Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудыңғылыми-теориялық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 08:36, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
1.1.Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудыңғылыми-теориялық мәселелері.....................................................6
1.2.Дидактика принциптері – мұғалімнің басты құралы...........................11
1.3. Информатика курсын оқытуда көрнекілік принципті компьютерлік технология арқылы жүзеге асыру психологиялық-педагогикалық негіздемесі..............................................................................................................22
Қортынды.......................................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................69
Қосымша.......................................................................................................70

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык.docx

— 93.36 Кб (Скачать документ)

Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский (1824-1870) көрнекілік принципі туралы материалистік тұрғыдан негіздеме жасады. Өз кезегінде бұл көрнекілік мәселесінің өзектілігін шешуге үлкен қадам болды. Ол көрнекілікті тек көру сезімімен ғана байланыстыруға болмайды. «Балалар форма, бояу, дыбыс, сипап сезу арқылы ойлайды»-деген болатын. К.Д. Ушинский көрнекі оқытудың анықтамасын баланың жанама түрде қабылдаған, ол мұғалімнің басшылығымен оқыту үрдісінде кезінде немесе баланың өз бетінше бақылау нәтижелеріне тәуелсіз түрде жүзеге асырылатын ілім деген болатын.  Бейнелік сөйлеуді ол көрнекіліктің ерекше әрі маңызды түрі деп есептеді. Оқу үрдісі кезінде мұғалім өзінің әңгімесін тірілте алады. Біріншіден балаларға сол заттың өзін көрнекті етіп көрсетеді. Балалар көрген затқа қарай отырып, оқыған материалдарын еске түсіріп қана қоймай, жанама созерцанияны толықтырады. Екіншіден, сұрақты тірілтіп әртүрлі етеді.  К.Д.Ушинский үшін көрнекілік - дидактикалық принциптің ішіндегі ең маңыздысы, өйткені оқыту әдістері мен тәсілдерінде, оқыту осы көрнекілік принципіне сүйенеді. Константин Дмитриевич көрнекілік ойлауды тәрбиелейді деп оған үлкен маңыз берді. Ол, баланы  логикалық материалға тек көрнекі нақты материал арқылы ғана жаттықтыруға болады деп есептейді. Зат ең адымен баланың санасында көрініс табуы тиіс, ал содан кейін көрініс табуы тиіс, ал содан кейін мұғалімнің жетекшілігімен алған әсері түсінік ой пайда  болады, осыдан келіп сөз өрнекітеледі. Көрнекі оқыту бақылампаздықты дамытады, бұл дегеніміз «ақылдың дамуына» септігін тигізеді. Орыс педагогы К.Д.Ушинский көрнекі оқытудың рөлі мен орнын дұрыс түсінді, ішкі тірек идеясын ұсынды. «Балаға қандай да бір бес таныс емес сөзді үйретіңіз, ол ұзақ уақыт бойы, нәтижесіз тер төгеді, егерде оны дәл осындай 20 сөз бен суретпен байланыстырып үйретсеңіз, онда бала бұл сөздерді бірден-ақ үйреніп алады. Сіз балаға өте қарапайым ойды айтсаңыз ол бәрібір сізді түсінбейді, егер де сіз осы балаға күрделі суретті көрсетіп түсіндірсеңіз, онда ол бала сізді жылдам, тез арада түсінеді». К.Д.Ушинский көрнекі оқытуда іс-әрекеттің элементті де айтқанын кездестіреміз. Ол былай деп  жазады: «Біз өзіміз тікелей сипап сезу арқылы қабылдаған бейнелеріміз дәл сол қалпында, өте ерекше дәлдікпен есімізде қалғандығын байқауға болады, өзіміз көрген суреттер басқа да идеяларда қосып аламыз. Бұдан затпен ішкі іс-әрекет нәтижесінде түсінікті меңгеру жүзеге асады. К.Д.Ушинский 1860 жылы сәуір айындағы Смольный институтында оқу курсын құруда жазған түсініктеме хатында қолданылып жүрген бағдарламасына сын айта отырып, осы пән бойынша өзінің бағдарламасын ұсынды. Оқыту кері ретпен орналасқан деп көрсетті. Алдымен отвлеченный сандар оқытылды, содан кейін аталуы сандар, бөлшек, және соңына қарай өлшеулер туралы көрнекі түсініктер оқытылды. Ал К.Д.Ушинский оқытуды өлшеулердегі көрнекі түсініктен бастау керек өйткені, олар көрнекі, деді.

