Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 12:44, курсовая работа
Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге белінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде «Internet… 100-мегабитті технология… Желілік технологиялар… Интернеттегі жанжал… Интражелілер…» деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіруі кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I-тарау.Кең ауқымды желі...................................................................................4
Интернет желісі.................................................................................................4
ARPANET желісі..........................................................................................4-7
II -тарау.Жергілікті желі.................................................................................8-15
2.1. Желілер және олардың түрлері...............................................................8-15
2.2. Желілік техникалық құралдар.............................................................15-18
Клиент-сервер технологиясы...............................................................18-22
Желілердің ерекшеліктері....................................................................22-26
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................28
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ.......................
I-тарау.Кең ауқымды желі..........................
II -тарау.Жергілікті желі..........................
2.1. Желілер және олардың түрлері.......................
2.2. Желілік техникалық құралдар......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
Кіріспе
Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге белінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде «Internet… 100-мегабитті технология… Желілік технологиялар… Интернеттегі жанжал… Интражелілер…» деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіруі кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз
болса және модеміңіз болмаса, онда
сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын
сезіне де алмайсыз.
«Атыңыз егер болмаса, жорғасын қайдан білесіз»
деп өлеңде
айтылатын сияқты … Бірақ сіздің бірнеше
компьютеріңіз болса немесе
мәлімеіті қашықтағы компьютерге жөнелту
керек болса онда желілік
технология мүмкіндіктері сіз үшін өте
қажет болып |табылады. Желілік
технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге
мүмкіншілік береді. Ол үшін
компьютер желілерінің қолданылатын аймақтарын
қысқаша
қарастырып өтейік. І
Компьютерлік желі дегеніміз — бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған акпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
I-тарау.Кең ауқымды желі
Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы бір-бірінен өте алыс орналасқан компьютердің (әр түрлі мемлекеттердегі, құрлықтардағы компьютерлер) өзара байланысын қамтамасыз етуі. Логикалық ауқымды компьютерлік желі үш компоненттен тұрады: · Қолданушының жұмыс орны (қарапайым компьютерлер); · әр түрлі сервистармен қамтамасыз ететін серверлер (қуатты компьютерлер); · мәліметтерді тасымалдау желілері. Ауқымды компьютерлік желілер әртүрлі протоколдар бойынша жұмыс істейді. Қазіргі кезде кең тараған ауқымды желі – Интернет желісі, ТСР/IP протоколы негізінде құрылған Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-да аса ауқымды (глобальды желілер (compuserve, America Online, MS Network)) бар, бірақ олардың ең танымалдысы – Интернет желісі. Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары ж/е бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютерлер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпарт жүйесі болып отыр.
Алғашқыда Интернетті
құру мақсаты - әртүрлі типтегі
компьютерлерді біріктіру
II-тарау. Жергілікті желі
2.1. Желілер және оның түрлері
Компьютерлік желі – байланыс сызығы арқылы ақпарат алмасушы бір немесе бірнеше компьютерлер жиынтығы. Компьютерлік желі ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге өткізуге, сонымен қатар төмендегі ресурстарды: принтерлер, модемдер және хабарларды сақтау құрылғыларын пайдалануға мүмкіндік береді. Үлкен желіні – ресурстарға мүмкіндік ашу деңгейін, пароль қою мүмкіндігін, пайдаланушы құқығын беретін желілік администратор басқарады.
Желілер:
●Локальды (аймақтық) желі – бір-біріне жақын орналасқан компьютерлерді басқарады. Мысалы, бір ғимаратта орналасқан көрші бөлмедегі компьютерлер.
●Глобальды (ауқымды) желілер – глобальды желілер ережеге сай бірнеше локальды желілерді біріктіреді. Компьютерлер әр түрлі қалаларда және әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
1-сурет.Желілер түрлері.
Жергілікті желі (LАN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WАN) географиялық тұрғыдан алатын бір-бірінен қашықта орналасқан бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.
Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.
Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.
2-сурет. Жергілікті желілер.
Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен
өте жылдам
қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай
ерекшеліктерін атап
өтуге болады:
- құжаттарды бірге пайдалану;
- құжат айналымын жеңілдету;
тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
- компьютер дискісіндегі
орынды тиімді пайдаланып, өз
жұмыс нәтижелерін серверде
- сервердегі қолданбалы
программалармен оңай
- қымбат тұратын қорларды
принтерлерді, СD-RОМ мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы программаларды (мысалы, мәтіндік процессорларды немесе мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т.б.
Аймактық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет (ISDN, Integrated Services Digital Netwoek) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.
Модем- бұл компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрлығы.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. "Модем" деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол "модулятор/ демодулятор" сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып, онымен Интернет-те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс. Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз компьютерін өз телефон консолі арқылы Интернет- ке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін алады.
Модем немесе алыста орналасқан север көмегімен жүзеге асатын аймақтық тармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация технологияларынын төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:
- электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;
- Интернетпен байланысу.
3-сурет. Модемдер арқылы байланыс жасауы.
Интернет дегеніміз - дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып (шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күнен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.
Қазіргі кезде Интернеттің
ең негізгі функцияларына
Интернет күнен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.
Қашықтан оқыту- оқулық материалды жеткізу, оны өз бетімен оқып үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайд оқытушы мен оқушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны.
Қазақстанда ҚО жүйесін халықтың мынадай категориялары қажет етеді: ЖОО студенттері; орта мектептер оқушылары(әсіресе ауылдық жерлерде, шағын қалалар мен ауылдарда); турлі деңгей басқарушылары; аймақтық басқару органдары жетекшілері; жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар; қандай да бір білім саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін тұлғалар; қозғалыс еркіндігі шектеулі адамдар, мүгедектер және т.б.
Қашықтан
оқыту негізгі ақпараттық-
●оқу-әдістемелік
материалдар жинақтарын
● эфирлік,
кабелді және ғарыштық
● студенттерді
оқу-әдістемелік материалмен
Internet арқылы
қашықтан оқыту жүйесін
Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік-программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.
Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.
Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.
Желілік программалық кұралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.
Интерфейстер - желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.
Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функиональдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.
Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.
Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.