Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 15:38, курсовая работа
Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:
- желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
- желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.
Кіріспе ................................................................................................
3
Негізгі бөлім
1.
Есептеу тораптары ...........................................................................
4
1.1
Тораптың негізгі элементтері................................................
4
1.2
Қатынастық құралдар..............................................................
6
1.3
Есептеу тораптарының жіктелуі...........................................
14
2.
Компьютерлік желілердің түрлері .................................................
16
3.
Негізгі желінің топологиялары ........................................................
18
4.
Желілік техникалық құралдар.........................................................
24
5.
Желілік программалық құралдар...................................................
25
6.
Клиент – сервер технологиясы ........................................................
26
7.
Желілік технологиялар ....................................................................
28
7.1
Ethernet жергілікті есептеу торабы.....................................
28
7.2
Fast Ethernet технологиясы.....................................................
29
7.3
Gigabit Ethernet технологиясы ...............................................
33
7.4
Сақиналық архитектура технологиясы .................................
35
Қорытынды........................................................................................
37
Қолданылған әдебиеттер ..................
4 Желілік техникалық құралдар
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер технологиялар мынандай бөліктерден тұрады:
Ақпараттық құралдар:
Серверлер. Клиент/сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating system) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды (принтерлер тәрізді) да басқара алады.
Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Operating System) үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас құру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
5 Желілік программалық құралдар
Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар;
Желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating System) – желіге қосылған әрбір дебес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауды (маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows 95, Windows NT, UNIX, Macintosh немесе OS/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.
Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орналасады да, қалған бөліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.
Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін (егер бірнеше станция қатар сұраныс берсе) айқындап отырады. Бұған қоса операциялық жүйе графикті реттеу рөлін атқарып, каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows NT Server, Novell Netware, Banyan VINES тәрізділер жатады.
Желіні басқару программалық құралдары желіні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады. Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын, желіні жеке иеленудің (ТСО, Total Cost og Owenership) жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын ала жүргізеді.
Желі администраторлары басқару жұмыс станциясы немесе World Wide Web қызметі арқылы графиктегі заңдылықтарды қадағалай алады, осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді. Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып олардың әсерлерін азайтады және жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады. Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON және RMON2 сияқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары администраторларға желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.
Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі администраторы туындайтын қиындықтардың алдын алып отырады.
Программалық құралдар бұған қоса тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ өзгертулерден сақтайды. Желі администраторлары басқаруға арналған жұмыс станциясы арқылы пароль орната алады, тұтынушылардың қандай құрылғыларды пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып тіркеп отырады.
6 Клиент-сервер технологиясы
Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында да компьютерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.
Клиент-сервер технологиясы - жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер (сервер) өз құрылғыларын басқаларға – клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.
Бір деңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі - әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдаланушы үшін бөліп береді.
Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.
Егер компьютерлер саны аз болып, олардың негізгі функциясы бір-бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда, ең тиімді шешім – оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады. Мұндай желі кең тараған Windows 98 операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істей береді.
Мәліметтердің компьютерлерге таралып орналасуы және әр жұмыс станциясының ресурстарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір деңгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады. Осыған орай мамандар мұндай желілердегі ақпаратты сақтау мәселелеріне өте көп көңіл бөлуге мәжбүр болып отыр.
Бір деңгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі - олардың жұмыс өнімділігінің төмендігі. Ол реурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп, жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр.
Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған - оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер, т.б.
Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары деңгейде болуы тиіс. Мұндай желідегі жұмыс станцияларының функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.
Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді. Сервер ол файлдардың мәтіннен, немесе графикалық бейнелерден, немесе электрондық кестеден тұратынын білуге тиісті емес. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мәліметтердегі барлық өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында жүргізіледі. Сондықтан клиенттер серверден файлдарды көшіріп алады да, керекті өзгерістерді жасап, нәтижесін қайтадан серверге қайтарады. Мұндай желі жұмысы - көптеген тұтынушылардың бір үлкен ортақ базаны бірге отырып пайдалануы кезінде өте тиімді болып табылады. Үлкен желілерде бір мезетте бірнеше файлдық серверлер пайдаланылуы мүмкін.
Баспа сервері (принт-сервер) желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғыларынан тәуелсіз күйде өзі жеке жұмыс жасайды. Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жүмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, олардың мәліметтерін басып шығарады. Баспа сервері ретінде қуатты жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер пайдаланылады.
Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық сервер пайдаланылады. Олар электрондық пошта мәліметтерін өңдеу үшін қолданылады. Интернет желісімен тиімді қатынас құру үшін Web – серверлері пайдаланылуы мүмкін.
7 Желілік технологиялар
7.1 Ethetnet жергілікті есептеу торабы
Дербес компьютерлері жергілікті есептеу торапқа (ЖЕТ) біріктірудің бірнеше себептері бар:
Ethetnet тораптарында кеңтаратымды тасымалдау (дестелер бір уақытта тораптың барлық түйіндеріне жетеді) және CSMA/CD (Carrrier sense Multiple Access with Collision Detection - тасуышты бақылау және қақтығысты іздеп-таба отырып көптік) қатынас құру әдісі қолданылады. 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдау көзделген.
Тасымалдау ортасы ретінде жіңішке және жуан коаксиалды кәбіл, есулі қоссым және талшық-оптикалық кәбіл пайдаланылады.
Сызба – құрылымы: құрсым-коаксиалды кәбіл үшін, жұлдыз - есулі қоссым үшін және қоснүктелі байласу – талшық-оптикалық кәбіл үшін.
Ethetnet айқындамасында тораптар ұйымдастыру үшін қолданылатын кәбілдік жүйелердің және сызба-құрылымдардың бірнеше түрі көзделген. Олар 10Base-5, 10Base-2, 10Base-Т және 10Base-F деп аталады. Бұл жерде, 10 саны деректер тасымалдау жылдамдығы 10 Мбит/с екендігін, Base сөзі модуляцияланбаған (beseband – кәбіл арқылы кез келген уақытта тек қана бір сигнал) тасымалдау әдісі екендігін, 5 және 2 сандары сегменттің 100 метрмен өлшенген ұзындығын (яғни 500 м және 200 м), ал Т және F әріптері тасымалдау ортасының есулі қоссым және талшық-оптикалық кәбіл екендігін көрсетеді.