Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 06:10, курсовая работа
PowerPoint дегеніміз жобалаушыны пайдаланып ұсынылатын материалдарды жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама. Осы материалдарды пайдаланып есеп не ұсынысты жариялау көрме деп аталады. PowerPoint бағдарламасын пайдалану арқылы түрлі түсті мәтін мен суреттерді, көрнекі суреттерді, сызбаларды, кестелерді, схемаларды және фильмдерді нәтижелі үндестіретін және бірінен екіншісіне слайд көрсетілімі сияқты өтілетін бейнебеттер жасауға болады.
Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------2
Microsoft PowerPoint бағдарламасы--------------------------------------------------3-4
Қажет етілетін қойындылар------------------------------------------------------------4-8
Слайдтарға объектілер енгізу---------------------------------------------------------8-12
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------13
Қолданылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------------14
Мазмұны
Кіріспе-----------------------
Microsoft PowerPoint бағдарламасы------------------
Қажет етілетін қойындылар--------------------
Слайдтарға объектілер енгізу------------------------
Қорытынды---------------------
Қолданылған әдебиеттер--------------------
Кіріспе
PowerPoint дегеніміз жобалаушыны
PowerPoint бағдарламасы — құжаттар,
Microsoft PowerPoint бағдарламасы
Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тiң құрамындағы
презентация материалдарын дайындауға арналған программа.
Бұл программа кодоскоптарға және
MS Powerpoint программасын жүктеудің
ең қарапайым тәсілі – есептер
тақтасындағыПуск®Программы®
Powerpoint программасы iске қосылған
мезетте презентация құрудың
тәсiлдерiн таңдау және бұрын
құрылған презентацияны оқу
PowerPoint 2007 бағдарламасын бірінші
рет ашқан кезде
PowerPoint терезесінің жоғары жағы елеулі
өзгерістерге ең көп ұшыраған аймақ болып
табылады. Әдетте көріп жүрген мәзірлер
мен құралдар тақталарының орына бұл жерде
топтарға реттелген көптеген өте көрнекі
пәрмендері бар ұзын таспаны көруге болады.
Бұл таспа деп аталады және ол — көрмелерді
жасауға арналған басқару орталығы. Оның
жасақтамасы бойынша бұрынғы дағдыларды
алып, құлымдарының толық мәліметтерін
қарайсыз, сонда оларды пайдалану оңай
болады.
Осыны
сипаттап, қолдау үшін, біз сол пәрмендерді
барынша танымал, ең бірінші көрінетін
етіп жасадық. Мақсатымыз оларды көрсетілмейтін
мәзірлерден немесе құралдар тақталарынан
іздеп жүрмеу үшін көрнекі етіп жасау
және сақтау болып табылады.
Таспаның
бірінші қабаты немесе қойындысы ең көп
пайдаланылатын пәрмендер жинағы және
Басты қойынды деп аталады. Түймешіктер
түрінде көрсетілетін осы пәрмендер ең
жиі қолданылатын көшіру мен қою, слайдтарды
қосу, слайд орналасуын өзгерту, мәтінді
пішімдеу мен орналастыру және мәтінді
табу мен ауыстыру сияқты тапсырмаларды
қолдайды.
Таспада басқа да қойындылар бар. Қойындылардың
әрқайсысы көрмені жасау барысында орындалатын
жұмыстар түріне арналған. Әр қойындыдағы
түймешіктер логикалық топтарға бөлінген.
Әр топтағы ең көп пайдаланылатын түймешіктер
өлшемдері бойынша ең үлкендері болады.
Пайдаланушымен бұрынғы нұсқаларда сұралған,
бірақ табылмаған жаңа пәрмендер енді
көзге көрінетіндей етіп жасалған.
Таспа бірнеше қойындылардан жасалады.
Басты қойындылары:
«Кірістіру» қойындысы Бұнда слайдқа
орналастырылуы мүмкін барлық элементтер
— кестелерден, суреттерден, диаграммалардан,
және мәтін ұяларынан бастап, дыбыстарға,
еренсілтемелерге, үстіңгі деректеме
және төменгі деректеме бар.
«Жасақтау» қойындысы Өң жасақтамасын,
қаріптерді және түсті схемаларды қамтитын
слайдтың кемел көрінісін таңдаңыз. Одан
кейін сол түрді теңшеңіз.