К.Д.Ушинский нақтылықтан  абстрактілікке іс-әрекеттен теориялық жалпылауға өту керектігін айтқан болатын. К.Д.Ушинский көрнекі оқытудың мағынасы терең түсінді, өйткені көрнекі оқыту ақыл-ой қабілетін дамытуға, материалды беруді жеңілдетуге, оқу қызметінде белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеуіне, алған білімдерін жүйелеуге, материалды эмоциальді түрде қабылдауға тигізер әсері өте мол. К.Д.Ушинский көрнекілік жөнінде өз позициясында болды. Көрнекілік қасиеті заттар мен құбылыстарды сезімдік қабылдауға  байланысты болмақ. Ол көрнекілік ілімін ойлауды дамыту тұрғысынан қарады. Көрнекілік  принципін немқұрайды қарамады. Көркем материалдармен жұмыс істеудің жаңа әдістерін жасады. Тірі бейнелі сөзді көрнекі құрал деп есептеді. Сөйтіп, көрнекі оқытуға айрықша еңбек сіңірген педагог.

Н.Ф.Бунаков (1837-1904) бастауыш сыныптағы көрнекі оқыту әдістемесін  жасады. Ол ана тілін оқып үйренуде көрнекі оқытудың арнайы сабақтарын жүргізді. Бұл көрнекі сабақтарды тек мектеп көлемінде ғана емес, орманға саяхат жасап,  топсеруен ұйымдастырды. Сондай-ақ алаңқалармен қалаларда да жүргізді.  Н.Ф.Бунаков бастауыш мектепке арналған өте қызықты да көрнекі әңгімелер тақырыптарын жасады. Мұнда сабақтастық принципі жүзеге асырылды. Ол шығарма жазуға ерекше мән берді. Шығармаларды өмірден, бақылаудан алып, соның негізінде жаздырды. Кейінрек, Н.Ф.Бунаков көрнекі оқытудың арнайы сабақтарын жүргізуден бас тартты. Сөйтіп, көрнекілік принцип әрбір сабақта жүзеге асырылуы тиіс деген қорытындыға келді. Ол оқушылардың өздері көрнекі құралдарды жасауына ерекше мән берді. Оқушылардың бау-бақшадағы атқарған жұмыстарды әңгіме үшін көрнекі материал жинағы болды. Н.Ф.Бунаков көрнекілікті шындың өмірмен оқыту құралы деп есептеді. «Қызметтік элементерді көрнекілік түсінікпен байланыстырып, оны өмірге қажетті білім құралы болып табылады»,-дедім. П.Ф.Каптерев оқыту адамзат дамуының жаратылыс заңына негізделген болса, онда табиғаттың адамның ақыл-ой, сана-сезімін оятқанынан басталғаны тәрізді бастау алуы тиіс. Бірте-бірте оны абстрактылыққа келтіру керек. Көрнекі оқыту әдістерінің ішінде дұрыс, әрі шынайы оқыту түрі. Жеке тұлғаның дамуына тікелей жауап береді».  П.Ф.Каптерев К.Д.Ушинскийдің көзқарасын жақтай отырып, көрнекі оқыту нақтылықтан абстрактылыққа өтеді деп есептейді. Ол көрнекі оқытудың  оқитын матриалдан элементтерге жіктеліп, бірізділікпен оқытуда сабақтастық құралады, кейінірек күрделі білім жинақталады. Фребель тәрізді Ф.Каптерев оқыту көрнекі деп есептейді, егерде онда қызметтік іс-әрекет болса, яғни көрнекі оқыту дегеніміз, егер оқушы меңгерілетін материалды модель, сурет, аппликация т.б. түрінде жасайды. П.Ф.Каптерев оқытуды мұғалім мен оқушының өзара бірлескен іс-әрекеті, қызметі деп қарастырады. Бір жағынан мұғалім қызметі, іс-әрекеті, екінші жағынан – оқушының ішкі іс-әрекеті, қызметі дей келе көрнекі оқытуға дәл негіздеме жасамайды.

