Компьютерлік графика негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2014 в 09:30, курсовая работа

Краткое описание

Мақсаты: Мектеп информатика курсында графикалық редакторларды оқытудың теориялық аспектілерін қарастыру.
Негізгі міндеттері:
- мектеп информатика курсында графикалық редакторлардың жұмыс жасау технологиясымен танысып, олардың қызметін үйрену;
- мектеп информатика курсында графикалық редакторды оқытуда теориялық аспектілерін үйрену;
- метеп информатика курсында графикалық редакторларды практикада қолданып оқыту әдітемесін жасау.
- Мектеп информатика курсында графикалық редакторларды оқытудың қажеттілігін қарастыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстык жумыс.docx

— 821.30 Кб (Скачать документ)

Векторлық графиканың кемшіліктері:

  • суреттің бір элементін өзгерту үшін оның элементтерін жеке-жеке өзгерту қажет;
  • Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.

2.1 –кесте. Растрлық және векторлық графиканы салыстыру

Салыстыру критерийі

Растрлық графика

Векторлық графика

Бейнені беру түрлері

Растрлық бейне нүктелер жиынынан құралады

Векторлық бейне командалар тізбегі түрінде сипатталады

Нақты әлем нысандарын беру

Растрлық суреттер нақты образдарды беру үшін тиімді қолданылады

Векторлық графика суреттерді фотографикалық сапада алуға мүмкіндік бермейді

Бейнені өңдеу сапасы

Масштабын өзгерткен кезде және айналдырғанда растрлық суреттерде қисықтық пайда болады

Векторлық суреттерді сапасын жоғалтпай оңай түрлендіуге болады

Бейнені баспаға беру ерекшеліктері

Растрлық суреттерді принтерде жеңіл баспаға шығаруға болады

Векторлық суретте кейбір кездерде қағаз бетіне ойлағанымыздай басылып шықпайды.


 

 

2.3 Растрлық және векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған графикалық редакторлар

 

Компьютерде суретті салуға және өңдеуге араналған арнайы бағыттағы программалар графикалық редакторлар деп аталады.

Растрлық графикамен жұмыс істеуге арналған редакторлар:

Компьютерде тікелей сурет салуға арналған Painter және Fauve Matisse сияқты бірқатар графикалық редакторлар бар. Олар сурет салуға арналған қолайлы құралдардан тұрады. Қарапайым редакторға – Windows операциялық жүйесінің Paint графикалық редакторы жатады.

Paint – растрлық графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді көру және оларды басқа программаларға енгізуге негізделген. Ол мәтіндік құжаттарға диаграммалар, графиктер, схемалар сияқты қарапайым иллюстрацияларды енгізу үшін қолданылады.

Суретті өңдеуге арналған құралдар. Растрлық графикалық редактордың басқа топтары суретті басынан бастап салуға емес, суреттердің сапасын жақсарту және шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында дайын суреттерді өңдеуге арналған. Ондай программаларға Adobe Photoshop, Photostyler, Picture Publisher және т.б. жатады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған графикалық редакторлар:

Суретке қойылатын негізгі талап оның формасының өте дәл болуы екендігі белгілі. Осындай суретті дәл салуға мүмкіндік беретін векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған арнай графикалық редакторлар бар. Олар компанияның логотиптерін жасауда, мәтінді көркемдеп өңдеуде, сонымен қатар сурет, чертеж, схема немесе диаграмма жасағанда қолданылады.

Adobe Illustrator – векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның негізгі ерекшелігі – полиграфикалық басылымдарды компьютерлік беттеу және қиын құжаттарды жасаудың соңғы кезеңінде Adobe Photoshop және Page Maker программаларымен біріге отырып кеңінен қолданылуда.

Macromedia Freehand – өте қолайлы векторлық редактор. Программа өзінің басқару жүйесінің қарапайымдылығымен және жоғары дәрежедегі тез жұмыс істеуімен ерекшеленеді.

Corel Draw – Adobe Illustrator және Macromedia Freehand векторлық редакторлары 1985 жылға дейін Macintosh компьютерінде жұмыс істеуге арналған бірден бір редактор болып қалды. Олардың IBM PC платформасында дамуы қойылған талапты қанағаттандырмады, сондықтан осы платформада Corel Draw редакторының артықшылығы басым болды. Бұл редактордың артықшылығы – дамыған басқару жүйесі және баптау құралдарының жеткіліктілігі. Осы редактордың құралдарын пайдалана отырып көркем шығармаларға жақын қиын композициялар жасауға мүмкіндік береді.

