ЭЕМ-нің дербес және перифериялық құрылғылары құрылғылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2015 в 14:53, контрольная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде дербес компьютерлер (ДК) көптеп таралуда. Дербес компьютерлер деп аталуының себебі, ол бір ғана адам жұмыс істеуге арналған. Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылғыларының бір-бірінен өзгешеліктері аз.

ЭЕМ деген - арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 281.45 Кб (Скачать документ)

Компьтердің ішкі жады жедел жад немесе жедел сақтау құрылғысы (ЖСҚ) деп аталады. Ол өзіне информацияларды жедел жазуға және оқуға мүмкіндік береді. Ондағы информациялар уақытынша сақталады, яғни комптер өшірілмегенше. Егер компьтер өшірілсе, онда жедел жаттағы барлық информациялар жойлады (өшеді). Жедел жатта ағымда орындалатын барлық программалар сақталады.

 

       Компьтерде екі  ішкі жад болады: ТСҚ тұрақты  сақтау құрылғы – бұл компьютердің  ішкі компьютер құрастырушы фирма  қондырған схема түрінде жасалған жад. Компьютерді алғаш қосқанда, информация ТСҚ-дан алынады да, одан соң компьютерге орналастырылған операциондық жүйе іске қосылады. Компьютерді сөндіргенде, ТСҚ-дағы информациялар өшпейді. ЖСҚ (ОЗУ- оперативное запоминающее устойство) –жедел сақтау құрылғы – бұл информацияларды уақытша сақтап тұруға арналған жад. ЖСҚ – ның көлемі онша үлкен болмайды, сондықтан ЖСҚ-дан информацияларды сы ртқы жадқа (дискіге) көшіріп қою керек. Жедел жадтың негізгі мінездемесі – оның сыйымдылығы (көлемі) және жылдамдығы. Процессор мен ЖСҚ ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы болып табылады. Компьютер жұмыс істеу үшін солар жеткілікті.

 

       Компьютерді  сыртқы ортамен жалғастырып отыратын  оның қосымша құрылғылыры болады. Олар: деректерді енгізу және  нәтиже шығару құрылғылары.

 

       Енгізу-шығару құрылғылары – бұл құрылғылар компьютердің негізгі құрылғылары болып табылады, енгізу құрылғыс арқылы өңделетін информациялар, программалар машинпның жедел жадына енгізіледі, акл шығару құрылғысы арқылы нәтижелерді, аралық мәндерді адам түсінетін түрде  шыға рады.

 

       Енгізу құрылғыларына  пернетақта, Тышқан, джойстик, өлшеу  құралдары, түрлі түсті қалам, сканер (мәтіннен бірден қабылдайтын құрылғы) жатады.

 

       Шығару құрылғысына  принтер (баспа машинасы), дисплей (экран) және график тұрғызушы жатады.

 

       Жүйелік блоктың  ішіне аналық (материнская, системная) плата, процессор, қоректендіру блогы, жедел жад, қатты диск, дискі жетек, CD-ROM, көрініс платасы, дыбыс платасы және басқа құрылғылар орналасқан Жүйелік блоктың артқы тақтасында енетін желілерді және порттарды (монитор порты, тышқан, пернетақта) қосымша құрылғыларды (принтер порты, модем, сканер, микрофон) қосатын қосқыштар орналасқан.

        Магниттік дискілер. Магниттік дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш алмалы-салмалы дискілер жатады. Бұл дискілерде программалар, құжаттар, деректер сақталады да, қажет кезінде олар компьютерде пайдаланылады. Қазіргі компьютерлерде көбінесе диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт  дискеттер пайдаланылады. Екінші типке қатқыл дискі жатады. Қатқыл дискіні бір компьютерден екінші компьютерге қоюға болмайды, ол компьютер ішіне орналасады, оның сыйымдылығы үлкен болады. Бір қатқыл дискіге бірнеше жүздеген дискеттердегі информацияларды сыйғызуға болады. Оны көп жағдайларда винчестр деп атайды. Ол атау көп зарядты американ винтовкасына-винчестрге ұқсастықтан алынған, өйткені ол винтовканың стволының диаметрі қатқыл дискінің шпинделінің диаметріне сәйкес келеді.