В.П.Вахтеров (1853-1924) көрнекі  оқытуды адамның моторлық іс-әрекетінің элементіне байланысты деп есептеген. Сондықтан, ол сурет салуға, ермек сазбен, аппликациямен жұмыс істеуге көп уақытың бөлген. Бұл уақытын алып, оқытуға кері әсерін тигізді. «Көрнекі оқыту» терминінің орнына «заттың оқыту» деген терминді қолдануды ұсынды. Бұл тірекке, барлық ішкі сезімдерге байланысты. «Балалар еш уақытта да тек көрумен қанағаттанбайды, олар затты ұстап көруі тиіс, оның қалай  дыбыс шығаратындығын білуі үшін ұрып, тыңылдатып көреді. Оның ауыр-жеңіл екендігін, яғни салмағын білуі қажет, ол заттың сынатындығын, яки  сынбайтындығын тексеру үшін, оны лақтырып көреді... Сондықтан да «көрнекі оқыту» деген сөздің орнына «заттың оқыту әдісі» дегенді қолданған өте орынды деп есептейді. Демек, жоғарыда аталған жұмыстарда көрнекі оқыту сезім ағзаларына әсер етіп, нақты қабылданған нысан немесе құбылыспен байланысты делінген.  Сол замандығы ғалым-педагогтардың еңбектері, көрнекі оқыту өзектілігін айтып, көрнекі оқытудың мағынасын негіздеә түскен К.Д. Ушинский, мектепте  көрнекі оқытудың әдістемесін жасады, қызметтік іс-әрекетті көрнекілікпен  байланыстырады. Бірақ, олар көрнекілік қасиеті тек нақты заттарға ғана қатысты, ал абстракты түсінікті көрнекі түсінікпен байланыстыруға болмайды деп ойлады. Көрнекілік принципті пайдалану әдістемесі жайлы жазылған жазылған жұмыстар негізінен бастауыш сынаптардағы  ана тілін, әдебиетті оқытуды қамтыды. Көрнекі оқытудың компоненттік құрамы әлі анықталмады.

Қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде көрнекі оқыту, көрнекілік, көрнекілік түрлері, көрнекілік құралдарының жіктелуі жайлы әртүрлі көптеген зерттеулер бар. «Ғылыми әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде «Көрнекілік» сөзі үш мағынада қолданылады. Біріншіден, қандайда бір объектті (көрнекілік құралы) білдіреді; екіншіден, қандайда бір қасиетті (шындық заттар көрнекілігі, құбылыс, ойлау көрнекілігі); үшіншіден, адамның анықталған қызметін, іс-әрекетін (көрнекі құралдарды қабылдау, оларды пайдалану) білдіреді». Терминнің көп мағаналылығына кездестіреміз. Педагогикалық сөздікте мынадай анықтама беріледі: «көрнекілік-дидактикалық принцип. Оқыту оқушылардың жанама  қабылдаған нақты бейнелеріне құралады». Э.Г.Мингазов көрнекілікті тар мағынадағы дидактикалық категория емес, оның ауқымы өте кең, жалпы гносеологиялық мағынада қолданылады деп атап көрсеткен. Қазіргі кезде көрнекіліктің гносеологиялық позиция тұрғысынан қалыптасқан бірде-бір анықтамасы жоқ. Ол көрнекіліктің: нақты және абстрактілі – екі баспалдағын қарастыру керек деп ұсыныс жасаған. Нақты көрнекілік деп, шындық нысандарды тікелей ұстағаннан пайда болған көрнекілікті айтамыз. Ол құбылыста пайда болуын жалпының жекеден, абстрактілі көрнекілік. Абстрактілі көрнекілік жайлы сөз болғанда, нақтылық, жекелік айтылмайды.

