MS DOS Операциялық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:57, реферат

Краткое описание

Exec – процедурасы
Procedure Exec (Path, CmdLine:String);
Берілген командалық жолдан өлшемдерімен берілген бағдарламаны орындайды.
Path – бағдарламамен файлдың толық аты;
CmdLine – командалық жол;

Прикрепленные файлы: 1 файл

ms dos.doc

— 115.50 Кб (Скачать документ)

 

2.4. Файл  атының шаблондары

Файл  атының шаблоны бір команданы  бірнеше файлға бірден қолдануды  жүзеге асырады немесе  файлдар аттарын жазуды қысқарту үшін қолданылады.

Шаблонда  “*” таңбасы осы жерден бастап файл атының немесе түрінің соңына дейін кез келген  таңба бар деп есептеуді қамтамасыз етеді.

Шаблонда  сұрақ белгісі осы жерде кез  келген бір таңба тұр деп есптеуді қамтамасыз етеді.

Шаблонның мысалдары:

AB *.*-аты  АВ-дан басталатын барлық файлдар;

*.COM –  түрі COM болатын ьарлық файлдар;

*.*-ағымдық  буманың барлық файлдары;

?????.ASM-ASM-типті  аты бес таңбадан тұратын барлық  файлдар. 

 

2.5. Команданы  перне тақтадан енгізу      

 Команданың  аты оның параметрлерінен бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылуы тиіс.Параметрлер бір бірінен бос орынмен бөліктене енгізілуі керек.

Бір жолда  команда енгізу мүмкін емес.

Команданы енгізу Enter пернесін басумен аяқталады.

Команданы енгізу барысында таңбаны өшіру үшін күнделікті әдістерді пайдалану керек.

2.6. Бумалар  үшін ішкі командалар          

DOS файл  жүйесімен жұмыс жасау үшін  бірнеше ішкі командалар бар.

Олар:

DIR-буманы экранға шығару.

MKDIR или MD- жаңа бума құру,

RMDIR или RD- буманы жою,

CHDIR или CD- ағымдық буманы өзгерту  

 

2.7. Буманы  экранға шығару- DIR  командасы   

 Команданың  спецификациясы:

DIR [ж:][файл аты [.түрі]][/P][/W]

Команда буманың элементтері ішкі бумалар  мен файлдар туралы мәліметтерді экранға шығарады.

Элементтің  аты мен түрі, байт бойынша көлемі тек файлдар үшін, буманың белгісі <DIR> элементтің құрылған уақыты көрсетіледі.сонымен қатар дискінің аты мен ондағы бос орынның байтқа шаққандағы мөлшері беріледі.

/P  параметрі мәлімет экранның биіктігіне симай кетсе, оны бөлшектеп көрсетуді ұйымдастырады.

/W параметрі мәліметтің қысқаша түрін шығартуға қаолданылады.

DIR rомандасының параметрлерсіз қарапайым түрі экранға ағымдық буманы береді.Экранның кескіні,мысалы, мынадац болуы мүмкін:

C:/dir

Volume in drive C is TOM1

Directory of C:

CONFIG            SYS118                                                  6-03-88     11:42p

AUTOEXEC      BAT994                                                 7-20-88     12:59p

COMMAND      COM    22042                                        8-14-88     8:00p 

SYS                   <DIR>                                                    5-19-88     2:19p

EXE                    <DIR>                                                    2-25-88     4:44p

ABC                    <DIR>                                                   5-29-88      9:47а

DOC                   <DIR>                                                    4-30-88      9:43а

WORK               <DIR>                                                    1-20-88      4:44а

8 File (s)      65344 bytes free 

 

 

 

2.8.  Жаңа бума құру- MKDIR (MD) командасы

Команданың  спецификациясы:

MD [:] маршрут

Немесе

MKDIR [:] маршрут

Жаңа  бума ағымдағы буманың ішінде құрылады. Кез келген буманың ішінде жаңа бума құруға болады.

Мысалы  ағымдағы WORK бумасының ішінде PRO  деген жаңа бума жасау керек.Бұл үшін төмендегідей командасын енгізу жеткілікті:

C: WORK > md  pro

Жаңа  буманы енді файлдармен толтыруға болады.  

