Электрондық оқулық құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 21:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ асыр бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле басталды деуге болады. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы.
Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................9
Электрондық оқулық туралы түсінік...........................................................10
1.1 Электрондық оқулықты пайдалану саласы...............................................12
1.2 Электрондық оқулық және оның құрылымы...........................................13
1.3 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар..........................................13
Flash анимациялық ортасымен танысу ......................................................15
2.1 Flash ортасында батырма жасау жолдары...............................................19
2.2 Flash ортасында жоба құру сипаттамасы................................................20
3 “Берілгендер қорын басқару жүйесі” электрондық оқулығын құру .......23
3.1 HTML ортасымен танысу..........................................................................23
3.2 HTML тілінде құжат жасау негіздері......................................................25
3.3 HTML ортасында кесте мен тізімдер құру.............................................31
3.4 HTML тілінде форма жасау......................................................................36
3.5 HTML құжатта графикалық кескінмен жұмыс .....................................39
3.6 Web бетте анимациялық кескiндердi бейнелеу технологиясы.............43
3.7 Visual FoxPro ортасында лабораториялық сабаққа кесте құру.............44
3.8 Кестелер арасында байланыс құру..........................................................47
3.9 Сұраныс құру.............................................................................................48
3.10 Форма құру................................................................................................50
3.11 Есеп құру...................................................................................................52
4 Бизнес-жоспарлау.........................................................................................53
4.1 Аннотация...................................................................................................53
4.2 Түйін...........................................................................................................53
5.3 Кәсіпорын сипаттамасы............................................................................54
5.4 Өнімнің сипаттамасы................................................................................55
5.5 Маркетинг жоспар.....................................................................................55
5.6 Өндірістік жоспар.......................................................................................56
5.7 Ұйымдастырушылық жоспар....................................................................56
5.8 Қаржылық жоспар......................................................................................57
5.9 Жұмыстардың орындалу тізбесі...............................................................57
5.10 Жобаның тәуелділігін талдау..................................................................58
Қорытынды .....................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Электрондық-оқулық-құру.doc

— 3.60 Мб (Скачать документ)

 

 

Бағдарлама бойынша  келесі формаға өтеміз, онда қарастырылған жоба тілдерді таңдау арқылы құрылған.

 

 

Сурет 10 – Негізгі терезе

  3 “Берілгендер қорын басқару жүйесі” электрондық оқулығын құру

3.1 HTML ортасымен танысу

 

 Алғашқы HTML(Hyper Text Maker Language) нұсқасын 1989 жылы Тим Бенерс-Ли Mosaic браузері үшін жасады. Бірақ ол уақытта браузер де, тіл де кең қолданысқа ие бола алмады. 1993 жылда HTML+ нұсқасы пайда болды. Бірақ ол да практикада жүзінде қолданысқа ие бола алмады. Гипермәтіннің кең қолданысқа енуіне 2.0 нұсқасы тиімді болды, ол 1994 жылы ұсынылған. Бұл жыл WWW дүниеге кең тараған жыл еді. 2.0нұсқасындағы элементтер әлі күнге дейін өз сенімділігін жойған жоқ. Бір жылдан кейін пайда болған HTML 3.0 нұсқасында тілдің элементтері көмегімен математикалық символдардың (интервал, шексіздік, бөлшек, жақша және т.б. белгілер) жазылуы енгізілді. Осы нұсқаға лайықтап Arena браузері ойлап табылды, бірақ бұл жоба одан әрі дамымады. 1996 жылда HTML 3.2 нұсқасын құрастыру барысында тілге фреймдерді енгізгеннен кейін ол Web-беттерін жасаушыларды кеңінен таралды. Қазіргі кезде браузерлердің көбісі 3.2 нұсқасымен жұмыс істейді. Ресми түрде HTML 4.0 1997 жылы пайда болды деп жарияланды. Сол кезде жетістікке ие болған браузерлерде (Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator) қолданып дами бастады. HTML-дың маңызды ерекшелігі - құжатты Web-браузердің әр түрлі типтерінде және әр түрлі платформаларда көрсетілуі мүмкін [9].

