Компьютерлік графика негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2014 в 09:30, курсовая работа

Краткое описание

Мақсаты: Мектеп информатика курсында графикалық редакторларды оқытудың теориялық аспектілерін қарастыру.
Негізгі міндеттері:
- мектеп информатика курсында графикалық редакторлардың жұмыс жасау технологиясымен танысып, олардың қызметін үйрену;
- мектеп информатика курсында графикалық редакторды оқытуда теориялық аспектілерін үйрену;
- метеп информатика курсында графикалық редакторларды практикада қолданып оқыту әдітемесін жасау.
- Мектеп информатика курсында графикалық редакторларды оқытудың қажеттілігін қарастыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстык жумыс.docx

— 821.30 Кб (Скачать документ)
  • Қайта келтіру кисть (Healing Brush), Shift+J;
  • Заплатка (Patch), Shift+J.

5. Бейне бөліктерін көшіру құралдары 

  • Клондаушы штамп (Clone Stamp), Shift+S;
  • Өрнек штампы (Pattern Stamp), Shift+S.

6. Өшіруге арналған құралдар:

  • Өшіргіш (Eraser), Shift+E;
  • Фонды өшіргіш (Background Eraser), Shift+E;
  • Сиқырлы өшіргіш (Magic Eraser), Shift+E.

7. Дәлдікті басқару құралдары

  • Жуу (Blur), Shift+R;
  • Дәлдік (Sharpen), Shift+R;
  • Саусақ (Smudge), Shift+R.

8. Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар

  • Перо (Pen), Shift+P;
  • Бос форма(Freeform Pen), Shift+P;
  • Тіректі нүктені қою (Add Anchor Point), Shift++;
  • Тіректі нүктені жою (Delete Anchor Point), Shift+-;
  • Нүктені түрлендіру (Convert Point). 

9. Векторлық контурларды бөліп алу құралдары

  • Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A;
  • Тік бөліп алу (Direct Selection), Shift+A;

10. Комментарий құруға арналған құралдар

  • Комментарий (Notes), Shift+N;
  • Аудиоаннотация (Audio annotation), Shift+N.

11. Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар, Shift+H. 
         12. Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар  
          13. Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу (edit in quick Mask Mode), Shift+Q. Өңдеудің стандартты режимін қосып қою құралы. (Edit in stardart Mode), Shift+Q.

14.Бөлінген облыстардың орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар, Shift+V.

15. Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал (Magic Wand), Shift+W.

16. Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар 

  • Фрагмент (Slice), Shift+K;
  • Фрагментті бөліп алу (Slice Select), Shift+K.

17. Сурет салуда қолданылатын құралдар

  • Кисть (Brush), Shift+B;
  • Карандаш (Pencil), Shift+B.

18.Бейнелердің алдында болған жағдайына келтіретін құралдар Қалпына келтіретін кисть (History Brush), Shift+Y;

19. Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары

  • Градиент (Gradient), Shift+G;
  • Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G.

20. Жарықтылықты басқару құралдары

  • Жарықтағыш (Dodge), Shift+O;
  • Қараңғылатқыш (Burn), Shift+O;
  • Губка (Sponge), Shift+O.

21. Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар

  • Горизонтальды мәтін (Horizontal type), Shift+T;
  • Вертикалды мәтін (Vertical Type), Shift+T;
  • Горизонталды мәтін маскасы ( Horizontal Type Mask), Shift+T;
  • Вертикалды мәтін маскасы (Vertical Type Mask), Shift+T.

22.Векторлық фигураларды салуда қолданылатын құралдар  

-        Тікбұрыш (Rectangle), Shift+U;

  • Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U;
  • Эллипс (ellipse), Shift+U;
  • Көпбұрыш (Polygon), Shift+U;
  • Түзу (Line), Shift+U;
  • Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U.

23. Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар 

  • Пипетка (Eyedropper), Shift+I;
  • Түстік пробалар (Color Sampler), Shift+I;
  • Өлшеуіш (Measure), Shift+I.

24. Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы Лупа (Zoom), Shift+Z.

“3” - Қасиеттер панельі

Ағымдағы құралды баптауға арналған панель

“4” -  Бейнелермен жасалатын операциялардың барлығы палитралар көмегімен іске асады. Олардық барлық саны 21. Бірге қолданылатын палитралар «бір шатырдың астында» орналасады. 

“5” - Бұл да басқаруға арналған палитралар, жинақтастырылып қойылған [14].

 

 

2.6 Corel Draw графикалық редакторы

 

Corel Draw графикалық редакторы – бұл бір емес, күрделігі кез келген дәрежедегі қандай да болсын жариялымдарды жасауға арналған программалардың тұтас жиынтығы.