Ол шындық нысанға тиісті емес, логикалық ойлауға тиісті, себебі оның формасы сипаттамасынан көрінеді. Оның басты ерекшіліктері білім мазмұнынан көрініс табады. Абстрактілі және нақты көрнектіліктер әр түрлі гнесологиялық роль атқарады. Абстрактілі көрнекілік материалды тез «қамтуға» мүмкіндік беріп, оның бейнелеуін жеңілдетді. Э.Г.Мингазов көрнекіліктің практикалық формасын тану қажет деп есептейді. «Көрнекіліктің практикалық формасының маңызы - оны  бақылауда, практикалық іс-әрекеттің нәтижесі мен қабылдауында»- дейді Э.Г.Мингазов. шындықты танудың диалектикалық жолын және көрнекілікті айта келіп, ол «Көрнекілік таным деңгейіне, барлық үш баспалдағына тиісті деп қорытындылайды. Сонымен «көрнекілік» терминіне шектеу қойыла бастады. Көрнекілік абстрактілі деңгейінде қарастырылады. Көрнекі оқытуда оның мүмкіндіктерін тек бастауыш сыныпта ғана емес,оны жалпы білім беретін орта мектептің жоғарғы сыныптарында,  информатика, физика, химия және т.б. пәндерін оқытуда қолдануға болады. Бірақ, көрнекі оқытудың оның сипаттамасы берілмеген, оның маңызын анықтайтын компоненттері де жоқ делінген.

Қазіргі заманғы бірқатар психологиялық зерттулерде Н.А.Мечинская, П.Я.Гальперин, Т.В.Кудрявцев, Л.В.Занков көрнекілік практикалық қызметте, іс-әрекетте және абстрактілі деңгейде қарастырылған.

З.И.Калмыков: «Көрнекіліктің жоғары формасы - затпен практикалық  іс-әрекет», деп есептеген. Көрнекіліктің практикалық қызметі, оны пікірінше, тек табиғи ғана, және олармен іс-әрекеттік (табиғи, тұрмыстық, өндірістік нысандар) байланыста ған емес, оқушылардың затпен, оларды алмастыратын (сызба, сүлбе, сурет) затпен іс-әрекет жасауында. З.И.Калмыков. көрнекіліктің практикалық формасына осы көрнекі құралдармен жасалған іс-әрекеттер, бақылауға болатын заттар, сондай-ақ көрнекі бейне тудыратын ойлау эксперименттері жатады деп есептелген.

Сонымен, көрнекілікке іс-әрекеттік, қызметтік компонент енеді, яғни көрнекі оқыту түсінігі қызметтік іс-әрекетпен тығыз байланысты, өткені объектімен тікелей практикалық іс-әрекет жасау, не оны алмастыратын затпен жасалған іс-әрекет, сондай-ақ ойлауда енеді.

Ғылымдардың кейбір топтары көрнекілік түсінікті бейнелік түсінікпен байланыстырады. Оқытудағы көрнекілік объективті шындық бейненің сезімдік - көрнекі түрі, жанама қабылдауға айналады, содан білім алуға, тануға деген жетістік нәтижелеріне қол жеткіземіз деп есептейді.

Л.Н. Нуритдинов көрнекілік түсінігін бейне түсінігімен  байланыстырып, оның екі түрі бар  деп есептейді. Бірінші топқа  сезімдік көрнекілік бейнелер енеді, ол шындық нысандар. Екінші топқа рациональды бейнелерді жатқызады. Сезімдік қабылдауға мүмкін емес, обьективті әлеммен байланыстыратын бастрактылы форманы айтады. Бейнелік түсінік пен көрнекілік бөлінбейтін байланыста, сондықтан көрнекіліктің  екі баспалдағын: сезімдік және рациональдықты бөліп көрсетеді.         

