Информатиканы оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 06:24, доклад

Краткое описание

Информатика кеші – бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетудің өзіндік формасы.
Информатикадан викториналар – бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды үйірме жұмыс кезінде немесе сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сыныптан тыс жұмыстардың кейбір түрлері.docx

— 38.44 Кб (Скачать документ)

Сыныптан тыс жұмыстардың кейбір түрлері 

Информатика кеші – бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетудің өзіндік формасы.

Информатикадан викториналар – бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды үйірме жұмыс кезінде немесе сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады. 

Іскерлік ойындар – оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын қолдана отырып нақты мәселені шешуші түрінде шынайы рөл ойнауға мүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі. 

Информатикадан диспуттар – бқл сыныптар арасындағы өзара сұрақтар мен жауаптар ойыны.

Сынып сағаты. Информатика мұғалімдері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі.

Клубтық қызметтер оқушылардың  информатика пәні бойынша білімдерін, дағдыларын дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді. 

Байқау – бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді.Көрмелерді информатикадан графикалық редакторлар мен дизайн арқылы орындалған оқушылар шығармашылығынан жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастыруға болады.

Информаикадан үйірме жұмыстарын жүргізу

Үйірме – бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі.

Сөзжұмбақ құру мұғалім мен оқушының бірліктегі шығармашылығы мен идеялары өзіндік бқылау мен білімін жетілдірудегі танымдылықты арттырады және нәтижелі білім алуға жетелейді.

Олимпиадалар барынша қабілетті оқушыларды анықтау, олардағы алға қойған мақсаттарына жетудегі табандылықты шыңдау, өзіндік еңбектену дағдысын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Пәндік, апталықтар, декадалар, айлықтар. Бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.

Ауызша журнал – оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты, мәліметтерді, ауызша хабарламаларды безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыс формасы.

Информатикадан факультатив жұмыстары мектепте көбіне 8 сыныптан бастап жүргізіледі. Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен  қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.

Мектептегі баспа. Қабырға газеті атты сынаптан тыс жұмыс формасы барын бәріміз білеміз. Информатикадан қабырға газетін жасап шығару үшін үйірме болуы міндетті де емес. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын аудару, қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысын ұйымдастыру алдында жасалады. 

Соңғы кезде баспа шығармашылығының желілік түрі кең етек алуда. Жоғарыда аталған баспа шығармашылық формасы Интернетте ұсыныла алады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны мультимедиялар мен гипермедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді шығармашылық түрін де дамытуға мүмкіндік береді.

4. Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің бапрлық буындарында білім мен тәрбие беру ісін жеке сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді. 

Ал бұл мәселенің дұрыс  шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын тереңірек зхерттеуді керек етеді.

Орта мектептерде информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның қызметкелері бағдарламауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды дайындады. 1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский, Ю.А.Первин мекиеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгленді. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бағдарламасы түзілді. 1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, Я.Э.Гольц, М.П.Лапчик және т.б. алғашқы информатика оқулығы шықты. 1985 ж. 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту, 1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда «информатика мұғалімін» даярлау басталды. 1986 ж. «Информатика и образование» журналы шығып, 1986 ж. информатика оқулығына байқау жарияланды. 1987 ж. информатиканы оқыту әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық көрді. Байқау негізінде информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко, В.Г.Житомирский, В.А.Кайманның басқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралдарын дайындады.

Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жалдары А.П.Ершов, В.Н.Монаховтың «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты оқулығы бойынша жүргізілгендігі белгілі. Ал 1998 жылдан бері 7-9 сыныптарға арналған информатика оқулықтары мен мемлекеттік стандарты, типтік бағдарламасы жазылып оқу процесіне кеңінен енгізілуде.