«Қимылдану» қойындысы Барлық қимылдану
әсерлері осы жерде жинақталған. Тізімдерге
немесе диаграммаларға негізгі қимылдануларды
қосу енді әлдеқайда оңай.
«Слайдтарды
көрсету» қойындысы Бастау үшін түсті
қарындашты немесе нақты бір слайдты таңдаңыз.
Жазба мәтіні, көрсетуді іске қосу және
басқадай дайындық элементтері.
«Сараптау»
қойындысы Емлені тексеру мен анықтамалық
материалдар қызметін осы жерден таба
аласыз. Егер тобыңызға көрмені қарап
шығу үшін түйін жасап, одан кейін сол
аңғартпаларға шолу жасау қажет етілсе,
осында кіріңіз.
«Көрініс»
қойындысы Ескерімдер бетінің көрінісіне
жылдам ауысуды, тор сызықтарын қосуды
немесе ашық тұрған барлық көрмелеріңізді
терезеде үйлестіріңіз.
Қажет етілетін қойындылар
Таспада жұмыс істегенде пайда болып және
жасырылып отыратын бірегей түсті қойындыларға
назар аударыңыз. Олардың қатарына суреттер
мен сызбалар сияқты элементтерге арналған
арнайы пішімдеу құралдары бар мәтінмәндік
қойындылар болады. Олар жөнінде қосымша
мәліметтер кейінірек беріледі.
1. Өту әсерлерінің бірнеше түрі
таспада көрсетілген.
2. Қосымша әсерлерді табу үшін Қосымша
түймешігін басыңыз.
3. Өту әсерлерінің толық жиынтығы көрсетілген.
Слайдта алдын ала қарап алу үшін меңзерді
кез келген әсерге апарыңыз; оны қолдану
үшін нұқыңыз.
PowerPoint бағдарламасында кескіндер мәнерлері
немесе WordArt түрлері немесе қимылдану
әсерлері сияқты кез келген элементің
көптеген таңдауы болса, таңдаудың бірнешеуі
таспада көрсетіледі. Таңдаулардың толық
жиынтығын көру үшін, суретте көрсетілгендей
Қосымша көрсеткісін нұқыңыз.
Алдын ала қарап шығуды көрсету Тінтуір
меңзерін жиынтықтағы нобайға апарғанда
(көрсеткішті апару), кескін немесе қимылдану
әсері қолданылғанда қандай көрініске
ие болатындығын көруге болады. Оны ұнатпасаңыз,
болдырмайтын ештеңе жоқ. Не бары көрсеткішті
басқа нобайға апарып, қолданғыңыз келетіннің
бірін нұқыңыз.
1. Қалаған параметрді топтан көрмесеңіз,
мысалы, осы жерде суреттелген Қаріп тобын,
бұрыштағы көрсеткіні нұқыңыз.
2. Таңдауға болатын көптеген
параметрлері бар тілқатысу терезесі
ашылады.
Бұл жерде топқа сыйғызуға болатын қосымша
пәрмендер мен параметрлер әлде қайда
көп болатындығы анық. Тек ең көп пайдаланылатын
пәрмендер ғана көрсетілген. Егер сирек
қажет етілетін біреуін пайдаланғыңыз
келсе, топтың төменгі бұрышында көрсетілетін
қиясызық көрсеткіні нұқыңыз. Ол қосымша
параметрлерді ашып береді.
Мысалы, Басты қойындысының Қаріп тобында
қаріп түрлері мен өлшемдері, қалыңдығы,
көлбеулігі, түсі және т.с.с. арналған әдеттегі
пішімдеу түймешіктерін табуға болады.
Егер пішімдеудің басқа түрлері қажет
етілсе, мысалы, жол үстілік, Қаріп тілқатысу
терезесін ашу үшін осы топтағы көрсеткіні
нұқыңыз.
Көрсеткі осы топтағы пәрмендерді ашуды
қажет ететін слайдпен жұмыс істегенде
көрсетіледі. Мысалы, слайдтағы мәтін
толтырғышын нұқығаныңызда көрсеткі Басты
қойындысының мәтінмен жұмыс істеуге
қатысты пәрмендері бар әр топта шығарылады.
Кеңес: Таспаны кішірейту Егер терезеде
қосымша жұмыс кеңістігі қажет етілсе,
таспа пәрмендерін уақытша жасыру жолымен
оған қол жеткізуге болады. Бұны жаттығу
сеансында орындап көре аласыз.
