Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 08:36, курсовая работа
Зерттеудің мақсаты: орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.
Кіріспе..............................................................................................................3
1.1.Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудыңғылыми-теориялық мәселелері.....................................................6
1.2.Дидактика принциптері – мұғалімнің басты құралы...........................11
1.3. Информатика курсын оқытуда көрнекілік принципті компьютерлік технология арқылы жүзеге асыру психологиялық-педагогикалық негіздемесі..............................................................................................................22
Қортынды.......................................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................69
Қосымша.......................................................................................................70
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1.1.Информатика курсын
оқытуда дидактикалық принциптерді
пайдаланудыңғылыми-теориялық мәселелері....................
1.2.Дидактика принциптері –
мұғалімнің басты құралы........................
1.3. Информатика курсын
оқытуда көрнекілік принципті
компьютерлік технология
Қортынды......................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Қосымша.......................
Кіріспе
Қазіргі кезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім» Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын ақпараттандыруға байланысты оқу - әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын дидактикалық принциптердің мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Яғни, болашақ информатика пәнінің мұғалімі дидактикалық принциптерді игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.
Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа информациялық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады.
Информатика пәні мұғалімі әрбір сабақта дидактикалық принциптерді назардан тыс қалдырмауы тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі әдістерді қолдана отыра жеткізуіне байланысты.
Оқыту – бiлiм алудың, бiлiктiлiкке үйретудiң, iс-әрекет дағдыларын қалыптастырудың және адамды еңбекке бейiмдi даярлаудың негiзгi құралы. Оқыту процесiнiң нәтижесiнде бiлiм алу, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары жүзеге асырылады.
Оқытудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлерi және әдiстерi, адамзаттың жалпы бiлiм алу даярлығына қойылатын талаптар өркениеттi педагогикалық идеяларға сәйкес өзгерiп отырады. Педагогикадағы дәстүрлi “ненi оқыту керек?”, ”не үшiн оқыту керек?”, ”қалай оқыту керек?” деген сұрақтарына жауап iздеумен қатар ”қалай нәтижелi оқыту керек?” деген сұраққа жауап iздеу оқыту процесiн технологияландыру мәселесiне алып келдi. Бұл компьютерлiк технология негiзiндегi оқыту әдiстерiн жетiлдiрiп, оқыту құралдарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Информатика сабағында дидактикалық принциптерді пайдалану мәселесiне Е.И. Машбиц сынды психологтардың, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың еңбектерi арналған. Қазiргi уақытта бiлiм берудi ақпараттандыру мәселелерi К.Маклин, Б.Хантер, И.В.Роберт тәрiздi ғалымдардың жұмыстарында баяндалады.
Ал А.В.Иващенко, В.П.Пустовойтов зерттеулерiнде дидактикалық принциптерді пайдаланудың жалпы педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Ақпараттық технологияларды оқыту процесiнде дидактикалық принциптердің тигiзер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық негiзi Н.Ф.Талызина, В.М.Монаховтың, А.Я.Савельевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе, көрнекілік принципті жүзеге асыру әдiстемесi – Ю.А.Первин, А.А.Кузнецов, Ю.А.Шафрин, Я.Ваграменский, С.Гримм, В.М.Заворыкин, А.П.Ершов, Ә.Бүркіт және т.б. әдіскерлердің оқу-әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде келтiрiлген. Бұл жағдай елiмiзде бiлiмнiң жаңа ақпараттық парадигмасының қалыптасқанын көрсетсе керек.
Келтiрiлген еңбектер, оның iшiнде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді жүзеге асыру әдiстемесi бойынша бiршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы еңбектердi талдау нәтижесiнде орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдалана отырып, оқушылардың потенциальды мүмкiндiгiн ескерiп оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатын оқып-үйрену процестерi толық қарастырылмаған. Информатика сабағында дидактикалық принциптерді пайдалану, оның ішінде көрнекілік принципті жүзеге асыру әлi күнге бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi байқалып отыр. Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарын бірізділік принципі негізінде ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына сай әдістемені ұсынамыз. Бұл мәселенің техникалық тұрғыдағы шешімі - елiмiздің барлық мектептерiнің компьютермен толық жабдықталынып, компьютерлік технология көмегімен көрнекілік принципті толығымен жүзеге асыру болып табылады. Алайда, бұл мүмкiндiктiң бар болуы, бiрақ дидактикалық принциптерді пайдаланудың жеткiлiктi дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы, оның дидактикалық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етiлмеуi арасында қарама-қайшылық пайда болуда. Орта мектептерде информатика курсын оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптерді пайдалану осы қарама-қайшылықты жою қажеттігін, әрі дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестiлiгiн анықтайды.
Зерттеудің мақсаты: орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысаны: орта мектептердегі информатика курсын оқыту процесi.
Курыстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курыстық жұмыс кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.
