Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2015 в 14:53, контрольная работа
Қазіргі кезде дербес компьютерлер (ДК) көптеп таралуда. Дербес компьютерлер деп аталуының себебі, ол бір ғана адам жұмыс істеуге арналған. Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылғыларының бір-бірінен өзгешеліктері аз.
ЭЕМ деген - арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.
Қазіргі кезде дербес компьютерлер (ДК) көптеп таралуда. Дербес компьютерлер деп аталуының себебі, ол бір ғана адам жұмыс істеуге арналған. Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылғыларының бір-бірінен өзгешеліктері аз.
ЭЕМ деген - арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.
ЭЕМ-нің ішінде жұмыс атқаруға қолайлы түрі- дербес компьютерлер бар. Кез келген компьютер бірнеше құрылғыдан (блоктардан) тұрады. Олардың ішінде жүйелік блок, монитор (экран), пернетақта бар, ал оларсыз жұмыс атқару мүмкін емес. Басқа құрылғылар пайдалы міндеттер атқарады, бірақ оларсыз да компьютер өз жұмысын атқара алады. Компьютердің барлық құрылғылары компьютердің артқы тақтасындағы арнайы қосқыштар арқылы өзара байланыстырғыш шнурларымен жалғанады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тышқан, модем және т.б.
Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Мысалы, монитор процессор мен дисплей контроллері, ал принтер порттар контроллері арқылы және т.с.с. жалғасады. Контроллер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен информацияларды сәйкес құрылғылардың жұмыстарын басқаратын сигналдарға аударады. Процессор қалған құрылғылармен топ сымды кабель арқылы жалғастырылады, оны магистраль немесе шина деп атайды (шина атауы көп пайдаланылады).
Компьютерлердің
негізгі құрылғыларының
Жүйелік блок төмендегідей түрлерде: столға қойатын (горизанталь түрде) «енкейген» немесе тік орналасқан «башня» түрінде жасалуы мүмкін. Башнялық жүйелік блоктың екі түрі болады, олар мини- оны столдың шетіне орналастырады, мини - оны стол үстіне орналастыруға болады.
Монитор. Дисплей – компьютердің экранына информация шығаруға арналған құрылғы. Сыртқы пішіні жағынан дисплей түрлі түсті телевизордың экранынан аумайды, сондықтан оны көп жағдайда монитор деп те атайды. Дисплейді адамға информация беріп отыратын компьютердің тілі деп қарауға болады. Дисплей электонды-сәулелік трубкадан, оны қоректендіруші (питание) блоктан және сәулені бағыттап отыратын электрондық блоктан тұрады. Дисплей символдық болса, онда экранда символдық информация, ал графиктік болса, онда символдық информациялардан өзге мониторда график және сурет орналастыруға болады. Монитор түрлі түсті немесе монохромды болуы мүмкін. Монитор экранында кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелер (егер монитор түрлі түсті болса) тобынан немесе сұр нүктелер тобынан (егер монитор монохромды болса) тұрады. Ол нүктелерді әдетте пикселдер деп атайды. Түрлі түсті мониторда әр пиксел қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялғакн кішкентай үш нүктеден тұрады. Тік және жатық жолға орналасқан пикселдер саны монитордың мүмкіндігін көрсетеді. Монитор экранына орналасқан пикселдер саны қанша көп болса, монитордың шешуші мүмкіндігі жоғары болады.
Бірінші түрлі түсті монитор 1982 жылы жасалды, оны CGA-640х200 пикселді монитор деп атайды. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пикселді монитор пайда болды. Қазіргі компьютерлерде VGA-640х480 немесе SVGA (80х600 ден 1248-1024) мониторлары орналастырылған.
Қазіргі дисплейлердің басты бөлігі (ЭСТ) электронды-сәулелік трубка (ЭЛТ-электронно-лучевая трубка) болып табылады. ЭСТ-іші люминоформен сыланған тіктөртбұрышты экрана бар тар әйнек цилиндрден тұрады. Трубка ішінде Электрондық пушка (зеңбірек) болады, ол электронды ағынан өте жоғары жылдамдықпен шағылыстырады да, экран бетінде олардың бейнесі – көрініс пайда болады. Ондай дисплейлердің пикселдері люминецираланатын заттармен жабылады да, пушка жіберетін электронды сәуле әсеріне тәуелді түрлі түсті болып көрінеді. Сәуле пиксел торлары бойынша периодты түрде жылжып, жол торларының түстерін өзгертіп отырады, яғни көрінетін нүктелерге суәле түседі, ал көрінбейтін нүктелерде секундына 50-60 рет қайталанып, оған периодты түрде із салып (сканировать етіп) отырады. Бұндай қайталанудың салдарынан көріністің өшіп-жанып тұрғанын адам сезе алмайды да, көрініс қимылдайтын тәрізді көрінеді. Монохромды мониторда сәуле түскен нүктелер ақ түспен, ал сәуле түспеген нүктелер (пикслдер) қара түспен боялады. Түрлі түсті дисплейді электрондық пушка үш сәуле жібереді, олар тек бір түсті ғана береді, ол үш нүктелер бір-біріне ғанак береді; ол үш нүктелер бір-біріне өте жақын орналасқандықтан; біз оны бір нүкте сияқты көреміз. Қызыл, жасыл және көк түстердің араласуынан экранда түрлі түсті палитра пайда болады.