Көрмемен жұмыс істеп отырғанда негізгі
немесе қайталанбалы болып табылатын
кейбір әрекеттер орындалады және бұл
кезде үрдістің жеке бөлігінде файлды
сақтау немесе орындағыңыз келмеген әрекетті
болдырмау сияқты әрекеттерді орындау
қажет етілмейді.
Бұндай жағдайларда жылдам қатынау тақтасын
пайдаланыңыз. Ол таспаның жоғарғы жағындағы
сол жақтағы түймешіктердің шағын жинағы
болып табылады. Онда Сақтау, Болдырмау
және Қайталау немесе Қайтару пәрмендері
қамтылады.
1. Түймешіктердің көрінісі
2. Слайдтың көрінісін ұлғайту немесе кішірейту
үшін ұлғайту жүгірткісін апарыңыз. Алу
таңбасы (-) және қосу таңбасы (+) түймешіктерін
нұқу да ұқсас нәтиже береді.
3. Осы түймешікті слайдты ұлғайтқаннан
кейін терезеге қайта сыйғызу үшін нұқыңыз.
Көп жағдайларда PowerPoint бағдарламасындағы
көріністі өзгертіп отыруды қажет етесіз
және оны әрқашан түймешіктерді пайдалана
отырып оңай орындайтынсыз. Бұл қасиет
өзгертілмеді. Қалыпты, слайдты сұрыптауыш
пен слайдтарды көрсету көрінісі түймешіктері
сол қалыптарында қалды — олар тек терезенің
төменгі сол жақ бұрышынан төменгі оң
жақ бұрышына ауыстырылды.
Ол ұлғайту жүгірткісін және слайдты ұлғайтқаннан
кейін немесе кішірейткеннен кейін қайтадан
терезеге сыйғызу түймешігін қамтитын
жаңа құралдар тақтасының құрамдасы болып
табылады.
Көрініс қойындысы бар және онда көріністердің
толық жинақтамасы — Ескерімдер бетінің
көрінісі, Басты көрініс, басқа ашық көрмелердің
тізімі және тағы басқалар болады.
Егер PowerPoint бағдарламасында жұмыс істегеніңізде
тінтуірге қарағанда пернетақтаға көбірек
сенетін болсаңыз, пернелер тіркесімдері
туралы толығырақ білгіңіз келетін болады.
Таспа жасақтамасы жаңа пернелер тіркесімдерімен
жабдықтала жеткізіледі. Бұның ең басты
екі артықшылығы енді әр жеке перненің
тіркесімінің болуы (ол бұрынғы нұсқалардағы
мәзір пәрмендерінде болмаған) және әдетте
бірнеше пернені қатар басуды қажет ететін
тіркесімдер болып табылады.
Енді ол тіркесімдерді қалай пайдалану
туралы қосымша ақпарат.
1. Алдымен, ALT пернесін басыңыз.
2. Пернелер бойынша көмектер деп аталатын
әріптер мен сандар сәйкес перне тіркесімдері
түрінде таспаның түрлі бөліктерінде
шағын ақ шаршы ішінде шығарылады. Олар
әріптер түрінде бүкіл таспа қойындылары
бойынша және Microsoft Office түймешігінде көрсетіледі.
Олар жылдам қатынау тақтасындағы сандар.
Пернелер бойынша көмектері бар шағын
ақ шаршы белгілер деп аталады. Қосымша
пәрмендер немесе түймешіктерге қол жеткізу
үшін тағайындалған пернелердің бірін
басыңыз. Мысалы, Басты қойындысындағы
барлық пернелер бойынша көмектерді көру
үшін H пернесін басыңыз.
3. Одан кейінгі тәртіпті орындау үшін
пернелер бойынша көмектердің бірін басыңыз.
Мысалы, ALT, H, L пернелерін басу Орналасу
түймешігін нұқу баламасы болып табылады.
Бұрынғы пернелер тіркесімдеріне не болды?
Бұрынғы CTRL+ басталатын пернелер тіркесімдері
өзгеріссіз және оларды бұрынғыдай пайдалана
аласыз. Мысалы, CTRL+C пернелер тіркесімі
кез келген элементті аралық сақтағышқа
көшіріп алып, CTRL+V пернелерінің тіркесімі
әлі де сол элементті аралық сақтағыштан
алып, қояды.
Мәзірлер мен пәрмендерге қатынас беретін
бұрынғы ALT+ пернелер тіркесімі де өзгеріссіз.