 Ақпараттық қоғам  заманында Интернет ақпараттарды  жеткізудің негізгі құралына  айналып отыр. Интернет - барлық жүйелері  хаттама деп аталатын бірыңғай  стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін ауқымды (глобальды) компьютерлік желі.           

Интернеттің дамуы мен  таралуы 3 бағытта жүргізіледі:

  • техникалық немесе аппараттық компонент;
  • программалық компонент;
  • ақпараттық компонент.

 Аппараттық компонент  компьютерлердің түрлі модельдері мен жүйелерінен, физикалық негізі әртүрлі болып келетін байланыс арналарынан, компьютерлер мен байланыс арналары арасындағы механикалық, әрі электрлік үйлесімді қамтамасыз ететін құрылғылардан тұрады. Ал ондағы мәліметті тасымалдау ісі байланыстың кабельдік және спутниктік арналарынан, радио жүйелерінен, теледидарға арналған кабельдік арналардан тұрады.

 Бағдарламалық компонент интернеттегі түрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал оның негізгі функциялары төмендегідей:

  • ақпаратты сақтау, іздеу, жинақтау, қарау немесе тыңдау;
  • желідегі ақпарат қауіпсіздігін сақтау;

аппаратураның функциональдық сәйкестіктерін қамтамасыз ету.  

Программалық жабдықтар екі  топқа бөлінеді:

  • сервер-программалар;
  • клиент-программалар.

 

 Сервер-программалар – тұтынушылар компьютерлеріне қызмет ететін желі торабында орналасады; клиент-программалар – тұтынушы компьютерлерінде орналасып, сервердің қызметін пайдаланады.

 Ақпараттық компонент желідегі компьютерлерде сақталатын түрлі құжаттар арқылы өрнектеледі. Желідегі құжаттар бір-бірімен сілтеме адрестер арқылы беріледі .

 Интернеттегі мәліметтерді бейнелеу HTML тілінде жазылады. Бірақ ол программалауға ұқсас болғанмен программалау тілі емес, гипермәтінді белгілеу тілі. Сонымен қатар, ол мәтіндерді Web-беттер түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

Web-құжаттарды қарап  шығу үшін арнайы браузер-программалар  қажет. Қазіргі кезде кеңінен  таралған браузерлер қатарына Internet Explorer (Microsoft фирмасының өнімі) және Netscape Navigator (Netscape Communications Corp. фирмасының өнімі) программалары жатады. Браузерлер WWW-тен басқа Интернеттің басқа да ресурстарымен (Usenet, FTP) де байланыса алады.

 Қазіргі уақытта Интернеттің ресурстарымен қатар операциялық жүйелердің функциясын орындайтын Web-браузерлер жасау жоспарлануда. Мысалға, Netscape Communications Corp. компаниясы өзінің шығарған Netscape Navigator браузеріне операциялық жүйелерге ғана тән мүмкіндіктер қосуда. Ал Microsoft компаниясы Internet Explorer өнімін Windows операциялық жүйесімен біріктірген. Нәтижесінде пайдаланушы жұмыс үстелін Web-парақ режимінде шығарып жұмыс істей алады және Web-парақтардың жарлықтарын жұмыс үстеліне шығарып қоя алады. Бұл режимде Windows-тың жұмыс үстелі Active Desktop (екпінді күйдегі жұмыс үстелі) деп аталады, оның құрамына Web-элементтер мен дәстүрлі ақпараттарды біріктіретін Outlook программасы кіреді.    

