына теріс әсер етеді.

Аталған проблемалар мен қарама –қайшылықтар оқытуда мультимедиа құралдарын пайдалану «неғұрлым көп болса, ол сол ғұрлым жақсы» қағидасы бойынша орта білім беру жүйесінің тиімділігін нақты арттыруға жеткізе алмайтындығы турадлы айтады.

Компьютерлік модельдеу туралы айта отырып, қазіргі уақытты оқу процесіне мультимедиа технологияларды енгізу кезінде назарды техникалық объектілердің тұтас тобының ортақ ақпараттық моделін әзірлеуге ( сонда сол немесе басқа нақты тнхникалық құрал жеке түрде іске асырылған ретінде қабылданатын болады) және барлық мүмкін боларлық имитациялық зертханалық модельдерді, тренажерлерді, оның ішінде виртуальдық модельдерді әзірлеуге аудару керек.

Компьютерлік модельдер, әдеттегідей, әмбебап болып саналмайды. Олардың әрқайсысы жеткілікті түрде тар шеңбердегі құбылыстарды модельдеуге арналған. Математикалық модельдеу технологиясына негізделген компьютерлік мультимедиа модельдер оқыту жағдайында тек жаңғыртылуы қиын процестерді демонстранциялау үшін ғана емес, сонымен қатар модельденетін жағдайда сол немесе басқа параметрлердің ықпал ету дәрежесін анықтау үшін де пайдаланылады. Осы сипат модельді зертханалық құрылғылардың имитаторы ретінде пайдалануға, сондай – ақ моднльденетін процестерді басқару машығын игеруге мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы мультимедида құралдар тек объектілердің дайын модельдерімен жұмыс істеуді ғана емес және де жеке элементтерден оларды құрастыруды да іске асыруға мүмкіндік береді.

 

Macromedia Flash программасының құрылымы. Macromedia Flash программасын алғаш рет жүктегенде  ол Web - беттерді жасауға арналған  векторлық графикалық программаға  ұқсайды. Бірақ оның мүмкіндіктері  өте көп. Бұл мультимедиялық интерактивті  өнім шығаратын орта. Ол жай  ғана web -  беттеріне арналған суреттер  мен анимациялардан басқа, күрделі  және сапасы жағынан жоғары  бейне сапасы бар мультфилмдер  жасауға мүмкіндіктер береді. Macromedia Flash –тің құрамында Action Script тілі  бар. Бұл тіл Java Script программалау  тілі негізінде құрылған, бірақ Action Script тілінің артықшылығы XML, HTML және  т.б. тілдермен жеңіл байланыс  құралады.

Macromedia Flash программасы Web - беттер құрамындағы  элементтерді (графикалық бейне, дыбыс, диаграмма және т.б.) оңай бейнеленеді. Анимация жасауда программа әртүрлі  растрлық бейнелерді векторлық  форматқа айналдырып, әр кадрға  сақтайды. Нәтижесінде анимация  жадыдан аз орын алады. Яғни, ол  компьютердің ресурсын аз талап  етеді және Internet-ке қосылғанда  тез жүктеледі. Осындай артықшылықтары  программаны программистер және  аниматорлар арасында тез танымал  етті.

Macromedia Flash программасының жалпы көрінісі 1-суретте  көрсетілген.

  • Меню жолы
  • Негізгі құралдар тақтасы
  • Сурет салу құралдар тақтасы
  • Контроллер
  • Уақыттық шкала
  • Жұмыс алаңы
  • Launcher тақтасы
  • Қалып күй жолы

Бұл терезе Macromedia Flash программасы алғаш жүктелгенде пайда болатын терезе. Жоғарыда аталған элементтердің ішіндегі Launcher тақтасына толығырақ тоқталайық. Launcher тақтасын таңдаған кезде келесі қосымша терезелер ашылады (2-сурет).

Бұл тақта құрамына келесі терезелер кіреді:

  • Info, Transform, Stroke, Fill – объектінің сыртқы пішіні және орналасу аймағы көрсетіледі;
  • Mixer, Swatches – объект түстерін басқару;
  • Character, Paragraph, Text Options – объектідегі мәтін параметрлерін орнату;
  • Instance,  Effect, Frame, Sound – кадрлар арасындағы өту эффектілерін және дыбысты басқару;
  • Object Actions, Movie Explorer – объектіні программалау терезесі;
  • Library – кітапхана.

