Компьютерлік желі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 15:38, курсовая работа

Краткое описание

Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:
- желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
- желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................
3

Негізгі бөлім

1.
Есептеу тораптары ...........................................................................
4

1.1
Тораптың негізгі элементтері................................................
4

1.2
Қатынастық құралдар..............................................................
6

1.3
Есептеу тораптарының жіктелуі...........................................
14
2.
Компьютерлік желілердің түрлері .................................................
16
3.
Негізгі желінің топологиялары ........................................................
18
4.
Желілік техникалық құралдар.........................................................
24
5.
Желілік программалық құралдар...................................................
25
6.
Клиент – сервер технологиясы ........................................................
26
7.
Желілік технологиялар ....................................................................
28

7.1
Ethernet жергілікті есептеу торабы.....................................
28

7.2
Fast Ethernet технологиясы.....................................................
29

7.3
Gigabit Ethernet технологиясы ...............................................
33

7.4
Сақиналық архитектура технологиясы .................................
35

Қорытынды........................................................................................
37

Қолданылған әдебиеттер ..................

Прикрепленные файлы: 1 файл

компьютерлик жели.doc

— 388.50 Кб (Скачать документ)

 


 


  Мазмұны

 

 

Кіріспе ................................................................................................

3

 

Негізгі  бөлім

 

1.

Есептеу    тораптары ...........................................................................

4

 

1.1

Тораптың  негізгі  элементтері................................................

4

 

1.2

Қатынастық  құралдар..............................................................

6

 

1.3

Есептеу  тораптарының   жіктелуі...........................................

14

2.

Компьютерлік  желілердің   түрлері .................................................

16

3.

Негізгі  желінің  топологиялары ........................................................

18

4.

Желілік  техникалық   құралдар.........................................................

24

5.

Желілік   программалық   құралдар...................................................

25

6.

Клиент – сервер  технологиясы ........................................................

26

7.

Желілік   технологиялар ....................................................................

28

 

7.1

Ethernet  жергілікті   есептеу  торабы.....................................

28

 

7.2

Fast  Ethernet  технологиясы.....................................................

29

 

7.3

Gigabit  Ethernet  технологиясы ...............................................

33

 

7.4

Сақиналық  архитектура  технологиясы .................................

35

 

Қорытынды........................................................................................

37

 

Қолданылған әдебиеттер .................................................................

39


 

 

 

Кіріспе

 

ХХІ ғ.  бас  кезінде    адамзаттың  даму   процесі  информациялық  қоғамның  қалыптасуымен  ерекшеленеді.  Оның    негізгі    бағыты   информация    және  өңдеу  ұғымымен  анықталады.  Осыған  байланысты   бірінші  кезекке  қарапайым   еңбек    құндылығы    мен  табиғи    байлықтар   емес,  білім      құндылығы    шығады.  Информация  мемлекеттің   даму   деңгейін  анықтайтын    стратегиялық    ресурсқа   айналып,    ақпараттық    мәдениетті    қалыптастыру,  яғни    мәлімет   өңдеу    мен  оны   тасымалдау   ісін  атқару   өркениетті    дамудың   қажетті   шарты  болып  табылады.

Көптеген кәсіпорындар  (банктер,  мекемелер)  тораптық  шоғырланудың   алғашқы  кезеңін   аяқтап   екінші   кезеңге,  яғни   торапаралық     әрекеттесу  жабдықтары   негізінде  бірлескен    тораптар   құру   жолына  көшіп  отыр.

Компьютерлік  желі  дегеніміз – бір-бірімен  мәлімет    алмаса  алатын,  кем  дегенде  екі   компьютердің    байланыс  құралдары    көмегімен   қарым-қатынас   жасауына    арналған   ақпарат   өңдеудің   тармақталған  жүйесі.

Басқаша  айтқанда    желі  деп   дербес  компьютерлердің    және  де  принтер, модем,  факсимильдік  аппарат   тәрізді   есептеу   құрылғыларының  бір-бірімен  байланысқан  жиынын   айтады.