Дегенмен, пайдалану үшін пернелер тіркесімін
толық білуіңіз тиіс. Пернелер тіркесімінің
толық жинағын алу үшін: 2007 Office жүйесіндегі
пернелер тіркесімі (Ағылшын тілінде)
курсын қараңыз.
1. Microsoft Office түймешігі мәзірін басыңыз
2. Ашылған мәзірде Жаңа параметрін таңдаңыз.
3. Жаңа көрме терезесінде параметрді таңдаңыз
(осы жерде көрсетілгеннің бір бөлігі
ғана).
Жаңа көрмені жасау үшін Microsoft Office түймешігі
мәзірін басып, Жаңа параметрін таңдаңыз.
Жаңа көрме терезесінде жаңа слайдтан
бастаңыз немесе көрмені үлгіге немесе
бар көрмеге негіздеңіз.
Жаңа файл пішімі PowerPoint 2007 бағдарламасы
жаңа файлдарды жаңа пішімде сақтайды.
Ескі көрмелерді ашып қана, оларды жаңа
пішімде сақтай аласыз. Дегенмен, файл
пішімін өзгерту PowerPoint 2007 және PowerPoint бағдарламасының
ескі нұсқасының арасында ортақтастырылатын
көрмеге әсер етеді. Соңғы сабақта бұл
құбылыс толық қарастырылады.
1. Тінтуір меңзерін тақырып
2. … слайдта алдын ала қарау шығарылады.
3. Тақырыптардың толық жиынтығын және
интернеттегі тақырыптардың сілтемелерін
ашу үшін Қосымша көрсеткісін нұқыңыз.
Енді барлық мазмұндарыңыздың көрінісі
қандай болатындығын білу үшін көрменің
тақырыбын бастай салысымен таңдаңыз.
Тақырыптың түсі қосылған диаграммалар
немесе кестелер сияқты нақты элементтердің
қалай көрінетіндігін көре аласыз.
Тақырып слайд жасақтамасына байланысты
көрменің көрінісі мен сезімін қамтамасыз
етеді. Ол слайдтарыңыз бен слайд элементтеріне
өң жасақтамасын, толтырғыш орналасуын,
түстер мен қаріп мәнерін қолданады.
Жасақтама қойындысы тақырыптарды іздейтін
орын болып табылады. Жиынтық PowerPoint бағдарламасының
бұрынғы нұсқаларында пайдалануыңыз мүмкін
жасақтау үлгілерінің бірі сияқты Тақырыптар
тармағының астында пайда болады. Әр тақырыптың
қалқымалы сөзкөмекте көрсетілетін атауы
бар.
Сіз тінтуір меңзерін тақырып нобайына
келтіргеніңізде, тақырып ағымдық слайдтың
уақытша алдын ала қарауында көрсетіледі.
Тақырып әсерлерін қолданбас бұрын көріп,
оны қаламаған жағдайда орындалмаған
күйінде сақтайды. Меңзерді нобайдан әкеткеніңізде
алдын ала қарау аяқталады.
Қандай тақырып (біреуден көп болса) көрмеде
қолданылатыны сияқты көбірек таңдау
мен ақпарат алу үшін және басқа тақырыптарға
сілтемелер алу үшін — мысалы, Интернеттегі
Office жүйесінде, Тақырыптар тармағының
оң жағындағы көрсеткіні нұқыңыз.
Ұқсас тақырыптарға Microsoft Office Word 2007 және
Microsoft Office Excel 2007 нұсқаларында қолдау көрсетіледі.
1. Түстер, Қаріптер және Пәрмендер
жиынтықтарын пайдаланыңыз, олардың
барлығы Жасақтау қойындысында орналасады.
2. Басқа Өң мәнерлері параметрін қараңыз.
Таңдаулар тақырып түстерін пайдаланады.
3. Баламалы өңдерді алдын ала қарау үшін
меңзерді нобайға апарыңыз.
4. Фотосурет сияқты жеке өңді қолдану
үшін Өңді пішімдеу түймешігін басыңыз.
Таңдаған тақырып толық жасақтама болып
табылады. Бірақ, кейбір өңдеуді жасай
алмасаңыз, ештеңе етпейді. Жасақтау қойындысында
тақырыпты өзгерткіңіз келетін жағдайлар
үшін басқа жиынтықтар бар.
Әрқайсысы жиынтық таңдауына меңзерді
апарғанда слайдта алдын ала қарау мүмкіндігін
береді.
