Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 06:00, реферат
Есептеудің, оған пайдаланылатын аспаптар мен құрылғылардың тарихы өте көне заманда жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әртүрлі есептеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Сондай-ақ олар есептеу үшін үйілген, қатарлап тізілген тастарды да қолданған. Заттардың саны жерге сызылған сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіндермен есептелді. Есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулерді қалайда бір құралдың көмегімен жүргізуді талап етті.