Желілер  әрбір  қызметкерге   басқалармен   мәлімет  алмасып  құрылғыларды   ортақ  пайдалануға,  қашықта   орналасқан     қуатты    компьютерлердегі   мәліметтер   базасымен    қатынас  құруға   және    тұтынушылармен  тұрақты    байланыс   жасауға  мүмкіндік   береді.

Желі  құрамына   кіретін  компьютерлер  мынадай  жұмыстар  атқарады:

-  желімен  қатынас   құруды   ұйымдастыру; 

- олардың  арасында   мәлімет  алмасуды  басқару;

- желі  тұтынушыларына    есептеу  құрылғыларын  пайдалануға  беріп,  оларға  әртүрлі  қызмет  көрсету.  

 

1   ЕСЕПТЕУ  ТОРАПТАРЫ

1.1   Тораптың  негізгі  элементтері 

 

Негізгі   қатынастық  үлгі  құрайтын  сыңарлардың    (құрамдардың)  ең  кіші   жиыны    таратқыштан  (жібергіштен),  қабылдағыштан,  тасымалдау   ортасынан  және  хабардан  тұрады.

Тартқыш   пен  қабылдағыш    міндетін  екі   сөйлесіп  тұрған  адам  да   атқара алады,  ал  есептеу   торабында   тартқыш  және  қабылдағыш   ретінде  компьютер   немесе  басқа  да  электрондық    жабдықтар  бола  алады.

Деректер  тасымалдау    ортасы  немесе   арнасы  деп  кәбілді  телефон   желісін  немесе   ауаны    (эфирді)  айтуға  болады.

Хабар дегеніміз - таратқыш пен қабылдағыш арасында    тасымалданатын   ақпарат,  жүйеде  қабылданған  тәртіп  бойынша    тасымалдануға  дайындалған    деректер.  Хабардың  құрамында,  әдетте,  бастамасы  және   аяқталу   белгісі  болады.

Есептеу машиналар (компьютерлер) торабының құрамына  компьютерлерді  және  басқа  да    электрондық   жабдықтарды   (оларды  бір-бірімен  байланыстыратын) арнаға  жалғауға  (қосуға)  арналған   техникалық     және  программалық қамтамалар  кіреді.   Тораптағы   басқа   құрылғылармен    әрекеттесетін  құрылғыларды   түйін,   станция  (бекет)  немесе  тораптық   құрылғылар  деп  атайды.

 Қарапайымдап  айтқанда,  торап  екі  түрлі    компьютерлерден  тұрады  деуге  болады:  серверлер  және  жұмыс  бекеттері.  Сервер - өз  қорын    барлық  пайдаланушылар мен құрылғыларға қолдануға беретін  компьютер.  Жұмыс  бекеті   -  тораптың  беретін   мүмкіншіліктерін   пайдаланатын  жеке   компьютерлер  тобы. 

Кез  келген  торап  серверлер  мен  жұмыс  бекеттеріне  басқа  қосымша   аппаратурадан  және  программалық  қамтамадан  тұрады.  Торап    құрамына кірертін  сервер мен   жұмыс  бекетіне   тораптық   карта  (бейімдеуші)  орнатылуы  керек.  Содан  кейін   есептеу  машиналары  бір-бірімен    кәбілдік   жүйе   немесе    басқа  да  деректер    тасымалдау    ортасы  арқылы   байланыстырылады.   Компьютерді   тасымалдау ортасына  қосудың   әр  түрлі    әдістері  бар.  Осылайша    құрастырылған  тораптың  жұмыс  істеу   тиімділігі  көбінесе онда қолданылатын  тораптық  программалық   қамтамаға    байланысты  болады.

Сонымен,  тораптың  негізгі    элементтерінің   қатарына серверлер  мен  жұмыс бекеттері, тораптық  карталар (бейімдеушілер) мен кәбілдер,    тораптық    операциялық   жүйе  кіреді. 

Торап -  кәбіл   немесе  басқа     құралдар  арқылы    байланысқан   және  біраз    жыбдықтарды   (мәселен,  баспа  құрылғысын) бірлесіп  пайдалануға   және ақпарат алмастыруға   мүмкіндік   беретін    программалық   қамтаманы    қолданатын  бірнеше   ЭЕМ  тобы.

