Кең ауқымды және жергілікті желілер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге белінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде «Internet… 100-мегабитті технология… Желілік технологиялар… Интернеттегі жанжал… Интражелілер…» деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіруі кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

I-тарау.Кең ауқымды желі...................................................................................4
Интернет желісі.................................................................................................4
ARPANET желісі..........................................................................................4-7

II -тарау.Жергілікті желі.................................................................................8-15
2.1. Желілер және олардың түрлері...............................................................8-15
2.2. Желілік техникалық құралдар.............................................................15-18
Клиент-сервер технологиясы...............................................................18-22
Желілердің ерекшеліктері....................................................................22-26
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

нургуль2.doc

— 604.50 Кб (Скачать документ)

 

4-сурет.  Шиналық топология.

 

Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін - желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады . Бұл топологияның артықшылығы - кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

 

                                       5-сурет. Жұлдыз тәрізді топология.

Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі -кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Компьютерлерді желіге біріктіру технологиясының стандарты  бекітілді.

Ол стандарттар: EtherNet, Arcnet, Token Ring. Олардың қарқынды дамуына дербес компьютерлердің дамуы тікелей әсер етті. Бұл құрылғылар бір жағынан программалық жабдықтармен жұмыс істеуде қуатты, екінші жағынан күрделі есептерді шығаруға, сонымен қатарперифериялық құрылғыларды және дискілерді қолдану үшін қуаттылықты біріктіру қажеттілігін туғызады. Бүгін де есептеуіш желілер қарқынды дамуда. Жергілікті және ауқымды желілер арасындағы алшақтық кабельдік жүйедегі жергілікті желілер сапасынан кем түспейтін, жоғары жылдамдықтағы, аумақтық байланыс араларының пайды болуына байланысты барынша азаюда.

Ауқымды желілер ресурс қызметінде локальді желілер қызметіне сәйкес ыңғайлы болуда. Сонымен есептеуіш  желілер компьютерлік технологиялар  эволюциясының дамуынан шыққан.

Есептеуіш желілер – бұл байланыс желілермен біріктірілген компьютерлер жиыны. Байланыс желілері кабельдерден, желі адаптерлерінен және коммуникациялық құрылғылардан тұрады. Барлық желі құрылғылары жүйенің және қолданбалы программалық жабдықтардың басқаруымен жұмыс істейді.

Желінің негізгі мақсаты  желі қолданушысына компьютердің барлық ресурстарын бірігіп қолдану  мүмкіндігін беру.

Кез келген компьютерлік желінің негізгі қызметі: желіге қосылған қолданушыға ақпараттық және есептеуіш ресурстарын қолдану  қызметін ұсыну.

2.2. Желілік техникалық құралдар

Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөлітерден тұрады:

Аппараттық құралдар:

- кабельдер;



- серверлер;

-желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Interface Card);

- концентраторлар;

- коммутаторлар;

- аймақтық тармақталаған желілер үшін бағдарлауыштар (маршуртизаторлар);

- аймақтық тармақталаған желілер үшін қашытқтан қатынас құру 
серверлері; 

- аймақтық тармақталаған желілер үшін модемдер;

Серверлер. Клиент/сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating System) орнатылып, ол шеткері қүрылғыларды (принтерлер тәрізді) да басқар алады.

Желілік интерфейс тақшалары (NOS, Network Operating System) үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас құру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығынын өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.

Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. "Модем" деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол "модулятор/ демодулятор" сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Желілік программалық құралдар. Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:    

-желілік операциялық жүйеден,        

- желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.

Желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating System) - желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық кұрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауды (маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows 95, Windows NT, UNIХ, Масintosh немесе ОS/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.

Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орналасады да, қалған бөліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.

Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетің (егер бірнеше станция қатар сұраныс берсе) айқындап отырады. Бұған қоса операциялық жүйе графикті реттеу ролін атқарып, каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows NT Server, Novell Netware, Banyan VINES тәрізділер жатады.

Желіні басқару программалық құралдары желіні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде манызды рол атқарады. Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын, желіні жеке иеленудің (TCO, Notal Cost og Ownership) жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын ала жүргізеді.

Желі администраторлары басқару жұмыс станциясы немесе World Wide Web қызметі арқылы графиктегі заңдылықтарды қадағалай алады, осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді. Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып олардың әсерлерін азайтады және жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады. Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON және RMON 2 сияқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары администраторларға желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.

Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі администраторы туындайтын қиындықтардың алдын алып отырады.

Программалық құралдар бұған қоса тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ өзгерулерден сақтайды. Желі адмистраторлары басқаруға арналған жұмыс станциясы арқылы пароль орната алады, тұтынушылардың қандай құрылғыларды пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып тіркеп отырады.

2.3. Клиент-сервер технологиясы

Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Берілгендерді өңдеу процесі клиент серверге күрделі процестердің орындалуына, файлды оқуға, берілгендер базасынан информация іздеуге және т.б сұраныс жібере алады. Сұраныс орындалып, нәтижесін сервер клиентке жөнелтеді. Клиент алынған берілгендерді өңдеп, нәтижені қолданушыға ыңғайлы түрде береді. Осындай байланысқан жүйе клиент сервер деп аталады. Жергілікті желі аймағында да компьютердерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.

Клиент-сервер технологиясы - жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер (сервер) өз құрылғыларын басқаларға - клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.

Бір деңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі - әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін боліп береді.

Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.

Егер компьютерлер саны аз болып, олардын негізгі функциясы бір-бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда, ең тиімді шешім - оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады. Мұндай желі кең тараған Windows 98 операциялық жүйесінін басқаруымен жұмыс істей береді.

Мәліметтердің компьютерлерге таралып орналасуы және әр жұмыс станциясының ресурстарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір денгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады. Осыған орай мамандар мұндай желілердегі ақпаратты сақтау мәселелеріне өте көп көңіл бөлуге мәжбүр болып отыр.

Бір дейгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі - олардың жұмыс өнімділігінің төмендігі. Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп, жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр.

Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған - оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер, т.б.

Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарынын негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары дейгейде болуы тиіс. Мұндай желідегі жұмыс станцияларынын функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.

Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді. Сервер ол файлдардың мәтіннен, немесе графикалық бейнелерден, немесе электрондық кестеден тұратынын білуге тиісті емес.

Сервердің файл сервер түрі жиі қолданыста. Өйткені онда желіні қолданудың б<span


Информация о работе Кең ауқымды және жергілікті желілер