 

       Дискілі информация тасушылары мен жұмыс атқару үшін олардағы информацияларды компьютерге жазуға арналған арнайы құрылғы пайдаланылады. Ол құрылғыны дискі жетек (дисковод) деп атайды. Оның көмегімен оқу/жазу командаларының қажеттісін таңдай отырып, дискіден оқуға және оған жазуға болады. Бұл дискіден екінші дискіге көшіруге болады. Әдетте, компьютерде бір қатқыл дискі және 3,5 дюйм дискіге арналған дискі жетек болады. Қатқыл дискіде информацияларды ұзақ сақтауға болады. Бұл дискі жүйелік блоктың ішіне орналасқан дискі жетекпен байланысып тұрады. Иілгіш дискіге қарағанда қатқыл дискінің сыйымдылығы әлдеқайда көп және оқу/жазу жылдамдағы да жоғары. Қатқыл дискі металдан істелген, екі жақ беті магниттелген 1-5 дөңгелек табақтан (пластинкадан) тұрады. Әр табақта магниттелген екі жұмысшы бетті болады. Кей жағдайларда оның бір-ақ беті пайдаланылады да, екінші беті пайдаланылмайды. Бұл жағдай тақ деп аталады да, орындалатын жұмыс беті екі есе аз болады, (табақ санына байланысты, олар 1, 3, 5, 7, 9 болады). Табақтар бір оське бекітілген, ось компьютер жұмыс атқарғанда айналып тұрады. Табақтар қисаймау үшін және оны шаң-тозаңнан сақтау үшін оларды металл қораптың ішіне орналастырады, ал қорап компьютердің жүйелік

блогына бекітіледі.

Информациялар магниттік бетке концентрлік шеңбер тәріздес жолдарға жазылады. Екі беттегі концентрлік жолдардың сәйкес радиустары бірдей болады да, деректер аймағын құрады, оны цилиндр деп атайды. Жол 0 ден бастап нөмірленеді: әр жолда информация порция түрінде сақталады. Әр жолдағы порция сандары бірдей болады. Әр жолдағы порция саны да нөмірленеді. Әр түрлі жолдағы бірдей нөмірлі деректер жиыны сектор деп аталады. Винчестрдің сапасын бағалаудың бірнеше жолдары бар, олардың ішіндегі ең маңыздысы мінездеме – винчестрдің сыйымдылығы мен жылдамдығы. Осы екі мінездемеге байланысты оның құңдылығы бағаланады.  

Компакт диск. Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның көлемі өте үлкен болады, олардан тек оқуға болады. Оларға басқа жаңа информациялар жазуға немесе информацияларды қайта жазуға болмайды. Лазерлік дискінің де екі беті болады. Оның бір бетіне жазулар мен суреттер салынған, ол бет жұмыс атқармайды. Екінші беті жылтырақ бет, ол жұмыс беті болып есептелінеді. Егер оның беті сызылып қалса, дискі бұзылады Лазерлік дискідегі информацияларды оқу үшін тек лазер сәулесі пайдаланылады. Басқа дискілерге қарағанда лазерлік технологияны пайдаланылатын дискінің көлемі әлдеқайда үлкен болады (бірнеше Гбайтқа жетеді). Оның үстіне лазерлік дискілер магниттік, электрлік әсерлерге орнықты және деректерді сақтаудың ең жоғарғы сенімділігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар олар басқа дискілердей емес, магниттік қасиетін тез жоймайды. Лазерлік дискіден жаңа программаны қою үшін, оны алдымен қатқыл дискіге көшіреді. Мұндай алмастыру амалын программаны орналастыру деп атайды. Лазерлік дискіден оқу үшін CD-ROM пайдаланылады.

 


Информация о работе ЭЕМ-нің дербес және перифериялық құрылғылары құрылғылары