Есептеу   тораптарының   мүмкіндіктері:

-  есептеу  тораптары  кез  келген   ақпарат қорына  тез   қатынас   құруға   мүмкіндік   жасайды;

- лазерлік  баспа  құрылғылары,  оптикалық  сақтау   құрылғылары  сияқты   қымбат  шеткері    құрылғыларды   тиімді    пайдалану  (мысалы,  әр машинаға  жеке  сатып  алғанша,  олардың   біреуін  ортақ   қор  ретінде   пайдаланған  үнемді);

-  программалар    мен  деректерді    орталықтандырып  сақтау;

-  деректерді      қрғау  және    қауіпсіздендіру  және т.б.

Ортақ  қор.  Бірнеше   пайдаланушы  немесе   программа   бірлесіп    қолданатын  тораптағы  немесе  жұмыс  тобындағы  кез  келген  құрылғы,   файл,  тізімдеме  (каталог,  directory,  folder) немесе  принтер.  Бірлесіп  пайдалантын  қор.

Десте (Packet). Торап  арқылы тасымалданатын деректерді   сипаттайтын  жалпы  аталым.  Құрамына  мекен,  деректер  және   тексеруші    элементтер  кіретін,  біртұтас  нәрсе  ретінде  тасымалданатын    биттер  (ақпарлар)  тобы.

Дейтаграмма (Datagramma). Қабылдауыш   компьютерге   алдын  ала   ескертпей  жіберілетін  (тікелей  байласу  ұйымдастырмай-ақ)   деректер    бөлшегі,   хабардың  басқа   дестелерінен  тәуелсіз  тасымалданатын    десте.  Әдетте   дестелерді   коммутациялау  торабында    қолданылады.  Мәселен,  ІР  хаттамасы  бойынша тасымалданатын  деректер  бірлігі  осылай   аталады.

Кадр (Frame). Арналық  деңгейді  басқару   құралдары   ұйымдастырған   ақпарат  арнасы  арқылы    бір  тұтас   нәрсе   ретінде    тасымалданатын  деректер бірлігі. Кадр  құрамына алушы  мен  жіберушінің  мекені,  деректер,  бастау  және  аяқтама кіретін,  толық  қалыптастырылған  десте.  (1 – сурет).


 

 

1.1-сурет

1-сурет.

 

Түйін (Node).  Біріншіден,  есептеу  торабына  қосылатын  жер  (нүкте).  Яғни,  пайдаланушыға  қызмет  көрсетілетін  немесе  қатынастық  арна    қосылатын  есептеу торабының   орны.  Екіншіден,  торапқа   қосылған   құрылғы. Түйін деген  аталым  кейде    жұмыс  бекеті   аталымының    орнына   қолданылады.

Түйін – компьютер  (Host). Басқа  есептеу   машинасының   файлдары  мен деректеріне қатынас құруға мүмкіндік беру сияқты   орталықтандырылған   қызметтер  атқаратын   есептеу    машинасы.  Мысалы,   Internet торабында – деректер  тасымалдаудың   бастапқы   немесе  шеткі    нүктесінің   міндетін   атқаратын    кез  келген   компьютер,  яғни,   Интернет  торабымен   тікелей   байланысқан,   өзіндік    жәке    адресі  бар  компьютер.

Деңгейлер  мен  хаттамалар  жиыны  тораптың  архитектурасы  (сәулеті)   деп  аталады. Есептеу   торабының   архитектурасы  оның   техникалық  және  программалық    құралдар    жиынтығының    өзара  әрекеттестігінің    ұйымдастырылуын   көрсетеді.  Кез  келген    тораптың   архитектурасына  3  түрлі    құрылым  кіреді:  логикалық,   физикалық  және  программалық.

