Информатика пәнінен оқушылардың шығармашылығын арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 12:18, реферат

Краткое описание

Жеке баланың шығармашылық, рухани, адамгершілік және дене мүмкіндіктерін дамыту мен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 – бабында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде атап көрсетілгені белгілі. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, алған білімін тәжірибеде, өмірде өз бетінше пайдалануға үйренбеген. Сол үшін де оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы жаңалыққа толы, жан- жақты болуы керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

шыгармашылыгын арттыру.docx

— 18.47 Кб (Скачать документ)

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ

Жеке баланың шығармашылық, рухани, адамгершілік және дене мүмкіндіктерін дамыту мен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 – бабында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде атап көрсетілгені белгілі. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, алған білімін тәжірибеде, өмірде өз бетінше пайдалануға үйренбеген. Сол үшін де оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы жаңалыққа толы, жан- жақты болуы керек. 
Информатика сабақтарында сабақтың сапасын арттыру мақсатында озық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру мұғалімнің басты міндеті. 
Педагогикалық технологиялар – оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі. Бүгінгі таңда білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технологиялардың элементтерін ұстаздарымыз өз іс-тәжірибелерінде кеңінен қолдануда. Оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруда тиімділігімен кең қолданысқа ие болған озық технологияларды төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады. 
Сабақты түрлендіру арқылы оқушының ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу оқушының информатикалық тіл байлығын жетілдіріп отыру керек. Сабақ мазмұннының теориялық, практикалық құндылығы жоғары болған сайын, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндіктері, балалардың мектепке дейінгі жастан бастап, компьютерге ойын құралы ретінде үлкен қызығушылықпен қарап, олардың сапалы оқуы мен дамуына толық мүмкіндік береді; 
Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта -ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көптүрлі, оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс- тәсілдері сан алуан. Оны таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушының пәнге деген қызуғушылығын арттыру- мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперементтік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар арқылы іске асады. 
Сабақтарда топтық, жұптық, жеке оқушымен жұмыс түрлерін ұйымдастырып, ерекше қабілетті және үлгерімі төмен оқушыларға шығармашылық тапсырмалар, түрлі ойындар беру арқылы қызығушылығын арттыруға, өз пікірлерін дәлелдеп айтуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз бетінше ізденіспен жұмыс жасауға жұмылдырамын. Өз іс- тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенемін. 
1. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету 
2. Оқушылармен жекелей, пармен, топпен жұмыстар жүргізу. 
Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін әр түрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Өз бетімен жүргізілетін жұмыс түрлері, оның қиындық дәрежесі оқушының оқу мүмкіншілігіне қарай әзірленеді. Оқушы шығармашылығын арттыруда топпен жұмыс түрлерін ұйымдастырудың тиімділігі зор. Мұнда нашар оқушы көлеңкеде қалмайды, берілген тапсырманы ақылдасып, бір – біріне түсіндіру арқылы дұрыс орындауға мүмкіндік туады. Мұғалімге тиімді жағы күнделікті сабақта барлық оқушы бағаланады. Ал тәрбиелік жағынан әділ болуға үйренеді, өз араларында беделге ие болады. Шығармашылық мақсаттағы жұмыс өте жоғары деңгейде жүргізіледі, бұл оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушы шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру мұғалімнің әр сабағында назардан қалмауы тиіс. Мысалы 8 сыныпта «Кім жылдам, тапқыр және ақыл ойға бай?» байқау сабағын өткіздім. 
Сабақтың 1-кезеңінде «Программа» сөзінен ең ұзын мағыналы сөз құрастыруы керек. Бір әріп екі рет қолдануға болмайды. Егер бірнеше оқушы бірдей балл жинаса, оларға қосымша тапсырма беріледі. Ең көп балл жинаған оқушы келесі кезеңге өтеді. 2-ші кезеңде компьютерге енгізілген тест сұрақтарына жауап береді. Бұнда тестің дұрыс тізбек, дұрыс жауап таңдау, сәйкестендіру, сұрыптау сияқты бірнеше түрі қарастырылған. 
3-кезеңде жеңімпаздар компьютерді пайдаланушы ретінде қаншалықты меңгергендігін тексеруге арналған тапсырмалардың біреуін таңдап алып, билеттік жүйе бойынша жауап береді. 
Сонымен қатар сабақта түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Информатика сабағындағы ойындарға ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, анаграммалармен жұмыс жасау жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптан тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді. 
Мұндай сабақтарды ұйымдастырудың артықшылығы мен тиімділігі мынада: 
1. Оқушының логикалық ойлау қабілеті артып, сөздік қоры молаяды. 
«Көкпар ойыны» ойның шарты : сұраққа бұрын , тез жауап беру. Дұрыс немесе толық болмаса келесі оқушының жауабымен толықтырылады. Ойынның тиімділігі үй тапсырмасына тиянақты дайыындалуға, есте сақтау қабілетін дамытады пәнге қызығушылығын арттырып және жылдамдыққа дағдыландырады. 
«арқан тартысу» ойынның шарты оқушылар кезеккен сұраққа жауап береді. Жауап бермеген оқушы жазаланады. Ойынның тиімділігі Алдыңғы өтілген материалды қайталап отыруға қолайлы, оқушылардың есте сақтау, тез ойлау қабілеттерін дамытып, оларды ұжымдық жұмысқа дағдыландырады.


Информация о работе Информатика пәнінен оқушылардың шығармашылығын арттыру