Информатика және физика сабағында АКТ-ны тиімді пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 17:04, доклад

Краткое описание

Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық белсенділіктері мен оқуға деген көзқарастарын өзгертуде ақпараттық коммуникациялық технология (АКТ) зор мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту жүйесі мен АКТ қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылықты көрсетеді. Басты айырмашылық мұғалімнің ролі өзгереді, ол бағыт- бағдар берушінің функциясын атқарады.
Жаңа электрондық оқулықтарды, практикалық тәжірибелерді қолдануда интернет, компьютерді білу ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. АКТ мұғалімге оқыту қызметін түрлендіруге мүмкіндік туғызады:
- Оқушылардың білімін (тест) тексеру;
- Көрнекіліктерді таңдау (слайд,анимация, видеоролик);
- Сұрақтарға жауаптар дайындау;
- Есептердің шешу жолдарын көрсету;
- Практикалық жұмыстар жүргізу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Информатика және физика сабағында АКТ.doc

— 52.50 Кб (Скачать документ)

Информатика және физика сабағында  АКТ-ны тиімді пайдалану

 

Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық белсенділіктері мен оқуға деген көзқарастарын  өзгертуде ақпараттық коммуникациялық технология (АКТ) зор  мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту жүйесі мен АКТ қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылықты көрсетеді. Басты айырмашылық мұғалімнің ролі өзгереді, ол бағыт- бағдар берушінің функциясын атқарады.

   Жаңа электрондық оқулықтарды, практикалық тәжірибелерді қолдануда интернет, компьютерді білу ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. АКТ мұғалімге оқыту қызметін түрлендіруге мүмкіндік туғызады:

  • Оқушылардың білімін (тест) тексеру;
  • Көрнекіліктерді таңдау (слайд,анимация, видеоролик);
  • Сұрақтарға жауаптар дайындау;
  • Есептердің шешу жолдарын көрсету;
  • Практикалық жұмыстар жүргізу.

 

Топ мүшелерінің АКТ-ны пайдалануы

 

«Қарапайым графикалық редактор» тақырыбын жете түсіну, сыни тұрғыдан ой қиялын дамыту мақсатында жұмбақ-суретті АКТ-ны пайдаланып слайдтан көрсетіп қойдым. Оқушыларға түрткі болатын сұрақтар қою арқылы өткен материалға оралу, ойға салып, дұрысын қабылдап және толығырақ жауап беруге итермеледім. Осы кезде топтар арасынан Аяулым, Маржан, Жоламан суырылып алға шықты, өз ойларын жеткізді.               

  Үй тапсырмасын тексеруде интерактивті тақтада «Модельдер түрлерін» сипаттайтын суреті көрсетіліп тұрды. Сұраққа жауап, сурет бойынша  берілді. «Қарапайым графикалық редактор» тақырыбында   оқушылар РАФТ әдісі бойынша рөлдерге енді. Жаңа сабақты меңгеру кезеңінде әр топқа мәтін таратылып, оқып, АКТ-ны пайдаланып видеороликті қарап,түсіндіру және оны постермен қорғау тапсырмасы берілген еді. Оқушылар адымен өзара сөйлесіп, талқылап алды. АКТ-ның  тиімділігі - видеороликті  қолдану арқылы жаңа ұғымды жеңіл түсіну.

              

 

АКТ-ны тиімді пайдалану сәті

АКТ-ның  мынадай  мүмкіндіктер  береді:

-Оқу материалының мазмұнын түсінікті, қызықты етеді;

- виртуалды лаборатория  арқылы көрсетуге болады;

-қиындық туғызатын заңдылықтарды  бейнефильмдер арқылы көрсетуге  болады;

-тұлғаға бағытталған  оқыту жүзеге асырылады;

-жаңа ақпараттық құралдармен  жұмыс жасауына ықпал етеді.

АКТ мақсаты:

-  ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін  жасау және оны жүйелеу;

- білім беруді ақпараттандыру  кезеңіне педагог мамандардың біліктілігін көтеру.