 

2.9. Буманы  жою-RMDIR (RD) командасы

Команданың  спецификациясы:

RD[ж:] маршрут

Немесе

RMDIR [ж:] маршрут

Жоюлуға тиіс бума бос болуы тиіс, яғни онда ешқандай элемент болмауы керек.

Әйтпесе ол буманы жоюға болмайды.Команданы енгізгенмен система оны орындамайды.

Ағымдағы  және түпкі бумаларды да жою мүмкін емес.

Сонымен ішкі бумаларды ғана жоя аламыз.Және кез келген ішкі буманы жоюға болады.

Мысалы:

C: WORK>rd pro

Бұл команда  ағымдық WORK бумасының ішкі бумасы  PRO-ны жойып жібереді.  C:DOC>rdworkpro

Бұл команда  да сол PRO бумасын жояды,бірақ кәзір  ағымдағы бума DOC-бумасы болып тұр. 

 

2.10. Ағымдық  буманы өзгерту – CHDIR (CD) командасы

Команданың  спецификациясы:

CD[ж:][маршрут]

немесе

CHDIR[ж:][маршрут]

Команда көрсетілген жинақтауыштың немесе ағымдағы жинақтауыштың ағымдық  бумасын өзгертеді.

Ағымдық буманы өзгерту-өте кең пайданылатын команда.

Мысалы  мына команда:

C:>cd docabc

арқылыC: түпкі бумадан екінші деңгейдегі  docabc-бумасына көшу іске асады.

Бұл амалды екі команда арқылы да орындауға  болады:

C:>cd doc

C:DOC>cd abc

Ішкі  бумадан бір деңгейге жоғары көтерілу үшін мынадай команданы қолдануға  болады.

cd…

Ең  жоғары деңгейге, яғни түпкі бумаға көтерілу үшін мынадай команданы  беру керек:

Cd

3.ФАЙЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

3.1.Файлдарды  көшіру-COPY командасы

COPY командасының  бірнеше түрі бар.

Бірінші түрі:   Атын өзгертпей көшіру. 

COPY[ж:][маршрут]файл аты[.түрі]  [ж:][маршрут]

Файл  басқа жинақтауышқа немесе басқа  бумаға өз атымен

көшіріледі.

Екінші  түрі:  Атын өзгерте көшіру.

COPY [ж:][маршрут]файл аты[.түрі]  [ж:][маршрут]файл аты [.түрі]

Файл  басқа жинақтауышқа немесе басқа  бумаға жаңа атпен

көшіріледі.

Мысалдар:       

C:>copy a:*.*  c:

Бұл команда  А:дискісінің барлық файлдарын С:дискісінің

ағымдық бумасына көшіріледі.    

C:>copy work DOS

Бұл команда WORK бумасының барлық файлдарын DOS

бумасына  көшіреді.    

C:>copy docabc

Бұл команда ABC бумасының барлық файлдарын түпкі  бумаға

көшіреді.         

  C:>copy prl  pr2

Ағымдағы  бума ішіндегі PR1 атты файл осы бумаға PR2

атымен  көшіріледі.

C:>copy work*.txt dos*.dos

WORK бумасынан  DOC бумасына TXT типті барлық файлдар

көшіріледі  және олардың типі DOC болып өзгереді.  

 

3.2.Файл  атын өзгерту –RENAME (REN) командасы        

 Команданың  спецификациясы:

REN[AME] [ж:][маршрут аты]файл аты[.түрі]файл аты[.түрі]  

        Бірінші аргумент файлдың бұрынғы аты да,екіншісі –жаңа

аты.

Бірінші аргументтің алдына өзгеріс қай  бумада жүретінін көрсететін префикс-маршрут  қоюға болады, әйтпесе өзгеріс  ағымдағы бума ішінде болады.

Мысалдар:         

С:WORK>ren  a:*.txt *.doc

Файылдардың түрлері өзгереді.        

С:>ren prl.asm  pr2.asm

Файылдың  аты PRL-ден PRI2-ге өзгереді. 

 

3.3. Файлды  жою – DEL  командасы         

Команданың спецификациясы:

DEL [ж:][маршрут]файл _аты[.түрі] 

 

Егер  файлдың аты көрсетілмесе, онда берілген бумадағы немесе ағымдағы бумадағы барлық файлдар жойылады.

Мұндай  жағдайда ( және *.* шаблоны көрсетілген  кезде) DOS  жоюды орындауға рұқсат сұрайды.