 

 

2.4 PAINT графикалық редакторы

 

Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің  стандартты программалар тобына  кіретін қарапайым нүктелік графикалық  редакторы.

PAINT графикалық редакторы  растрлық бейнелермен (көптеген  бөлек түрлі түсті нүктелерден  – пиксельдерден тұратын) жұмыс  істеуге арналған бағдарлама. Сондықтан  әрбір суретке қатаң анықталған орын (өлшем) беріледі. Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады. Бұл редактор графикалық бейнелерді жасауға және оларды редакциялауға мүмкіндік береді. Яғни, редактор құрал саймандар мен бояуларды қолдана отырып, суретттерді салуға, суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға, суретке мәтіндер енгізуге, бар графикалық объектілерді түзетуге, схемаларды сызуға мүмкіндік береді [12]. 

PAINT графикалық редакторын  іске қосу үшін, келесі әрекеттерді  орындау керек.

Пуск           Барлық бағдарламалар          Стандартты        PAINT



Сурет 2.1 – PAINT графикалық редакторының терезесі

 

Paint графикалық редакторында 16 құрал пайдаланылады.

 

2.1-кесте.  PAINT графикалық редакторының құралдары

Құрал кескіні

Міндеті

Құрал кескіні

Міндеті

Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.

Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады

Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

Өшіргіш/түрлі-түсті өшіргіш, бұл суретің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған

Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.

Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың  ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

Қисық, тегістелген сызықтар салуға арналған.

Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген  нүктесінің түсіне өзгертеді.

Тік төртбұрыш,  тік төртбұрыштар салуға арналған.

Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

Карандаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған.

Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған.

Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті түсін таңдап алуға болады.

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.


 

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

Суреттің бөлінген бөлігі үзінді деп аталады. Үзінді мынадай құралдармен бөлінеді немесе белгіленеді:

Белгілеу (бөліп алу) батырмасы төртбұрышты үзіндіні таңдайды.

Кез-келген үзіндіні бөліп алу                                       

Батырмасы ерікті пішіндегі аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

Белгілеу мен ерікті аймақты белгілеу құралдарымен үзінді таңдалғаннан кейін,олармен келесі әрекеттер орындалады:

  • Алмасу буферіне қиып алу
  • Алмасу буферіне көшіру
  • Осы суретті басқа жерге апару
  • Берілген суреттің өлшемінде көшіру
  • Оны сурет бойынша «көбейту»
  • Пішіні мен өлшемін өзгерту
  • Өлшемін өзгерту және қисайту
  • Төңкеру немесе кері бұру
  • Түсін өзгерту
  • Өшіру

 

Үзіндіні жылжыту және көшіру

Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен «правка» менюінің «вырезать» немесе «копировать» командаларының бірін пайдалануға болады.

«Вырезать» командасын таңдағанда программа үзіндіні суреттен алып алмасу буферіне орналасады.

«Копировать» командасын таңдағанда сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналасады.

Үзіндіні көбейту

Үзіндіні көбейту дегеніміз - экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелеренің тізбегін жасау.


Үзіндіні көбейту үшін оны белгілеп барлығы басталатын жерге апарып қойып, Shift  батырмасын басып отырып, үзіндіні салу аймағына жылжыту керек.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.2 – Үзіндіні көбейту.

 

Үзіндіні өшіру

Үзіндіні бірнеше әдіспен өшіруге болады.

1.Үзіндіні бөліп алып, «Правка –Очистить выделение» командасы арқылы;

2.Үзіндіні белгілеп алып, «Правка-Вырезать» командасы арқылы;

3. «Рисунок-Очистить» командасын орындаса,онда экраннан тек үзінді ғана емес барлық суретті өшіруге болады.

 

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру үшін рисунок менюінен «Отразить/Повернуть» командасын таңдаймыз. Үзінді тік(вертикаль) немесе көлденең(горизонталь) осьтеріне қатысты 900,1800,2700 бұруға болады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.3 – Отразить/повернуть командасының диалогтық терезесі.