 HTML термині (Hyper Text Maker Language) ағылшын тілінен аударғанда «гипермәтінді бейнелеу тілі» деген мағына береді. HTML Web ортасында гипермәтіндік құжаттарды даярлайтын стандартты тіл. HTML-құжаттар Web-браузерлердің әр түрлі типтерінде көрініс табуы мүмкін. HTML – мамандар ғана білетін қиын программалар тіліне қарағанда оңай барша меңгере алатын тілдердің бірі. Барлық Web-парақтарға тән бір жері – олар HTML тілінің көмегімен жасалған. HTML программалау тілі ретінде ғана өмірімізге енген жоқ. Осы тілді меңгерген адам қиын нәрселерді оңай және тез арада істеу мүмкіндігіне ие болады, ал бұл компьютер әлемінде аз емес. Дәстүрлі құжаттарға мультимедиа элементтерін қолдану гипермәтінге тән қасиет. Гипермәтіннің дамуына байланысты, тұтынушылар өздерінің мультимедиалық өнімдерін жасауға және оларды компакт-дискілер арқылы тарату мүмкіндігі ашылды. Осындай ақпараттық жүйелер HTML-беттерінің жиынтығы ретінде жазылған болса, онда олар қосымша программалық оңдеуді қажет етпейді, себебі, Web-браузерлермен жұмыс істеуге арналған қажетті жабдықтардың барлығы дербес компьютерлердің стандартты бағдарламаның құрамына енеді. Тұтынушыдан тек қана: мәтінді жазу, суреттерді салу, HTML-беттерін дайындап, олардың бір-бірімен байланысын көрсетіп қою қажет. HTML Web-беттерді құрастырудың негізі бола тұра, тікелей бейнелеу өнерінің жаңа бағытына Web-дизайнға байланысты. Суретшіге Интернетте көркем суреттерді салып қою мен жаңа фирмалық стильді құрастырып қою аз, ол өз жұмысын желіге орналастырып қою керек. Тұтынушы оны көргенде өзінің де сондай көркем жұмыстарын жасауға деген ынтасы туындауы қажет .

Web-құжат файлдары .html немесе .htm кеңеймесі бар мәтіндік файлдар. Оларды құруда қарапайым мәтіндік редакторлардан пайдалануға болады. Мысалы: MS Windows ортасында Notepad (Блокнот) редакторы.

Мұнда негізінен құрылған Web-құжатты келесі сурет арқылы көре аламыз.

 

 

Сурет 11 – HTML гипермәтіндік ортасы

 

HTML-құжаттарын кез келген мәтінік редакторда жасауға болады немесе арнайы HTML-редакторларында және конвертерлерде. HTML-құжаттарды дайындайтын редакторларды таңдау пайдаланушының өзіне байланысты.

 

 

 3.2 Html тілінде құжат жасау негіздері

 

 

 HTML қабықшасы. HTML қабықша– беттiң тақырыбы (HEAD) және негiзгi тегтерден тұратын денесi (BODY) орналасқан қарапайым тегтер. Тақырыбы және денесi бар HTML тегтердің жазылу үлгiсi[10]:

 <HTML>

<HEAD>

<TITLE>     </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

</BODY>

</HTML>

мұндағы,  <TITLE></TITLE> жолы құжат тақырыбын бередi. Құжат тақырыбы келесi мәлiметтердi қамтиды:

Беттің аталуы. <TITLE> және </TITLE> тегтер беттiң аталуын анықтайды. Ол HTML құжат денесiнiң құрамына кiрмейдi.

Стиль. HTML құжатты басқару элементтерi мен стильдерiн тақырыпға енгiзу қажет болған жағдайда қолданылады. 

Метаинформация. МЕТА тегтері құжат авторы, кiлттiк сөздер, арнайы іс-әрекеттер қажет болған жағдайда қолданылады.

Кез келген құжатты қарағанда оның басқару элементтерi мен стильдерi, авторы, кiлттiк сөздер жайлы мәлiметтер онша қажет бола бермейтiндiктен аталған тегтердің барлығы бiрдей жиi қолданыста емес. Дегенмен әрбiр құжаттың атауы болуы тиiс, сондықтан <TITLE> тегтер жиi қолданылады.