DEL командасының  аргументінде маршрут, шаблон  немесе белгілі бір файлдың атын енгізуге болады.

C:>delwork*.txt- бүкіл  TXT- типті файлдар жойылады. 

 

3.4. Файл  мәліметін экранға шығару –  TYPE командасы

Команданың  спецификациясы:

TYPE[[ж:][маршрут]файл_аты[.түрі]

Файл  атында * және ? таңбаларын қолдануға  болмайды. ргументтің алдында файл қай бумада екенін көрсететін префикс- маршрут қоюға болады.

Бұл командамен тек ASCII кодында жазылған текст мәтіні бар файлдарды ғана экранда көре аламыз.

Мысалдар:

C:type prog1.asm

C:>type work docum.txt 

 

4. MS DOS-тың  КӨМЕКШІ КОМАНДАЛАРЫ.

4.1. Дискісі форматтау.     

 Команданың  негізгі спецификасы:

FORMAT [ж:][/S]     

 Форматтау  дискіде бар бұрынғы барлық  мәліметті жойып жібереді.

/S параметрі  форматтаудың соңында дискіге  DOS  жүйелік файлдарын жаздыру үшін қажет.

Мысал:    

a:>format b:

4.2. Дискеттерді көшіру.

Команданың  спицификасы:   

DISKCOPY [ж: [ж:]]

Егер  команда жинақтауыштың біреуі немесе екеуі де көрсетілмесе, оның орнына ағымдағы жинақтауыш алынады.

Егер  жинақтауыштар бірдей болса, онда дискетті ауыстыру туралы нұсқау беріп DOS тоқтап  тұрады.

Егер  жазылатын дискет форматталмаған болса, онда ол алдымен форматталу операция-

сынан өткізіледі.

Мысал:

a:>diskcopy b: c:

4.3.   DOS  версиясы.    

 Команданың  спицификасы:

VER

4.4. Күн  мен уақыт.   

 Команданың  спицификасы:   

      DATE  [ mm- dd- yy]

Белгілеулер:  

mm- ай;  

        dd- күн;  

        yy- жыл.

Параметр  көрсетілмесе DATE  командасы DOS сағатындағы күнді экранға берумен шектеледі.

Келесі  команданың спицификасы:   

      TIME [ hh:mm[:ss[.xx]]]

Белгілеулер:

hh- сағат;

mm- минут;

ss- секунд;

xx- секундтың  жүздік бөлігі.

Параметр  көрсетілмесе TIME  командасы  DOS сағатындағы уақытты экранға берумен шектеледі. 

 

5. MS DOS ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ.   

MS DOS  мынадай бөліктерден тұрады:

1. жүйені  алғашқы жүктеу блогы (дискінің алғашқы секторы),

2. BIOS-пен  арақатынас модулі (IO.SYS файлы),

3. үзулермен  ( прерывания) жұмыс модулі ( MSDOS.SYS файлы),

4. командалар процессоры ( COMMAND.COM файлы),

5. сыртқы командалар ( программалық файлдар),

6. құрылғылар драйверлері,

7. CONFIG.SYS  файлы,

8. AUTOEXET.BAT  файлы.

Бірінші, екінші және үшінші пунктер MS DOS- тың ядросын  құрайды.

Алғашқы жүктеу блогы

Жүйелік дискінің түпкі  бумасының алғашқы екі файлы IO.SYS пен  MSDOS.SYS екенін тексеріп, оларды дискіден оқып жадқа жүктейді, сосын басқаруды MS DOS- қа береді.

IO.SYS

Бұл резидентті ( әрқашан  компьютер жадында отыратын) модуль машинаның BIOS- мен байланыс орнатып, сол арқылы құрылғыларды басқарып отырады.

MSDOS.SYS

Бұл да резидентті модуль. Ол файлдық жүйені басқарып, басқа программалардың файлдық жүйемен жұмыс жасауын ұйымдастырды.

Командалар процессоры (COMMAND.COM)

Перне тақтадан пайдаланушының нұсқауларын қабылдап,соларды орындауды  ұйымдастырды. Комьпютер жадына сыртқы командаларды орындайтын программаны  жүктеп,сонан соң басқаруды соған береді.


Информация о работе MS DOS Операциялық жүйесі