Енді информатика курсының тақырыптарын оқыту әдістемесін қарастырайық:

Кіріспені оқыту әдістемесі. Кіріспе мақсаты: Пәнге деген қызығушылықты қалыптастыру және бекіту; Информатиканың жалпы мазмұнымен таныстыру; Компьютер сыныбындағы жұмыс ретімен, ережелерімен танысу т.б. Кіріспе бірінші рет информатиканың үш құрамдас тізбегі: Ақпарат, компьютер, алгоритм айтылады. Ақпарат түсінігі мысалдармен түсіндіріледі. Ақпараттық үрдістерді түсіндіру үшін алдымен оларға мысалдар жүйесін келтіріп, қорытындыда оның белгілеріне сүйене отырып анықтама беріледі. Айта кететін мәселе, ақпаратты тұтыту, қолдану бқл да ақпараттық үрдіс болып табылады. Кіріспе бөлімі оқушыларға компьютер мүмкіндіктері туралы информатика жайлы түсінік береді. Кіріспеден оқулық авторларының концепциясын көруге болады. Мұнда ақпарат, компьютер, алгоритм ұғымдары беріледі. 

Компьютер құрылысын  оқыту әдістемесі. Компьютер құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады: 1. жүйелік блок, 2. монитор, 3. пернелік тақта туралы олардың қызметі жөнінде айтылды. Пернелік тақтадан енгізілген әрбір әріп, таңба т.б. ешбір өзгеріссіз экранда белгіленеді. Пернелік тақтаның жазу машинасына ұқсастығын айта келіп, мұндағы негізігі айырмашылық қосымша пернелерінде және пернелердің біріккен қызметінде деп түсіндіру керек. Алғашқы сабақтарда барлық пернелердің қызметін бірден айтудың қажеті жоқ, әсіресе белгілі бір бағдарламаға қатысты өзгеріп отыратын перне қызметі (F1-F10), өйткені олардың қызметі туралы экранның төмеңгі жағында қысқаша анықтама беріледі.

Дискұяшақты өткенде, оның дискетті оқуға арналғандығын айтса жеткілікті. Ең басты мәселе дискетті дұрыс енгізу және оны күтіп ұстау туралы мағлұмат берген жөн.

Процессорда барлық іс-әрекеттер түрленіп, орындалады. Компьютердің барлық жұмысын басқарады.  Компьютер құрылысы бөлімі бірнеше деңгейлерді қамтиды. Атап айтқанда: құралдар құрамы және олардың қызметі, ол құралдардың өзара әрекеті, компьютер құрылысы және олардың жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Компьютердің ішкі, сыртқы, өосымша құрылғылары, олардың физикалық тұрғыдан алғандағы жұмыс істеу тәртіптері, үрдістері түгелімен баяндалады. Әсіресе оқушыларды қызықтыратын компьютер қалай жұмыс істейді? Файл қалай жазылады? т.б. сұрақтарға жауап беріледі.

Операциялық жүйені оқыту әдістемесі. Компьютер жұмыс істеу үшін, алғашқы бағдарламалар жүйесі – операциялық жүйе жіктелуі тиіс. Дербес   компьютер үшін Microsoft Disk Operation System (MS DOS) операциялық жүйесін жасаған. Оның атқаратын қызметі: дискідегі каталогтар тізімін шығару (DIR), бағдарламаны көшіру (COPY), мәтіндік файлдың мазмұнын оқу, қарап шығу (TYPE), бағдарламаны орындауға жіктеу. Дербес компьютердегі операциялық жүйе файлдар жинағынан тұрады. Операциялық жүйемен жұмыс істеу үшін ең алдымен: DEL, RENAME нұсқаларының қызметімен танысады. Операциялық жүйелердің бұйрықтарын оқушылардың 