 Құжат денесінің  құрылымы. HTML құжаттың денесi орналасатын негiзгi бөлiгi <BODY> және </BODY> тегтері арқылы iске асырылады. Құжат денесiне енгiзiлетiн ақпарат келесiдей болуы мүмкiн.

Мәтiн. Құжат құрамында кездесетiн мәтiндер. Олар қосылуы жеңiл әрi түсiнiктi болу үшiн форматталуы да мүмкiн.

Графикалық кескiн. Құжатта жылжуға немесе ақпаратт көрнекі түрде беру үшiн енгiзiлетiн графикалық ақпарат.

Сiлтеме. Web түйіннің iшiнде оңай жылжуға және желінің басқа да тұстарына жылдам өтуге арналған сiлтемелер.

Мультимедиа және арнайы бағдарламалар. Видеороликтер, Java аплеттерiмен, Flash программаларымен жұмысты басқаратын тегтер құжат  денесiнде орналасуы тиiс.

Түсiнiктемелер. Құжатта қолданылып жатқан тегтер мен іс-әрекеттерге берiлетiн құжат  денесiнiң кез - келген тұсына енгiзуге болады. Түсiнiктеме үлкен HTML-беттерге қарағанда өте тиiмдi. Түсiнiктеме <!--  --> тегтер арқылы жазылады.

 Форматтау элементтерi.

Мәтiндi форматтау – HTML тiлiнiң ең қарапайым және ең қуатты құралы. Себебi Web-бет форматталған мәтiннен тұрғанда ғана түсінікті әрi көрнекі болып келеді. Мәтiндi форматтауда келесi тегтер қолданылады:

  • <H1>..<H1>-<H6>..<H1>. Тегтер диапазоны тақырыптар мен тақырып мазмұнына қолданылады;
  • <BR>. Каретканы қайтару тегі;
  • <P>..</P>. Абзацты ашу/жабу тегі;
  • <B>..</B>. Мәтiндi жартылай қалың ету;
  • <I>..</I>. Мәтінді көлбеу ету;
  • <U>..</U>. Мәтiн астын сызу.

Осы аталған тегтерді пайдаланып алғашқы HTML құжатты жазайық:

  1. Құжат мәтінін енгізу:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Негiзгi HTML-бет </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

<H1> Мәтінді форматтау </H1>

<BR>

<P> <B> Реляциялық жүйе тез арада анау айтқандай үлкен жетістікке жете қойған жоқ. Алайда негізгі теориялық жағынан 70-ші жылдардын басында пайда болған. Бірақ ұзақ уақыт бойы өзінің жүйесіне ие бола алмай келді. 80-ші жылдардын басына қараай бұл жүйе өзіндік әдістерін және алгоритмдік түрде басқарылып әлемдік деңгейге пратикалық жүйеде шықты. </B> Реляциялық модель негізінен математикалық принципте кездестіреді. Бұл принцип алғаш 1970 ж. доктор Е.Ф.Коддом модельдеу түрінде қарастырды. Доктор Е.Ф.Коддом  техника жүзінде "Реляциялық модель үшін әртүрлі банк мәліметтеріне бөлді ", бұл 1970ж. Бұны қарапайым бастапқы реляциялық теория деп атады. Сөйтіп, Доктор Кодд  өзінің дұрыс анықталған реляциялық моделін ұсынды:<I> Реляциялық БҚБЖ толығымен берілгендер қорының реляциялық мүмкіндігімен басқара білу қажет. </I></U> </P>

<li>

<p> Реляциялық БҚБЖ толығымен берілгендер қорының реляциялық мүмкіндігімен басқара білу қажет.</a>

<li>

<p> Ақпараттық деңгей- барлық ақпаратты БҚ реляциялық кестеде түрінде анықтау.</a>