Corel Draw редакторында нысан негізгі түсінік болады. Нысан – элемент кескіні: түзу, айналым, тіктөртбұрышты үшбұрыш, қисық, тұықталған қисық, көпбұрышты үшбұрыш және т.б.

Күрделі кескіндерді құру үшін көптеген түрлі нысандар қолданылады. Corel Draw-дағы барлық жұмыстар осы нысандар арқылы жасалады. Corel Draw-дың басты нысаны қисық болып табылады. Бұл қисықтар Базье қисығы деп аталады. Corel Draw-дарастрлық кескіндерді графикалық құжатқа қоюға болады. Сонымен қатар, әрбір жеке нысан болып саналады және оның басқа нысанмен байланыстырмай-ақ өңдеуге болады [15].

Corel Draw жұмысының негізгі принциптер:

Әрбір редакторда құрылған сурет, бір немесе бірнеше нысаннан тұрады.

  • Қарапайым геометриялық фигуралар немесе ерікті қисық құру. Мәтінді форматтау немесе кірістіру;
  • Кез келген нысанды өңдеу, контурдың түсін, бояуын және объектінің форматын өзгерту;
  • Дайын болған суретті және алдын-ала құрылған иллюстрацины құжатқа кірістіру;
  • Әртүрлі көркем-сурет құбылыстарын қолдану [16].

CorelDraw бағдарламасын іске  қосып болғаннан кейін, келесі  батырмаларды қамтитын Welcome to CorelDraw диалогтық терезесі (CorelDraw-ға қош келдіңіз) ашылады:

Сурет 2.7 – Welcome to CorelDraw диалогтық терезесі

 

  • New Graphic - Жаңа құжат құру;
  • Open Last Edited - Құжатты ашу, соңғы pедакторланған;
  • Open Graphic - Құжатты ашу;
  • Template - Шблон негізінде жаңа құжат құру;
  • Corel TUTOR - CorelDraw оқулығын  шақырту;
  • What’s New? - Бағдарламаның жаңа функцияларының    сипаттамасын шақыру.

 

Сурет 2.8 – CorelDraw прграммасының интерфейсі

Сурет 2.9 – Құралдар панелі.

- Rectangle (тіктөртбұрыш) құралы кез келген төртбұрышты және

шаршыларды, сонымен қатар жұмырланған (закругленный) бұрыштыларды құруға арналған.

- Ellipse (Эллипс)– шеңберлер мен элипстер салу үшін қолданылады;

 - Көпбұрыш (Poligon) құралы. Бұл жақтарының саны берілген геометриялық объект.

- Спираль (Spiral) құралы. Шиыршық саны мен анықталған радиуспен үздіксіз қисық түріндегі геометриялық объект-спираль құру үшін арналған.

- Freehand (Қисық) құралы еркін сызықтарды «қолмен» салуға арналған. Осы құралдың көмегімен түзу сызықтарда салынады. Ол үшін бастапқы және соңғы нүктесінде шерту жеткілікті.

- Bezier (Безье қисығы) құралы көмегімен лездік ұмтылдықпен

кез келген жиек  құруға болады.

- Artistic Media (Супер сызық) Бұл құралдың ерекшелігі оның              жұмысының нәтижесі немесе сол және басқа кескіндеме әсерді еліктейтін объектілер жиынтығы немесе жиек бойына орналасатын объект болып табылады.

  - Pick Tool (көрсеткіш) – мәтіндік және графикалық объектілерді ерекшелеу, орын ауыстыру және масштабын өзгерту үшін қоданылады;

 

Объектілерді көшіру. Corel Draw бағдарламасында объектілерді көшірудің бірнеше тәсілдері бар:

а) Duplicate (Қайталану, дублировать) командасының көмегімен;

б) Clone (Клонировать) командасының көмегімен;

в) Алмасу буферін қолданумен

г) Егер ерекшеленген объектінің көшірмесі оның жоғарғы жағында орналастыру керек болса, онда көмекші пернетақтадан + пернесіне басу жеткілікті.

д) Егер объектінің көп көшірмесін құру және оларды анықталған траектория бойында орналастыру қажет болса, онда объектіні ерекшелеп және «бос орын» пернесін басып тұрып, оны алып бару керек [16].

