Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2015 в 18:39, курсовая работа
Мультимедиа ұғымы. Компьютерлік техниканың дамуы көзкарасы тұрғысынан, аппараттық жасақтамада сипаттамалық ерекшелігі салыстырмалы түрде жаңа болып саналатын ақпараттың әр алуан түрлін өңдеу мен ұсыну мүмкіндігі бар құралдар тобын ерекше бөліп қарастыруға болады. Шындығында, соңғы жылдары осындай құралдардың қатарына мультимедиа құралдары санатына қосылатын дыбысты, фотоны және бейне кескінді жазу мен жаңғартуға арналған құрылғылар да жатады. Егерде жақын арада иістерді сандық өңдеуге арналған құрылғылар пайда болып және кеңінен таралып жатса, онда бұл құрылғылар да мультимедиа құрылғыларының тобына жақтқызылатын болады.
Кіріспе
1
Мультимедиалық технология түсінігі
1.1
Мультимедиалық жүйе – адам-машина жүйесі
1.2
Мультимедиа құралдары және ақпарат қабылдаудың тиімді жолдары
1.3
Мультимедиалық технологияны пайдалану арқылы оқыту үрдісін жетілдіру
1.4
Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану
2
Мультимедиа құралдарын білім беруді ақпараттандыру құралы ретінде пайдалану
2.1
Macromedia Flash программасының жалпы түсінігі
2.2
FLASH –технологиялар негіздерін оқу үрдісінде қолдану
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе |
||
1 |
Мультимедиалық технология түсінігі |
|
1.1 |
Мультимедиалық жүйе – адам-машина жүйесі |
|
1.2 |
Мультимедиа құралдары және ақпарат қабылдаудың тиімді жолдары |
|
1.3 |
Мультимедиалық технологияны пайдалану арқылы оқыту үрдісін жетілдіру |
|
1.4 |
Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану |
|
2 |
Мультимедиа құралдарын білім беруді ақпараттандыру құралы ретінде пайдалану |
|
2.1 |
Macromedia Flash программасының жалпы түсінігі |
|
2.2 |
FLASH –технологиялар негіздерін оқу үрдісінде қолдану |
|
Қорытынды |
||
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
1 Мультимедиалық технология
1.1 Мультимедиалық жүйе – адам-
Мультимедиа ұғымы. Компьютерлік техниканың дамуы көзкарасы тұрғысынан, аппараттық жасақтамада сипаттамалық ерекшелігі салыстырмалы түрде жаңа болып саналатын ақпараттың әр алуан түрлін өңдеу мен ұсыну мүмкіндігі бар құралдар тобын ерекше бөліп қарастыруға болады. Шындығында, соңғы жылдары осындай құралдардың қатарына мультимедиа құралдары санатына қосылатын дыбысты, фотоны және бейне кескінді жазу мен жаңғартуға арналған құрылғылар да жатады. Егерде жақын арада иістерді сандық өңдеуге арналған құрылғылар пайда болып және кеңінен таралып жатса, онда бұл құрылғылар да мультимедиа құрылғыларының тобына жақтқызылатын болады.
Барлық мультимедиа (ағылшын сөзі multimedia латын сөзінен алынған: multim – көп және media, medium – орта, құралдар) – зерттелетін объектілерді, құбылыстар мен оқиғаларды бейнелеу тәсілдерінің бай жинағы. Мультимедиа өнімдері ақпараттың сан алуан түрін: компьютерлік мәліметтерді, теле – және бейне ақпаратты, сөз бен әуенді қолданады. Ақпаратты тіркеу мен жаңғыртуда компьютермен басқарылатын теледидардың, бейнемагнитофонның, HiFi – аудиожүйенің, жинақы дискілер (CD) ойнатқышының әр алуан түрлі техникалық құралдарын пайдалануға болады. Мултьмедиа құралдары өзінің табиғаты бойынша интерактивті, яғни мультимедиа өнімдерінің көрермені мен тыңдаушысы ешқашанда енжар болып қадмайды. Мультимедиа оқытудың сапасын арттырады және үйренушінің назарын аударуға мүмкіндік береді. Егерде бұрындары сабақтарда ақ – қара түсті фильм пайдалану армандаудың шегі болса, қазіргі заманғы техникалық құралдар компьютерлік анимация немесе тіпті ойын түріндегі айтарлықтай оқиғалы оқу құралдарын өзірлеуге мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы техникалық құралдар компьютерлік имитация түріндегі ойын – сауықтарды және физикалық бақылауға мүмкін емес құбылыстарды, мысалы, жердің ішкі қабаттарында, машина ішіндегі механизмдерге, ғарышта болып жатқан құбылыстарды көрсетуге арналған оқу құралдарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Стандарттық, бәріне белгілі, басқа өндірушілермен ойлап шығарылған қолданылуларды қайталаудың пайдасы жоқ екені анық. Ал қандай да бір жаңа, сатып алушылардың назарын бірден аударатын, қайталанбас қолданылуларды жасау үшін ЭЕМ-нің түпкі, әлі ешкім қолданбаған мүмкіндіктерін білу қажет. Бұл мүмкіндіктер мультимедиалық жүйенің қолданылуымен, оларды жасау технологиясымен байланысты.
