Кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің мәліметтер қорын құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 20:34, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің мәліметтер қорын құру туралы мәлімет толық қамтылған. Кәсіпорын негізіне Рахат кондитерлік фабрикасын алдым. Бұл кәсіпорынның тауарлары, бағалары, тапсырыс беру және сату жайлы толық мәлімет қамтылған.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің негіздері.......................5
1.1 «Рахат» кондитерлік фабрикасы туралы мәлімет....................................5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдай аудиті..................................................7
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің мәліметтер қорын құру қағидасы............................................................................................14
2.1 Access-те мәліметтер қорын құру.............................................................14
2.2 Арнайы программалық жабдықтау арқылы мәліметтер қорын автоматтандыру..........................................................................................18
Қорытынды.....................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................26
Қосымша.........................................................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс-Перизат.doc

— 887.00 Кб (Скачать документ)

         Қаржылық жағдайды талдаудың  мақсаты – енді пайда болып  келе жатқан мәселелерді қаржылық  тұрақсыздыққа ұшырауға дейін  айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау  фирманың қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.

 

Принциптері

Принциптердің мазмұны

Нақтылығы

Талдау нақтылы деректерге негізделеді, оның қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады.

Жиынтылығы

Процесті объективті бағалау мақсатында оны жан-жақты зерделеу

Жүйелілігі

Бір-біріне өзара байланысты экономикалық құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау емес.

Тұрақтылығы

Талдауды түпкілікті, алдын ала белгілі уақыт арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін емес.

Объективтілігі

Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ зерделеу, объективтік қорытындылар жасау.

Пәрменділігі

Практикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс қызметінің жаңа нәтижелілігі үшін талдау қорытындысының жарамдылығы.

Үнемділігі

Талдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны жүргізу нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен елеулі түрде аз болуы керек.

Салыстырымдылығы

Деректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде қорытындылардың сабақтастылығы сақталу қажет.

Ғылымдылығы

Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек.


 

  

1-кесте. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері

    

       Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы кәсіпорынға сырттан  түсетін ресурстар.

 

                      2-сурет. Қаржы ресурстарының құрамы

 

       Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін  орындауға жағдайы болса.

  1. Тез өтімділік коэффициенті – қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді.
  2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті – егер дебиторлық қарыздарды тауардың  кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті  бір жылда бірнеше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
  3. Несие қарыздарының айналым кезеңі – бұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және  несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл коэффициент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның  қолда бар босалқы қорларды басқару іскерлігіне байланысты болады.
  4. Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) –  ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивиденттермен толық есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы сомасының  және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетеді.
  5. Төлем қабілеттілігінің  коэффициенті – ол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері ) ара салмағын  бейнелейді.

        Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның динамикасын талдауы кәсіпорынның болашағына қажетті әсер етеді. Бухгалтерлік  есеп балансы, ол бір жағынан обьективті талдауды қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан - аналитикалық есепті жүргізуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты шот түріндегі агрегаттандырылған баланс түрін көрсетейік.

 

 

                     Актив

                         Пассив

Иммобильденген құралдар

(айналымнан тыс активтер)

F

1. Өзінің қаражат көздері

Ис

Мобильді құралдар

(айналым активтері)

M

2. Қарыз қаражат

S

2.1. Қорлар мен шығындар

Z

Ұзақ мерзімді несие және қарыз

қаржылары

Кт

 Ақша қаражат және

қысқа мерзімді қаржы

салымдары

Ra

Қысқа мерзімді несие және

қарыз қаржылары

Кt

   

Есеп айырысу және басқада

қысқа мерзімді міндеттемелер

Rp

Баланс

 В

Баланс

 В


 

2 – кесте. Шот түріндегі бухгалтерлік баланс (агрегаттандырылған).

 

        Аудит(лат. audіt) – кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктер мен акционерлік қоғамдардың қаржылық-шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит (Audit) — 1) жүйенің басқару элементтерін тексеру;2) қорғанышқа қатысы бар маңызды оқиғаларды табу және тіркеу мүмкіндігі. Операциялық жүйенің қорғаныш жүйесі осы қимылды орындаған процесті тіркеу үшін қорғаныштың ұқсастырғышын қолданады.

          Классикалық ұғымда аудит - кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын, ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау. Мұндай кәсіби бақылау-аудитке деген кажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

  1. Кәсіпкерліктін дамуы мен капитал өсуінің әсері;
  2. Өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
  3. Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған акшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
  4. Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
  5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;
  6. Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын акпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

       Экономикалық субъектілердің қаржылық есебін, төлеу-есептесу құжаттамаларын, салық декларациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерін, сонымен қатар қаржылық есепті жасау бойынша, бухгалтерлік есепті жүргізу және есепке қою бойынша ұсыныстарды жасайтын; активтермен пассивтерге бағалау жасап, сондай-ақ қаржылық, салықтық, банкілік және басқада шаруашылық заңнамалар негізінде тәуелсіз түрде ведомстводан тыс шарттық негізде жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтін аудиторлардың (аудиторлық ұйымдардың) кәсіпкерлік қызмет түрі.

       Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты барлық мәнді қатынастарда экономикалық субъектінің қаржылық есептілігінің растығы туралы аудиторлық ұйымның пікірін қалыптастыру және білдіру болып табылады.

       Аудиттің негізгі мақсаты қаржылық ресурстарды дұрыс пайдаланудың резервтерін ашып беру, салықтардың есептелу дұрыстығына талдау жасау, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту, қызметтің шығындары мен нәтижелерін, кірістер мен шығыстарды оңтайландыру жөніндегі шараларды әзірлеу жөнінде клиентпен келісілген міндеттемелермен толықтырылуы мүмкін.

      Аудиттің 3 типі бар: жедел аудит, сәйкестілік аудиті, қаржылық есеп аудиті.

       Жедел аудит шаруашылық жүйенің бір қызметіне шолу жүргізумен ерекшеленеді. Жедел аудитті жүзеге асырушы аудитордың басты міндеті болып субъектінің өнімділігі мен өнімдік тиімділігіне баға беру үшін қаржылық-шаруашылық әрекетке тексеріс жүргізу болып табылады. Мұндай аудиттің басты мақсаты - шаруашылық жүргізуші субъекті өндірістік әрекеттің жаңа сатысына көтеру.  Қаржылық есеп аудитіне қарағанда, жедел аудит қаржылық-шаруашылық әректің даму болашағына бағытталып, істелінген әрекеттерге дұрыс баға береді. Жедел аудит аудит типтерінің ең күрделісі. Мұндай тексеріс ұсынылған қаржылық есептің объективтілігі мен сенімділігіне әсер ететін бухгалтерлік есепке ғана байланысты емес. Сонымен қатар, жедел аудит ұйымдық құрылым, өндіріс әдісі, маркетинг пен субъект әрекетінің басқа да салаларын қамтуы мүмкін.

       Сәйкестілік аудитінің міндеті болып субъектінің                            қаржылық-шаруашылық әрекетінде заңмен бекітілген немесе контрактіде бекітілген талаптар мен арнайы ережелердің ескерілуі тексеріледі. Мысалы, сәйкестілік аудиті жалақы мөлшерінің дұрыс деңгейлілігін, салық заңнамасының орындалуын және арнай кәсіпорын қорын тексерумен байланысты болуы мүмкін.

      Қаржылық есеп аудиті қаржылық есептің оны құру талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтиды.

      Қаржылық жағдай аудитті мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық ждағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды ьеру болып табылады. Қаржылық аудит пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар , т.б. кіреді.

     Қаржылық жағдай аудиті басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қарадаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

     Аудит мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін  талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, аудит кәсіпорнының шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.Аудитке қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел статистикалиқ есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

      Аудитке қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Аудит белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның аудиті бухгалтерлік статистикалық және жедел болып бөлінеді. Жедел-статистиаклық аудит кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгелтерлік аудит кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және аудит жазбаларымен расталып, жинақталған деректерде жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және пошта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.

       Балансты жәна басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептері толық көлемде берілун қамтамасыз етуі керек.

       Қаржылық жағдайдың аудитті құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметтің нәтижесі туралы аудит, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы аудит және түсіндірме хаттамасы кіреді.Қаржылық жағдай аудитінің мақсаты – пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.Қаржылық жағдайдың аудиті кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражаттарының ағынын бағалауға, кәсіпорын міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

Қаржылық аудит мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық аудит элементі болып табылады.

 

 

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің мәліметтер қорын құру   қағидасы

 

    1. Access-те мәліметтер қорын құру

           Мәліметтер қоры (МҚ) дегеніміз - ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Мәліметтер қоры – бұл ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай – ақ процедуралармен бірқатар басқа объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз.Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады. Таблицаның идентификатор аты болады.Кесте бағандары объектілердің қандайда бір сипаттамаларына – алаңдарға сәйкес. Әрбір алаң сақталатын мәліметтердің атымен және түрімен сипатталады.Алаң аты–бұл мәліметтермен пайдалану үшін,әртүрлі программаларда қолданылатын идентификатор.Ол кез келген идентификатор сияқты латын әріптерімен жазылады, бір сөзден тұрады және т.б.

        Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады.

        Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде  компьютерлік технологиялардың  құрал ре-тінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда  компютерді осы бағытта пайда-ланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көп-теген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі.Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдар. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиім-ді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрін де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің мәліметтер қорын құру