Объектілерді түрлендіру. Transformation (түрлендіру) тақтасы Docker типіндегі тақта болып қолданылады, ал олай болса, оны экранда орналастыруға және қажеттілік өлшемі ретінде келесі барлық функцияларды қолдануға болады:

  • Position (орналастыру, расположение) батырмасы - объектілерді жылжытады, Н (көлденеңінен) және V (тігінен) өрістерінде қажетті меңзерді орнату және Apple (Применить, қолдану) батырмасын басу керек;
  • Rotation (вращение, айналу) батырмасы объектілердің айналуы, Angle (Бұрыш) өрісінде қажетті меңзерді орнату және Center (ортасы) өрісінде айналу нүктесін анықтау, одан кейін Apply (Применить, Қолдану) батырмасын басамыз, егер дубликатты - Apply to Dublicate;
  • Relative Center (ортасына қатысты) жалауша жағдайы -Ортасы өрісінде анықталған айналу нүктесіне қатысты немесе қосымша өрісте анықталған қосымшаның қандайда бір нүктесіне қатысты айналуды қамтамасыз етеді;
  • Scale & Mirror (масштабтау және бейнелеу) батырмасы -объектілердің масштабтайды және бейнелейді. Масштаб Н (көлденеңі бойынша) және V (тігінен) өрісінде.  Mirror (Бейнелеу) өрісіндегі екі батырма көлденең және тік өстерге қатысты айналы бейнелеуін қамтамасыз етеді;
  • Size (өлшем) батырмасы-объектінің өлшемін анықтау;
  • Skew (еңкіш, наклон) батырмасы-объектіні еңкейту. H және V өрістерінде объектінің еңкеюін градус мәнінде енгізеді. Егер Use Anchor Point қосымша нүктесін қолдану жалаушасы орнатылса, онда қосымшаның сегіз нүктелерінің бірі еңкеюге қатысты мүмкіндігі туады.

Түстің өзгеруі

1) Контурлар

- Тышқанның оң жақ батырмасымен  түстер палитрасына шерту;

- OutLine сайманы.

2) Фондар

- Тышқанның сол батырмасымен  түстер палитрасына шерту;

- Құю сайманы;

- Біріңғай құю;

- Градиенттік құю.

 

 

2.7 Фрактальдық графика

 

Фрактальдық графика - Виртуалдық кеңістікте обьектілердің көлемді модельдерін құру әдістерін зерттейтін үш өлшемді (3D) графика жеке пән болып саналады.

Векторлық графика тәрізді фрактальдық графикада есептеуші қызмет атқарады. Бірақ одан айырмашылығы сол-компьютер жадында ешқандай обьект сақталмайды. Кескін теңдікке құрылады, сондықтан формуладан басқа ештеңе сақталмайды. Теңдіктегі коэффициенттерді өзгерту арқылы тіпті басқа суретке тірелеміз.

1.Фрактальдық  ұшбұрыш қарапайым фрактальдық обьект болып табылады, а жақтары бар жай біркелкі жақты үшбұрышты құрастырыңыз. Әрбір жақты үш кесіндіге бөліңіз. Жақтың ортаңғы кесіндісіне бастапқы үшбұрыш 1/3-ге тең етіп теңқабырғалы үшбұрыш құрастырыңыз. Ал басқа кесінділерге беттері 1/9 а-ға тең қабырғалы (жақты) бірдей қабырғалы үшбұрыш салыңыз. Алынған үшбұрыштар мен осы операцияны қайталаңыз. Көп ұзамай-ақ  келесі буындағы үшбұрыштар өзі пайда болған структураларды қайталап, солардың қасиеттерін жалғастырады, тұқым қуады. Фрактальдық осылай пайда болады.

2. Тұқым қуу процесін  шексіз-шетсіз жалғастыруға болады. Осы секілді шексіз-шетсіз  фрактальдық  обьектіні алып, оны лупа немесе  микроскоп арқылы көрген соң, Бастапқы структуралардың (құрылымдардың) қасиеттерін қайталайтын жаңа, әр  түрлі детальдарды (бөлшектерді) тауып  алуға болады.

3. Тірі және өлі табиғаттың  көптеген обьектілердің бойында  фрактальдық қасиеттер болады. Мысалы, Бірнеше есе үлкейтілген қар  бүршігі фрактальдық обьект болып  табылады. Кристалдар мен өсімдіктердің  өсуінің негізінде фрак тальдық  алгоритмдер жатады. Папортникті  өсімдіктердің бұтағына қарасаңыз  әрбір жаңадан пайда болған  бұтақ әлдеқайда биіктеп өскен  бұтақтың қасиеттерін қайталайды.

4. Ағаштардың жекелеген  бұтақтарынан математикалық әдістер  арқылы бүкіл ағаштың  қасиеттерін  бақылауға болады. Ал егер бұтақты  суға салып қойсақ , онда көп  ұзамай, біраз уақыт аралығында  толық өсіп шығатын ағаштың  көшетін өндіріп ала аламыз (әсіресе  теректің бұтағы тез өнеді).

5. Фрактальдық графиканың  тірі табиғат образын есептеп  шығару жолымен модельдеу қабілетін  автоматты генерацияның әдеттен  тыс иллюстрациясы үшін пайдаланады [17].

Информация о работе Компьютерлік графика негіздері