Компьютерде орындайтын іс-әрекеті сәйкес келетіндей етіп, ретімен плакатқа жазып іліп қою керек. Оның реті: бағдарламаны дискеттен жүктеу, нәтижені дискетке жазу, жұмысты аяқтау т.с.с. жазылады. Егер оқушылар операциялық жүйе қызметін меңгерсе, онда олар мқғалімге аса тәуелді бола қоймайды, өз бетінше жұмыс істеуге кіріседі. Оқыту әдісі – мұғалім оқушы компьютерінде түсіндіре отырып, демонстрациялап көрсетеді немесе плакат арқылы түсіндіреді. Norton Commander қабық бағдарламасын оқыту әдістемесі. Norton Commander көмегі арқылы операциялық жүйемен жеңіл жұмыс істей алады, өйткені NC-де экран мүмкіндігі толық пайдаланылады, панельде каталогтар мен файлдар тізімі, мерзімі, өлщемі және т.б. түгелімен экранда беріледі. Сонымен бірге, қажетті бұйрықтар арнайы пернелерге «бекітілген». NC-дің  MS DOS-тан айырмашылығы қолдануға өте ыңғайлы етіп жасалған, сондай-ақ нұсқаларды пернетақтадан теріп отырудың қажеті жоқ, тек арнайы пернені бассақ (F1-F10) жеткілікті. Сондай-ақ грамматикалық қателерді болдырмайды. Бұл біржағынан нұсқауларды енгізуде жіберілетін қателіктерді болдырмайды, әрі уақыт та үнемделеді. Оның үстіне ақпараттар тізімі (каталог, файлдар) экранда алфавиттік ретпен беріледі. 

Бағдарламалық қамтамасыздандыруды  оқыту әдістемесі. Информатика курсының мақсаты – бағдарламаны пайдалана алатын қоладнушыларды дайындау екендігі белгілі. Қазіргі қолданушылар жұмысын дайын бағдарламада (операциялық жүйе, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, берілгендер базасын басқару жүйесімен) жұмыс істеуден бастайды. Бағдарламалық қамтамасыздандыру мен жұмыс істеу және оны меңгеру күрделілігін, өзара байланысын, оқушылардың дайындығын ескере келіп, оқыту ретін мынадай тізбек бойынша жүргізу керек: графикалық редактор – мәтіндік редактор – графикалық редактор – мәтіндік редактор – есептеу жұмыстары – электрондық кесте – берілгендер базасын басқару жүйесі. Бұл адамзат тарихының әртүрлі іс-әрекеттерді меңгеруімен сәйкес келеді: сурет салу, оқу, есептеу, басқару

WINDOWS операциялық  жүйесін оқыту әдістемесі. WINDOWS операциялық жүйесін оқытқанда: программаны жүктеу, бумалар, файлдармен жұмыс, дискімен, дискетпен жұмыс және де осы программаны орнату, қазақша қаріп енгізу және т.б. көптеген іс-әрекеттер айтылуы тиіс. 

Word мәтіндік редакторын оқыту әдістемесі. Word мәтіндік редакторлары – мәтін енгізу, оны өңдеуге арналған. Мектепте үйренуге жеңіл, мәтінді жоғары сапалы етіп дайындау үшін Word редакторы қолданылады. Word-тың мүмкіндігі өте көп. Қаріптердің өлшнмін әртүрлі етіп өзгерту арқылы, көркемдеуге болады. Жалпы, бұл соңғы жаңалықтардың бірі болып саналады. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту үшін басқа мәтіндік редакторлармен және жазу машинасымен салыстырып, бұл редактордың мүмкіндігіне, ерекшеліктеріне тоқталу керек. Монитор экранындағы әрбір символ әрбір әріп баспаға дәл сол күйінде шығады, сол себепті жіберілген қатені алдымен экранда түзетіп алған жөн. Сонымен мәтіндік редакторда жұмыс істегенде: мәтін енгізу, түзету, сосын баспаға шығару керек. Бұны оқушы жұмыс үстелінде демонстрациялап көрсеткен жөн. Нәтиженің нақтылығы қызығушылықты тудырады. Мұғалім оқушыларға компьютерде мәтін енгізіп, оның қатесін түзетіңдер және грамматикалық қателерін де табыңдар деген тапсырма берсе болады. Оқушылар қателерді түзету барысында меңгеруге тиісті бұйрықтармен жұмыс істеуге тура келеді. Әр мәтінді қатесіз, дұрыс енгізуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде оқушылардың  грамматикалық сауатты болуына үлкен септігін тигізеді. Мұғалім алдын ала ішінде әріптері қалдырылған мәтін дайындап, бос орындарға дұрыс әріптерін қойып шығыңдар десе де болады. Мұғалім компьютерде мәтін енгізудің жетістіктерін әңгімелеп береді, сондай-ақ компьютерде жұмыс істеп көрсетуі тиіс. Оқушылардың нқсқауымен жұмыс істеуі, сұрақтарға жауап беруі, мәіндік редакторды практикалық жұмыс істей отырып меңгеруі, өздерінің жеке іс-тәжірибелерін жинақтауы, яғни теориялық алған білімдерін практикалық қызметімен сабақтаса түседі. 