1.1. Информатика
курсын оқытуда дидактикалық
принциптерді пайдаланудың
Дидактика принциптері - мұғалім құралы. Информатика пәні жаңалығы, оның үнемі өзгерісте болып, техникалық құралдарының әртүрлілігімен бағдарламалық құралдарының үздіксіз жаңарып отыруында. Сондай-ақ, жаңа бағдарламаны информатиканы оқыту әдістемесінің жеткіліксіз дәрежеде қарастырылуы тәжірибелі мұғалімнің курсты оқыту әдістері мен мазмұнына тереңірек назар аударуды қажет етеді. Дәл осы кезде оған дидактикалық жалпы бірінсіптері жәрдем береді [1].
Педагогиканың дидактика деп аталатын тарауында кез келген оқу пәнін оқытуға қойылатын жалпы, бірыңғай талаптар жиыны -дидактикалық бірінсіптер тағайындалған. Информатиканы оқытуда басшылыққа алынатын негізгі принциптердің әрқайсысына қысқаша тоқталайық:
1. Ғылымилық принципі. Білімнің ғылымилығының мынадай үш белгіні қанағаттандыруы, оның сапалық көрсеткіші болып табылады:
а) білімнің мазмұны қазіргі ғылымның деңгейіне сәйкес келуі;
э) танымның жалпы әдісінің дұрыс екеніне оқушылар сенімін қамтамасыз ету;
б) таным үрдісінің маңызды заңдылықтарын көрсету;
Бұл айтылғандар бір-бірімен тығыз байланыста болып, әрқайсысының алдыңғысы келесілерінің қажетті шарты болып есептелінеді.
Бірінші шарт бойынша информатика материалдарын ғылыми тұрғыдан баяндау талап етіледі.
Екінші шарт бойынша оқытудың ғылымилық принципті ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі.
Үшінші шарт бойынша оқушыларда таным үрдісі және оның зандылықтары жөніндегі ұғымдарының қалыптасуын талап етеді.
Бұл шарттардың барлығы да информатикада қысқаша түрде қарастырылады, өйткені мұнда әзірге жоғары және төменге бөлу жоқ, пәнішілік байланысы мықты, кез келген «үлкен» информатика ұғымы мектеп курсынан бастау алады (мектеп курсында қарастырылып, сол ұғыммен алынады). Мысалы, «ақпарат», «алгоритм», «орындаушы» ұғымдары фундамент ұғымдар болып табылады. Осындағы «орындаушы» ұғымының атқаратын бірнеше функциялары бар:
алгоритмнің көрнекі түрде орындалуы үшін дидактикалық құрал (роботтар, сызбагерлер және т.б.);
редактор - мәтінмен жұмыс істеуші (орындаушы), операциялық жүйе - файлдармен жұмыс істеуші, принтер - қағазбен жұмыс істеуші т.с.с. ұғымдар;
компьютерлік білімділікті қалыптастыру мақсатында жасалынған, компьютер құрылғысы моделінің кез келген орындаушысы;
Оқытудың ғылымилығы ниформатиканы оқытуды жетілдіру, жаңа тәсілдер қолдану және де оқушылар, студенттердің зерттеушілік қызметінде көрініс табады. Соңғы айтылған, оқушылардың, студенттердің ғылыми ойлау қабілетін оятып, зерттеушілік қызметін іске асыру үшін оқыту үрдісінде проблемалық оқыту және әртүрлі зерттеу жолдары кеңінен қолдануы тиіс. Түсінікті болу үшін мынадай мысалдар келтірейік:
Компьютерді келешек қоғамда кім қалай елестете алады?
Компьютердің мүмкіндіктері қандай?
Адам өз қызметінде компьютерді қаншалықты дәрежеде қолдануда?
Компьютерлік ақауды болдырмау жолдары немесе оларды жөндеу және т.б.
Бірізділік және қайталау принципі. Бірізділік - оқу материалы белгілі бір логикалық тізбек ретінде баяндалып, оны бекіту үшін кейбір материалдарын қайталау. Ал информатикада басқаша, мысалы қайталау нұсқаларын (командасын) бірден оқып-үйрену мүмкін емес, оның мағынасы мен оны қабылдау берілгендер түріне байланысты.
Саналылық және қызмет. Саналылык мағынасы - оқушының өз қызметі мазмұнын толық түсіну. Мұнда мұғалімнің білім деңгейі менқажетті материалды дұрыс таңдап айта білуі маңызды роль атқарады, яғни ол ең басты мәселелерге тоқталуы тиіс.