«Технология» ұғымы көздеген мақсатқа жету әрекеттер тізбегі, әдістері және оларды қолдануды біріктіреді.
Мультимедиалық технологиялар – бұл қоршаған ортаға қолданушылардың өзара тіл табысуына мүмкіндік беретін мәтінді, графикті, дыбысты, анимацияны қолданатын технологиялар.
Мультимедиалық құрылғыларды жасаушылардың алдарына қойған ең басты мәселе – есептеу жүйесінің мамандарынан басқа қолданушылардың ЭЕМ-де жұмыс істеу қызығушылығын арттыру.
Дербес компьютермен бірге, мультимедиалық жүйе ЭЕМ-нің төртінші сатысында пайда болды. Ең алғаш олар компьютерлік ойындарда қолданыла бастады, одан соң маңызды кәсіптік қосымшаларда қолданылды. Бірақ, барлық жерде ЭЕМ мен қолданушы арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету міндеті тұрды.Мультимедиалық жүйе – бұл құрамдық бөлігі қолданушы болып табылатын адам-машиналық жүйе.
Осындай жүйенің көмегімен келесі мақсаттарға жетуге болады:
ЭЕМ саудасының кеңеюі, көбінесе мультимедиа жүйесінің құрылуына міндетті, олардың негіздерінде қолданушының достық қарым-қатынасы дами бастады. Дәлірек айтқанда, адамның ЭЕМ-мен қарым-қатынасы емес, екі адамның өзара қарым-қатынасы, яғни қолданушы мен бағдарламашының қарым-қатынасы. Бағдарламашы өзінің бағдарламасын құруда, сол бағдарламаға бар өзінің психологиялық қырларын салады және оны өзі сезбейді.
Информатиканың зерттеу пәні болып саналатын ақпарат түрлері (типтерін) және оны ұсыну тәсілдерін білместен мультимедиа құралдарының ерекше сипатын түсіну мүмкін емес. Жалпы орта білім беру жүйесінде мультимедиа құралдарын пайдаланукдың ерекшеліктерін оқып білу үшін біз мәні бар ақпаратты топтастырудың негізгі аспектілеріне ғана тоқталамыз. Ақпаратты топтастырудың бірнеше критерийі бар. Қабылдау түрлері бойынша барлық ақпаратты үш топқа бөлуге болады:
Осы аталған ақпараттың барлық түрін басқа критерий бойынша да топтастыруға болады. Олардың бірі ақпаратты адамның қабылдау тәсілі болып табылады. Осыған бойланысты білім алушыларға келетін ақпараттың барлығы топтастырылған (ассоциативную) және тура ақпарат деп бөлуге болады.
Топтастырылған ақпарат, бұрындары меңгерілген ақпараттың ықпалымен адамда туындайтын, қабылдануы топтастыруға негізделген ақпарат ретінде анықталады. Топтастырудың мұңдай амалы кезінде ақпараттың бұл түріне мәтінді, сөзді және де суреттер мен мультифильді жатқызуға болады.
Оқытудың мақсаты көзқарасы тұрғысынан, тура ақпарат объектілердің маңызды қасиеттерін тікуелей жеткізеді. Ақпараттың мұндай түріне фотография, бейнефильм, ғылымда шуыл деп аталатын еркін дыбыс жатады. Мультимедиа құралдарының айтарлықтай айрықша ерекшеліктерінің бірі тура ақпаратты ұсыну мен өңдеу мүмкіндігі болып саналады. Мысалы, мультимедиақұралдарын пайдалану білім алушыға зерттелетін объектіні және онда болып жатқан процесті көрінуі, мүмкін болатын дыбысты естуіне мүмкіндік туғызады. Адам өмірінде істес болатын объектілер мен процестердің нақты бейнелерін қалыптастырады.
