Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 12:18, реферат
Жеке баланың шығармашылық, рухани, адамгершілік және дене мүмкіндіктерін дамыту мен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 – бабында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде атап көрсетілгені белгілі. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, алған білімін тәжірибеде, өмірде өз бетінше пайдалануға үйренбеген. Сол үшін де оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы жаңалыққа толы, жан- жақты болуы керек.