Түстер
бұл әрбір тақырыптың түстерінің жинағы
болып табылады; тақырыптың түстерін таңдап,
әрқайсысын өзгерте аласыз.
Қаріптер слайдта
қолдану үшін Қаріптер жиынтығындағы
кез келген мысалды нұқыңыз. Әрқайсысында
тақырып мәтіні мен мәтіннің өзіне арналған
бір қаріп бар.
Әсерлер
кескіндерге арналған әсерлердің ауқымы,
мысалы, жарық, жиектер немесе үш өлшемді
көріністер бар.
Өң мәнерлері
Тақырып түстері жинағында сақталу барысында
тақырыптар өңін қосымша өзгертеді.
1. Басты қойындысында слайд
2. Осы орналасуы бар слайдты кірістіру
үшін орналасуды нұқыңыз.
Слайдтарға объектілер енгізу
PowerPoint 2007 орналасулары бұрынғыдан да сенімді. Олардың бірнешеуінде не мәтін, не сызба үшін пайдаланылатын «мазмұн» толтырғыштары бар. Мысалы, Тақырып және мазмұн орналасуы. Толтырғыштарының бірінің ортасында келесі белгішелер жинағы бар:
Мазмұндардың келесі түрінің бірін — кестені, диаграмманы, SmartArt сызбасын, файлдан алынған суретті, клип бөлігін немесе бейне файлды кірістіру үшін осы белгішелердің бірін нұқыңыз. Немесе, белгішені елемей, осы орналасу қолдайтын мәтінді теріңіз.
1. Суретті қосу үшін Суретті
файлдан қосу белгішесін
2. Клипті қосу үшін Клип белгішесін нұқыңыз.
3. Сурет толтырғыш жиектерінде орналастырылады.
4. Сурет бір рет кірістірілгеннен кейін,
оның өлшемін өзгерткіңіз немесе арнайы
әсерлер қосқыңыз келген жағдайда не істеу
қажет? Алдымен, слайдтағы суретті таңдаңыз.
5. Таспада Сурет құралдары пайда болады.
Пішім қойындысын нұқып, суретпен жұмыс
істеу үшін түймешіктер мен параметрлерді
пайдаланыңыз. Оған тік немесе ирек жиектер
бере аласыз; көлеңкелерді немесе жарық
қолдана аласыз; түсті жақтаулар қоса
аласыз; оны қия аласыз немесе өлшемдерін
өзгерте аласыз және тағы басқаларды орындайсыз.
Суретті слайдтың өзінен кірістіру оңай.
Ол слайдта біреуден көп толтырғыш болған
жағдайда әсіресе қолайлы әдіс болып табылады,
себебі слайд белгішелерін пайдалана
отырып кірістіргенде, сурет сол толтырғышқа
өтеді.
(Егер суретті слайд белгішесін пайдалана
отырып кірістіргіңіз келсе, бірақ толтырғыштың
дұрыс түрі болмаса, орналасуды өзгерту
өте оңай. Оны қалай істеуге болатындығын
жаттығу сеансынан көресіз).
Кірістіру қойындысын ұмытпаңыз Кірістіру
қойындысын суретті — слайдтың басқа
элементтерін кірістіру үшін де пайдалана
аласыз. Кейбір жағдайларда PowerPoint бағдарламасының
суретті қандай толтырғышқа орналастырғыңыз
келетіндігін біліп отыру осы әдісті пайдаланудың
жалғыз ерекшелігі болып табылады.
1. Сурет салу құралдарындағы
Пішім қойындысында мәтін
2. Кескіндер жиынтығын көрсетіп, кез келген
мәнерге меңзерді апарыңыз.
3. Мәнерді алдын ала қарауды мәтін ұясына
қолданылған слайдтан көресіз.
Сурет тақырыбы үшін мәтін ұясын кірістіріңіз.
Оны Кірістіру қойындысынан табасыз.
Мәтін ұясын кірістіргенде Сурет салу
құралдары көрсетіледі. Пішім қойындысын
нұқып, ондағы пәрмендерді келесі мақсатта
пайдаланыңыз:
§ Мәтін ұясы немесе басқадай
кескіндер үшін және кескіннің градиент
түстері сияқты бояуы үшін; кескін құрылымының
түсі; және ылди немесе көлеңке немесе
жарық сияқты әсерлер үшін кескін таңдаңыз.
§ Кескіндерді кірістіру,
өзгерту және өңдеу.
§ Кескіндерді орналастыру
және туралау.