1.2 Мультимедиа құралдары және
ақпарат қабылдаудың тиімді
Қызығушылықтың тұрақты болуына мағына арқылы қол жеткізуге болады, негізгі тасушылары – мәтін, графика, дыбыс, анимация. Ал жүйеге қайта айналып келу үшін бұл жүйені қажетті, жаңа, пайдалы ақпараттармен қамтамасыз ету керек.
Бағдарламаға салынған психологиялық тілдесу маңызды роль атқарады, сол арқылы бағдарламашы өз өніміне қатынау орнатады. Адамдарға әртүрлі психологиялық әсер етуге болады, яғни, әртүрлі ақпарат түрлерінің көмегімен. Мысалы, дәрістерде студенттер ақпараттың 70% қабылдайды, кітап оқығанда шамамен 70%, ал егер бұл екеуін біріктіретін болсақ, яғни әртүрлі ақпараттың бірігуінен 70% артық ақпарат қабылдайды екен.
Сонымен, мультимедиа – бұл адамның психологиялық күйіне, ақпарат қабылдау қабілеттілігіне, жұмыс істеу қабілеттілігіне әсер ететін мәтін, дыбыс, графикалық бейнелер және анимацияларды компьютерлік жүйеге біріктіретін ақпараттық технология.
Мультимедиалық жүйенің негізгі ерекшеліктері болып табылады:
1)Бір бағдарламалық өнімде әртүрлі ақпарат түрлерінің бірігуі (интеграциясы);
2)ЭЕМ
құрамындағы енгізу-шығару
3)Ақпараттың
динамикалық түрін қолдануға
байланысты, мультимедиалық жүйенің
ауқымды уақыт ішіндегі
4)Адамның
ЭЕМ-мен қарым-қатынасының
Мультимедиалық жүйенің пайда болуына байланысты, адам үшін жаңа ақпарат көздері пайда болды: электрондық оқулықтар, музейлік және туристік сілтемелер, оқыту жүйелері, консультация және диагностикалық жүйелер, жарнама роликтері, бейне-клиптар, әртүрлі презентациялар.
Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезеңінде ақпараттар ағынынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, екшеп пайдалана білуі – бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Бұл, әсіресе, өскелең ұрпақтың санасын сан алуан ақпараттармен улап, ой-өрісінің дамуын дүбара күйде қалдырмаудың басты шарттарының бірі. Осыдан келіп туындайтын мәселелердің бірі – жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беретін орта мектепте, колледжде, жоғары оқу орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру; оқытудың жаңа технологияларын іздестіру; оқушыны, студентті ақпаратты талдай білуге, ақпараттық, мультимедиалық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету.
Мультимедиалық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедиа статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады.
«Мультимедиа» термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, «көпорталы» деген мағына береді, яғни көп көлемдегі ақпарат түрлерін қолдану. Мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектерді саралай келе мультимедиа терминіне « ақпараттық орта » деген мағына беруге болады. Ал, «ақпараттық орта» түсінігін белгілі бір ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған үрдіс деп қабылдауымызға болады.
Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология ( D. Little ).
И.Вернердің пікірі бойынша мультимедиа – «графика, гипермәтін, дыбыс, анимация, бейнемәліметтерді пайдалануға мүмкіндік туғызатын ақпараттық және бағдарламалық құралдар кешені».
Осы орайда, мультимедиаға және оған қатысты ұғымдарға анықтама бере кетейін. Мультимедиа – компьютерлік графикамен, суреттермен, қозғалыстағы бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтіндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін интерактивті жүйе.
1.3 Мультимедиалық технологияны
пайдалану арқылы оқыту
Мультимедианың ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше маңызға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады.
Білім беруді
ақпараттандыру, білім салаларының барлық
қызметіне ақпараттық технологияны енгізу
және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық
білім беруді сапалы деңгейге көтерудің
алғы шарты.
Білім беруді
ақпараттандыру жағдайында компьютер
оқыту мен дидактикалық құралға айналып
отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында
мультимедиялық электрондық оқу құралдарын
мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті
мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді
жан-жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін
көтерудің орны ерекше. Білім беруді ақпараттандыру
процесі мұғалімнің дайындық деңгейі
мен мамандық сапасына үлкен талап қояды.
Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік
білім алуына және шығармашылық түрде
өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік
береді. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен
табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ
оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар
санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі
мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде
пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты
болып отыр. Интернеттің кең таралуына
орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін
кері процесінің күнен-күнге артып бара
жатқаны байқалады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:
Информация о работе Мультимедиа құралдарын білім беруді ақпараттандыру құралы ретінде пайдалану