<li>

<p> Келісімдік байланыс- Кез-келегн белгіні БҚ реляциялық келісім байланыс үшін қолданылатын комбинациялық кесте атымен берілген қатарлар.</a>

<li>

<p> Бос белгілерді қабылдау- БҚБЖ бос қалған белгілермен жұмыс жасау белгісі, доменге тәуелсіз.</a>

<li>

<p> Жаңа онлайн каталогы-  БҚ жазу және мазмұндарын кесте деңгейін логикалық түрінде ұсыну.</a>

<li>

<p> Өшірілген тілдегі мәліметтерді басқару-  ақырғы деңгейдегі, синтаксис және түсінікті түрде анықталған тілде қолдануға ие.</a>

<li>

<p> Қайталау деңгейдегі ұсыныс-барлық теориялардын жүйе арқылы қайталауды айтады. </a>

<li>

<p> Орнату, өңдеу және өшіру- БҚБЖ жасалған сұраныстарды ғана қолдамай, орнату мен өшіру жолдарында  қарастырады. </a>

<li>

<p> Тауелсіз логикалық мәлімет- бағдарлама және логикалық үрдіс бойынша кесте структурасын өзгерту.</a>

<p> Осы принциптерді ұстана отырып доктор Кодд келесідей терминдер қарастырды: байланыс,  атрибуттар, домен және сущность. Бұл реляциялық модель концептуальдық деңгейде жазылады. </a>

<li>

<p> Атрибут- кестедегі қатар бойынша байланысты айтады. Мысал, Экзамен, атрибутты-дицсиплина, күні-айы пән мұғалімі,аудитория және т.б. </a>

<li>

<p>Домен- бұл барлық  атрибуттық белгідегі байланысты  ұстап тұрады.Домен кейде мәліметтік  типте түсінуге болады.Бірақ бұлар  екі деңгейде түсіндіреді. Мәліметтік  тип- бұл физикалық концепция түрінде болады.Мысал, көптеген сандар- бұл тип, ал жасы- домен.</a>

<li>

<p>Байланыс- Кестелер  арасындағы бір-біріне байланысын  айтады. Мысалы,  сатып алушы мен  сатушының арасындағы байланысты  айтуға болады. </a></P>

</BODY>

</HTML>

Мұндағы құжат  атауынан кейiнгi .html кеңейтпесi құрылған құжаттың HTML-құжаты екенiн бiлдiредi. Мәтінді келесі сурет арқылы көруге болады.

 

 

Сурет 12 - Негiзгi HTML-бет

 

 

  Абзацтармен жұмыс. Абзац мәтіннің бетте орналасуы тегтердің align атрибутына меншiктелетiн мәндерге байланысты болады. Align атрибуты төрт түрлi мәннің бiрiне ие болуы мүмкiн: left (сол жақ  шетi бойынша), right (оң жақ шетi бойынша), center (бет ортасына), justify (мәтiн енi бойынша). Мысалы, жоғарыда келтiрiлген “Негiзгi HTML-бет” құжатындағы мәтін беттiң ортасына орналастыру үшiн HTML кодтың абзац дескрипторының align атрибутына center мәнiн меншiктеу арқылы орындалады[11,12]

Абзацтармен жұмыс iстеудiң тағы бiр ерекшелiгi мәтiн жолдарының интервалын беруге болады. Мәтiн жолдарының арасындағы интервалдар style атрибуты арқылы анықталады. Жазылу үлгiсi: <P style= “line-height: 27pt”>, мұндағы pt – интервал өлшем бiрлiгi – пункт арқылы орындауға да болады.

Мәтін түсін style атрибуты арқылы берiледi. Мысалы, <P style= “color:#FFFFFF; background:#008000”, мұндағы color – мәтiн шрифтiнiң түсi , ал background – фон түсi.

Информация о работе Электрондық оқулық құру