Информатиканы оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 06:24, доклад

Краткое описание

Информатика кеші – бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетудің өзіндік формасы.
Информатикадан викториналар – бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды үйірме жұмыс кезінде немесе сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сыныптан тыс жұмыстардың кейбір түрлері.docx

— 38.44 Кб (Скачать документ)

бұйрықтарды меңгереді, яғни кесте ішінде орын ауыстыру, жылжыту, ұяшықтарға сандарды енгізу;

формуланы түгелдей көруі үшін «формат» сияқты бұйрықтармен жұмыс жасайды;

кестедегі бір қатарды жою сияқты, яғни «жою» бұйрығымен жұмыс істейді. Оқушылар әрбір өзгерісті дәптеріне жазып отырады. Қатарды не болмаса жойған уақытта нәтиже қалай өзгергендігіне назар аударады. Сонымен бірге, қатарды, бағанды қою, көшіру тәсілдерін де меңгереді. Бақылау нәтижесінде, оқушылар дайын формулалар жүйесі үшін әрбір ұяшыққа мәндерді енгізуі, олардың өздерінің енгізген формулалар жұйесін жазуы керек. Оқытуды ұйымдастыру түрінің ең негізгісі әртүрлә материалдар бойынша жаппай зертханалық жұмыс орындау. Білімді жалпылауға арналған сұрақтар беріледі.

Acces – берілгендер базасын басқару жүйесін оқыту әдістемесі. Acces – берілгендер базасын басқару жүйесі кітапхана, мекемелердегі қызметкерлер мәліметтерін енгізу, жоғары оқу орындарындағы студенттер жайлы мәліметтер жазу және т.с.с. орындарда кең түрде қолданылады. Берілгендер базасын басқару жүйесін қолданғанда оқушыларға оның көптеген іс-әрекетті орындай алатын мүмкіндігін және қуатын айту керек. Оқушылар берілгендер базасын құруды, толтыруды білуі; олардың дұрыс толтырғандығын бақылай білуі; берілгендер базасын басқару жүйесі бұйрықтар жүйесі туралы түсінік алу, мәзір арқылы жұмыс істеу ыңғайлылығын сезіну және бағалау, берілгендер базасын қолдану аймағын анықтау және түсінікті кеңейту; алгоритм мен орындаушы туралы түсінікті толықтыру; берілгендер түрі жүйесімен танысу; оларды өңдеу тәсілімен танысу. Мұғалім бұл тақырыпты түсіндіруі үшін алдымен өзі компьютерде демонстрациялап көрсетуі тиіс. 

Алгоритмді оқыту әдістемесі. Алгоритмді және алгоритмдеуді оқытқанда алдымен, алгоритм терминінің шығу тарихына тоқталған жөн. 

Алгоритм программа құрудың  әліппесі болып табылады. Алгоритмнің блок-сүзбесіне мысалдар келтіріп, оқушыларға түсіндіру керек. 

Программалау тілдерін оқыту әдістемесі. Бейсик тілі АҚШ-та 1960 жылдары алғашқы үйренушілер үшін жасалынады. Мектеп информатика курсында компьютерде Бейсик тілі қолданылады. Бұл үйренуге өте жеңіл, өйткені 10-15 нұсқалар мен операторлардан тұрады. Мұғалім оқытушы бағдарлама жасауда тиімді пайдалануына арналған, әрі бұл тіл арқылы сұхбаттық түрде жұмыс істейді.

Паскаль тілін Н.Виртом жазды. Бұл бағдарламалауды үйретуге арналған мүмкіндігі мол тіл. Сосын мектептерге Турбо Паскаль тілдері енгізілді. Турбо Паскальдың 5.5, 6.0, 7.0 түрлері кәсіптік бағдарламалау тілдері болып отыр. Паскаль тілі командалары мен операторлары және программа жасау жолдары мен әдістері өтіледі. 

Архивтеуші және компьюретлік вирус программаларын оқыту әдістемесі. Бұл программалармен таныстырғанда олардың қызметтері мен қолдану әдістеріне кеңірек тоқталған жөн.

Электрондық поштаны, интернетті оқыту әдістемесі. Электрондық

пошта – компьютер арқылы аыстағыларға хат, әртүрлі хабарлар жолдау мен оларды қабылдауға арналған программа. Хабарды сервер арқылы таратып, қабылдауға болатындыған көрсетіп, практикалық жұмыс жасауды үйрету керек. Интернет (Inter – интернационал, халықаралық; network - желі), желісі көмегімен бүкіл дүгиежүзілік байланыс жасап, өзімізге қажетті ақпараттарды аламыз. Интернет желісі арқылы компьютерде мәліметтер алу жолын көрсетуі тиіс. 

Демек, информатика пәнін оқытуда жоғарыда келтірілген тақырыптарды негізге ала отырып, оқыту әдістемесін жетілдіре түссек, онда ХХІ ғасыр жас жеткіншіктерін компьютерлік сауатты, білімді және мәдениетті етіп шығарарымыз анық. Оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымы «ХХІ ғасырды – ақпараттандыру ғасыры» деп атағандықтан, осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамызды «Қазақстанды ақпараттандыру – ХХІ ғасырға жасалған қадам» деген тақырыпта ғылыми форум өткізгендігі де белгілі. Міне, осы себептен де Қазақстандық информатика мамандары мен әдіскерлері информатиканы оқыту әдістемесін бұдан да гөрі жетілдіре түсуі үшін көп жұмыс жасауы тиіс.   


Информация о работе Информатиканы оқыту әдістемесі