 «Рациональдық көрнекілік  дидактикалық құрал. Теориялық  түсінікті сезімдік – нақтылы  формаға айналдырады. Осы құрал көмегімен оқушылардың шығармашылық белсенділігі, логикалық ойлауы дамиды. Олардың өз бетінше танымдық дағдыларны қалыптастырады. Сонымен бірге шығармашылық, ғылыми дүниетанымдық көзқарасын, түсінігін қалыптастырады».  Бұдан, оқытудағы көрнекілік жайлы түсінік туралы нақты анықтама берімегендігін көреміз. Оқылатын құбылыс жайында сезімдік бағыт болып көрсетіледі. Л.М.Фридман: Көрнекілік – қоршаған ортадағы обьектілерді танудағы елестету және ойлау, есте сақтау, қабылдауда құрылатын психикалық бейненің ерекше қасиеті. Кез-келген бейне көрнекті емес. Қандайда бір обьектінің көрнекілік бейнесін құру үшін сол обьект жайлы білім керек. Л.М. Фридман психикалық бейне көрнекілік туралы әртүрлі дәрежеде деп айтқан. Адам баласының жеке ерекшеліктеріне, нысан қаншалықты таныс және қаншалықты түсінікті екендігіне байлнысты болжау. Зат немесе құбылыс адам үшін көрнекі бола бастайды, егерде ол сол адам үшін психикалық бейнелер құбылысқа немесе бұл затқа сәйкес болып табылатын көрнекілік. Ал обьектілердің өздері көрнекілік қасиетіне ие емес.көрнекі бейнені құрудағы ішкі шарттары белсенді танымдық қызмет болып табылады, ол нысанның көрнекі бейнесін қалыптастыруға бағытталады. Белсенді емес обьектіні бақылау оның көрнекі бейнесін құруға келтірілмейді. Л.М.Фридман мынадай дейді: Көрнекілік бұл – түсінік пен белсенділік. Көрнекілікті түпкілікті аша отырып, перцептивтік жоспар бойынша мақсатты бағдарланған қызметті негіз етіп алады. Көрнекі оқыту термині қолданылмайды [6].        

 В.Г.Болтянский: Соңғы  жылдары оқу үрдісіндегі көрнекілік  түсінігі мен оның ролі едәуір  өзгерді. «Құбылысты табиғи түрде  демонстрациялап көрсеткеннен гөрі, оны мұғалімнің тақтаға жазып көрсетуі немесе ауызша әңгімелеп беруі көрнекірек болуы мүмкін». Ол көрнекілік жайлы:  «Изоморфизм плюс қарапайымдылық» деген болатын. Көрнекілік түсінігін модель түсінігімен тығыз байланыстырады. «... Көрнекілік мәселесін талқылау үшін құбылыстың екі моделін алуымыз керек.  Біріншісі-абстрактілі модель, яғни құбылыс теориясы. Оны біз оқушы санасында қалыптастыруымыз қажет. Екіншісі-көмекші оқу моделі («модель-оқулық»). Көрнекілік туралы екінші модельге қолдануға болады. Егерде ол брініші модельге изоморфты болып және қабылдауға қарапайым болса».         

 Изоморфизм құрылымның  бірегейі ретінде түсіндіріледі. Екі модель изоморфты, егерде осы модельдердің барлық қасиетін, олардағы бар предикаттарда қарастырылатын байланыстарды ескермесек, онда бұл модельдер тіптен бірдей «құрылған» (олардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ). Ол адамның жеке және жасөспірімдік деңгейіне, адамның өмірлік іс-тәжірибесіне орай үнемі өзгеріп тұрады. Қарапайым түсінігі сәйкес көрнекілік түсінігі де өзгеріп отырады. В.Г.Болтянскийдің пікірінше көрнекілік түсінігі өзгереді, ол тұрақты емес. Бір адамға берілген модель көрнекі болуы мүмкін, ал басқаларға көрнекі емес, мұның барлығы да қарапайымдылыққа байланысты болады.    Модель көрнекілігі берілген курстағы, берілген кезеңдегі модельді орындауға, соның мақсатына тығыз байланысты деп есептейміз.  Сонымен, В.Г.Болтянский көрнекілік түсінігін  формуламен өрнектеуге әрекет жасады. Оны модель түсінігімен тығыз байлныстырады. Ол оқыту құралдарына нақты сипаттама берді. В.Г.Болтянский «Мектепе қолданылатын оқу құрал – жабдықтары қажетті белсенділікпен қамтамасыз етуі аса маңызды» екендігін атап көрсетті. В.Г.Болтянскийді еңбектерінде көрнекілік, қызмет, іс-әрекет, мақсат, сезімдік компонент нақты байланыс түрінде берілмеген. Информатиканы қалай оқыту көрнекі болып табылады деген мәселеге жауап жазылмаған. В.Е.Евдокимов көрнекілігі сезімдік сәттің максимальді өрнектелуі деп сипаттайды, ал оқытудағы көрнекілік принципін «көрнекілік бейнелердегі жүйелік тірек, ол модельдерді қолдану нәтижесінде пайда болады» деп қарастырған. Сезімдік және көрнекі образдар толығымен беттеспейтіндігін атап көрсеткен.        

Информация о работе Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудыңғылыми-теориялық мәселелері