Әрбір жеке тұлға қоршаған ортаға өзіндік көзқарасымен және өзіндік талаптарымен, белсенділіктің түрлі сатысымен және басқа да маңызды қасиеттерімен сипатталады.

Ақпараттық технологияны информатика пәні сабақтарында пайдалану, оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Компьютермен, интерактив тақтамен жұмыс жасау оқушының алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:

- Өз әрекетін саналы түрде  жоспарлайды;

- Құбылыстарға модельдер құра  біледі.

 

 «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану».   Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді пайдалану өте маңызды. Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білімдері өзара тығыз болуы керек, сонымен қатар АКТ-ден тиімді пайдалануды жүзеге асырса оқыту және оқу үдерісін жақсартуға ықпалын тигізеді.

   Өз сабақтарымда  АКТ-ны әрбір сабақта пайдаланып  отырдым. Мысалы: сабақ тақырыптарын  ашу үшін интернеттен физика пәніне қатысты табиғат құбылыстарын көрсететін видеороликтерді, суреттерді интерактив тақтада көрсету арқылы,  компьютерлерінде электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындау кезінде, интертақтада Венн диаграммасын сызу үшін фигураларды оңай сызу тапсырмаларында, деңгейлік тапсырмаларды, формулаларды слайдтарға дайындап әкеліп тапсырма беру кезінде қолданып отырдым.  «XXI  ғасыр қағазсыз, қаламсыз ғасыр» -деп айтқанындай-ақ қазіргі уақытта көптеген жазба жұмыстарымыз осы компьютерге жүгініп отыр.

 

 

 

Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:

- білім беруді ақпараттандыруды  дамыту тенденцияларын зерттеу  және оған сәйкес мазмұнын  анықтау;

- педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық  технологияны өз қызметтеріне  енгізуге байланысты ұйымдастыру  жүйесін жасау.

- ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.  

 Бiлiм берудi ақпараттандыру  процессi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге, бiлiм мекемелерiн басқарушыларға  жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша Политехникалық колледжде бастауыш және негізгі  топтар бойынша даярлық курстары ұйымдастырылды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.

Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениеттіліктің қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану студенттердің өз мамандықтарына сай пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процессiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:

- студенттердің  дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);

- проблемалық, зерттеу, аналитикалық  және модельдеу әдiстерiн қолдану  арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

- жаңа ақпараттық технология  құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi бар:

-  ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру:  информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар  саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;

- информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;

- бiлiм беру жүйесiн басқару  мамандарын және пән мұғалiмдерiн  жаңа ақпараттық технологияны  өз қызметтерiне еркiн пайдалана  бiлуге үйрету;

- облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң  ақпараттық ресрустарын қалыптастыру;

- оқу процессi мен ғылыми-әдiстемелiк  жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны  қолдану негiзiнде олардың озық  тәжiрибелерiн тарату.

Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi негiзге алынған:

- вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;

- рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;

- iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы  нәтижесiн анықтау;

- тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақытлы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы  мен олардың жеке тұлға ретiнде  қалыптасу деңгейi анықталады;

- жекелеген консультация  беру  - тыңдаушыларға консультация беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны  мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.

Ақпараттық мәдениеттi дамыту дегеніміз -  өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану; жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану. Мұғалiм  – ақпараттанушы емес, студенттің жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, студенттерді қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.

Үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесi  - бұл көп деңгейлiлiгiмен, iзгiлiктiлiгiмен, көпсатылығымен және ашықтығымен ерекшеленетiн динамикалық даму жүйесi. Сонымен, ақпараттық-коммуникациялық  технология саласында білімді жетілдіру, кәсіби шеберліктерді ұштау  ақпараттық мәдениеттi қалыптастырумен қатар жүргізіледі. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалімнің өздiгiнен бiлiм алуына және өзiн-өзi дамуына жағдай жасау арқылы бiлiм сапасын көтеру негiзгi шарттардың бiрiне айналып отыр.

 


Информация о работе Информатика және физика сабағында АКТ-ны тиімді пайдалану