Қосымша терезелер қызметі негізгі терезелермен тепе-тең. Жоба жасау үшін тек қана құралдар тақтасын қолдану жеткілікті емес, сонымен қатар дизайнер-программистің өз идеясы болуы керек. Сонда ғана ол Macromedia Flash программасының мүмкіндіктерін толық біле алады.

«Macromedia Flash-тың көмегімен оқыту» тақырыбына арналған электрондақ оқулық оқушыларға едәуір көмек болады деп есептеймін. Өйткені олар тек теориялық материалдармен ғана емес, геометриялық фигуралардың барлық қасиеттерін визуалды түрде көріп, түсіне алады және танымдық белсенділігін арттырады. Оқытудың бұндай әдісі оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, соның нәтижесінде пән

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КОРЫТЫНДЫ,

Macromedia барлық  негізгі операциялық жүйелер  мен броузерлер түрлеріне арналған Flash-проигрывательдер ойлап тапты. Олар Internet-ке қажетті кросс-платформенность  пен осы технологияның даңқын  қамтамасыз етті. Желідегі ақырғы  сұрауларға қарағанда қолданушылардың 80%  Flash-тағы Web-сайттың құрамын  қосымша программалық қамтамасыз  етуді жүктеусіз, ал тек 61% Java элементтерін Web-беттерде  көре алады. Flash-қа  арналған проигрывательдің Macromedia кодын  лицензиялау кода (Free Source licensing program) мәжбүр етілген қадам болды. Ол swf пішімін жаңа кезеңдегі Web-қолданбада  программалық өнімнің жақты құраушыларының  қолдануын тездетеді.

Мультимедианы оқыту үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері білім беру жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізудің талаптарына жауап бере  алады. Мультимедиалық құралдар көмегімен дайындалған мультимедиалық оқыту бағдарламалары білім сапасын арттырудың бірден-бір кепілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Селевко.Г.К. Современные образовательные технологии// Селевко Г.К, Москва «Народное образование» - 1998 – 114-115стр

2. Леонтьев  В.П. Новейшая энциклопедия персонального компьютера / В.П : ОЛМА-ПРЕСС,2003 – 234-235б.

3. Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе организации учебного процесса./ Г.К.Селевко – М...НИИ школьных технологии, 1998 -287стр.

4. Устемиров.К.У. Современные образовательные технологии и технические системы обучения: метод. Рекомендации// Устемиров К.У, Шаметов Н.Р, Бакиров Р.Т – Алматы,2006 -100стр.

 5.Шлыкова О.В. Культура мультимедиа: учебное пособие /Московский гос.ун.культуры и искусство; рец. А.В. Музыкант, М.М.Шибаева. М...ФАИР-Пресс,2004 -414стр.

6.Кириченко.А.А. Мультимедиа-технологии: учеб.пособие// под.ред. А.В.Кострова, ЮНИТА «Современная Гуманитарная Академия» -  2005

7. Досжанов Б.А. Мультимедиалық технологиаларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері: пед.ғыл.канд.ғылыми дәрежесін алу үшін дайын.дис.автореф./ Б.А.Досжанов. – Түркістан, 2007-30б.

 8. Салий Т.М. Дидактические условия использования в учебном процессе вуза мультимедийных технологий обучения: автореф. дис. канд. пед. наук / Т.М.Салий – Астана, 2006 -32стр.

9.Тілегенова К.Ә. Қазақ тілін оқытуда компьютерді қолданудың тиімділігі / К.Ә.Тілегенова // Қазақстан кәсіпкері – 2007. -№2 – 18-20б.

10. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологияның тиімділігі / Г.Бейсенова // Қазақстан мектебі – 2006.-№6 – 17-19б.

11.Хакимова Ж.. Қазіргі заманғы технологияларды қолдану. /Хакимова Ж.// Мектеп директоры – 2007 - №3 -25б.

12.Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.

13.Информационные технологии. – Москва, 2005.

14.Компьютерная технология обучения: Словарь-справочник/ Под редакцией В.Ю. Гриценко, А.М. Довгялло, А.Я. Савельева - К.: "Наукова думка", 1992.

15.Виштынецкий  Е.И., Кривошеев А. О. Вопросы применения  информационных технологий в  сфере образования и обучения// Информационные технологии. 1998. - № 2. - С. 32-36.

16. Соловов А.В. Проектирование компьютерных систем учебного назначения. Самара. 1994.


Информация о работе Мультимедиа құралдарын білім беруді ақпараттандыру құралы ретінде пайдалану