Тораптың  логикалық  құрылымы   тораптық  қызметтердің   құрамын  және  олардың  арасындағы   байланысты  көрсетеді.  Бұл  қызметке  мыналар  жатады:   пайдаланушылардың    есебін   шешуге    арналған   ақпараттық-есептеу қызметтері, терминалдар  мен  торап арасында  өзара    әрекеттестікті    қамтамасыз  ететін   терминалдық    қызмет;    торапта    деректер тасымалдау   мәселесімен   шұғылданатын қатынастық    қызметтер;     тораптың  (әр  түрлі  ЭЕМ-нің   әр  түрлі   операциялық  жүйелерімен,  деректер  бөлшегінің пішімімен  және  тағы  басқалармен    әрекеттесуін    қамтамасыздандыратын)   интерфейстерін  басқару;  торапты  басқару    процедураларын    жүзеге  асыратын   әкімшілік   қызметтері  және  т.б.

Логикалық  құрылымының  элементтерін  тораптың  құралдары  арқылы  жүзеге  асырылуын   тораптың  физикалық  құрылымы  көрсетеді.  Тораптың  физикалық құрылымының  элементтері: ЭЕМ, абоненттік  жүйелер,   байланыс  арнасы,  деректер  тасымалдау    аппаратуралары  және  т.б.

Тораптың программалық құрылымы тораптық программалық    қамтаманың сыңарларын  және  олардың  арасындағы  байланысты  көрсетеді.  Программалық   қамтаманың    құрамы  тораптың   логикалық    құрылымымен  (оның  атқаратын    қызметтерімен)    анықталады.   Тораптың   программалық   құрылымының  негізгі  элементтері:  операциялық  жүйелер,  хаттамалар,  қолданбалы  программалар  және  т.б.

 

1.2   Қатынастық  құралдар

 

Компьютерлерге  файлдар   мен  хабарлар  алмастыру,  файл-сервердің   тегеріштік  кеңістігін   қолдану,   компьютер   торабы   арқылы   дауыстық    байланыс  құру,    бейнекескін  қабылдау    және  т.б.    түрде   өтетін  ақпарат    алмастыруды   орындауға   мүмкіндік  беретін   құралдар.

Қатынастың  негізгі  техникалық   құралдарына  мыналар   жатады:   бейімдеуіш, коннектор, терминатор, трансивер,    қайталауыш,  шоғырлауыш,  бағдарғылауыш, көпір, ретқақпа, көпір-бағдарғылауыш,  коммутатор,   модем  және  т.б.

Бейімдеуіш (Adapter) - компьютерді тасымалдау ортасымен  байланыстыруға  мүмкіндік  беретін  электрондық   сұлба  (құрылғы). Бұл   құрылғы  физикалық  және  арналық деңгейдің  функцияларын іске  асырады.

Біріктіру  мақсатымен  басқа  құрылғылардың  кірме және  шықпа   сигналдарының  параметрлерін   сәйкестендіруге   арналған  құрылғы.  Бейімдеуші -  тораптық  карта  (NIC – Network  Interface  Card)   аталымының   синонимі.  Тораптық   карта    аналық   тақшаның   (main  board) бос   қуыс – орындарының  біреуіне  орнатылады.  Аналық   тақша  мен  тораптың  карта  арасында   ақпарат   алмастыру    үшін  PCI,  VL-Bus,  ISA,  EISA    және т.б.  деректер  құрсымы  пайдаланылады.

Сөйтіп,  тораптық   карталар  компьютерлер  мен  тораптың    арасында    жарастырғыш  міндетін  атқарады.  Тораптық   бейімдеуіштің    картасы   (хабарларды  жібере  және  қабылдай  отырып)  тораптық   программалық   қамтамамен және есептеу  машинасының  операциялық   жүйесімен   бірлесіп  істейді.

Дерек  тасымалданған  кезде  хабар  жіберуші  мен  қабылдаушының  мекені   белгілі  болу  керек.    Физикалық  немесе  МАС-мекенінің  алғашқы  3  байты   бейімдеуішті  жасап  шығарушыны  көрсетеді,  ал  қалған  соңғы          3 байтта  нақты  тораптық  картаның   қайталанбайтын  нөмері  белгіленді.  Мәселен,   оңалтылық  санау   жүйесінде    жазылған  00-40—05-21-D5-42,  00-40-05-21-D6-61,  00-00-1C-04-02-4F  және  т.б.

Информация о работе Компьютерлік желі