Оқушыларды компьютерге екеуден отырғызған жағдайда, олар кезекпен жұмыс істеуі керек, өйткені тек бақылап отырып, бұл редакторды меңгеру мүмкін емес. Негізгі мақсаты: Оқушылардың жұмысын автоматтандыру. Мысалы, оқушылар кейбір қайталанатын сөздерді қайтадан енгізіп отырады, оларға міндетті түрде көшіріп, автоматты түрде жұмыс істеуін қадағалау қажет. Тағы бір айта кететін мәселе, оқушылар алғашқы жұмыс істеген кезден бастап-ақ бірден екі қол саусақтарын пайдалануы керек. Өйтпегенде олар тек бір қолмен, не бір саусақпен бір-бірлеп әріп теріп отыруы мүмкін. Әрі олардың қолдары жаттығып, қай әріп қайда орналасқандығына көздері үйрену үшін «пернелік жаттығу» ойының берген жөн. 

Paint – графиктік редакторын оқыту әдістемесі. Paint – графиктік редакторы сурет салуға арналған. Мұның көмегімен әртүрлі бейнелерді, көріністерді т.б. әсем етіп бейнелеуге болады. Paint – редакторы пайдалануға өте жеңіл, мүмкіндігі жоғары. Қажетті сурет салуға арналған құрал-саймандар: түзу, сызық, дөңгелек, төртбұрыш, өшіргіш, әріп жазуға арналған abc пернесі, түрлі түсті экранда жұмыс үстелінде орналасқан. Бағдарламны қос та, істей бер. Paint графиктік редакторында компьютер көмегімен сурет салуды шектен тыс қолдануға болмайды, өйткені оқушыларда сызба құралдары: сызғыш, циркульмен жұмыс істеу дағдыларын да қалыптастыруымыз керек. Paint графикалық редакторы – графиктік бейне түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа.

Оқу мақсатына мыналар жатады: оқушыларды компьютерде сурет салуға практикалық тұрғыдан дайындық жұмыстарын жүргізу; жұмыс істеу үшін тұрақты дағдылрын қалыптастыру; компьютерлік графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; қандай да бір сурет үшін іс-әрекеттерін алгоритмдеу; сурет салу үшін бұйрықтардың түрлі комбинациясын қолдана білуге үйрету; ойлау жүйесін тәрбиелеу.

Тақтаға көп қадамнан тұратын бұйрықтар қызметін жазып, оқушыларға редактормен жұмыс істеу нұсқаларын көрсету керек. Жұмыс істеудің қызық түрі – суретті топ болып орындау, оны оқушы жұмыс үстелінде баспға шығару.

Электрондық кестені оқыту әдістемесі. Excel электрондық кестені экономикалық және математикалық күрделі есептеулерді, диаграммаларды және т.б. көптеген іс-әрекеттерді орындауға арналған. Сабаққа қызығушылықты арттыру үшін алдын ала әзірленген тапсырманы демонстрациялап көрсетеді. Электрондық кестені меңгерудің мынадай кезеңдері бар:

дискідегі дайын файлмен жұмыс, яғни оқушылар кестедегі берілгендердің мәндерін өзгерте отырып, нәтиженің өзгергендігін бақылайды. Бұл әдіс бір жағынан мұғалімнің демонстрациялап көрсетуі арқылы да орындалады. Нәтижеде оқушылардың кестемен жұмыс істеуге деген сенімділігі артады, сондай-ақ осы тәріздес тапсырмаларды одан әрі қарайөздері орындай алатындай дәрежеде сезінеді;  

Информация о работе Информатиканы оқыту әдістемесі