Экран алдында көп отыруға болмайды, себебі: көз тез шаршайды, дисплей жұмыс атқарып тұрғанда электро-магниттік және ультрокүлгін сәуле бөлініп отырады. Сәулелену деңгейін азайту мақсатында қазіргі компью-терлердің экранына шымылдық немесе сақтаушы фильтрлер қояды, ең жақсысы жерге қосылған әйнек пластинкасын пайдаланған жөн.
Пернелер бірнеше блокқа (топқа) бөлінеді:
Жоғарыда аталғандардан басқа пернетақтада бірнеше арнайы пернелер орналасқан. Солардың негізгілерін қарастыралық. Enter немесе енгізу пернесі. Бұл ең басты перне, оны басу арқылы қандай да бір әрекеттің, амалдың тәмәмдалғанын көрсетуге немесе компьютерді амалдарды орындауға жіберуге болады. Бос орын (пробел) пернесі. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажыратып жазуға пайдаланады. ¬ немесе Backspase пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіруге пайдалынылады (қатені түзету үшін). Shift пернесі. Бұл жазба әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады. Баспа әріптер алу үшін оны басып тұрып қажетті әріпті тереді. Caps Lockпернесі. Егер оны бір рет басып қойса, баспа (үлкен) әріптер теріледі, ал оны екінші рет басса, кіші әріптер теріледі. Deleteпернесі. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (Символ дисплейден және машина жадынан өшіріледі). Кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинацияларын пайдаланады. Ол мақсатты Ctrl, Alt пернелері орындайды. Мысалы, ағылшын әріпінен орыс әріпіне көшу үшін Alt+Shift пернелерін қайта басады. Яғни алдымен Alt пернесін басып тұрып, одан соң Shift пернесін басады да, оларды босатады.
Джойстик. Джойстик деген – компьютерлік ойында экранда жылжитын обьектіні басқаруға арналған рычакты манипулятор Джойстик қораптан және қолға ұстағыштан тұрады, қолға ұстағышта немесе қорапта (корпуста) бір немесе бірнеше батырмалар болады. Ұстағышты айналдыру және батырмалар-ды басу арқылы компьютерге басқару әрекетін береді.
Баспа құралдары. Принтер – информацияларды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол арқылы дисплейде не орналасса, соны қағазға шығаруға басуға болады. Принтерде мәтіндік, кестелік, графиктік информацияларды, сурет басып алуға болады. Принтерде информацияларды қалауымыз бойынша ақ-қара немесе түрлі-түсті етіп басуға болады. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы матрицалық (инелі) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде инелер қағаз бетінде жылжып отырады да, бояу таспаға соғылып, қағаз бетінде із қалдырады. Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтердің өзгешілігі басу бас тиегінде ғана. Мұнда ине соғылмайды, жіңішке тесіктен сұйық сия бүркіліп отырады да, әр символға сәйкес қағаз боялады. Сия кішкене картрижде (ыдыста) сақталады, оны аустырып отыруға болады. Түрлі түсті көрініс алу үшін принтер алдымен көріністі бір түспен бояйды да, одан соң оның үстіне басқа түсті сия орналастырады. Бояулар араласқан соң қағазда әдемі түрлі түсті сурет пайда болады. Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда басу сапасы өте жоғары және тез. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электрлік өрістің әсерінен арнайы жасалған ұнтақ (парашок-тонер) қағазға тартылады және қатты қызады да, қағазға жабысады.
Компьютердің атқаратын жұмысының бәрін, шын мағынасында, оның бас микросхемасы – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде көп тарала бастаған, жетілдірілген процессор - «пентиум» (Pentium), ал ол орналастырылған компьютерді «Пентиум» деп атайды. Компьютерлердің негізгі мінездемесінің бірі – оның амал орындау жылдамдығы, ал жылдамдық мегагерцпен өлшенетін жиілік. Жиілік қанша жоғары болса, компьютер сонша жақсы болады. Процессор жадпен бірігіп жұмыс ат қарады. Жад микросхесанан процессор өзіне қажетті и нформациялар алады да, өз жұмысының нәтижесін қайтадан жатқа жібереді.
Компьютерлердің негізгі мінездемесінің бірі – оның амал орындау жылдамдығы, ал жылдамдық мегагерцпен өлшенетін жиілік. Жиілік қанша жоғары болса, компьютер сонша жақсы болады. Процессор жадпен бірігіп жұмыс атқарады. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті информациялар алады да, өз жұмысының нәтижесін қайтадан жатқа жібереді.
Сыртқы жад информацияларды көп мерзімге сақтап қоюға арналған, сыртқы жадқа иілгіш және қатқыл дискеттер, магниттік таспалар, оптикалық диск және магнитті-оптикалық дискеттер жатады. Деректер және программалар ішкі жадтың ұяшықтарына байт немесе байттар тобы түрінде орналасады. Олармен ұяшықтардың адрестері арқылы қатынасады.
Информация о работе ЭЕМ-нің дербес және перифериялық құрылғылары құрылғылары