Информатиканы оқытудағы көрнекілік принципі. Ол оқушылардың оқу материалын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды. Оқу барысының әр түрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды. Сонымен көрнекілік - «ақпарат» ұғымы мазмұнын түсіндіруге бағытталады, бір ақпаратты бірнеше графикалық бейнелер түрінде қарастыруға болады. Блок-сүлбелер де кейбір алгоритмнің құрылымын көрнекті етіп көрсетеді. Сондай-ақ диаграммалар т.б. Әрбір компьютерге енгізілген мәтінді, ақпаратты көркемдеп, оның көрнекілігін барынша арттыруға болады. Бейнелеу динамикасы, оған түр түс пен дыбысты қоссақ көрнекілік ұғымын кеңейтіп, адам ағзаларына, түйсігіне жақсы әсер етеді. Демек, оқушы оқып отырған объекті жөнінде мақсатты түрде, көрнекі түрде түсінік ала алады. Мұндай графикалық бейнелерді көрнекі-модельдеуді оқу киносы да көрсете алмайды.
ІІІамаға лайықтылық принципі. Бұл принцип компьютерді оқыту мен онымен жұмыс істеу деңгейлерін анықтап алу болып табылады. Атап айтқанда, ең алғаш үйренушілерге MS DOS - ты үйрету қажет, бірақ оның алдын сабақты көрнекі түрде оқыту үшін NС бастаған жөн деп ойлаймыз, өйткені мұнда экран мүмкіндігін толық пайдалануға болады [2].
Белсенділік, өз бетінше мақсатты жұмыс істеу. Белсенділік. Басқа пәндерді оқыту барысында педагог оқушылармен тікелей қарым-қатынаста болады, ал информатикада оқушы тікелей компьютерде жеке жұмыс істеуіне тура келеді, міне осындай жағдайда ол белсенділік танытуы қажет. Мысалы, оқышу бір сабақ бойына компьютер алдында отырып, бірде-бір түймені баспауы немесе оған экранда болып жататын операцияларға мән бермеуі мүмкін. Сондықтан да информатика сабағы сәтті өтуі үшін оқушы белсенділігі, тек мақсатты емес, әрі қажеттілік шарты болып табылады. Е.И.Машбиц: «Білім - оқушыға (үйренушіге) бере салатын қандай да бір зат емес, жеке тұлғаның мақсатты белсенділік танытқанында ғана жүзеге асады. Әсіресе, бұл информатикаға қатысты» деген еді. Белсенділік танытудың әр түрлі формалары бар. Мысалы, өз қызметіне бақылау жасау, қатарының жұмысын бақылау жасаут.б.
Әрине белсенділік оқуға деген қызығушылықтан пайда болады. Мұғалім сабақ өту формаларын дұрыс таңдап, дер кезінде оқыту нәтижелерін бақылап қорытынды жасап отыруы тиіс. Оның үстіне алғашқы уақытта компьютерге оқушыларды екі - екіден отырғызған жөн. Бұл кезде оқушылар қай түймені басу керектігін бір-бірінен сұрап, күдіктері бірте-бірте сейіле түседі.
Оқушылардың өзіндік жумысы. Сабақтың сәтті өтуінің мақсатты түрі және шарты өзіндік жұмыс болып табылады. Оқушы проблемалақ лекцияны белсенді қабылдай алады, бірақ бұл өзіндік жұмыс емес. Компьютермен жұмыс кезінде көмек сұрауы - бұл белсенділік, бірақ өзіндік жұмыс емес.
Өзіндік жұмыс оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің формаларының бірі. Сондықтан, бұл жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті дұрыс жоспарлау біліктігіне байланысты. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың ой еңбегі мен практикалық әрекетінің қызметін болжайды. Яғни компьютерлік білім мен біліктілік тек белгілі бір оқу әрекеттерін орындаған кезде ғана толық әрі саналы меңгеріледі және де әрекеттерді оқушының өз бетінше орындағаны жөн.
Сонымен, өзіндік жұмыс оқу сапасын арттырүға септігін тигізеді, әрі әрбір оқушы кездескен қиындықтан шығуы, яғни басты проблемаларды өз бетінше шешуі болып табылады.
Оқушы белгілі бір бағдарламаларды пайдаланғанда, өзіне түсініксіз жәйттер кездескенде, қажетті әдебиеттер мен компьютерлік көмекші құралдарды (Ғ1 - Не1р - көмек алу) қолдана алады. Өз бетінше жұмыс істеуге үйрету әрбір маман иелерінің компьютер мүмкіндіктерін өз қажеттеріне толық жарата алуына септігін тигізері сөзсіз. Әсіресе, әр пән мұғалімі компьютерді сабақтарында көрнекі құрал ретінде пайдалана алса, сабақ тиімді өтер еді.
Информатиканы оқытудағы білімнің берік болу және жүйелілік принципі. Білімнің берік болуы пән ішілік және пәнаралық байланысқа, жүйелілікке тығыз байланысты. Информатиканы үйретуде оқушылардың алған білімдерін, дағдылары берік болуы үшін еткен материалды қайталап, компьютерде минитест, тест, практикалық, зертханалық жұмыстарды әрбіп оқушының жеке-жеке тапсыруын қамтамасыз ету керек.