 

Үзіндіні еңкейту және созу

Үзінділерді еңкейту және созу үшін «Растянуть /наклонить» командасы арқылы горизонталь немесе верикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.4 – Растянуть-наклонить командасының диалогтық терезесі

 

 

2.5 Adobe Photoshop графикалық редакторы

 

Adobe компаниясы өзінің  ең мықты және атақты графикалық  пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық  графикалық пакетін ұсынды. Оның  құрамына Photoshop–пен бірге ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді. 

Photoshop CS өзінің жаңартылған  өзгерістерімен графикалық кескіндер  мен суреттерді жеңіл, ұтымды  өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік  береді. Бұл нағыз ақпаратты цифрлік  өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша  пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.

Adobe Photoshop программасы  графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын  пакеттердің бірі. Adobe Photoshop – палитрамен  жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді  ұсынады [13].

 

Сурет 2.5 – Adobe Photoshop программасының терезесі

 

“0” - Программа терезесінің атауы. Бұл енді кәдімгі Windows-тың стантартты қатары, яғни ағымдағы программаның атауы жазылған.

“1” - Меню жолы. Терезе атауының төменгі жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню атауларын қамтиды. Қандай да бір меню командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны. 

Егер соңында көп нүктесі бар команданы орындасақ, экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тура келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе ашылып, керекті құжатты таңдап, бағдарламаға жүктеуге болады.  
Әртүрлі меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады:  
          - Файл (File) – файлдармен жұмыс: құжаттарды құру, ашу және сақтау; баспаға жіберу және оны ұйымдастыру; құжаттарды импорттау және экспорттау; құжат жайлы ақпаратты теру; редактордан шығу; бейнелерді автоматты өңдеу; 

- Правка (Edit) – редакторлау: таңдап алынған облыстарды көшіру, өшіру және орнату; іс-қимылдарды кері қайтару; бөлінген облыстарды трансформациялау;  
         - Изображение (Image) – бейнелермен жұмыс істеу: дубляж жасау, холст өлшемдерін және бейнені өзгерту; оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті коррекция, түстік моделді өзгерту, түстік қақпанды құру және т.б.; 
         - Слой (Layer) – қабаттармен жұмыс: құру, өшіру, дубляж, қабаттар эффектісі, қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда объектілерді реттеу, қабаттар маскалары және т.б.;

- Выбор (Select) – ерекшеленген аумақпен жұмыс: бейнені толығымен ерекшелеу, ерекшелеуді алып тастау және қайтару, ерекшеленген аумақты инвенторлау және трансформаторлау, қысу, жиіліктік мүмкіндігі, берілген түстің облыстарын ерекшелеп алу, ерекшелеуді жүктеу және сақтау; 
         - Фильтр (Filter) –Photoshop фильтрлары;

- Вид (View) – редактордың сыртқы келбетімен жұмыс: құжатты көрсету режимдері және масштаб; бағыттауыштарды, торларды, координатты сызықтарды көрсету; бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауышқа байланыстыру; 
          - Окно (Window) – әр түрлі құжаттармен бір уақыттағы жұмыс немесе әр терезеде бір құжатпен жұмыс істеу; экранға құралдар панелі мен өзгермелі палитраларды шақыру; 

- Помощь (Help) – қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу. 

“2” - Құралдар панелі. Құралдар панелінің көмегімен біз сурет саламыз, бояймыз, бейненің керекті облыстарын бөліп аламыз, оларды жылжытып өзгертеміз, мәтін енгіземіз және т.б. амалдарды орындаймыз. Жоғарғы жақта редактор терезесінің қалпын өзгертетін  батырма орналасқан. 

 
 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.6 – Құралдар панелі.

 

 1. Ағымдағы форма облыстарын ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар

  • Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M;
  • Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M;
  • Жалғыз жол (Single Row Marquee), Shift+M;
  • Жалғыз баған (Single Column Marquee), Shift+M. 
            2. Облыстарды ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар  
             -         Лассо (Lasso), Shift+L;
  • Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso), Shift+L;
  • Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L. 
             3. Шеттер бойынша қиып алу құралдары Кадрлау (Crop), Shift+C.

4. Ретуш операциясына қажетті құралдар:

Информация о работе Компьютерлік графика негіздері